Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 20:58, реферат
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмүнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.
Тұлға және қарым-қатынас
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмүнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, үйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жүртпен араласып, дүрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай үстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау — бүл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен түрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі қүндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бүл көп қырлы үғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те — осының бәрі - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мүның тікелей "бетпе-бет", телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші! Осындай қарым-қатынастың мөн-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық үйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады. А. Топ туралы тусінік мәселесі. Қарым-қатынас "топ", "ұжым" деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мүратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік. Мүндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан алуан. Мәселен, мүның бірі — нақты (реалды) топтар. Бүл — ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар улкен (макро), шагын (микро), ресми, бейресми, формалы, формасыз, уйымдасқан, уйымдаспаган, жасанды, табиги, референттікболып бірнешеге бөлінеді. Біршама түрақты, қүрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа үмтылған адамдардың бірлестігі "шағын топ" деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа (оқу, еңбек, т.б.) бағытталады. Мүндагылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында түрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан қүралып, әрісі 30-40 адамсии аспауы тиіс. Отбасы, өндірістік бригада, үшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. О л футбол коман-дасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойыл-майды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне карай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын түтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары түрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі. Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі қүжаттардың талабына сәйкес өр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мұмкін. жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз эсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді. Формасыз (бейресми) топ — бүл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нүсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылыкпен айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу — осындай топтың мысалдары. топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды. Әртұрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бүл — әр адамның жекелеген топтар-дың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ерекеше тәнті болып, соны қастерлеп, қадір түтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мүндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады. Нақты топтардың жоғары дәрежеде үйымдасқан түрі — үжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше үйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен үштасып, "бір жеңнен қол","бір жағадан бас" шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда "ырың-жырыңның" орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу — үжымның басты белгісі. Кез келген топтың көп жағдайда үжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды. Эр адам топта қандай болмасын белгілі бір роль атқарады. Бірақ оның бүл рөлі түрақты болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың дейік, біраз уақыттан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы үжымның қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі неғүрлым көп болса, соғүрлым үжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның үжымға ықпалы тиімдірек болады. Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі үжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғүрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін үжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жүртқа ықпалы төмендеп, бара-бара беделінен айрылатын болады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның ішінен тек үш-төрт оқушы басқалардан айрықша белгілі болады екен. Мүның себебіне келсек: біріншіден, олардың топ мүшелерімен қатынас жасай білу қасиетінің жоғарылығында, яғни басқаның "жүрегіне жол таба" біліп, қашанда көпшілікке жақын, белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Сөйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір түрушылы-ғымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторын да ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жүдырық жүмсай білетін қүрбыларын құрметтейді. Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір, әңгімелері жарасқан ортақ істі қүлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Енді бір жағдайда топтағы адамдардың ішінде ешкіммен жеке қатынасқа түспей, яғни өзіне ылайықты серік таба алмайтындары да кездеседі. Жүрт ондайларды жек көріп, маңайларына жуытқысы келмейді. Оқушы топтарында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау жұруі, топ мүшелерінің кейбіреулерді жандарына жолатпай жүретіндігінің себептері де сан алуан. Мүндай оқушы сабақты нашар оқиды, тіпті жақсы оқуға талаптанбайды. Оның осы немқүрайдылығы үжымнан оқшаулануына себеп болады. Бүлар үсті-басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға немқүрайлылығы олардың жекелеген "тума" қасиет-терімен (түйықтық, үялшақтық, енжарлық, т.б.) тоқай-ласып жатады. Енді бір оқушылар өте кінәмшіл, сөл нөрсеге өкпелей қалатын, көбінде өзгелерге кінә таға сөйлейтін болып келеді. Бүларға үжымдагы әртүрлі оң істер, олардың үйымдастырушылары үнай қоймайды. Өздері жүртты сынагыш, мінегіш келеді. Топ ішінде қатар-қүрбыларының, үстаздарының талап-' тілегіне, ақыл-кеңесіне қарсылық көрсететін тілазар, қыңыр балалар да кездеседі. Олардың тагы бір белгісі сотқарлық, дөрекілік, көргенсіздігі. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтін, жалқау, өтірік айтуды әдетке айналдырган оқушылар да кездеседі. Олар сыныптан өзінше орын алуга тырысып, осы жолда дөрекілікке, жалған беделдікке қүмартады, мектептен тыс уақыттарда өздері секілді балалармен байланысқа түсіп, "көше" топтарында қабылданған мінез-қүлықтың қоғамға жат нормаларын мектепке әкелуге тырысады. Топ басшысыз, яғни жетекшісіз болмайды. Кез келген топтың өздері сайлап алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетінің нөтижелі болуы жетекшіге де байланысты. Тәжірибелі үстаз, өнегелі тәрбиеші сыныптағыларды үршықтай үйіріп, оларды пайдалы істі нәтижелі орьгндауға бағдарлап отырады. Топтағы адамдары танып-білу, басқару мәселесі, "психологиялық үйлесім" үғымымен де тыгыз байланысты. Бүл үжымдағы ортақ істің табысты болуына ондагылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтагылардың бір-бірімен үйлесімділігі жарасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне үнайтын болса, олар бір-бірінің мінез-қүлқын, қарым-қатынасын жатырқамай дұрыс қабылдаса — онда психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мүндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің харекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді. Топ мүшелері арасындағы көзқараспен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, түйық, не беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дүрыс сыйыса алмайды. Халқымыз "қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ" деп осындайларды айтқан. Әсіресе, топ жетекшісі не оның жекелеген мінез бітістері қолайсыз болып келсе? ондайда жағдай тіптен қиын. Топтағы "моральдық психолргиялық ахуал" (кейде мүны "әлеуметтік-псйхологиялық ахуал" деп те атайды) дейтін үғымның да мәні зор. Бүл топ, үжым мүшелерінің өз ара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауап-кершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, тонтың үйреншікті жүмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл-күйі үжымдык міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы эсер етеді. Білек сыбанған қүлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, үжым мүддесін кастерлейтін жерде қандай ауыр жүмыс болса да жеңіл атқарылады. Мүндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін үжымда үрыс-керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады. Б. Қарым-қатынас мәдениеті Мәселен, сенің көңіл-күйің бүгін нашарлап түр делік, оның да белгілі себебі болатыны түсінікті. Сөйтсе де, басқалар сенімен әңгімелескісі, бір нәрсені сүрап білгісі келеді екен. Сен ондайда өзіңді қалай үстауың керек. Әрине, қолайсыздықты сезінетінің анық. Сені әңгімеге тартып, үсті-үстіне сауал қойып отырғандар көбінде көңіл-күйіңді түсіне қоймайды. Өйткені оларда эмпатиялық қасиет (бүл арада адамның көңіл-күйін түсіне білу, оның сүйініш-күйінішіне ортақтаса білу — Авторлар.) жөнді қалыптаспаған. Сондықтан да эмпатиялық қасиетті өздеріңде үнемі дамытып отыруларың кажет. Сендерге келесі бір сауал. Мәселен, сенің басқа оқушылардың сөзін ақырына дейін тыңдай алуға төзімің жете ме, әлде сен оның сөзін оқтын-оқтын бөліп, өзің сөйлегің келіп түра ма? Немесе жолдасыңның өңгімесі сені қызықтырмаса, оны әрмен қарай тыңдай беруге төзімің жете ме? Ия болмаса, өзің бастаған өңгіменің басқаларды қызықтырмайтынын байқай аласың ба, мүны сезгең жағдайда өңгіме тақырыбын басқа арнаға бүра аласың ба? Немесе, егер өзіңмен әңгімелесушінің қылығы, айтқан пікірі сенің ой-пікіріңмен, көңіл-күйіңмен сәйкес келмесе, мүндайда өзіңдегі реніш сезімін жеңе алар ма едің? Сең әркез айналаңдағылардың көңіл-күйін түсінуге тырыс, мүны өзің қаншалықты жүзеге асыратыныңды тексер. Сенің үжымда онша үната қоймайтын оқушылардың да болуы мүмкін. Саған олармен де бір нөрсе жайлы сойлесуің қажет болып қалды делік. Мүндайда әлгі балалармен дүрыс қарым-қатынаста болуға тырыс. Әңгімелескен сайын оларды еліктіріп, қызықтыра алсаң, тіпті жақсы. Бүл жерде байсалдылық, әдептілік сияқты қасиеттер саған ауадай қажет. Біздің қай-қайсымыз болсын, тіршілікте кейбір адамдардың үйірсек келетінін байқап жүрміз. Бүл басқалармен тез тіл табысып кететін жандар. Ал озара пікірлесіп, адамды озіне тартпақ түгіл оның қитығына тиетіндер де кездеседі. Мәселен, табиғатынан түйық адамдар әңгімені озіне аударғысы келмейді, артық созге бармайды, тек әңгімелесушінің созін жай, ықылассыз тыңдап отырады. Сендер ара-түра "Мен басқалармен қарым-қатынаста қандаймын?" — деген тақырыпта шығарма жазып және осы мәселе тоңірегінде әңгіме-дүкен қүруды, бір-біріңе мінездеме беріп, оны үжым талқысына салып, оздеріңдегі үйірсектік қасиеттерді дамыту үшін арнайы жаттығулар (сыныптағылармен үнемі амандасып жүру, өзіңе жүрттың назарын аудара білу, тосыннан қойылған сүраққа тез жауап қайтару, екеу ара, не жеке-дара сөз саптаудың әдіс тәсілдерін меңгеру, өзгелермен бірге өртүрлі қоғамдық жүмыс атқару, т.б.) жасауды әдетке айналдырсаңдар, осы іспеттес әрекетті үйымдастыруға көңіл бөлсеңдер қүба-қүп. Сойтіп, басқалармен қарым-қатынаста оздеріңді қолайсыз сезініп, тумыстан үялшақ, түйық болсаңдар жолдастарыңмен кобірек кеңес қүрып, қүрбы-қүрдастарыңмен жиі араласып, мүндай әрекетке богет болатын кедергілерді жеңуге тырысуларың қажет. Осы арада, тағы да айтарымыз, үжымдағы пікір талас кездерінде оқыған кітаптарың мен корген кинофильмдерің, спектакльдерің туралы жиі-жиі пікір алысып, басқа балалармен қарым-қатынас жасаудың кез-келген мүмкіндігін пайдаланғандарың жақсы. Мәселен, оз ықыласыңмен сыныбыңдағы бес оқушымен бір мәселе тоңірегінде әңгімелескен кезде озіңе нақты міндет қой, бүлардың беделді біреуіне сауал қойып үйрен, тіпті болмаса, дүкендегі сатушының саған корсеткен сыпайы қызметін өңгімелеп бер, жолдасыңның сүрағына жауап берген кезде оның қанағаттанған қанағаттанбағанын білуге тырыс, олармен дүрыстап қатынас жасауды үнемі есіңнен шығарма! Егер қүрбы-қүрдастарың саған момын, түйық, енжарсың десе, онда шамаң келгенше оз мінез-қүлқыңды ширата түсуді ойлағаның абзал. Бір созбен айтқанда, жеке басыңдағы үйірсектікті, жүртқа жүғысу жолын (бірақ қүр босқа жалпақтап жүрме) ойластырып, осы бағытта үздіксіз жүмыс жүргізгенің дүрыс. Сонда адамдық қарым-қатынас мәдениетіңді дамытуға мүмкіндік аласың, озіңнен басқаларға ықпал етуді үйренесің, жүртпен озара үйлесімді байланысқа жол табасың. |