Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2013 в 16:01, реферат
Қазақ әдетте біреудің білік – бітіміне, мінез – болмысына, хам – қарекетіне, ақыл – парасатына, адамды тыңдай біліп, зейініне риза болса: «Апырай, бұл бір текті, зейінді жан екен ғой!» - деп сүйінеді.
Демек, зейінді жан дегеніміз үлкен ұғымды береді. Ал керісінше сөзі мен ісінің дәйегі жоқ, өзін жұрттың бәрінен ақылды санайтын, қубереке, арзан қылықты адамға айтары «сол бір зейінсіз немені қойшы» деп, бір – ақ ауыз сөзбен – ақ өз пікірін түйіндеп тастайды. Меніңше, сөз мәнін ұғатын адамға бұдан артық жаза болмаса керек.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-
Тақырыбы:
Орындаған: Сейл А.С.
Тексерген: Жанмұханбетова Г.З.
Орал, 2013 ж
Қазақ әдетте біреудің білік – бітіміне, мінез – болмысына, хам – қарекетіне, ақыл – парасатына, адамды тыңдай біліп, зейініне риза болса: «Апырай, бұл бір текті, зейінді жан екен ғой!» - деп сүйінеді.
Демек, зейінді жан дегеніміз үлкен ұғымды береді. Ал керісінше сөзі мен ісінің дәйегі жоқ, өзін жұрттың бәрінен ақылды санайтын, қубереке, арзан қылықты адамға айтары «сол бір зейінсіз немені қойшы» деп, бір – ақ ауыз сөзбен – ақ өз пікірін түйіндеп тастайды. Меніңше, сөз мәнін ұғатын адамға бұдан артық жаза болмаса керек. Расында да атқарған қызметіңе, үстіңдегі үлде мен бүлдеңе, байлығыңа тәуелді болмайтын, бағынбайтын бұл ұғымдар адамның көкірек көзінің таразысы емес пе.
Жалпы зейін туралы туралы ұғымдар әр ғалымның зерттеулерінде әркелкі келеді. Сондықтан зейіннің негізгі қасиеттері, ғалымдардың әртүрлі пікірлері іргелі ізденістің нысанына әбден лайық.
Зейін деп – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсетететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Зейін өздігінен жеке - дара психикалық процесс те, жеке адамның қасиеті де болып саналмайды. Сөйтсе де ол әрқашан адамның өмір тәжірибесіндегі іс - әрекетіне, таным процестеріне тікелей қатысты болып, оның қызығуын, бағытын көрсетеді. Психиканың ерекше қасиеті ретінде зейін адамның еңбек процесінде қалыптасады. Мұндағы қажетті шарт – объектіні таңдап алып, сананы сол объектіге бағыттау. Зейін сыртқы орта құбылыстарына да, адамның өзінің ішкі психикалық күйлеріне де бағытталуы мүмкін.
Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептер шығарып отыр. Ол бұған соншама үңілген, мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді (бала көзін қадайды, шұқшия үңіледі, демін ішіне тартады т.б.). Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды, оның бірінен кейін екіншісін шығарады . Есеп шығарып болып, азғантай үзілістен кейін тарихты, одан соң географияны оқуға көшеді. Сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады. Осы көріністердің бәрінде де бала әрекеттің әрбір түріне өз зейінін ұйымдастырып, басқа объектілерден ойын бөліп отырады.
Адамға тән әрекеттің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский (1824 - 1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл е сікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды».
Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді.
Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар.Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл – күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендірдіргіштер ішінен зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі – қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез – келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігігіне байланысты. Сондай – ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Адамның таным әрекетінде көңіл – күйге қатты әсер етеін нәрселер де ырықсыз зейін тудырады. Мысалы, бояуы қанық заттар, құлаққа жағымды әуенді дыбыстар, хош иісті өсімдіктер мен нәрселер. Адамды таңдандырып, сүйсіндіретін нәрселер де зейінді өзіне еріксіз аударады. Көркемөнер туындыларының адам сезіміне күшті ықпал етуі де ырықсыз зейін тудырып, танымдық процестер мен ойлау әрекетін күшейте түседі. Ырықсыз зейіннің тұрақты болуы адамның ықылас – ынтасы мен қызығуының артуына байланысты.
Ырықсыз зейіннің
көрінуіне төмендегі
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.); заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
ә ) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік – жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлауындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын – ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.
Адамның күрделі мәселелерді шешуі, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі – мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы алғашқыда қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіннің пайда бола бастағаны.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психикалық күйі. Шаршап – шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай – ақ орындалатын зейін. Сонымен, үйреншікті зейін дегеніміз – қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе – істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай – ақ, ойнап – күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір – бірімен тығыз байланысты. Адамның іс - әрекетінде зейін түрлері алма – кезек өзгеріп, бір – біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу – тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Қандай нәрсеге болса үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс - әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Зейіннің қай түрі болмасын іс - әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе, ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей істей беру де оңай емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыруы қажет.
Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды.
Ішкі зейін – сананың ішкі іс - әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін – бірі тежеп отырады. Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл – қозғалыстары арқылы байқалады.
Ішкі зейіндер – сана мен өзіндік сананың дамуы үшін қажетті шарт. Онсыз адам болашақ қимыл – қозғалыстарын, олардың нәтижесін болжай алмайды. Ойлай білу, ой арқылы әрекет жасау ішкі зейіннің жетілуімен байланысты.
Ішкі зейін қалыптаспайынша, адамның ақыл – ой, эстетикалық жағынан дамуы мүмкін емес. Жеке адамның дұрыс қалыптасуы үшін өткенді бағалау мен бастан кешкендерге, көрсетілген қылықтарға зейін аударып, талдау жасау саналы әрекетті жетілдіре түседі.
Қорытынды
Қорыта келгенде, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
...Зейін – адам жан дүниесіне енрінің барлығында өтетін бірден – бір есік.
Егер зейін болмаса, заттарды, құбылыстарды жақсылап, толығырақ ашығырақ қабылдауға, оларды санамызды сәулелендіруге болмас еді.
Зейінді дамытудың ең жақсы тәсілі адамдарға ықыласты болуға өзіңді үйрету. Өзің туралы ойдан, өз қам – қарекетіңнен бойыңды алшақ ұстау.
Осы ерекшеліктері мен
сипатына қарай зейін адамның
психологиялық құрылымында
Зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым - қатынасының және күнделікті қарым-қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым-қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.
Қарым—қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жсткізуде де зейіннің маңызы өте зор екендігі анықталды. Сондай-ақ зерттеу жұмысымызда жасөспірімдердің қарым-қатынаста зейін қасиеттерін дамытуға тәсілдер қолданылып, эксперименталдық зерттеу жұмыстары жүргізілді. 2006-шы оқу жылындағы және 2007-ші оқу жылының басындағы эксперименттің барысында әр түрлі мамандықтағы 1 -ші курс студенттерінің қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтадық, 2006-шы оқу жылында зерттелген шет тілдері мамандығы мен 2007-ші оқу жылының басында зерттелген тарих мамандығындағы сыналушыларының зейін қасиеттерін зерттеудің нәтижесіне көз жеткізу арқылы дамытушылық жаттығуларды ұсынуға мүмкіндік алдық. 2007 жылдың басында және аяғында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері салыстырылып, көрнекі түрде гистограммаға салынды. Эксперименталды зерттеу жұмысында зейіннің қасиеттеріне құрастырылған әдістемелердің нәтижелері Стьюденттің корреляциондық коэффицентінің көмегімен өңделіп, аралық зонаға орналастырылды. Осылай нақты статистикалық математикалық есептеулермен дәлелденіп, кестелер, гистограммалармен көрнекті бейнеленді. Сонымен қарым-қатынаста зейін қасиеттерін эксперименталды зерттеудің нәтижесінде ғылыми-теориялық негізделген жұмыстың құндылығы дәлелденді.