Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2013 в 13:36, реферат
Девиантты мінез-құлық–ортада қабылданған нормалардан ауытқыған мінез-құлық. Девиантты мінез-құлыққа мыналарды жатқызуға болады: алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік, суицид және т.с.с. Бүгінгі күнде девиантты мінез-құлықты зерттеу мен негіздеуге ғалымдар әр тұрғыдан қарайды. Э.Дюркгейм мен оның ізбасарлары қалыпты жағдайдағы социумда девиациялар қарама-қарсы жағдайларға қарағанда (қоғамдағы құлдыраулар, әр түрлі дау-жанжалдар) сирек кездеседі деген жорамал жасайды. Р. Мертон өзінің аномия теориясы тұрғысынан алғанда девиантты мінез-құлықты девиация мәселелеріне салқынқандылықпен, бей-жай қарайтын қоғамда ғана жиі кездесетін құбылыс деп санайды.
ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ
Девиантты мінез-құлық–ортада
қабылданған нормалардан
ХХ ғ. 60-жылдары кең танымал болған стигматизация тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл теория бойынша, девиантты мінез-құлық қандай да бір тәртіпсіздік жасаған адамды жазаға тартқанда пайда болады.
Қазіргі уақытта көптеген мамандар девиантты мінез-құлықты адамдарға психологиялық көмек көрсету мен түзету жұмыстарын жүргізудің әр түрлі құралдарын жасаумен айналысуда.
Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептеріне қатысты негізгі үш теорияны қарастыруға болады. Олардың әрқайсысының негізінде девиация табиғатының мәні жайлы белгілі бір теориялық тұжырымдамалар жатыр.
Біріншісіне физикалық типтер теориясы жатады (Ч.Ломброзо, В.Шелдон, Э.Кречмер). Оларға ортақ көзқарас: дене конституциясы белгілі бір типке жататын адамдар антиәлеуметтік қылықтарға бейім болады. Алайда тарихи деректерге сәйкес, заңдылықты жүз пайыз дұрыс деп айтуға болмайды, өйткені қылмыстық істер тәжірибесінен періште болып көрінетін адамдардың жан түршігерлік қылмыс жасағандары туралы көптеген мысалдарды табуға болады.
Екінші түрі: психоаналитикалық теориялар. Оларға З. Фрейдтің жұмысы негіз болды. Негізгі идея – девиацияның пайда болуы санасыздық пен сана арасындағы қорғаныс механизмінің бұзылу нәтижесі болып табылады. Қорғаныстың бұзылуы индивид санасында Мен мен санасыздық немесе жоғары - Мен мен санасыздық арасында болатын ішкітұлғалық конфликтілерге негізделеді.
Үшіншісі: әлеуметтік (немесе
мәдени) теориялар. Бейімделуге қатысты
туындайтын мәселелер индивидтің әлеуметтену
(әлеуметтену – индивидтің өзі
өмір сүріп жатқан қоғамда қабылданған
қажеттіліктерді, мотивтерді, құндылық
бағдарлар мен мінез-құлық
Жеткіншектік жаста
құрдастарымен қарым-қатынас
Жеткіншектік кезең балалық шақтан жауапты ересектікке өту кезеңі болғандықтан, бір жағынан, физикалық, оның ішінде жыныстық жетілудің аяқталуы, ал екінші жағынан, әлеуметтік кемелденуге қол жеткізу болып есептеледі.
Отбасындағы ата-аналар мен
балалар арасындағы өзара қатынастар
жеткіншектің құрдастарымен өзара
қатынастарына ықпалын
Осы жас кезеңіндегі басты
қажеттіліктердің бірі бақылау, қадағалау
мен қамқорлық көрсету
Сондай-ақ, жеткіншектерде девиантты
мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал
ететін факторларға мыналарды
• әлеуметтік-экономикалық қолайсыздықтар;
• кәмелетке толмағандарды
оқыту мен тәрбиелеу процесінде
оқыту мекемелерінің
• бұқаралық ақпарат
құралдарының (кино, радио, телевидение,
публицистика), адами құндылықтарды
елемеуді, күштеуді, пайдакүнемдік
мақсаттарды көздейтін
• әлеуметтік тұрғыда мақұлданған мақсаттар мен оған қол жеткізу мүмкіндіктері арасындағы қайшылық.
Еникеева Д. жеткіншектерге тән девиациялардың мынандай түрлерін бөліп көрсетеді:
1) бас тарту реакциясы
– қарым-қатынасқа түсуден,
2) қарсылық көрсету реакциясы
(оппозиция) – таңдамалықпен
3) имитация реакциясы – біреуге толық еліктеуге ұмтылу;
4) құрдастарымен топтасу
реакциясы – жеткіншектің
5) делинквентті мінез-құлық – әр түрлі тәртіпсіздіктер, теріс қылықтар, айыпты болу, мектептегі сабақтарға үнемі кешігу;
6) эмансипация реакциясы – жеткіншектің өз дербестігі, еркіндігі, тәуелсіздігі, өзін таныту үшін күресуі;
8) дромомания – қаңғыруға
бейімділік – саяхат жасауға
деген арынды ұмтылыс –
9) елігу, әуестену реакциялары;
10) компенсация және
11) жыныстық елігулерге
негізделген реакциялар –
12) балғын қыз балалардың
жезөкшелікке салынуы –
Сондай-ақ, девиантты мінез-құлықтың агрессивті, тәуелді, суицидальді, үйден қашу, аддиктивті дейтін түрлері кездеседі:
Агрессивті – басқа
адамдарды өзіне бағындыру
Тәуелді – қанағаттану, рахатқа бөлену немесе бейімделу мақсатында біреуге немесе бірдеңеге міндетті болуға ұмтылу, симбиотикалық тәуелділік;
Суицидальді – өзіне қол
жұмсау бағытындағы саналы әрекеттер.
Жеткіншектердің суицидальді
Үйден қашудың себептері әр түрлі. Әдетте, отбасы арасында немесе мектеп ішінде қандай да бір қорлауға, моральдық немесе физикалық күш көрсетуге қарсыласу сезімінен туындайды.
Жеткіншектік жастағы аддикциялар. Аддикция – addiction (ағылшынша) – зиянды әдеттер, әлденеге немесе әлдекімге тәуелділік. Тек қандай да бір затқа (темекі, алкоголь, наша) емес, сондай-ақ, құмар ойындарға немесе субъект үшін сол сәтте маңызды болып табылатын адамға (ғашық болу, табыну, жалған құрметтеу) да тәуелділік болады. Соңғы кезде компьютерге тәуелділік жөнінде көп айтылып жүр.
Жеткіншектерде аддиктивті мінез-құлықтың пайда болуына себепші болатын факторлар:
• отбасындағы жағымсыз, қолайсыз атмосфера;
• жеткіншектің араласатын құрдастар тобының арасындағы мінез-құлықтың қандай да бір түріне қатынас;
• жеткіншектің интеллектуалдық деңгейінің жеткіліксіздігі;
• жағымсыз ықпалдарға қарсы тұруға мүмкіндік беретін тұлғалық сапалардың болу, болмауы;
• тұқымқуалаушылық;
• жағымсыз салдарлар жөнінде ақпараттардың аздығы;
• мінез акцентуацияларының типтері.
Жеткіншектердің девиацияларына үңілу, көңіл аударып талдау кезінде тұлға акцентуацияларын ескеру қажет.
Сонымен, жеткіншектің қалыпты дамуы үшін жеткіншек үшін маңызы бар ересектердің олардың бойында физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік деңгейлерде өтетін өзгерістерге құрметпен қарауының және оған қоятын өз талаптарын, онымен қарым-қатынас стилін өзгертудің маңызы өте зор.