Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2014 в 19:25, реферат
Тұлға - психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.
I. Кіріспе
Тұлға және топ ұғымдарына сипаттама
II. Негізгі бөлім
2.1 Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері
2.2 Қарым-қатынас, оның түрлері, функциялары және типтері.
2.3 Кикілжің.
2.4 Ұжымдық қатынастарға арналған тесттер
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Тұлға өзінің тұрақтанған қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.
2.3 Қарым-қатынас, оның түрлері, функциялары және типтері.
Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік
(ақпарат алмасу және
2) реттеуші-коммуникативтік
(адамдардың іс-әрекетін
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады және танылады.
Өзінің міндеті бойынша қарым-қатынас көп функциялы. Оның мынадай негізгі функциясын бөліп көрсетуге болады :
1. Прагматикалық функция адамдардың біріккен іс-әрекеті процесінде өзара әрекеттесуде жүзеге асады.
2. Қарым-қатынастың қалыптастыруш
Даму барысында бала мен үлкен адамның сыртқы қарым-қатынас формалары ішкі жоспарға айналады.
3. Растау функциясы. Біз өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана өзімізді өзіміздің алдымызда танып, түсініп, растай аламыз. Өз құндылығының мойындалатындығына көз жеткізу үшін адам өзге адамдардың қолдауын іздегенде осы функция көрінеді. Уильям Джеймс өзі адам үшін «қоғамда өзімен өзі қалдырылып, мүлдем ескерусіз қалғаннан артық жаза жоқ». Кейде психологтар бұл жағдайды «расталмау» деп атайды.
4. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы. Кез-келген адамның қарым-қатынасы өзге адамдарды бағалаумен және белгілі бір – жағымды немесе жағымсыз эмоциалық қатынасты орнатумен байланысты. Тіпті бір адамның өзіне әр түрлі жағдайда біз түрліше қатынас жасаймыз.
5. Тұлға ішіндегі қарым-қатынас формасы. Өз-өзімен жүргізетін диалогтың негізінде адам белгілі бір шешімдер қабылдап, маңызды әрекеттерге барады. Мұндай «ішкі» қарым-қатынасты адам ойлауының әмбебап тәсілі ретінде қарастыруға болады. Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.
А. Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.
Дегенмен кей мамандықтарда қарым-қатынастың бұл түрі өте тиімді қолданылады. Бұған: барлық әскери уставпен анықталған, әскердегі қатынас; талқылауға уақыт жоқ, ал кез келген кідіру орны толмайтын шығындарға алып келетін төтенше жағдайлардағы барлық жұмыс түрлері. Бірақ императивтің қолданылуы орынсыз болатындай салаларды көрсетуге де болады. Ол достар, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала – ата-ана, сондай-ақ педогогтік қатынастардың бүкіл жүйесі.
Б. Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі.
Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.
В. Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді.
Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады.
2.3 Кикілжің
Кикілжіңдер – қазіргі қоғамның
әлеуметтік және саясаттық өмірінің маңызды
құбылыстарының бірі болып саналады. Адамның
қоғамдағы өмірі күрделі және жеке индивидтердің,
сонымен қатар үлкен және кіші әлеуметтік
топтардың қызығушылықтарының қақтығысынан
жиі алып келетін қарама-қайшылықтарға
толы екендігі баршамызға анық.
Кикілжің
(лат.«conflictus») күштердің, пікірлердің,
жақтардың қақтығысын білдіреді.
Адамзаттық өркениеттің тарихы түрлі
кикілжіңдерге толы. Кикілжіңдердің біреулері
оншақты мемлекеттермен халықтарды қамтыса,
ал екіншілері үлкен және кіші әлеуметтік
топтардың ортасында, үшіншілері жеке
адамдар арасында өршіді.
Ғасырлар бойы адамзаттың ұлы ойшылдары
кикілжіңсіз қоғамның теориялық үлгілерін
құрып, кейде оны жүзеге асыруға тырысқан.
Өкінішке орай, барлығы сәтсіздікпен аяқталып,
бұл одан да қатыгез кикілжіңдер тудыра
бастады.
Кикілжің – ойы, мақсаты мен
қалаулары, талабы, қызығушылығы әр түрлі
немесе бірнеше адамдар арасындағы келіспеушілік.
Ол мынадай болып бөлінеді:
1. Жеке бастың күйзелісі.
2. Екеуара кикілжің.
3. Топ арасындағы кикілжің.
Барлық жағдайда екі жақтың кикілжіңі әр түрлі себептен тұрады. Кей жағдайда кикілжіңнің өзі стреске әкеп соқтырады.
К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні
бақылау мен басқарудың 5 түрі бар.
1.Жарысу (бәсекелестік);
2. Бейімделу;
3. Компромисс (ымыраға келу);
4. Қашу;
5. Одақтасу.
Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.
Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және
өзндік жол конфликтіден кету өте қажет
еткенде; өзіңіздің беделіңіз жоғары және
билігіңіз болғанда өте қиын тығырыққа
тап болғанда; ешқандай амал- тәсіл болмағанда.
Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді
– біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе
жоғалтпайтыныңызды қалыптасқан жағдайды
жұмсарту керек кезде; шығатын қорытындының
өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін
түсін де; шындық сіздің жағыңызда болмағанда.
Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның
қажеттіліктері екі жақтыңда билігі тең
және олардың белгілі бір уақытша немесе
тез арада шешім шығаруда; басқа амалдар
тиімсіз болғанда; өзара қатынасты сақтап
қалу үшін ымыраға келу.
Қашу мынандай жағдайларда тиімді – қозғалған
мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;
өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді
түсінгенде; әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;
белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады,
дегенмен қозғалған мәселе бойынша мәлімет
жеткіліксіз болғанда.
Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде
тиімді – мәселенің шешілуінің екі жаққа
да өте қажет болғанда; өзара өте тығыз
қарым – қатынста болсаңыз; мәселені шешуге
уақытыңыз болғанда; екі жақтың билігі
болғанда.
Қазіргі
заманда кикілжіңдер – күнделікті өмірлік
жағдайларға айналды. Мүмкін, ХХІ ғасыр
адамзат алдына балама ұсынады: бұл ғасыр
кикілжіңдік ғасыр болады, немесе өркениет
тарихында ең соңғы ғасыр болады. ХХ ғасырдағы
кикілжіңдер адамдардың көптеп қырылуына
негізгі себеп болды. А.Я.Анцупов, А.И.Шипилевтердің
пікірінше: «екі дүниежүзілік соғыс, екі
жүзден аса ірі көлемдегі соғыс, терроризм,
билік үшін қаруланған соғыс, өлтіру, өзін-өзі
өлтіру, жеке адамдардың арасында қарсыластық
пен келіспеушілік – бұл аталған кикілжіңдер
ең кем дегенде 300 миллионға жуық адам
өмірін жойды». Ішкі саясаттық күрес –
көптеген мемлекеттердің дамуындағы шешуші
фактор болып табылады. Ұйымдастырудағы
кикілжіңдер олардың іс-әрекетінің сапасына
зиян әсерін тигізеді. Отбасындағы және
өзінмен келісімге келу әрбір адамның
бақытты өмірінің ең маңызды жағдайы болып
табылады. Мұның бәрі әрбір адамның, ұйымның,
мемлекеттің, қоғамның және бүкілдей адамзаттың
өміріндегі кикілжіңдердің шешуші рөлін
білдіреді. ХХ ғасырдың нәтижелері бойынша
көптеген мемлекеттен құралған Кеңес
Одағы кикілжіңдерде адамдардан айырылудан
басқа, материалды және моральды нәтижелер
бойынша әлемдік көшбасшы (лидер) болып
табылады.
Экономикадағы өзгерістерге және жаңа
заң немесе реформалардың бекітілуіне,
өндірістің төмендеуінен жоғарылауы,
еліміздегі өмірлік деңгейінің төмендеуінен
күрт жоғарлауы, құндылықтар мен стереотиптердің
ескі жүйесінің құлдырауы – мұның барлығы
Қазақстан елінің халқы басынан ауыр түрде
кешуде.
Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік дағдарыстық
процестер, адамдардың психологиясына
кері әсер етіп, олардың бойында кернеулік,
ашушаңдық, қатыгездік және т.б. жағымсыз
қасиеттер тудырады.
Мұндай қасиеттер қоғамымызды көптеген
қиыншылықтарға және көптеген кикілжіңдерге
әкеп соқтырады. Статистика бойынша мұндай
процесс әр түрлі әлеуметтік және демографиялық
топтар арасында байқалады. Көбінесе жастар
немесе жасөспірімдердің кикілжіңге түскіштігінің
көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе мектеп
қабырғасындағы оқушылар арасындағы кикілжің
мәселесі өзекті болып саналады. Оқушылардың,
әсіресе жасөспірімдердің жеке адам болып
қалыптасуы барысында, бұл өтпелі кезеңді
басынан өткізуінде көптеген қиыншылықтарға
кездеседі: әлпештеген балалық шақтан
өз беттік өмір сүру, ағзаның үйлесімді
күрт өзгеруі, т.б. факторлар баланың индивидтік
қалыптасуында көптеген қарама-қайшылықтар,
түсінбеушіліктер туындап, қоршаған ортадағы
тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап қайтаруда
өзгереді. Соған байланысты жасөспірімдердің
қылығы кикілжіңге жақын болады. Жасөспірімдер
мен жеткіншектердің кикілжіңдік қылықтарының
жаңа түрлері пайда болуда: олар саяси
ұйымдасқан экстремистер құрамында, рэкеттер,
мафияның құрамында болып, көптеген қылмыстық
әрекет жасауда (соның ішінде, ішімдікке
салыну, нашақорлық, бұзықшылық сонымен
қатар жезөкшелік, қоғамдық ережелерді
бұзу, т.с.с.), міне осындай факторлар көптеген
кикілжіңдерге әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекетіміздің
2030 жылға дейінгі стратегиясында «Қазақстан
дамуында ұзақ мерзімді мақсаттарға қол
жеткізу үшін адамгершілігі мол, мәдениетті,
ғылыми және шығармашылық дамуы жоғары
деңгейлі интеллектуалдық қоғамдық потенциалдың
болуында»,-деп көрсетілген. Яғни, бүгіндері
демократиясы дамыған өркениетті елдер
қатарына бағыт ұстап отырған еліміздің
болашағы жастар, бүгінгі мектеп оқушылары
болып табылады. Жастар динамизммен, мобильділігімен,
жаңашылдыққа икемділігімен, өзгермелілігімен,
тез шешім қабылдағыштығымен, барынша
макимализмімен ерекшелінетіні белгілі.
Сондықтан да бүгіннен бастап олардың
бойына ұлттық рухты сіңіре отырып, Отанымыздың
шынайы патриоттарын, мәдениетті білімді,
парасатты, бауырмал, ізгі ниетті, адал
азаматтарын тәрбиелеп шығару екенін
ескертеді.
Сондықтан да зерттеу өзектілігі жастар
ортасындағы кикілжіңдердің алдын алу
мен шешудің қажеттілігінен туындап отырғанымен,
сонымен қатар әртүрлі жас, әлеуметтік
және демографиялық топтар арасындағы
кикілжіңдерді болдырмау, шешу, жоюдың
және алдын ала ескертудің қажеттілігінен
кикілжіңдік жағдайларды ескертудің ғылыми-психологиялық
негізін зерттеу қажеттілігінен туындап
отыр. Яғни, туындаған мәселелерді әрбір
адам нәтижелі шешу үшін кикілжіңдердің
пайда болу себептерімен оны шешу тәсілдерін,
сонымен қатар кикілжіңдік жағдайдағы
мінез-құлықтың стильдерін теориялық
білімдері мен практикалық дағдыларының
қажетті деңгейін меңгеріп алуы, болашақта
жақсы қарым-қатынас арқылы , иеленген
кикілжіңдерді басқара білу құнды дағдысы
әрбір адамның бүкіл өмірінің жолында
қажет болады.
Қорытынды
Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бүзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады.
Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік" ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.
Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. "Әлеуметшіліксіз,— дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта ұлт тіршілігі, үлт мемлекеті болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бүрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек". Осы айтылғандар бізге оның психиологиясы туралы белгілі пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Пайдаланылған әдебиет: