Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 17:47, реферат

Краткое описание

Жеке адамды зерттеудің философиялық-әдебиеттік кезеңі - ежелгі ойшылдардан XIX ғасырға дейін созылады. Адамды зерттеу мәселесі адам табиғатын, адамгершілігі, іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын қарастырды. Адамға қатысты барлық мәселені, жеке адамға тән деп қарастырылды. Оның биологиялық, психологиялық, мінездік, мәдениеттік т.б жақтары жеке адамға қатысты деп түсінді және ондай түсінік күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

4 семинар.docx

— 27.45 Кб (Скачать документ)

 

   Адамның негізгі қажеттілігі-өзін жүзеге асыру (самоактуализация ) өзіндік жетілуге талпыну мен өзіндік ой болып табылады. Гуманистік психология тұлғаның теориялық бағытын анықтауда өзін жүзеге асырудың барлық бағытымен байланысты болады. А.Маслоу өзін жүзеге асыру сипаттарына ақиқатты белсенді қабылдауы мен оған дұрыс бағдарлану қабілетін; өзін және өзгенің болмысының қандай болғанына қарай, дәл сол түрғысында қабылдауды және т.б. белгілерге қатысты психологиялық ситпттаулар жүргізді. Өзін жүзеге асырушы адам белгілі бір іспен шұғылданады, оны беріліп атқарады және олар мойындауды қажет етеді деп сипаттайды. Олар үнемі таңдауды және шешуші қадам жасаушылар, олар үнемі алда жүруді және кез-келген кедергілерді жеңуде өз мүмкіндігін көрсете алады.

Ресей психологтарының ішінен тұлға психологиясын анықтауда Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Л.И.Божовичті айтуға болады.

Л.И.Божович - мектепке дейінгі балалардың сәбилік шағы мен жастық шақ аралығындагы тұлға дамуын зерттейді. Ішкі қасиеті мен адам ерекшелігін, негізіі тұлға түсініктеріне сипаттама береді. Тұлғааралық қатынас арқылы ішкі позициясы деп аталатын көзқарастың қалыптасатынын көрсетеді.

А.Н.Леонтьев - тұлға құрылымы мен дамуы тұжырымдамасын жасайды. Ол і-әрекетке  баса мән береді және теориялары  психодинамикалық, эксперименттік емес, құрылымдық-динамикалыққа жатады.

Тұлға теориясын жасауда  американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.

1.    Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.

2.    2-3 жас арасында болатын күмән мен үят.

3.    3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.

4.    Еңбек қорлық және  оған қарсы толық мәнде болмаушылық.

5.    12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін - өзі белгілеуі   мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.

6.    20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға  араласушылығы мен оған қарсы мәндері.

7.    30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.

8.    60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.

 

 

 

 


Информация о работе Жеке адам психологиясы туралы зерттеулер