Тұлға және қарым-қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 10:09, курсовая работа

Краткое описание

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тұлға және қарым-қатынас
1.1. Тұлға туралы жалпы түсiнiк
1.2. Тұлғаның түрткiлерi мен қасиеттерi
1.3. Қызығу, дүниетаным, сенiм, мұрат
ІІІ. Практикалық бөлім
3.1. Сабақ жоспарлары
ІV. Зерттеу бөлімі
4.1. Сауалнама
4.2. зерттеу жұмысының нәтижесі
V. Қорытынды
VІ. Әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

тұлға және қарым- қатынас курс.docx

— 84.34 Кб (Скачать документ)

                                                   Жоспар

 

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім 

1. Тұлға және қарым-қатынас 

1.1. Тұлға туралы жалпы түсiнiк

1.2. Тұлғаның түрткiлерi мен қасиеттерi 

1.3. Қызығу, дүниетаным, сенiм, мұрат

 

ІІІ. Практикалық  бөлім

3.1. Сабақ жоспарлары

ІV. Зерттеу бөлімі

4.1. Сауалнама

4.2. зерттеу жұмысының  нәтижесі

 

V. Қорытынды

VІ.  Әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    Кіріспе

 

Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында  адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен  алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті  деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік  (ақпарат алмасу және адамдардың  бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік  (адамдардың іс-әрекетін реттеу  және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік  (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда  қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа  адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік  береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре  отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс  пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас  орнатуға мынадай ережелердің орындалуы  көмектеседі: барлық адамдармен тең  дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының  жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа  адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін  қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас  жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық  білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау  жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі  өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық  климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған  оқытушы мен оқушының сабақтағы  және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік қарым-қатынас  — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір  жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін  түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

                                         Тұлға және қарым-қатынас

1. Тұлға туралы  жалпы түсінік

Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген  атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа  адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан  да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға  деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше  әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті  өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды түлға  деуге болады. Мінез, қабілеті бір  сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы  жаман-жақсы қылықтары үшін жауап  бере алатын адамды да кісі, не тұлға  дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бүзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.

Имандылықтың ерекше бір  көрнісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі  түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар  үшін) дейтін аталы сөз бар екені  де хақ. Осы жасқа келгенде бал  дәурен балалық шақ аяқталады. Бүл  — өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен  туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық  пен адамгершіліктің басты белгісі, ее жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп  қалыптасатын адамның азаматтық  ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.

Кісіліктің түрліше деңгейі  болады. Оның жаман, жаксысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері  болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір түтқан, адамгершіліғі темен, не одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп  иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі — ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты  аяққа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-парасатты  келеді.

Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік" ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп  сақтау, намыстылық, мейірімділік пен  қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен  шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер.

Сондықтан адамның жеке басының  психологиясын ұғыну үшін ең алдымен  оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі  екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. "Әлеуметшіліксіз,—  дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта  ұлт тіршілігі, үлт мемлекеті  болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бүрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек". Осы айтылғандар бізге  оның психиологиясы туралы белгілі  пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Психология көптеген жаратылыстану  және қоғамтану ғылымдар қатарында  адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ  олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлға  терминімен бір қатар адам, тек  өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік  өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара  кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің  ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек  өкілі.6

Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс  туындысы.

Даралық – нақты адамның  тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.

Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі¬нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден  көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.

Адам даралығының негізгі  көрсеткіштері – сеп-түрткілері (моти¬втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.

Сеп-түрткілер (мотивы) –  іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла¬нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып  жатыр?» деген сұраққа жауап  беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілер  жүйесін (мотивация) пайдаланады.

Тұлғаның психологиялық  мүмкіндіктері

Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей: танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (ком¬муникативтік) және көркемөнерлік.

Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат  және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға  адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік¬тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік  мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде  әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында ашылып, көрінуі.

Тұлғаның шығармашылдық  мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз бетінше  меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта  жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше  еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен  қадағалау-бағалау салаларындағы  іске асыру шамасы.

Тұлғаның қарым-қатынас (коммунинативті) мүмкіндігі - оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің  сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны  бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу  әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Тұлғаның көркемөнерлік  мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың  қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.

Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау  өлшемін (критерии) тағайындайды. 63

Тұлға дамуы – оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі  қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға  итермелейтін жағдаяттардың күшін  жойып отыруын талап етеді.

Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен маңызға ие.

Идентификация – тек өкілі  санасында өзін басқа адамдармен, тіп¬ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен  теңдестіру, ұқсастыру сезімінің  қалыптасуы.

Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке¬мелді өкілеттілігін, қадір –  қасиетін ұлықтай білуі мен нақты  әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.

Өзге адамдармен тұлға  өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі  жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас  жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы  да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін»  орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай  күйзелісі (конфликт) пайда болады.65

Тұлғаның өмір жолы нақты  тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.

Әр тұлға өзінің өмірлік  ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған  бет алысы.

Тұлға қалпының аса маңызды  көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының  әлеуметтік қалыптасқан өлшем –  шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.

Тұлға өзінің тұрақтанған  қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің  адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл  ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.

Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және

әлеуметтік жағдаяттардың  өзара байланысы

Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық  ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі – генотипімен анықталады. Дамудың  әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында  бола¬ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады.

Психикалық даму үдерісі  тек генетикалық себептерден  ғана бол¬май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс¬ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің  өзара байланысы да тығыз болады.

Информация о работе Тұлға және қарым-қатынас