Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 18:58, реферат
Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері. Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын құралдар күрделене түсті. Құралдар арасындағы ең маңыздысы: сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық прогреске байланысты (компьютер). Сөйлеудің түрлеріне байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша. Ес процесі дами отырып ойлау процесіне жақындай берді. Выготскийдің айтуынша, баланың ойлауы оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану еске түсірумен бірдей.
І. Кіріспе
1) Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы
2) Естiң психологиялық теориялары
3) Естiң негiзгi түрлерi
4) Естiң негiзгi процестерi мен механизмдерi
5) Естiң индивидуалды ерекшелiктерi және дамуы
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
Факультет: «Педагогика және психология»
СӨЖ
Тақырыбы: Топтар және ұжымдағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі.
Шымкент 2013жыл |
Жоспары:
І. Кіріспе
1) Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
ІІ. Негізгі бөлім
1) Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы
2) Естiң психологиялық теориялары
4) Естiң негiзгi процестерi мен механизмдерi
5) Естiң индивидуалды ерекшелiктерi және дамуы
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
Кiрiспе
1. Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени – тарихи концепциясындағы ес мәселесі.
Л. С. Выготский естің тарихи дамуын көрсетті, басқаша айтқанда естің филогенезінің дамуын көрсетті. Филогенез дегеніміз- бүкіл адамзаттың даму кезеңдері. Естің дамуы-есте сақтау үшін қолданылатын әдіс. Тәсілдердің жақсаруы, естің басқа психикалық процесі және жағдаймен байланысының өзгеруіне тәуелді. Тарихи жағдайлар даму және адам өзінің материалдық және рухани мәдениетінің молаюы жағдайда оның еске сақтау үшін қолданылатын құралдар күрделене түсті. Құралдар арасындағы ең маңыздысы: сөйлеу, жазу, және ғылыми психикалық прогреске байланысты (компьютер). Сөйлеудің түрлеріне байланысты: сыртқы және ішкі, ауызша және жазбаша. Ес процесі дами отырып ойлау процесіне жақындай берді. Выготскийдің айтуынша, баланың ойлауы оның есте сақтауына тәуелді, бала үшін ойлану еске түсірумен бірдей. Тек балалық шақта ғана ойлау мен естің арасында қатты байланыс болады. Естің басқа психикалық процесімен байланыстың өзгеруі жасөспірімдік шаққа қарай пайда бола бастайды. Бұл байланыстар балалық шаққа қарағанда керісінше болады. М: егер балалық шақта ойлану үшін еске түсіру қажет болса, ал жасөспірімдік шақта есте сақтау үшін ойлану, түсіну қажет.
Сигналдың әсері тоқтағаннан кейін информацияның сақталуын анықтауға болады.Мұндай анықтау естің биологиялық пен техникалық түрлерімен шектелмей, жалғасу құбылысын далпы түрде анықтама беруге мүмкіндік жасайды.
Адамның нерв жүйесінде
екі түрлі ақпарат сақталады.
Жантану ғылымы,осыдан,өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді:санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт саталуы мүмкін?;есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?;ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?;естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуде психолргия өзнің адғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды.Өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты:мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып,материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілейді.Ал психиатр Э.Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру әрекетін тексеру үшін қолданды.Адам есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г.Э.Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Негізгі бөлім
1.Естiң жалпы сипаттамасы мен анықтамасы
Адам психикасының
жоғары деңгейде
Адам естiң арқасында бұрынғы бiлiмдерi мен бiлiктерiн жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес бiр-бiрiмен байланысты жеке процестерден тұратын күрделi психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмiр тәжiрибесiн жинақтап, сақтап оны пайдалануға мүмкiндiк бередi.Оны түрлi зерттеулерден бiлуге болады. Мысалы, гипнозға еңген адам есiне барлығын түсiре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнiң себебiн ес зерттеушiлерi В.С.Ротенберг және Дж.Грезельер гипнозда бейнелеу есi басым болуының себебi мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылуымен деп түсiндiредi. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезiнде тоқпен мидың түрлi орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы, пациент наркозда болса да, бұрын естiген және ұмытылып кеткен әңгiмелер мен әндердi жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабiлетi өте мол. Адам есiнiң көлемi – 10 миллионнан астам белгiлердi сақтай алады, бiрақ қайта жаңғыртудың әр түрлi қиыншылықтарынан және бұл көлемнiң бәрiн саналы кезiнде қолдана бермегендiктен, көп нәрсенi еске түсiре алмаймыз.
Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенедi және ес негiзiнде жүзеге асады. Орыс физиологi И.М.Сеченов айтканындай: ''Ес барлық психикалық дамудың негiзiнде жатады''. Егер сезiмдерiмiз, ойларымыз немесе әрекеттерiмiз сақталынбаса, олардың байланысуы мен әрекеттесүi мүмкiн болмас едi.
С.Л.Рубинштейн айтқандай: ''Бiз еске ие болмасақ бiр сәттiк тiршiлiк иесi болар едiк. Бiздiң өткен өмiрiмiз болашағымыз үшiн жоқ болар едi''.
Естiң жүйке жүйелiк жағынан физиологиялық негiздерi, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделi әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тiтiркендiргiштер мида өзiндiк ''iздер'' қалдырып отырады. Бұны ашқан И.П.Павлов болды, ол естiң негiздерiн шартты рефлекстермен түсiндiрген. Мысалы,итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретiнде жарықпен әсер етудi қолдансақ,осындай бiрнеше қайталанудан иттiң аузынан сiлекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда иттiң миында екi жүйке орталығы, бiрi - көру, екiншiсi – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуiнiң арасында уақытша жүйке бекiп, бiр қалыпқа түсүi мүмкiн. Бұл механизм адамдада мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесiне зақым келетiн болса, ол бұрын қөрген нәрсенi тани алмайды. Егер самайына зақым келсе – адам естiгенiн екiншi рет естiгенде түсiне алмайды. Осылай естiң миының үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетiмен байланысты екендiгiн бiлуге болады.
Ес барлық тiршiлiк иелерiнде болады, бiрақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейiне жеткен. Адамда кездесетiн мнемикалық мүмкiндiктер жер бетiндегi ешқандай жануарда кездеспейдi. Адамға дейiнгi жануарларда екi түрлi ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмiр сүруге қажеттi биологиялық, психологиялық және мiнез-құлықтық қасиеттердi ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен берiледi. Екiншiсi, үйренуге, өмiр тәжiрибесiн игеруге қабiлеттiлiк формасында көрiнедi. Жануарлардың есте сақтау қабiлеттерi шектеулi.Олар шартты-рефлекторлық, оперативтi үйрену әдiстерi арқылы меңгерiлген нәрселердi ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.
2.Естiң психологиялық теориялары
Ес туралы көптеген теориялар бар. Олар ес құбылысын әр түрлi жағынан қарастырған әрi түсiндiрген. Солардың iшiнде алғашқы рет Аристотель үсынған, бiрақ өзiнiң көкейтестiлiгiн осы күнге дейiн әлi де жоғалтпаған ассоциациялық теория. Аристотель бiздiң елестерiмiздiң бiр-бiрiмен байланысуына мүмкiндiк беретiн принциптердi табуға тырысқан. Артынан психологияда ассоциация принципi деп аталған бұл принциптер мыналар:
1. Iргелес ассоциациялар. Қабылдау бейнелерi немесе қандай да бiр елестер бұрын солармен бiрге немесе олардан соң бастан кешiрген елестердi туғызады. Мысалы, ''таң ату'' дегенде қораздың дауысын, ''қоңырау'' дегенде сабақтың басталуын немесе аяқталуын есiмiзге аламыз.
2. өқсастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi бiр елестер бiздiң санамызда осыларға қандай да бiр белгiлерi бойынша ұқсас елестердi шақырады. Бұларға мысалды келтiретiн болсақ,
''дөңгелек'' десек шарды және допты, ''асқар'' десек тауды, ''ақ'' дегенде ақ қарды немесе сүттi еске түсiремiз. Мысалы бiз қандай да бiр затты көрсек ол бiр адамды немесе құбылысты еске түсiруi мүмкiн.
3. Контрастық ассоциациялары. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Осы ассоциациялық байланыстарды жарнама жасаушылар әр кезде қолданып жатады. Мысалы, ''тазалықты'' бiлдiргiлерi келгенде суды, ақ немесе көк тустердi және жуынғанды көрсетедi.
Осылардың әсерiнен ми қабығында есте сақтау мен қайта жаңғыртудың физиологиялық негiзi болып саналатын уақытша байланыстар пайда болады.
Ассоциация принципiнiң нағыз
ғылыми негiздемесi мен олардың заңдылықтарын
ашқан И.М.Сеченов пен И.П.
Ес зерттеулерi психология ғылымындағы эксперименттiк әдiс қолданылған алғашқы бөлiмдерiнiң бiрi болды. CIC ғасырдың 80 жылдары немiс психологы Г.Эббингауз ойлау iс-әрекетiнен тәуелсiз “таза” естiң заңдарын зерттеуге болатын әдiстi ұсынды.Ол мағынасыз буындарды жаттау әдiсi едi. Ол өз зерттеулерiнiң негiзiнде материалды есте сақтаудың негiзгi қисықтарын тапты және ассоциациалардың пайда болу механизмдерiнiң кейбiр ерекшелiктерiн ашты. Мысалы, ұзақ қатарды еске сақтаған кезде соңында тұрған материал тез еске түсетiнiн тапты (“шеткi эффектсi”). Г.Эббингауздың маңызды жетiстiктерiнiң бiрi ұмытудың заңдылықтарын ашу болды. Бұл заңдылық мағынасыз үш әрiптен тұратын буынды есте қалдыру тәжiрибесi негiзiнде ашылды. Алғашқы 1 сағаттан соң алынған ақпараттың 60% ұмытылады, ал алты күннен кейiн бастапқыда да жатталған буындардың 20%-дан аз бөлiгi ғана есте сақталады екен.
Г.Эббингаузбен
қатар басқа да ғалымдар
CIC ғасырдың аяғында ассоциациалық теорияның орнына гештальттеория келдi. Бұл теорияның негiзгi түсiнiгi заттар немесе құбылыстардың ассоциациясы емес, олардың бастапқы, тұтастай ұйымдасуы - гештальт болды. Бұл теорияны жақтаушылардың пiкiрiнше ес процестерi гештальт қалыптасуымен анықталады. “Гештальт” сөзi “тұтастық“,“құрылым”,“жүйе” деген мағынаны бередi. Бұл терминдi XX ғасырдың алғашқы ширегiнде Германияда пайда болған бағыттың өкiлдерi ұсынған. Бұл бағыттың негiзгi постулаты тұтастың жүйелi ұйымдасуы ол құралған бөлшектердiң қасиеттерi мен қызметiн анықтайды. Сондықтан бұл теорияның өкiлдерi естi зерттегенде есте сақтау және қайта жаңғыру материалы ассоциациалардың негiзiнде элементтердiң кездейсоқ жиналуы арқылы емес, тұтастай құрылым түрiнде болады дейдi.
Гештальтпсихология негiзiнде жүргiзiлген кейбiр зерттеулерден көптеген қызықты фактлер алынған. Осылай Б.В.Зейгарниктiң зерттеулерiнде сыналушыларға бiреуiн соңына дейiн орындауға рұқсат беретiн, екiншiсiн соңына дейiн аяқтамай бiтiретiн тапсырмалар сериясын ұсынған. Нәтижесiнде сыналушылар аяқталмаған тапсырмаларды соңына дейiн жеткiзген тапсырмаларға қарағанда екi есе жиi есiне түсiре алған. Бұл құбылысты былай түсiндiруге болады. Тапсырманы алғанда сыналушыларда оны орындауға деген қажеттiлiк пайда болады. К.Левин квазиқажеттiлiк деп атаған бұл қажеттiлiк тапсырманы орындау барысында күшейедi. Тапсырма орындалса ол жүзеге асады, ал тапсырма соңына дейiн жетпесе ол қанағаттанбайды. Сәйкесiнше мотивация есте аяқталмаған тапсырманың iзiн сақтап, естiң таңдамалығына әсер етедi.CC ғасырдың басында естiң мағыналық теориясы пайда болды. Бұл теорияның өкiлдерi сәйкес процестердiң жұмысы мағыналық байланыстардың бар немесе жоқ болуына тәуелдi деп пайымдады. Мағыналық байланыстар есте сақталған материалды азды-көптi көлемдi мағыналық құрылымдарға бiрiктiредi. Бұл бағыттың көрнектi өкiлдерi А.Бине мен К.Бюлер болды. Олар есте сақтауда, қайта жаңғыртуда материалдың мағыналық мазмұны басты орын алатынын көрсеткен.
Информация о работе Топтар және ұжымдағы жеке тұлғалардың арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігі