Жеке адам бағыттылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2014 в 13:30, доклад

Краткое описание

Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз – сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүиесі. Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын анықтайды. Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адам бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе талаптар

Прикрепленные файлы: 1 файл

багыттылык лекция.docx

— 23.02 Кб (Скачать документ)

Жеке адам бағыттылығы

Жеке адамның бағыттылығы дегеніміз – сол адамның талғамы мен белсенділігін көрсететін ниеттер жүиесі. Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын анықтайды. Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адам бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе талаптар. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.  
Белсенділік – жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады.

Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады. Адам қажеттілігі әр түрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын уйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сиапты туралы айтып отырмыз.  
Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үн қағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады. Адам қажеттілігі – адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.  
Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.  
Қажеттілік – бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік - жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттілік жалпы түрде байқалады. Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз. Түрткілер – қажеттіліктің нақты көрінуі. Түрткілер (мотивтер) – бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.  
 
Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсінуі қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетінің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.  
Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.  
Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу – бұл адамның белгілі бір затқа , құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терң білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді. Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.  
Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты).

Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдайды.

Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рол атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бектітілген еркешеліктеріболып тадыблады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады. Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.  
Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденстер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды атайды. Бейжай қызығулар – осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.

Жанама қызығулар – нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін матиматикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдық түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.  
Моралдік немесе адамгершілік идеал – бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер мен ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұраралық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.  
Ұмтылу – мінез-құлық түрткілер (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіәргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.

Мәселен, бір топ студент қайықпен среуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орныдауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.  
Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зертеу ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қолға алынды.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

Пән: Психология

Күні: 24.02

Сабақ №:

Топ:  М-12

Сабақтың тақырыбы: Жеке адам бағыттылығы

Сабақтың мақсаты: Жеке адам бағыттылығы жөнінде түсіндіру

Сабақтың міндеттері:

  • Студенттердің білім, білік дағдыларын ұйымдастыру
  • Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру
  • Студенттердің дарындылығын, қабілетін дамыту

Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ жауап

Құрал - жабдықтар: электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өткен лекция бойынша сұрақ жауап әдісін қолдану

ІІІ.  Жаңа білім және іс-әрекет тәсілін меңгеру: Жеке тұлғаның негізгі сипаты оның бағыттылығы болып табылады. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс әрекетте басшылыққа алады.

IV . Жаңа білімнің  алғашқы түсінулерін тексеру: Сұрақ жауап әдісі.

1. Жеке тұлғаның бағыттылығы  дегеніміз не? 

V. Жаңа білім  және іс әрекет тәсілін меңгеруді  бекіту : 1-тапсырма.

1. Қызығу дегеніміз не? Мысалдар келтіріңіз

2. Қажеттілік дегеніміз  не? түсіндіріңіз

VI. Бағалау: Белсенді студенттерді  бағалау,

VII. Үйге тапсырма: бүгінгі лекция бойынша дайындалып келу, қосымша материалдар енгізу

VIII. Рефлексия: 1. Сабақ маған түсінікті болды 2. Түсінбеген жерлерім бар

   3. Сабақ  маған  түсініксіз                  Оқытушы: Джуманкулова С.Д


Информация о работе Жеке адам бағыттылығы