Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 10:40, реферат

Краткое описание

Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2001 жылғы 21 маусым N 2


Сот тәжiрибесiнде адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда мен қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстар үшiн жауапкершiлiк көздейтiн заңнаманы қолдану кезiнде пайда болатын мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қаулы етедi:

Прикрепленные файлы: 1 файл

Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып.docx

— 25.05 Кб (Скачать документ)

       18. Бандитизмдi басқа қылмыстардан ажырату кезiнде бандитизмдi құрайтын мән-жайларға ерекше назар аудару қажет.

       Бандитизм  және бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасау қылмыстары бiр-бiрiнен осы қылмыстарды сипаттайтын белгiлер жиынтығымен ерекшеленедi. Бұл ретте бандитизм үшiн бандаға қатысушылардың арасындағы тұрақты байланыстың, олардың iс-әрекеттерінiң ұйымшылдығының, қылмыстарға дайындалу мен жоспарлаудың, сондай-ақ қарулануының болуы мiндеттi. Аталған құрамдарды сондай-ақ қылмыстарды жасаудың мақсаты бойынша да ажырату қажет: бандитизм кезiндегi мақсат - азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады, ал қарақшылық кезiнде пайдакүнемдiк мақсат - ашық ұрлау мiндеттi түрде қоса жүредi.

       Егер iс бойынша адамдардың тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топты құру туралы арнайы уағдаласқаны, қарулану туралы мәселе талқылағаны және қаруды сатып алғаны, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасау мақсаттарын белгiлегенi, осындай қылмыстарды жасағаны анықталса, онда мұндай жағдайларда кiнәлi адамдардың iс-әрекеттерiн ҚК-нің  K970167_  237-бабының тиiстi бөлiгi бойынша, сондай-ақ қылмыстық кодекстiң жасалған қылмыс үшiн жауапкершiлiк белгiлеген тиiстi баптары бойынша дәрежелеген жөн. Тұрақты қарулы қылмыстық топтың құрылғаны туралы мәлiметтер болмаған өзге жағдайларда, азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасауды, бiр топ адамның күнi бұрын сөз байласу арқылы қару қолданып, қарақшылық шабуыл жасауын қылмыстық кодекстің тек осы қылмыстар үшiн жауапкершiлiк белгілеген баптары бойынша дәрежелеу қажет.

       Бандитизмнiң  бiр топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы қорқытып алудан ара жiгiн ажыратуда, бандитизм кезiнде зорлық-зомбылық қылмысты жасаудың құралына айналатынын, атап айтқанда, шабуыл кезiнде қарақшылардың бiрден жәбiрленушiнің мүлкiн алатынын, ал қорқыту кезiнде зорлық-зомбылық тек әсер ету нысаны болып табылатынын және ол күш көрсетушiлердiң талабын орындаудан бас тартқаны үшiн жәбiрленушiге алдағы уақытта күш қолданылады деп қорқыту мақсатында жүзеге асырылатынын әрi мұның өзi тек жәбiрленушiге ғана емес, сонымен бiрге оның жақын адамдарына қатысты орын алуы мүмкiн екендiгiн назарда ұстау қажет.

       19. Соттардың  назары ұйымдасқан қылмыстық топтың, банданың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында жасалған қылмыстары үшiн кiнәлi адамдарға жаза тағайындау кезiнде жауапкершiлiктi даралау принципiн бұлжытпай сақтаудың маңыздылығына аударылсын.

       Соттар iстiң барлық мән-жайы мен сотталушы адам туралы мәлiметтердi,  олардың қылмыстық топты ұйымдастырудағы рөлі мен оның қылмыстық қызметіне қатысу дәрежесін, банданың шабуыл жасауының нәтижесінде туындаған салдардың ауырлығын және жазаны тағайындау кезінде мәні бар басқа да мән-жайларды мұқият анықтап және ескеріп отырулары қажет.


Информация о работе Жасөспірімдердің девиантты мінез-құлқы