Тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің қазіргі таңдағы мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Января 2014 в 12:57, доклад

Краткое описание

Қазіргі таңда болашақ жаңа ғана өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастыруға, өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау – басты міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар мен өзгерістер, ғылым мен техниканың жетістігі, адамзаттың жаңа әлеуметтік икем мен дағдыларды игеруі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін тұлғаның психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін қоғамдық күштің рөлі ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің қазіргі таңдағы мәселелері.doc

— 84.00 Кб (Скачать документ)

Тұлғаның  әлеуметтік тәрбиесінің қазіргі  таңдағы мәселелері

 

Саурбаев М. Н.

(СҚО, Қызылжар ауданы, «Парасат» мектеп-лицейі)

 

Қазіргі таңда  болашақ жаңа ғана өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастыруға, өмірге бейімдеуге жаңа сипатта қарау – басты  міндеттердің бірі болып табылады. Себебі, қоғамда болып жатқан түбегейлі бетбұрыстар мен өзгерістер, ғылым мен техниканың жетістігі, адамзаттың жаңа әлеуметтік икем мен дағдыларды игеруі тұлға психикасына әсері күшті болып отырғаны белгілі. Осындай, өмір ағысына қарай тез бейімделіп кететін тұлғаның психологиялық тепе-теңдігін сақтау үшін қоғамдық күштің рөлі ерекше.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты ғылыми-теориялық  еңбегінде жастардың, яғни жаңа қоғамды  құрушы тұлғалардың болмыс-бітіміне, рухани дүниесіне ерекше ден қойып, оларды тәрбиелеу мәселесіне баса назар аудара отырып, бұл мәселеге ғылыми дәйекті жауап табуды мақсат етіп көрсеткен.

Қазіргі таңдағы  әлеуметтік, экономикалық талап –  тілектерге сай рухани бай, білімді, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қажеті ерекше туындап тұр.

Өмір талабына сай тұлға  тәрбиелеудің ерекшелігі - үздіксіз тәрбие жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаны  тәрбиелеу мен дамыту адамның  кішкентай кезінен бастап есейген  кезіне дейін жүреді. Үздіксіз білім  беру жүйесіне рухани бай, жоғары мәдениетті және мәдени құндылықттарды бағалай алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік институттар ену керек.

Адам тұлға болып тумайды, қалыптасады. Адамның дамуы –  ішкі және сыртқы жағдайлардың әсерлерімен  қалыптасатын күрделі, ұзақ мерзімді, қарама – қайшылықты үрдіс. Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш факторға: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты болып келеді. Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады. Тәрбиенің сапасы тәрбиешінің тәрбие жұмысын мақсатты, жүйелі, кәсіби шеберлікпен жүргізүіне байланысты. Адам әлеуметтік жүйеде тәрбиеленіп, дамиды, қоғамда болып жатқан іс - әрекеттерге көзқарасы қалыптасады, нығаяды. Тұлға – біртұтас жүйе. Біртұтас жүйе ретінде адам өзін - өзі дамытып отырады. Педагогиканың негізгі мақсаттарының бірі – тұлғаны біртұтас жүйе ретінде тәрбиелеу. Тұлға – сана иесі. Өзін, айналасын, қоғамды жаңартып отырады.

К.Платонов тұлғаның төрт құрылымын  айқындайды. Әлеуметтік жағдайына сәйкес мазмұндық белгілері, тәжірибесі, болмыстың көрінісі ретінде тұлғаның психикалық үрдістерінің жеке ерекшеліктеріне байланысты болмысты бейнелеуі, өмірден үйренген қасиеттерінен гөрі туа біткен қасиеттері басым болып табылатын биопсихикалық құрылым.

Сонымен, зерттеушілердің  басым көпшілігінің пікірі тұлғаның барлық психикалық қасиеттері өзінің даму барысында адамның нейроэндокриндік жүйесінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктеріне сай қалыптасады. Адамның дене құрылысының саулығы мен еңбексүйгіштігі – тұлғаның ең мәнді белгілері, сонымен қатар баланың бойының өсу қарқыны, дене жарақаты, т.б. өзін әр алуан сезінуіне әсер етіп, психикалық дамуына жанамалай әсер етеді дегенге саяды.

Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі әр алуан және қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты әсерленіп ашылады. Соған сәйкес туындайтын көзқарас пен іс – ірекет те әр алуан болады. Тұлға іс - әрекеті, өзіне және айналасына қарым – қатынасы арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, әлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.

Психолог зерттеушілердің  арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағы, тұлға  бейнесінің 300 астам анықтамалары жүзеге асуда.

Л.С. Выготский  алғаш рет психикалық қызметтерді  жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп  бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының  негізінде, тұлғаның - өзегі -оның бағыттылығы  деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің  көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады [].

Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды.

Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті - оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.

 Нәтижесінде  адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады.

Әрбір тұлға  өзіндік қасиеттері жиынтығы арқылы әрбір тұлғаның басқа бір тұлғадан айырмашылығын, ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі бар екенін сипаттайды. "Қасиет ұғымы философияда  категория ретінде жалпы ғылымдар аясында түсіндіріледі. Қасиет-зат, қатынас және солар арқылы анықталатын ұғым. Сапа заттың өзіндік сипатын, біртұтастығын бейнелесе, қасиет соның бір көрінісі,”-деп анықтама беріледі.

Психология  ғылымы қоғамдық ортадағы қасиеттің  мән-мағынасын "индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-құлықтың білгілі бір сандық – сапалық деңгейін қамтамасыз етіп отыратын тұрақты түзіліс,”- деп түсіндіреді. Яғни қасиет сөзінің мән-мағынасы кең көлемді қамтитын болғандықтан, тұлғаның даму барысында өзіне тән мінез-құрылымдарымен сипатталатыны анық.

Тұлғаның даму құрылымы үш бөліктен тұрады.

- тұлғаның ақыл-ойын дамыту  арқылы санасын жетілдіру; 

- мәдениетті және адамзаттық  өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп  сіңіру;

- тұлғаны іс-әрекетке  ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру.

Рухани құндылықтар құрамына тұлғалық (жалпыадамзаттық), қоғамдық (әлеуметтік мәнді) және мемлекеттік (ұлттық) құндылықтар алынады. Балалар мен  жастардың рухани-адамгершілік жағынан  қалыптасуы, өмірге өздігінен даяр болуы, кез келген қоғам мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз етеді.

Тұлғаның құндылық бағдарының әлеуметтік-адамгершілік аспектісі  мен ұлттық мәдениеттің жеке тұлға  бойында қалыптасу мәселелері прогресшіл халық ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, Ш.Әлжанов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың еңбектерінен көрініс тапқан.

Құндылықтардың әлеуметтік-адамгершілік маңызы туралы идеялардың дамуы Қ.Б.Бержанов, Қ.Б.Жарықбаев, Н.И.Ильминский, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.Қ.Құнантаева, М.А.Құдайқұлов, А.И.Сембаев, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов., Л.К.Керімов., Г.М.Храпченковтардың тарихи-педагогикалық ой-пікірлерімен тығыз байланысты.

Сонымен қатар  оқушылардың тұлғалық қасиеттерін  қалыптастырудың жолдары соңғы  жылдары қазақстандық педагог-ғалымдар: С.Қалиев, Ш.Майғаранова, А.А.Бейсенбаева, К.Оразбекова, Р.К. Төлеубекова, К.Оразбекова т.б. жеке тұлға туралы түсініктер мен адамның тұлғалық ерекшеліктерін айқындаудың методологиялық негіздерін қоғамдық тәрбиенің даму заңдылықтарына, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің кірігу заңдылықтарына негіздей отырып, бүкіладамзат баласының қолы жеткен рухани-мәдени байлықтарды еркін меңгерген азамат тәрбиелеудің жолдарын ашып көрсете отырып, тұлғаның жеке бастық қасиетін жетілдіруді психологиялық аспектіде қарастырады.

Тәрбиелі, білімді, ата-дәстүрін ұмытпаған ұрпақ мемлекеттің  мызғымас діңгегі. Бүгінде жастарымыздың  тәрбиесі қандай? Олар нені үйренді, неден  жиренді?


Информация о работе Тұлғаның әлеуметтік тәрбиесінің қазіргі таңдағы мәселелері