Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2013 в 17:56, доклад
Психолог өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы бір жасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде тіршілік ететін көп жасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретіндігін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер дүниесінің арасындағы айырмашылықты жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БАЯНДАМА
Тақырыбы: XXI ҒАСЫР ПСИХОЛОГИЯ ҒАСЫРЫ
.
Алматы 2012 ж.
XXI ҒАСЫР ПСИХОЛОГИЯ ҒАСЫРЫ
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.
XIX ғасырдың екінші жартысынан
басталған, психологияның жеке
ғылымға айналуына, оның
Психолог өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуіндегі айырмашылықтарды анық білуі керек. Енгізілетін біркелкі ортадағы бір жасушалылардың тіршілігінен, ортадағы белсенділігіне өлшенбейтін жоғары талаптар қойылатын, жер үстінде тіршілік ететін көп жасушалылардың күрделі өміріне өтуі кезінде, тіршілігінде не өзгеретіндігін анық білуі қажет. Жоғары омыртқалылар мен жәндіктер дүниесінің арасындағы айырмашылықты жете меңгеруі керек. Бейімделудің осындай жалпы биологиялық принциптерін білмей, жануарлардың мінез-құлқының ерекшеліктерін анық түсіну мүмкін емес, адамның психикалық әрекетінің күрделі түрлерін түсінуге тырысу өзінің биологиялық негізін жоғалтады. Психология ғылымының пәнін құрайтын айғақтарды биологиялық айғақтарға теңестіруге мүлдем болмайтынын естен шығармау керек.
Психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуы аса маңызды. Тарих, экономика, этнография, әлеуметтану, өнертану және т.б. қоғамдық ғылымдар оқытатын құбылыстар мен үрдістерді зерттеу, психологиялық мәселелердің пайда болуына әкеледі. Адамның жеке және топтағы мінез-құлқының механизмдерін білмей, мінез-құлықтың, әдеттің, әлеуметтік көзқарас пен бағыттың таптауырын қалыптасуының заңдылықтарын білмей, көңіл-күйді, сезімді, психологиялық климатты зерттемей, тұлғаның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін, оның қабілеттерін, мотивтерін, мінезін, тұлғааралық қатынастарын және т.б. зерттемей, әлеуметтік құбылыстар мен үрдістерді толық ашып көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда: әлеуметтік үрдістерді зерттеу кезінде психологиялық факторларды ескеру қажеттігі туады. Психологиялық факторлар әлеуметтік үрдістерді өздігінен анықтамайды, керісінше, олардың өзі осы үрдістерді талдау кезінде ғана түсінікті болады. Адамның психикалық әрекетінің негізгі түрлері қоғамның тарихы барысында пайда болып, тарихта қалыптасқан заттық әрекеттер жағдайында жүзеге асырылады, еңбек ету барысында, құрал мен тілді пайдалану кезінде пайда болған амалдарға сүйенеді.
Айтылғаннан психологияның қоғамдық ғылымдармен байланыста болуының қаншалықты маңызды екенін көруге болады. Егер жануарлардың мінез-құлқының қалыптасуында биологиялық шарттар негізгі рөлді атқарса, адамның қалыптасуында осындай рөлге тарихи қоғамдық шарттар ие болады. Алдымен психикалық әрекеттердің адамға тән болатын түрлерін зерттейтін, қазіргі заманғы психология ғылымы, қоғамдық ғылымдардан - қоғамның негізгі даму заңдарын біріктіретін тарихи материализмнен — алынатын мәліметтерді есепке алмай бірде-бір қадам жасай алмайды. Адамның психикалық әрекетін қалыптастыратын қоғам жағдайларын тиянақты қадағалау ғана психологияның берік ғылыми негізге ие болуына мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы оқушыға нені үйрету керек? Ғылымның мектеп үшін жинақтаған кең көлемді ақпараттарының ішінен нені, қалай алу керек? деген сауалдар бойынша болатын өткір талқылаулар тудырған мәселелер тобы жиналып қалды. Әр түрлі жас ерекшелік сатысындағы адам психикасы дамуының мүмкіншіліктері мен резервтері қандай екенін және олардың шегі қайда екенін психология анықтауы қажет.
Педагогика тәрбиелеу мәселесіне бағытталған кезде, психологияның қажеттілігі байқалады. Дамушы қоғамның талаптарына сәйкес тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеудің мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсатқа жету тұлғаны қалыптастырудың заңдылықтарын зерттеуді қажет етеді: оның бағытын, қабілеттерін, қажеттіліктерін, дүниетанымын және т.б. Айтылғанның бәрі қазіргі заманғы психология ғылымдар түйісінде екенін білдіреді. Ол біріншіден, философиялық; екіншіден, табиғи; үшіншіден, әлеуметтік ғылымдар арасындағы аралық орынды алады.
Психология басқа ғылымдар
байланыстарының барлығында өзінің
мағынасын, өзінің теориялық принциптерін
және өзінің осы мағынаны зерттеу
әдістерін сақтайтынын естен
шығармау керек. Білімнің ерекше саласы
ретіндегі психологияда арнайы пәндердің
бірқатары бірігеді (мәселен,
психофизиология және әлеуметтік
психология). Олар бір-біріне сай емес
болып көрінсе де, ғылымның бір
саласына жатады. Олардың ортақ міндеті
- психикалық құбылыстарды зерттеу. Барлық
арнайы психологиялық пәндердің
бірігетін базасы болып, негізгі
психологиялық мәселелерді
Психологиялық білімнің даму
ерекшеліктері психологияның
Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтар қатарының бестігіне кіреді. Бүгінде психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында қарқынды орын алуда – білім, бизнез, саясат, басқару, медицина, жарнама т.б. Ғалымдардың болжауы бойынша XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ.
Психология мамандығын бітірген түлектер адамның ішкі қорларын белсендендіру арқылы, оның кез-келген саладағы іс-әрекетін жоғарылату мәселесін шешуге көмектесе алады.
Жалғандық дәуірі келе жатқан сыңайлы. Адамдар барлық құндылықтардан бас тартып, алдамшы, өтпелі идеяларға бой ұруы мүмкін. Оған негізгі себеп санаға берік орнай бастаған Ақырзаманның жақындап қалуы туралы түсінік десек қателесе қоймаспыз. Сондықтан да адамдар тек Бүгінмен өмір сүруге дағдылануда. Ертең - абстракция, Бүгін - утопия. Бүгін өтірік айту өмір сүрудің тәсіліне айналып үлгерген. Кәрі шындықтардан жап-жас өтіріктер сүйкімді. Өмірдің шындығын, өлімнің шындығын, заманақырдың шындығын, ғаламдық жылынудың шындығын, жердегі биоқорлардың таусылу шындығын білу жалпы алғанда адамға қажет пе? Адам онсыз да оны біледі. Ал адам баласының табиғат алдындағы жеңімпаздығы, өлімді де жеңетіні, биоқорды басқа ғаламшарлардан алуға болатыны туралы әдемі өтіріктер өмір сүруге деген құштарлықты оятады. Дегенмен әркімнің қандай шындықты болмасын білуге хақысы бар. Тіпті жазылмас дертке шалдыққандардың өзі қанша өмірі қалғанын білуге құқылы. Бірақ кейде белгілі бір шындықтарды білмей-ақ қойған жақсы. Өмір тыныш болады.
Біздің еліміздегі жалпы
білім беретін мектептерде психолог
мамандар қызмет етеді. Өкінішке қарай,
кейде олардың біліктілік деңгейі сәйкес
келмей жатады. Мәселен, осындай жағдай
облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға
арналған мектеп-интернатта орын алған.
Онда психолог қызметінде бастауыш сынып
мұғалімі жұмыс жасаған. Арнаулы білім
ошағында осы секілді келеңсіз көрініске
жол берілсе, қалғанында «мұндай заңсыздық
болмай жатыр» дегенге кім сенеді? Шындығын
айтқанда, бізде психологқа барып ақыл-кеңес
алу жолға қойылмаған. Сәл-пәл жүйкесі
шаршағанда аталмыш маманның алдынан
табылатын шетелдіктер тірлігін біз де
үйренуіміз қажет екені белгілі. Өйткені
кейде тығырықтан шығар жол таппай қиналғанда
адамдар бұл дүниеден баз кешуге жол беріп
жатады. Сондықтан психологқа барудың
ешқандай әбестігі жоқ.
Осы орайда тағы да бір сауал көлденең
тартылады. Біздің еліміздегі психолог
мамандардың біліктілік деңгейі қандай?
Әрине, бұл – басқа әңгімеге жүк боларлық
тақырып. Себебі біздегі жоғары оқу орындарында
аталмыш мамандық оқытылғанмен, жергілікті
жерлерде оған еш сұраныс жоқ. Шетелдерде
психологтар өз мекемесін ашып, жеке жұмыс
жасайды. Оған баратын адам да аз емес.
Еліміздің үлкен қалаларын қайдам, жергілікті
жерлерде ондай кәсіп иелерін емге іздесек
те таппаймыз.
Ислам дінінде адамның өзін-өзі өлтіруі
ауыр күнә саналады. Сондықтан бұл бағытта
дін өкілдерінің де үгіт-насихат жасауға
көңіл бөлгені артық емес. Шындығында,
бізде суицидке байланысты кең ауқымда
іс-шаралар жасала бермейді. Оның зардабын
да тартып отырмыз. Өмір атты ұлы көште
алғашқы баспалдақты аттар-аттамастан
ажал құшып жатқан жас өрендердің тағдыры
ойландырады бізді...
Дәрігерлердің көбісі адамның
тәнін емдейтін, немесе психиатр мамандықтарын
таңдайды. Жеті жыл оқып психолог болуды
ешкім онша қаламайды. Әзірше емдеу-алдын
алу мекемелерінде
ХХІ ғасырды әлем халқы психология ғасыры деп дәріптейді. Егемен еліміз жаңа, капиталистік даму жолына түсті. Бұрынғы құндылықтар жоғалды, жаңа құндылықтар пайда болды. Өткен ғасырдың 90-шы жылдары ел тұрғындары санасына ауыр соққы болып тиген қиын кезеңді бастан кешірді. Соның зардабы әлі күнге дейін жалғасуда.
«Елу жылда ел жаңа» демекші, еліміз жаңару жолында өз қадамын бастауда. Капитализм заңдылықтарының кейбіріміздің жан дүниемізге жақпайтын тұстары да баршылық. Дегенмен, дүниеде әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы елінің басым бөлігін қанағаттандыратын елдер де баршылық.
Ұзақ жылдар бойына коммунистік партия басқарған тұста бір ғана психология болды. Ол сол билікті мәңгілік ұстап тұру жолында қызмет етті. Шет елдің басқа гуманистік бағыттағы психологиясына елімізде тосқауыл қойылды. Алайда сол психологияны ұстаным еткен елдер озып алға шықты. Ғалымдары адам психикасына әсер етудің жаңа технологияларын ойлап тапты. Ал қазақ тілінде бұл жөнінде деректердің аздығы белгілі.