Заңгер жұмысындағы психотехника

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Января 2014 в 14:34, реферат

Краткое описание

Жеке-тұлға –психологиялық ерекшеліктерін және қызметкерлердің үйімшыл қасиеттерін, кадр резервке ұсынылатын, басшы ретінде жұмысқа деген қабілеті бар қызметкерлерді білу. Жоғары оқу орындағы тыңдаушыларға саяси, әлеуметтік-экономикалық кризиске байланысты Қазақстандағы қалыпты түсіндіру, резервтегі кадрлардың болу себептерін, психологияның қатыстығын ашып көрсетіп беру.

Содержание

Кіріспе
Психология пәні, оның пайда болу тарихы.
2. Психологиялық кеңес беруі.
Әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Заңгер жұмысындағы психотехника.doc

— 63.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІІО АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫ

ІІО ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

                                                                     

                                                                     «Бекітемін»

ІІО Педагогика және психология

                                                           кафедрасының бастығы 

                                                           полиция подполковнигі

                                                                                                              А.Байсеитова

                

 

ДӘРІС

ТАҚЫРЫБЫ: «Заңгер жұмысындағы психотехника».

 

IIО педагогика және психология

кафедрасының мәжiлiсiнде

талқыланып, мақұлданды.

2012 ж.  «     »             №_____ хаттама.  

 

 

                                                                                    «ДАЙЫНДАҒАН»

                                                                          ІІО педагогика және психология

                                                                кафедрасының оқытушысы

                                                     полиция лейтенанты

                                                Ш.О. Ниязалиева

 

                                  

Алматы 2012

 

Жоспар 

Кіріспе

  1. Психология пәні, оның пайда болу тарихы.

     2. Психологиялық кеңес беруі.

Әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кріспе

Жеке-тұлға –психологиялық ерекшеліктерін және қызметкерлердің үйімшыл қасиеттерін, кадр резервке ұсынылатын, басшы ретінде жұмысқа деген қабілеті бар қызметкерлерді  білу. Жоғары оқу орындағы тыңдаушыларға  саяси,  әлеуметтік-экономикалық кризиске байланысты  Қазақстандағы қалыпты түсіндіру, резервтегі кадрлардың болу себептерін, психологияның қатыстығын ашып көрсетіп беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Психология  пәні, оның пайда болу тарихы.

        ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында  көрсетілгендей  заңды тұлға дегеніміз-  меншік, шаруашылық жүргізу немесе  жедел басқару құқығындағы оқшау  мүлкі бар және сол мүлікпен  өз міндеттемелері бойынша жауап  беретін, өз атынан мүліктік  және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. 

  

            Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын,  одан оқшау тұратын ерекше  бiр сиқырлы күш бар, ал жан  болатын болса, соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам оянған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистiк (барлық нәрседе де жан бар дейтiн түсiнiк) пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткенi олар ұйқы кезiнде адамның жаны басқа жақта жүредi дейдi. Тасманиялықтардың тiлiнде жан мен көлеңкенiң, ұғымы бiр сөзбен берiледi, өйткенi олардың ойынша, жан мен көлеңке бiр iспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтерi “лоакаль” деген сөз арқылы көлеңкенiң, жанның, дыбыс берудiң, бейненiң үғымын бередi. Жан туралы осы тектес қарапайым түсiнiктердiң пайда болуы адамдардың өздерiнiң дене құрылысы жайында ғылыми түсiнiгi жоқ кездерде, яғни жан мен тәннiң толысуы бiр-бiрiнен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейiн денеден шығып кететiн, мәңгiбақи өмiр сүретiн нәрсе деп ұғынудың нәтижесi едi. Жан туралы ғылыми түсiнiк ежелгi гректердiң әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есiмiмен байланысты. Екi жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келдi. ХIХ-ғасырдың екiншi жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсiк, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжiрибе) жүзiнде әртүрлi құрал-жабдық аспаптардың көмегiмен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тiгiп, тәжiрибелiк ғылым ретiнде дамыды. Ғылымның осы саласына эксперименттi тұңғыш енгiзген немiс ғұламасы В. Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да бiрiне-бiрi қарама-қарсы жоғарыда аталған екi бағыттың үздiксiз ой-пiкiр тартысына толы. Мысалы, ертедегi грек ойшылдарының бiрi Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездiң өзiнде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсiндiрдi. Ол жанның мәңгi еместiгiн, оның өсiп, өшiп отыратындығын айтып, материалистiк тұжырым жасады. Сол заманның екiншi бiр ойшылы, идеалист Платон (427—347) керiсiнше “жан мәңгi өлмейдi, шпейдi”, - деп тұжырымдады. Психикалық әрекеттi осылайша екi түрлi көзқарас тұрғысынан түсiну, қоғам дамуының кейiнгi кезеңдерiнде, әсiресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өрiс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бiр түрден екiншi түрге көшiп, өзгере бередi, жан денеден бұрын өмiр сүрмейдi, бiр денеден екiншi бiр денеге барып орналаса да алмайды деп материалистiк тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225—1274) жанның мәңгi өлмейтiндiгi, оның денеден бөлек өмiр сүретiндiгi жайлы пiкiрлердi ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өрiс алуына мүмкiндiк бередi. Психологиялық ғылыми бiлiмдердiң тарихы екi кезеңге бөлiнедi. Оның бiрiншiсi — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесi жайлы түрлi ой пiкiрлердiң iлкi тарихы. Осы кезең iшiнде психология басқа ғылымдармен, әсiресе, философиямен қосақтаса дамып келедi. Оның екiншi тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы немiс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттiк ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлi Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есiмiмен тығыз байланысты. Жан дүниесiнiң сыры жайлы дәйектi пiкiрлердi қазақ ойшылдары да айтқан. Тiптi мұндай ой-пiкiрлер фольклорда, әсiресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседi. Мәселен, “Тән ауырса, жан ауырады”, “Тәнi саудың жаны сау”, “Тән өледi, демек жан да өледi”, “Жан бар жерде қаза бар” “Жан - кеудеге қонақ” т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннiң ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тiршiлiк, күш-қуат беретiн рух. Ал Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Ақтамбердi, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақынжыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпендi ата-бабаларымыздың жан дүниесiнiң сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пiкiрлер айтылған. Өресi биiк, материалистiк психологиялық ой-пiкiрлердi Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестiруге болады. Мәселен, С. Торайғыров (1893—1920) жан мен тән ылғи да бiрлiкте, байланыста болады (“Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетiп, дүниенiң сырын табар”), адамның тәнi өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, санасезiм) бiрге өсiп, жетiлiп отырады, осы екеуiнiң қоса өзгеруiнiң негiзi тәнде, адам өлгеннен кейiн, онда қимыл жоқ, сезiм жоқ... жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмiр жоқ, яғни, бiр сөзбен айтқанда, тәннен бөлiнген жанда еш уақытта өмiр болмайды деп тамаша материалистiк қорытынды жасайды. Осы iспеттес пiкiрдi Шәкерiм Құдайбердиев те (1858—1931) айтқан болатын (“Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр”). Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негiзiн жасауда, оны материалистiк тұрғыдан түсiндiруге орыстың, ұлы ғалымдары И. М. Сеченовтiң (1829—1905) рефлекстер жөнiндегi пiкiрлерi мен И. П. Павловтың (1849—1936) жоғары жүйке қызметi туралы iлiмiнiң маңызы зор болды.

Қорытынды: психология ғылымы ерте заманнан бері дамып келеді. Соған  қарамастан ашылмай қалған кітап  ретінде, үнемі жаңа нәрселер ашылып жатады, ол өте қиын ғылым ретінде  оқылады, адамға көмек ретінде пайдаланады.

 

2. Психологиялық кеңес  беруі.

Қазіргі нарықтық экономиканың өзгеру үрдісінде халық  арасында психологиялық күйзеліске түсудегі жайттары күнбе-күн өсуде. Яғни дүние жүзілік экономикалық дағдарыс адам бойында әртүрлі психологиялық қарама-қайшылықтарды туғызуда. Яғни осындай жағдайларда адамдарға психологиялық көмек көрсету қажет. Қандай да болмасын күйзеліске түскен адам психологиялық көмекті қажет етеді. Ол психологиялық көмекті көрсету барысында маман психолог кеңес беру психологиясының негізгі техникалары мен кезеңдерін ұйымдастыра алуы керек. Осы себептерге байланысты қарастырылып отырған тақырыптың маңыздылығы зор.

              Осыған байланысты кеңес беру  психологиясы- психологияның көмегімен  адамның қалыптасуы және олардың  жеке дамуы,өмірге деген көзқарасы  тұрғысынан дамытуға көмектеседі.  Психологиядағы ең негізгі бағыт  процестегі шарттардың мүмкіндікке ұласуы. Кеңес беру психологиясы жаңадан пайда болған профессионалдық психологияның дамуы яғни өзіндік сфераның дамуы және сонымен қатар форманың дәстүрлі жұмысының біздің елде бөлінуі, мұны психологиялық білімге жатқызуға болады. Ол нағыз прорфессионалдық дайындықты қажет етеді. Психологиялық кеңес берудегі білім нағыз психолог болатын адамдарға ғана емес, сонымен қатар, жұмыскерлермен профессионалдық нағыз психологияның сферасына қажет. Қазір спецалистерді жоғары білімге даярлау программалары кеңес беру психологиясынсыз өтпейді, алдағы уақытта писхологтардың практикамен айналысуы әсіресе, алғашқы кезде Россияда кең құлаш жайды. Олар специалистерді психологиялық кеңес беруші ретінде жоғары білімге дайындайды. Соңғы жылдары көптеген психологтар өздерінің жоғарыф білімдерімен Ресейде танылған болатын. Олар психологиялық кеңес берудегі өздерінің жоғарғы білімдерін тәжірибе ретінде көрсетті. Психологиялық кеңес беру- бұл психологтың профессионалдық іс-әрекетінің бір түрі.                         Психологиялық кеңес беруді практикалық психологияда жалпы негізгі аймақ болыптабылады. Психологиялық кеңес берудің негізгі әрекеті тек клиентпен ғана. Ол ең біріншіден, оның яғни клиенттің сенімінен шыға білу. Ал, екіншіден оны түсінуі керек.

              Оның қиын проблемаларынын көңілді әрі оңай түрде шығуына көмектесіп, кеңестер, бағыттар беріп отыруы керек. Кеңес беру психологиясы клиентпен жұмыс кезінде клиенттің проблемаларының күрделілігіне қарай бірнеше сенастарға созылуы мүмкін. Ең алғашқы сеанссаясында психолог пен клиент арасында өзара әңгіме жүреді. Яғни, клиент өзі жайлы баяндап, не алаңдататынын және қандай проблема мазалайтынын айтып береді. Бұл 10 минуттан 30 минутқа немесе бір сағаттан екі сағатқа созылуы мүмкін. Ал, психолог өз кезегінде клиентін ұқыпты тыңдап, проблемаларын талқылай бастайды. Сеанс кезінде клиенттің проблемаларын практикалық түрде шешу және клиенттің жекелілігі (тұлғалылығы) бағаланады. Кеңестер немесе рекомендация кезінде клиентке қойылатын талап: психолог- консультантқа сеніп, толықтай проблемаларын шешіп беретіндігіне сенуі керек. Кеңес беру кезінде психолог әртүрлі әдістерді де қолдануға болады. Олар кеңес беруге лайықты методикалар. Клиенттің проблемалары ауыр немесе қиын болатын болса, жоғарыда айтылғандай бір немесе екі сеанспен нәтиже шығаруы мүмкін емес. Клиенттің бір ғана емес, бірнеше проблемалары болуы мүмкін. Сол кезде психолог әр проблемаға жеке-жеке ( проблемаға сай) кеңесті қолданады. Клиент тұрғысынан аталған проблемалардан бірден нәтиже шығаруы мүмкін емес. Оған кеңес беруші жағынан да көмек болуы керек. Егер кеңес беруші клиентке деген яғни, оның проблемаларынан арылуға деген сенімділігі жеткіліксіз болса, онда ол клиенттен болмақ. Себебі, ол өз эмоциясын және мінез-құлқын басқара алмайды деген сөз. Көбінесе, психолог- консультантқа адамдар физиологиялық-психологиялық денсаулығы жағынан да келуі мүмкін.

           Психологиялық кеңес беру практик-  психологтың кәсіби іс-әреккетіндегі  негізгі бағыт: адамға танымдық  деңгейі жоғары, өзіндік таңдалған  өмірлік стратегиясын жүзеге асыра алатын, өз өміріне жауапты тұлға ретінде қалыптастыру. Психологиялық кеңес беру психотерапиядан шартты түрде бөлініп шыққан ғылым саласы. Себебі, кеңес беру кезінде психотерапиялық әдіс тәсілдер жиі қолданылады. әйтсе де, кеңес беру психологиясы психотерапия саласынан жоғарылау болып есептелінеді.

 

 

Әдебиеттер:

1. Основные виды деятельности и психологическая пригодность к службе в системе органов внутренних дел: Справ, пособие // Под ред. Бовина Б.Г., Мягких Н.И., Сафронова А.Д. - М., 1997. - С. 13.

2. Основные виды деятельности и психологическая пригодность к службе в системе органов внутренних дел: Справ. пособие / Под ред. Бовина Б.Г., Мяпсих Н.И., Сафронова А.Д. - М., 1997;

3. Ратанова Т.А., Шляхта Н.Ф. Психодиагностические методы изучения личности. — М., 1998;

4. Шевандрин Н.И. Психодиагностика, коррекция и развитие личности. - М., 1998;

5. Практическая психодиагностика. Методики и тесты. - Самара, 1998;

6. Дружинин В.Н. Психодиагностика общих способностей. - М., 1996;

7. Собчак Л.Н. Введение в психологию индивидуальности. - М., 1997;

8. Альманах психологических тестов. — М., 1995;

9. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 томах. - М., 1982;

10.  Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Справочник по психологической диагностике. - Киев, 1989;

11. Кулагин Б.В. Основы профессиональной психодиагностики. - Л., 1984;

12. Марищук В.Л., Блудов Ю.М., Плахтиенко ВА., Серова Д.Р. Методики психодиагаостики в спорте. - М., 1990;

13. Методы психологической диагностики. - М., 1993;

14. Психология личности. Тесты, опросники, методики. - М., 1995;

15. Психологическая диагностика. / Под ред. К.М. Гуревича, Е.М. Борисовой. - М., 1997, и др.

16. Психологический словарь. - М., 1983. - С. 285.

17. Воспитание и развитие личности учащихся образовательных учреждений МВД России. М, 1998. - С. 36.

18. Эриксон Э. Идентичность: юность и кризис. - М., 1996;

19. Логинова Н.А. Развитие личности и ее жизненный путь. Принцип развития в психологии. — М., 1978. — С. 168—169; и др.

20. Битянова Н.Р. Тренинг личностного роста. - М., 1995; Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. - М., 1998;

21. Прутченков А.С. Тренинг личностного роста. - М., 1993; и др.

22. Рейнуотер Д. Это в ваших силах. Как стать собственным психотерапевтом. — М., 1992. — С. 206—224.

23. Столяренко А.М. Психологическая подготовка личного состава органов внутренних дел. - М., 1987.

24. Ситников А.П. Акмеологический тренинг: теория, методика, психотехнологии. — М., 1996;

25. Флеминг Фат. Преобразующие диалоги. Серия «Новейшая психология». - М., 1997 и др.

26. Эта часть параграфа подготовлена в соавторстве с Н. Ю. Портнягиной.

27. Состояние работы с кадрами органов внутренних дел Российской Федерации за 1998 год. -М.: МВД РФ, 1998. - С. 15.

28. Климов Е.А. Введение в психологию труда. — М., 1988. - С. 115.

29. Собчик Л.Н., Лобанова Т.Н. Психодиагностические критерии руководящих кадров. // Психологический журнал. - 1989. - №1. - С. 47.

30. Автор компьютерной программы А.Д Шпаченко.

31. Методы диагностики и развития психологического потенциала руководителей органов внутренних дел. - М., 1996. - С. 96-118.

32. Дуракова К.Б. Управление персоналом. - М., 1998; Зиверт X. Тестирование личности. - М., 1998.

33. Алексеев А., Пигалов В. Деловое администрирование на практике. — М., 1993;

34. Бойделл Т. Как улучшить управление организацией. - М., 1995; Емельянов Ю.Н. Активное социально-психологическое обучение. — Л., 1985;

35. Марасанов Т.Н. Социально-психологический тренинг. - М., 1998

36. Назарбаев Н.А. Послание Президента народу Казахстана «Социально-экономическая модернизация – главный вектор развития Казахстана» 27 января 2012 г.

37. Кирпичиков А. И. Взятка и коррупция в России. - СПб., 1997. - С. 6-7.

38. Коррупция и бюрократизм: истоки и пути преодоления: Тематический сборник. - М, 1998. - С. 119.

39.  Бойков Б. Э. Профессиональная культура и этика государственных служащих. // Социология власти. Информационно-аналитический бюллетень: 1997 - № 4 - 5.

40. Мониторинг кадров госслужбы. - М., 1998. - С. 10-19.


Информация о работе Заңгер жұмысындағы психотехника