Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2014 в 15:19, реферат
Құқық қорғау қызметінің мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Ол сот өндірісі мәселесі мен «Сот психологиясы» атауынан бастау алады. Мұндай жағдай «Заң психологиясы» ғылымы пайда болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым саласының атауының өзгеруі оның пәніне жаңаша қарауды талап етті. Қоғамды құқықтық тәрбиелеудің, заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының кадрларымен жұмыс істеу және оларды басқарудың, сотталғандардың түзелуінің психологиялық мәселелерін зерттеу басталды.
Кіріспе
1. Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
2. Заң психологиясының пәні
3. Заң психологиясының міндеттері
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
5. Заң психологиясының жүйесі
Қорытынды
Заң психологиясы
Жоспар:
Кіріспе
1. Заң психологиясы –
психология ғылымының бір
2. Заң психологиясының пәні
3. Заң психологиясының міндеттері
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
5. Заң психологиясының жүйесі
Қорытынды
Кіріспе
Құқық қорғау қызметінің мәселелерін психологиялық тұрғыдан зерттеу тарихы жүздеген жылдарды қамтиды. Ол сот өндірісі мәселесі мен «Сот психологиясы» атауынан бастау алады. Мұндай жағдай «Заң психологиясы» ғылымы пайда болғанға дейін, атап айтқанда 70-жылдарға дейін сақталып келді. Бұл ғылым саласының атауының өзгеруі оның пәніне жаңаша қарауды талап етті. Қоғамды құқықтық тәрбиелеудің, заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының кадрларымен жұмыс істеу және оларды басқарудың, сотталғандардың түзелуінің психологиялық мәселелерін зерттеу басталды.
Қазіргі уақытта психологиялық ғылым едәуір түрде дамып, адамдар қызметінің барлық салаларына енді. Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалардың жұмысын жетілдіру үшін де қолданылады.
Заңгердің психологиялық мәдениеті қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қамтамасыз ететін психологиялық білім, тәжірибелер мен әдістердің дамыған жүйесінің заңгерлерде болуын талап етеді. Психологиялық мәдениет заң саласындағы қызметтердің тиімділігін арттыруға әсер етеді.
Бұл жұмыстың өзектілігін дәлеледеп, заң психологиясы тақырыбын ашу үшін мынадай мақсаттар қойылады:
* Заң психологиясын психология ғылымының бір саласы ретінде қарастыру;
* Заң психологиясының пәнін, әдістерін, міндеттері мен жүйесін ашу.
1. Заң психологиясы – психология ғылымының бір саласы ретінде
Психология – адамдардың психикалық қызметінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін ғылым. «Психология» термині гректің «психе» (жан), «логос» (ғылым) деген сөздерінен шыққан, яғни адамның ішкі,
субъективті әлемі туралы ғылым болып табылады. Психология ұзақ уақыт бойы философияның құрамдас бөлігі болып келді және тек XIX ғасырдың ортасында ғана жеке ғылым саласы болып бөлінді. Қазіргі уақытта психология күрделі және көп тармақты ғылым саласына айналды. Психикалық қызметтің жалпы заңдылықтарын қарастыратын жалпы психологиядан басқа психологияның жеке және қосымша салалары бар. Нақты қызмет түрлерімен айналысатын адамдардың психикасының заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін қосымша салаларына мыналар жатады: еңбек психологиясы, оның ішінде жекелеген бөлімдері – инженерлік, авиациялық, ғарыш психологиясы, тану психологиясы, педагогикалық, әскери психология және заң психологиясы.
Заң психологиясы ғылымның әр түрлі салаларының белгілерін қамтиды және ол психологияға да, заңтануға да тиесілі болып табылады. Заң психологиясы қылмыстық-құқықтық, азаматтық-құқықтық, т.б. әр түрлі құқықтық қатынастардың салаларындағы адамдардың психикасының заңдылықтарын зерттейді.
2. Заң психологиясының пәні
Қазіргі уақытта ғылымның дамуы 2 жағдайда қарастырылады: бір жағынан, ғылымдардың өзара бір-бірінен ерекшеленуінен көрінсе, екінші жағынан, салалардың өзара араласуынан, интеграциясынан көрінеді. Бұл процесс ғылымның жаңа саласының пайда болуына алып келеді. Міне, заң психологиясы да психологиялық және құқықтық ғылымдардың араласуы, бірігуінен пайда болған.
Кез - келген ғылым саласының пәні болады, ол пән ретінде осы ғылым саласы зерттейтін қатынастар болады. Заң психологиясының пәні болып құқық әрекетінің саласында пайда болатын психикалық құбылыстар, механизмдер, заңдылықтар табылады.
3. Заң психологиясының міндеттері
Қоғамдағы адам өмірі көптеген жазылған және жазылмаған нормаларға
тәуелді. Қоғамның негізгі міндеті- өмір сүріп отырған қоғам талап етіп отырған мінез – құлық нормалары мен үлгілеріне сай жеке адамды қалыптастыру. Заң психологиясы психология мен заңтануды біріктірген қолданбалы білім саласы болып табылады. Заң психологиясы пән ретінде заң аясында пайда болған психикалық құбылыстардың даму заңдылықтарын үйрету болып табылады. Заң психологиясы ғылым ретінде өзінің алдына біршама міндеттер қояды. Оларды жеке және жалпы деп топтастыруға болады.
Жалпы міндеттеріне: заң және психологиялық білімдерге синтез
жасау. Заң категорияларының іргелі психологиялық мәнін ашу болып табылады.
Жеке міндеттеріне:
1. заң нормаларының
2. қылмыскерді психологиялық
құлықтың мотивтерін ашу;
3. қылмыстың алдын алудың
4. түрлі заң қорғау іс - әрекетінің
психологиялық заңдылықтарын
5. түзеу мекемелеріндегі
шараларының психологиялық заңдылықтарын зерттеу;
6. заң орындары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыруда, ұсыныстар әзірлеу.
4. Заң психологиясында қолданылатын әдістер
Әрбір ғылымда пәніне және ғылыми зерттеу әдістеріне қатысты өзіндік
талаптар болады: оқыту құбылысы өзіндік ортасында зерттелуі қажет. Зерттеу мақсатына орай заң психологиясы зерттеу әдістерін негізгі 3 топқа бөледі:
1. ғылыми зерттеу әдістері
2. жеке тұлғаға әсер ететін психологиялық әдістер
3. сот психологиясының экспертизалық әдістер.
Заң психологиясында зерттелетін әдістер. Олар:
- адам іскерлігін талдау әдісі
- іс қағаздарын психологиялық талдау әдісі
- контент- анализ
- биографиялық
Заң психологиясы психологиядағы негізгі әдістерді қолданады:
1. Бақылау әдісі
2. Анкеталық әдісі
3. Интервью әдісі
4. Эксперимент әдісі
Бақылау қорытындыларын тергей отырып, техникалық әдіс- тәсілдерді
қолдануға болады, ең бастысы бақылаушының адамдармен қарым – қатынасқа түскенде сөйлеуін магнитафонға жазып алу. Жекелеген жағдайда фотоапаратпен, видеоға түсіру тиімді. Осы аталғандар тек заң аймағында ғана қолдануға тиісті.
Бақылау әдісін тек қана психолог емес, сонымен бірге заң аясында жұмыс жасайтын қызметкерлерде зерттеу жүргізе алады. Оның себебі қылмысқа қарсы ақпаратты жинау болып табылады. Ақпарат алу барысында тергеуші күдіктінің бет әлпетіне, мимикасына, жестіне аса көп назар аудару керек.
2. Анкеталық әдісі – бұл әдіс бір бағыттағы сұрақ бойынша жасалынады және
ол бір топ адамдарына қолданылады, яғни оның мақсаты зерттелушілерден көбірек дәлелдер алуды талап етеді. Алынған дәлелдерге (материалдарға) статистикалық өңдеу мен талдау жасалынады. Қазіргі уақытта анкеталық әдісті қылмыстың алдын – алу мақсатында жұмыскерлерге қолданылады.
3. Әңгімелеу әдісі – қосымша әдіс ретінде пайдаланылады. Әңгімелесу әдісі зерттеу жүргізілгеннен бастап қолданылады, оның мақсаты жұмыстың жалпы бағыты мен болжамын жасау болып табылады. Әңгімелесе отырып тергеуші қылмыскерден жасаған қылмысы жөнінде толық және нақты ақпарат алады. Әңгіме жүргізбес бұрын тергеуші сұрақтарды реттейді, сұрақтары қысқа әрі түсінікті болуы қажет.
4. Эксперимент әдісі – зерттеуші
зерттелушінің психикалық
өзгешеліктерінен сыртқы стимулдық, тәуелділіктерін зерттейді. Эксперимент әдістерінің бақылау әдістерінен айырмашылығы, бақылау әдістерінде бақылаушы зерттелушінің психикалық құбылысын қашан болатынын күтеді, ал эксперимент әдісінде зерттеуші жағдайды өзгерте отырып, зерттелушінің алдын – ала керекті психикалық процесін таба алады. Сот психологиясында табиғи және лабораториялық эксперимент кең көлемде қолданылады.
Лабораториялық эксперимент көбінесе ғылыми зерттеулерде, сонымен бірге соттық психологиялық экспертиза жүргізілген кезде қолданылады.
5. Заң психологиясының жүйесі
Заң психологиясының өзінің категориялар жүйесі және нақты құрылымы бар.
Заң психологиясын мынадай бөлімдерге бөліп қарастырамыз:
1. Әдіснамалық бөлім – заң психологиясының пәні, мақсаты, тәсілдері және даму тарихы жөнінде.
2. Құқықтық психология –
3. Қылмыстық психология – бұл
бөлімде қылмыскерлердің
4. Тергеу психологиясы –
5. Сот психологиясы – сот
психологиясының аспектілерін
6. Түзеу іс - әрекетінің психологиясы
– жазаның психологиялық
Қорытынды
Қазіргі уақытта психология ғылымы едәуір дамыған, көп тармақты, өзінің зерттеу пәні мен әдістері бар ғылым саласына айналды. Психология оның барлық негізгі салаларына қатысты жаңа, қызықты концепциялар және гипотезалармен үздіксіз толықтырылуда. Психологиялық ғылым қоғамдық тәжірибенің әр түрлі аяларында туындайтын мәселелердің шешімдерінің қатарына қосылуда.
Заң психологиясының күрделі және көпжоспарлы курсы заңгерлердің құқықтық реттеудің әлеуметтік-психологиялық жағын, құқықпен реттелетін қатынастардағы адамның мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін түсінуін қамтамасыз етеді.
«Заң психологиясы» пәнін оқып-үйрену - заң психологиясының зерттеу объектісі туралы білімдер, яғни, адам және оның басқа адамдармен, қоғаммен,табиғатпен құқықтық қатынасы; құқық және заң психологиясының пәні-құқық арқылы реттелетін адамның іс-әрекетінің психологиялық механизмдері мен заңдылықтар жүйесі туралы білімдерді қалыптастырады.
XIX ғасырдың соңында жеке құқық
саласы ретінде пайда бола
отырып, қазіргі уақытта заң
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: