Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:41, реферат
Ұлттық сана адам баласы шыр етіп жарық дүниеге келген әрбір сәбидің еститін дыбысы, әуені, түр-түсті ажыратуы, тілінің шығуы, дәстүрді меңгеріп, дінді мойындауы, байырғы кәсіпке икемделуі, ата қонысты қадірлеу, ата-бабаның ақыл-кеңесін мойындау, яғни кіндік кескен топырақта ер жеткен кісі бойына даритын қасиеттердің бәрі Ұлттық санаға жатады.
Айтарлықтайы—жас шақта қалыптасқан Сана. Ұлттық ерекшеліктің бет-бейнесі де осы арқылы айқындалады. Бұған дәлелді алыстан іздеп сабылудың қажеті шамалы. Аралас-құралас жүрген Ш. Мұртаза, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Д. Исабеков, Қ. Жұмаділдаев, М. Кенжебай марқұм А. Сейдімбек т. б. көптеген аға буын өкілдерінің шығармашылығына зер салсақ та жеткілікті.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
БП 12 Этнопсихология
«Ұлттық сананың қалыптасуы»
Бекниязова Гульнара Дастановна
Биология
Ұлттық сана
Ұлттық сана адам баласы шыр етіп жарық дүниеге келген әрбір сәбидің еститін дыбысы, әуені, түр-түсті ажыратуы, тілінің шығуы, дәстүрді меңгеріп, дінді мойындауы, байырғы кәсіпке икемделуі, ата қонысты қадірлеу, ата-бабаның ақыл-кеңесін мойындау, яғни кіндік кескен топырақта ер жеткен кісі бойына даритын қасиеттердің бәрі Ұлттық санаға жатады.
Айтарлықтайы—жас шақта
Бірақ ауылдан етегін жапқан шағында аттанса да, ол кездерден бері елдегі тұрмыс-салт, адам психологиясы, қоғамға деген көзқарас кісі танымастай өзгерсе де, бәрібір, сол баяғы шығармаға арқау етері дала өмірі, естіген аңыз-әңгімесі, жеке кісілердің өмір тарихы. Жалпы кейінгі буын біздер ұстанатын ғылым қағидасы бойынша олар піскен, жетілген, білім жиған, көркейген ортаның тыныс-тірлігін көркем туындыға арқау ете білген.
Оған қоса ұлттың әлеуметтік ахуалын жүрек сыздата сөз ететін ерекше сезімталдықты талап етеді екен. Ал түрлі қатерге қарамай ұлттың жыртысын жырту «тентектігі» тек қана сананың қалыптасу кезінен жарақтанатын, жастық шақта ғана қанға сіңетін қасиет болса керек. Әйтпесе қалада қырық жылдан бері тұрып келе жатқан жазушының дала өмірін суретеп жазуы ақылға сыйымсыз дүние. Бізде осы күнге дейін Ұлттық сананы қолдап жазылған көркем шығармалар бар ма? деген сұраққа келетін болсақ. Әрине бар. Ал оларды талдаған және оны әлемнің басқа елдеріне мойындатқан әдеби сын ше? Жоқ. Неге?
Себебі, бізде ел тағдырын, дәуір тынысын сараптап, саралауға міндетті философия ілімі дамымаған. Бұл кемшілікке әдебиет сыншылары да, философтар да кінәлі емес. Кінә ұзақ жылдар бойы отарлаушы ел жүргізген саясатта. Тіпті, осының өзі-ақ бізде ұлттық философияға сүйенген эстетикалық талдаудың өз міндетін атқара алмай келе жатқандығының айғағы емес пе.
Ал енді олай болса, философия іліміне қай кезде бетбұрыс жасалуы мүмкін дегенге тоқталсақ, ол—ұлт тарихы біршама жүйеленіп жазылған шақта ғана мүмкін іс. Егер ұлт тәуелсіздікке жете алмаса, ол жайында сөз қозғаудың өзі қисынсыз. Себебі қаналушы елдің тарихы қашанда қанаушы ел идеологиясының ықпалымен бұрмаланып жазылатыны дәлелдеуді қажет етпейтін шындық.
Ұлт тәуелсіздігін қорғай алған жағдайда сол сәттен бастап, өзін тәуелсіздікке жеткізген идеологияның көземелдеуімен халықтың толық тарихы жазыла бастайды. Бұл филосифия ілімінің өркендеуіне негіз қаланады, демек, шындықты суреттейтін туындылардың жазылуына жол ашылады және оларға әдебиет сынының дұрыс баға беруіне мүмкіндік туады деген сөз. Ұлттық сананы қорғай алмағандықтан сонау бағзы замандардан бері қарай қордаланып жауабын күткен қазіргі қазақ әдебиетіндегі сұрақтарда есеп жоқ десе де болады.
--Қазіргі
қазақтар өмір сүріп жатқан
жерде бір кездері сонау VI-
--651
жылдан бастап Түркі тілді
халықтың шекарасына жетіп,
--Ең
кемі 5000 жыл бойы ел-жұртты басқаруда,
саясат жүргізуде, еларалық
--Арғысына
бармай, бергісін қозғағанда бағзы
замандарда осы кең байтақ
далада тірлік еткен бабалар
санасында алғашқы нобайы
--Әйтпесе
бар-жоғы осыдан үш ғасырға
жетпейтін уақыт бұрын ғана
Ресей билеушілерінің қазақ
Бірақ, бұрынғы кездерде жақсылыққа тыйым салынып, есесіне халық мінезінде қылаң берген құлдық қылықтарды мейлінше дәріптеген Ұлттық сананың қанат қатайтып шырқап ұшар кеңістігінің аясын кеңейтуге ықпал ететін тарихы тәлкекке түскен елдің нені пайымдап, нені ұғынуға шамасы келмеген. Ұлт санасының мүлде өшірілуі Түркі тектес халықтың, соның ішінде осы күнгі қазақтың да сонау VIII-ғасырдан бері қарай күні бүгінге дейінгі рухының түсіп, еңсесін қайта көтермеуінің басты себептерінің бірі болды деп батыл айта аламын.
Қай
заманда қамсыз жатқан ұлтты басқалар
өз тілінде сөйлетіп, дәстүрін жалғастырып,
дінін қастерлетіп, ата қонысында
еркін тайраңдатып қойған? Тіптен
іштен ірітушілерді ескермегенде пайда
іздеп қасқырдай анталаған
XX-ғасырда
жазу-сызусыз үгіт-насихаттың
Әттеген-айы бұл жетістіктердің ұзаққа созылмай 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін бірте-бірте талмаусырап, ақырында күйреуі еді. Әдепкі қарқынды болашақта болатын жұмақ өмірге қарапайым халықты қатты иландырып, уәдені үйіп-төккен большевиктер ақыр соңында езілген ұлттың үмітін ақтамайтыны анықталды. Олар қарсыластарын жеңіп, бірте-бірте нығая келе отарлаудың бұрынғыдан да сорақы тәсілі ұлтсыздандыру саясатын бағыт етіп ұстанатыны анықталды.
Осы
мақсатта жүргізген тазарту шаралары
бас-аяғы 20 жылда дербес мемлекет болуды
армандаушыларды былай қойғанда
көкірегі ояу деген азаматтардың
өзін көзінен тізіп оққа байлап құм
қаптырды. Сонан соң-ақ рухани жұтаған,
үмітсіздік пен ашаршылықтан есеңгіреген
халықты коммунистік
Содан ашаршылық пен қуғын-сүргіннен жан созып тірі қалған кедей кепшіктен тұратын қазақ атаулы бұрын-соңды тарихта ұлттық сипат ретінде байқалып көрмеген мінез байқатып, өзін-өзі жамандауға, ең киелі деген мақсат-мұраттарды даттауға кіріскен. Қазақ ортасында сұмдық саналатын, тіпті айта берсе мүмкін емес, әке мен бала бет жыртысуы өнегелілік сипатта көрсетілді. Кейбір кітаптарда ұлт мінезіндегі, тұрмыстағы инабат, ілтипат, сабыр мен салауаттылық отарлаушы ұлттың көңілін табу үшін қасақана елеусіз қалдырып, оның есесіне қазақ халқының бойындағы бүкіл кемшілік, кемтарлық, керкеткендік, көткеншектеу, опасыздық сияқты сорақылықтар ұлттық бетбейне ретінде суреттеліп, сол арқылы жазушы ұпай жинады. Ел басқарған хан, аға сұлтан, болыс, би, байлар жемқор бейнесінде суреттелді. Алаштың арқа тұтқан көкірек көзі ашық азаматтары ұлтшыл деп қараланып барып хатқа түсіп, қалың оқырманға жөнелтіліп жатты.
Дін
мейлінше әшкереленіп, оны уағыздайтын
қожа-молда, ишан, бақсы-балгер, құбыжық,
надан кейпінде бейнеленді. Ғасырлар
бойы тірлік етудің бір тәсіліне айналған
көшпенділік салт зорлықпен тежеліп,
қазақ халқын қырғынға ұшыратқан
коллективтендіру дәуірін туындыларына
арқау еткен ақын-жазушылар
Енді
Кеңес Одағында күн көре алмайтындарын
сезіп, туған жерден безе қашқандарды
ізінен шам алып қуып жетіп желкесін
қиған Қызыл Әскер
Қазақ
халқы қазір өзінің бұрынғыша
ғасырлар бойы көріп келе жатқан қасіреті
мен қайғысының, қорлығы мен зорлығының
салдарына байбалам салудан бойын
аулақтатып, енді оның ең түпкі себебін,
анықтап, соның құпиясын ашуға бет
бұрған шағына қадам басқалы тұр
ма екен деп те үміттенеміз. Өйткені
қазақ Мемлекеттік Тәуелсіздікк
қол жеткізіп, оның шапағатын шала-шарпы
көріп жатқанымен әзірше Ұлттық Тәуелсіздікті
орната алмай діңкелеулі халық. Оған
дәлел көп. Басқасын айтпағанда Конституция
баптарын аяқасты етіп әлі күнге
дейін іс қағаздарының орысша жүргізіліп
келе жатқанын мысал етудің өзі-ақ кінараттауға
жетерлік айғақ. Себебі қандайда бір
этнос болмасын бостандық үшін қан
төгіп жеңіске жеткенімен—баяғы
отарлаушы елдің тілінде
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:
1-сі ез елін, халқын, ұлтын
сыйлайтын, сүйетін алғашқы
«Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан залымға,
Шиыршық атып, толғанатын» ұлы ойшылдар
ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге
тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал
да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының
өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған,
алайда келешегінен үміттеніп, «шиыршық
атып толғанған» Абай: «Осы мен өзім - қазақпын.
Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер
жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек
еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес
ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам
керек еді, тобына бармай, «не қылды, не
болды?» демей жата беру керек еді...
бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам
да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса
да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана
алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын...» деп,
халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады,
халқының мінін, кемістігін көрсетіп,
бетіне баса сынайды. «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті
мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың.
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың»
деп бір жағынан қатты қиналса, екінші
жағынан «Дүниеде еш нәрседе баян жоқ
екені рас, жамандық та қайдан баяндап
қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың
артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз
келмеуші ме еді? » деп, үміттенеді.
Ойшыл ақынның ұлттық сана жөніндегі пікірін үш тұрғыдан пайымдауға болады. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптаса бастауы жөніндегі ойлары; 2-ден, Абайдың өз заманындағы ұлттық сананың ерекшеліктері, қайшылықтары, белгілері туралы ойлары; 3-ден, қазақтың ұлттық санасының қалыптасуын, дамуын Абай қазақ халқының шығуымен тікелей байланыстырады. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген еңбегінде аталған мәселелерге ерекше тоқтала келіп, адам баласының бір саласы Үндістан тарапынан келген, олар «ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер», екіншіден - монғол жағынан келген; олар заманның кебін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарларын терең білмейді... соның бірі - біздің қазақ, - деп, қазақтың сары нәсілге, оның ішінде монголоид тегіне жататынын білдіріп, қазақты өзінің тегімен таныстырады. Қазақтың ертеректе Амудария және Сырдария бойын жайлағанын, сонсоң Алатау бөктерін, Ташкент төңірегін, кейіннен «Ақтабан шұбырындыға» ұшырап, қалмақтардан қауырт жеңілген соң Сарыарқаға, Шыңғыс тауына ауыса көшкенін айта келіп, «Қазақтың қатты өсе бастағаны Құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек», - дейді.