Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 13:16, реферат
Адам — бұл, бір жағынан, биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.
Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдамайды.
Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рөл атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бекітілген ерекшеліктері болып табылады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде кысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.
Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденістер көздерін қанағатандыруға итермелейтін қызығуды айтады. Бейжай қызығулар — осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.
Сонымен қатар тура және жанама қызығулар болады. Тура қызығулар білімнің немесе іс-әрекеттің белгілі бір саласында мазмұнымен пайда болады.
Жанама қызығулар — нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін математикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдік түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.
Моралдік немесе адамгершілік идеал — бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. Қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұрарлық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.
Сенімдер — бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны — бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т.б.), ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.
Ұмтылу — мінез-құлық түрткілері (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.
Мәселен, бір топ студент қайықпен серуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орындауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.
Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зерттеу XX ғасырдың 20-30-жылдары қолға алынды.
Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психолоғы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.
Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.
Ұстаным — бұл белгілі бір (іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.
Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде анғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.
4. Жеке тұлғаның қалыптасуы
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, сонымен қатар барлық психикалық сапалар мен үрдістердің қозғаушы күштері не?
Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады.
Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т.б.). Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны, психикалық даму кезендері және оның пайда болу тәртібі алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі неде?
Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.
Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның белсенділігі жоққа шығарылады.
Жеке тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда болғаннан кейін тез арада қанағаттандырылмайды.
Оны қанағаттандыру үшін материалдық құралдар қажет, іс-әрекетке, білімге, ептілікке және т.б. жеке тұлғаның белгілі даярлық деңгейі қажет.
Жеке тұлғаның психикалық дамуының қозғаушы күштері адамның өзгермелі іс-әрекетіндегі қажеттіліктермен және қанағаттандырудың шын мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама-қайшылықта анықталады.
Жеке тұлғаның қалыптасуында тұқым қуалау мен ортаның негізгі факторлар ретіндегі рөлін жоққа шығаруға болмайды.
Педагогтің оқу-тәрбие жұмысында жұртшылықтың арасында өте кең тараған тұқым қуалаудың жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің пайда болуында шешуші рөлі туралы пікірімен санасуға тура келеді.
Қазіргі кезде тұқым арқылы берілетін қасиеттерге мидың құрылымы мен жұмыс істеуінің кейбір ерекшеліктері жататындығы туралы негіз бар. Сонымен қатар жоғары жүйке қызметінің типтері (жүйке үрдістерінің күші, тепе-теңдігі және қозғалғыштығы) тұқым арқылы беріледі. Тұқым қуалаудың белгілі дәрежеде жеке тұлғаның қалыптасуында рөлі бар, бірақ оны асыра бағалауға болмайды, әлеуметтік факторлардың да рөлін ескерген жөн.
Бір жұмыртқалы егіздердің психикалық дамуының барысын зерттеу нәтижесінде өте маңызды қажетті мәліметтер алынған болатын. Оларда тұқым қуалау бір жұмыртқадан дамығандықтан бірдей екендігін анғаруға болады. Тіпті бірдей жағдайда өмір сүрген бір жасушалы егіздердің бір-бірінен ерекше айырмашылығы бар. Егіздердің жеке тұлға құрылымында айырмашылығы анық байқалады, ал сыртқы түрі ұқсас болғанмен, психологиялық ерекшелігінде айырмашылықты аңғаруға болады.
Егіздердің даралық ерешеліктерінде айырмашылықтарды қалай түсіндіруге болады? Бұл айырмашылықтар оларда басқа адамдармен және өзара қалыптасқан әртүрлі қатынастармен, рөлдермен, нақтылы ахуал жағдайларымен түсіндіріледі. Осының барлығы көрсеткендей, жеке тұлғаның қалыптасуында даралық ахуалды қарастыру қажет. Баланы белгілі ортада бейжай нысан түрінде емес, ал оны белсенді субъект ретінде оған тән қажеттіліктермен қарастырамыз. Денсаулығына немесе мінез-құлқына байланысты егіздердің бірі ортадағы бірдей жағдайда оның психологиялық қасиеттері екіншіге қарағанда мүлде өзгеше болып келеді. Мәселен, ауру егіздердің бірі басқаларға қосылмай, өздігінен оқшауланып жүреді, ал екіншісі керісінше, көпшіл келеді, сол үйден немесе одан тыс жерден жолдас іздейді, дені сауы спортпен көбірек айналысады. Демек, егіздердің әрқайсысы осы ортақ ортаның шеңберінде өздерінің даралық микроортасын іздейді.
5. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі
Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік психологияда суреттелетін және түсіндірілетін адамдардың қарым-қатынасымен және өзара іс-әрекетімен байланысты оның мінез-құлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтік психологияда кең тараған теориялардың ішінде әлеуметтік үйрету теориясы жатады. Ол әлеуметтік психологияның бөлімі және пәні ретінде жеке тұлғаның әлеуметтенуін қарастырады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны, ептілікті меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысында олармен қарым-қатынас және іс-әрекет жасау қабілеттілігі деп түсінеміз.
Әлеуметтену — бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгеруінің жан-жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым-қатынасқа қажетті адамзаттық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттіктерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Индивидтің әлеуметтенуінің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар, білім беру жүйесі жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір-бірімен қарым-қатынас арқылы іске асады.
Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі — идентификация. Балалар өсу және дамумен қатар ата-аналарына, жора-жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және мінез-құлық түрлерін көптеп меңгереді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды. Идентификация арқылы бала әлеуметтік және жыныстық мінез-құлықтың әр түрлерін бойына сіңіреді.
Ата-аналар алғашқы сәбилік кезеңдегі балалар үшін идентификация негізгі қайнар көзі болып табылады. Одан әрі оларға жора-жолдастары, жоғары жастағы балалар және басқа үлкендер қосылады. Идентификацияның қайнар көзі не бойындағы бағалы қасиеттері мен жағымды мінез-құлық түрлері үлгі болатын басқа адамдар жатады.
Ерлер мен әйелдердің жеке тұлғасының қалыптасуында негізгі идентафикациялық үрдістердің бірі жыныстық - рөлдік жіктелу жатады. Жыныстық-рөлдік жіктелу дегеніміз бір жынысты адамдардың психологиясы мен мінез-қулқына тән ерекшеліктерді меңгеру үрдісі.
Жыныстық-рөлдік жіктелуде негізгі қызметті ата-аналар атқарады. Отбасында жыныстық-рөлдік мінез-құлық тәрбиесінде балалар үшін үлгі-өнегенің көзі — ата-аналар болып табылады. Балаларға ата-аналарынан олардың жыныстық-рөлдік ұстанымдары, соған сәйкес талаптары мен мінез-құлық үлгілері беріледі. Отбасында, әсіресе, ананың рөлі орасан зор. Қыз балаларға оның үлгісі, ер балаларға әкенің жеке басының өнегесі ерекше әсер етеді. Әкелеріне негізінен ер балалардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру жүктеледі, олардан қыз балаларға қарағанда, ер балалар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу талап етіледі. Қыз балалар тәрбиесімен негізінен анасы айналысады.
Осындай әлеуметтену жағдайында мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат құралдары ерекше рөл атқарады. Сонымен, қазіргі қоғамда жыныстық-рөлдік тұрақты көзқарастар
Идентификация — identificatio деген латын сөзі, қазақшасы ұқсас, бірдей деген мағынаны білдіреді. мен мінез-құлық түрлерін балаларда қалыптастыру үшін құралдар жеткілікті, екі-үш жас шамасыңда балаларды белгілі бір жынысқа тән мінез-құлық белгілері мен түрлері, көзқарастары мен бағалар анық аңғарыла бастайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мәселен, идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетіледі.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің мінез-құлқы мен қасиеттерін алуда қайшы келетін дамудың белгілі қиындықтары пайда болуы мүмкін. Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары — еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм).