Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 19:05, контрольная работа
Қазіргі уақытта республикамызда мемлекет жәрдеміне мұқтаж балаларға көмек беруге арналған 660 интернаттық мекемелер бар. Оларда 79 мыңнан астам балалар тәрбиеленіп жатыр (1). Олардың ішінде: жалпы және санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттарда – 37 541 бала, мектеп жанындағы интернаттарда – 15 096 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған балалар үйлері мен мектеп-интернаттарда – 12 574 бала, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту мекемелерінде – 12 599 бала, девианттық мінез-құлықты балаларға арналған ерекше тәрбиелеу жағдайларын қажет ететін балалар мен жасөспірім-дерге арналған мектеп-интернаттарда – 884 бала, отбасы үлгісіндегі балалар ауылында – 281 бала, отбасы үлгісіндегі балалар үйінде – 247 бала тәрбиеленуде. 1991 жылы небәрі 42 балалар үйі болса, қазір олардың саны 70-ке жетіп отыр.