Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Января 2014 в 14:18, реферат
Ұлы славян педагогі-гуманисі, жаңа педагогиканың негізін қалаушы Ян Амос Коменский, оның отаны чехия халқы неміс феодалдарының тарапынан ауыр ұлттық езгіге ұшыраған жағдайда болды. Чехия халқы өз бостандығы үшін күреске бас көтерді. Феодализмге халықтың қарсылығы діни-демократиялық, сектанттық қозғалыс сипатында болды.
1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
3. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
4. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
5. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
6. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
Жоспар
1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптастыруы.
3. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
4. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
5. Я.А.Коменский тәрбие мәселелері туралы.
6. Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы.
1. Я.А.Коменскийдің қысқаша ғұмырнамалық деректері.
Ұлы славян педагогі-гуманисі,
жаңа педагогиканың негізін қалаушы
Ян Амос Коменский, оның отаны чехия
халқы неміс феодалдарының
Осындай демократиялық сектаттық
ұйымдардың ішінде ХҮ ғасырдың басында
табориттердің діни-
ХҮ ғасырдың бірінші жарытысында табориттер қауымы жеңіліске ұшырады. Оның қалдықтарынан “чех ағайындары” деп аталатын демократиялық қауымдастық ұйымдасты,оның құрамына қолөнершілер мен шаруалар кірді.
Я.А.Коменский 1592 жылы 28 наурызда
Чехияда “чех ағайындары” демократиялық
қауымға жататын жанұяда
Я.А.Коменский ата-аналарынан
ерте айырылып, ол “чех ағайындары”
қауымдастығының қамқорлығының
арқасында алғашында бастауыш және
орта мектепті бітірді, кейін Гейдельберг
университетіне түсіп, онда математикамен
айналысты, Коперниктің ілімін оқып-үйренді.
Европаның сол кездегі ірі
орталықтарының бірі Амстердамда болды.
Студент кезінің өзінде, Коменский
чех тілінде халқы үшін кітаптар
жазды. Ол былай деді: “Ғалымдар
үшін ғылымды кітаптарда жасырып
қоюға болмайды, себебі білім бәріне
де қол жететіндей түсінікті болу
керек”. Осы демократиялық идеялына
Коменский өмірінің соңына дейін
берік болды. 1614 жылы отанына оралғаннан
кейін, Коменский кезінде орта білім
алған мектепте мектеп басшысы болып
тағайындалды. Кейіннен “чех ағайындылары”
қауымы өздерінің қауымының священнигі
етіп сайлайды. Коменский мектепке
ерекше көп көңіл бөлді: мұғалімдер
мен шәкірттердің қарым-қатынасында
гуманистік бастаманы талап етті,
мектеп тәжірибесіне білімнің ерекше
түсініктілігін қамтамасыз ететін оқытудың
тәсілдерін енгізді, оқушыларды табиғатпен
таныстыруға, олардың табиғатқа
деген сүйіспеншілігін
Өзінің тәжірибелік
“Ұлы дидактика” педагогика
тарихында педагогика ғылымын теориялық
тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы
– дмдактикасының негізін қалаған
ғылыми еңбек болды. Осы еңбек
жарық көргеннен кейін
1641-1654 жылдардың аралығында
Коменский Англияда, Швецияда және
Венгрияда болды, ол онда
1654 жылы Коменский Лешко
қаласына қайта оралды, бірақ
швед-поляк соғысы кезінде
2. Я.А.Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы.
Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды.
Сол кезеңдегі материалистік бағыттар айтқанда, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізіне бақылауды, тәжірибені индукцияны алды және ол таным қабылдаудан басталды, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештеңе болмайды деп үйреткен болатын-ды.
Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас ию, оның адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығуларын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті. Каменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылық және екі жақтылығы.Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдауын жатқызуға болады.
Гуманизм және демократизм
Коменский педагогикасының
Каменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді.
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлығын беру керек: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балаларды және қыздарды барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалыпға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К.Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.
3. Жас кезеңдері. Мектеп жүйесі және оқытудың мазмұны.
Коменский табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасын табиғаттың жалпы заңдарына сүйену ретінде түсінумен қатар ал жас кезеңдерін, мектеп жүйесін және кейбір дидактикалық қағидаларды және ережелерді негіздеуге адам табиғатын (туа біткен белгілер) және балалардың табиғи жас кезеңдеріне сүйену кездеседі.
Коменский, адамның табиғатын ескере отырып, балалардың жас әрқайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.
1) балалық шақ – туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
2) жеткіншек шақ – 6 жастан 12 жасқа дейін;
3) жастық шақ – 12 жастан 18 жасқа дейін;
4) ересектік шақ – 18 жастан 24 жасқа дейін.
Балалардың жас ерекшеліктерін
ескере отырып, осындай жас кезеңдерге
бөлді: Ол әр жас кезеңіне сипаттама
береді. Балалық шақ. Баланың дене
жағынан тез қарқынмен өсуімен
және сезім органдарының дамуымен сипатталады;
жеткіншек шақ- есі мен қиялының,
оның орындаушы органдары – тілі
мен қолы дамиды; жастық шақ кезінде
көрсетілген сапалардың дамуымен қатар
өте жоғары деңгейде ойлау деңгейі
дамиды және ересектік шақта –
ерік-қайраты мен
Әрбір осы жас кезеңдерге жас ерекшеліктеріне сәйкес Коменский білім берудің ерекше сатысын ұсынады.
1) 6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
2) Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлерде алтыжылдық ана тілі мектебін ұсынады.
3) Жастық шақ кезеңіндегілер (12 жастан 18 жасқа дейін) әрбір қалада латын мектебі немесе гимназия ұсынады.
4) Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) әрбір мемлекетте немесе облыстарда – академия ұсынады.
Сонымен, Коменский балаларды
жас кезеңдерге бөлуге бірыңғай мектептің
демократиялық қағидасын
Әрбір білім беру сатысы үшін Коменский оқытудың мазмұнын жан-жақты талдады.
Аналық мектеп – мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы,
онда негізгі тәрбиеші ана болып
табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің
идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама
бойынша ерекше қарапайым осы
жас кезіндегі балаларға
Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.)
Ана тілі мектебі аналық
мектептен басталған оқытуды
жалғастыра отырып, онда алған білімді
кеңіте және тереңдете отырып, адам
өміріне қажетті: атап айтқанда, ана
тілінде жазылғанның бәрін
Демек, бұл сол кездің өзінде ана тілін оқытуға негізделген бастауыш оқытудың ерекше бағдарламасы болып табылады. Ана тілі мектебінің ортағасырлық мектептерден ерекшелігі ортағасырлық мектептерде барлық оқыту өмірден алшақ берілді, тек ғана латын тілінде оқытылды, ал ана тілі мектебінде бастауыш мектептегі оқыту тек ғана ана тілінің негізіне сүйенді.
Латын мектебін немесе гимназия
ұйымдастыруды Коменский әрбір
қалада белгіледі. Латын мектебінің
бағдараламасына ортағасыр
Академияда Коменский
сол кездегі жоғары оқу орынары
тәжірибесінде кеңінен
4. Я.А.Коменский оқыту теориясы туралы.
Коменскийдің еңбектерінде неге және қалай үйрету керек деген мәселе ерекше орын алады. Ортағасырлық мектептің берген білімі, онда қолданылған схолостикалық оқыту тәсілдері және шәкірттерге әсер етудің қатаң шаралары оны қанағаттандырмады. Коменский бұл мектепті балаларды қорқытып-үркітудің және ақылдылардың түрмесі деп атады. Ал шәкірттерді дамытпады, керісінше, ақыл-ой қабілеттілігін тежеп отырды, олардың оқуға деген ықыласын өлтіріп отырды.
Мектеп, Коменскийдің пікірінше, адамдардың тірі шеберханасы болу тиісті, немесе, оның айтуынша, “ізгіліктің шеберханасы”, “жарықтың шеберханасы” деп бағалады. Мектеп адамды ақылды, адамгершілікті, қайырымды ету үшін бәріне үйрету керек деді. Бұл дегеніміз шәкірттер мектепте жан-жақты білім алу керек. Мектепте берілетін білім жеңіл-желпі ат үсті болмау керек, берік берілетін білім болуы керек, демек, адам басқаның ақылын басшылыққа алмау керек, өзінің ақылымен жұмыс істеу керек, тек ғана кітаптан оқып қою, заттар мен құбылыстар туралы басқаның пікірін түсіну жеткіліксіз, өзінің жеке басында заттардың мәніне үңіле білу қабілеттілігін дамыту және шын мәнінде оларды дұрыс түсіне білуді қалыптастыру қажет.