Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2015 в 17:45, контрольная работа
А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы
Ә. Зейінніц аударылуы
Зейіннің негізгі қасиегтері
Зейін жөнінде әнгіме болғанда
оның мына төмендегі қасиеттерін еске
алады:
А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейініп осыған (жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істей отырған ісін тереңінсн түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді түрақтата алушылық саналы әрекетке озінді жеге алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оғағ тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинактай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстіндс зейініи 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10—20 минуттық зейін коюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге болінуі сол жүмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нүқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істсуге мумкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермеи зейім салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-октын ойы болініп, басқа бір затқа ауып отырады. Осылайша зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіпнің толқуы дейді. Толқу — зейіннің табиғи қасисттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі, басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейіннің мұндай толқуы, әрине, адамның коңіл аударған нәрсесіне ойының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек Бұл кеп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу — қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, коңыраудың сылдыры, сырнай-керней т. б. адамның тынышын көтереді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болғанмен, олардың барлығы да кесел тигізе бермейді. Мәселен, машинаның дүрілі, музыканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алаңдатып, жұмыс істетпейді. Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай, сабырлылықпен жұмыс істей беруге болады. Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істсй алушылық — адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П. Чехов жас кезіндс көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығармаларын қонақта отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселсрді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзін ыңғайсыз жагдайларға төселттіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Ә. Зейінніц аударылуы
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды кешіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдык, қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті кобінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейіи қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпеп ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңінен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасисті жөнді жетілмсген болса, олардың жұмыста түрлі сотсіздіктерге үшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сүрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зсйінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп менгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жұңелі етіп, бір ізбен