Тұлға және қарым-қатынас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2013 в 20:02, реферат

Краткое описание

Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Содержание

1 Педагогикалық қарым-қатынас
2 Перцептивтік қарым-қатынас
3 Фатикалық қарым-қатынас
4 Қарым-қатынастың жетекші түрі
5 Пайдаланылған әдебиет
6 Тағы қараңыз

Прикрепленные файлы: 1 файл

тулга жане карым катынас.docx

— 41.22 Кб (Скачать документ)

Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]

Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Мазмұны 

[жасыру] 

  • 1 Педагогикалық қарым-қатынас
  • 2 Перцептивтік қарым-қатынас
  • 3 Фатикалық қарым-қатынас
  • 4 Қарым-қатынастың жетекші түрі
  • 5 Пайдаланылған әдебиет
  • 6 Тағы қараңыз

[өңдеу] Педагогикалық қарым-қатынас

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

[өңдеу] Перцептивтік қарым-қатынас

Перцептивтік қарым-қатынас — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.

[өңдеу] Фатикалық қарым-қатынас

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

[өңдеу] Қарым-қатынастың жетекші түрі

Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.[3]

[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-02459-6
  2. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  3. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.[1]

Мазмұны 

[жасыру] 

  • 1 Философиялық түсінік бойынша
  • 2 Психологиялық түсінік бойынша
    • 2.1 Тұлғааралық қатынас
    • 2.2 Тұлғалық белгілер
    • 2.3 Тұлғаның бағыттылығы
    • 2.4 Тұлғаның имплицитті теориясы
    • 2.5 Тұлғаның өзін-өзі анықтауы
  • 3 Пайдаланылған әдебиет

[өңдеу] Философиялық түсінік бойынша

Тұлға философиялық тұрғыда адамды “адам” ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын, психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеуметтік қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.

[өңдеу] Психологиялық түсінік бойынша

Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “меннен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын “Он үште отау иесі” деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.[2]

[өңдеу] Тұлғааралық қатынас

Тұлғааралық қатынас — этнопсихологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.

[өңдеу] Тұлғалық белгілер

Тұлғалық белгілер — адамның даралық ерекшеліктерін көрсететін, психологиялық және физиологиялық элементтерін және оның ойлауы мен қылығын сипаттайтын өмір бойы қалыптасатын психофизиологиялық жүйе. Тұлғалық белгілер теориясы — негізінде "тұлғаның ерекшелік белгілері" деген ғылыми анықталған терминді қарастыратын тұлға теориясы. Тұлға қасиетінің теориясы тұлға дамуының құрылымын, шығу тегін, қалыптасуын қарастырады.

[өңдеу] Тұлғаның бағыттылығы

Тұлғаның бағыттылығы - тұлғаның іс-әрекетін бағдарлайтын және нақты бар жағдаяттан біршама тәуелсіз, орнықты түрткі-ниеттер жиынтығы. Тұлғаның бағыттылығы оның мүлделерімен, бейімдерімен, сенімдерімен, мұраттарымен сипатталады және бұлар арқылы адамның дүниетанымы білінеді. Тұлғаның дамуы — білім беру міндеттері тұрғысынан екі мағынаға ие: 1) тұлғаны қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына жауапкершілікпен қатысуға тәрбиелейді; 2) жеке адамның жан-жақты үйлесімді дамуы, зияты, ақыл-ойы, еркі, сезімі мен оңтайлы логикалық- эмоциялық-психологиялық сапалары мен көзқарастары.

[өңдеу] Тұлғаның имплицитті теориясы

Тұлғаның имплицитті теориясы - белгілі бір адамның даралық өмір тәжірибесіндегі тұрақты қалыптасқан, типтік жағдайлардағы сыртқы белгілердің негізінде бір-бірімен адамдардың психологиясы мен қылығының үйлесімділігі ретінде түсінігін белгілейтін ғылыми, әлеуметтік-психологиялық ұғым. Тұлғаның имплицитті теориясы— адамдар туралы мағлұматтар жеткіліксіз болған жағдайда, олардың сыртқы пішіні, қылығы және тұлғалық қасиеттеріне байланысты өмірде қалыптасқан тұрақты пікірлер туралы теория.

[өңдеу] Тұлғаның өзін-өзі анықтауы

Тұлғаның өзін-өзі анықтауы - адамның өз өмір жолын, мақсаттарын, құндылықтарын, әдептілік нормаларын, болашақ мамандығы мен өмір жағдайларын өзінше таңдауы. Тұлғаның үміттену деңгейі — адам үміттенетін мақсат деңгейі.[3]

[өңдеу] Пайдаланылған әдебиет

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
  3. ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6

Жеке тұлға –

  1. әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар;
  2. белгілі бір әлеуметтік қоғамнын өкілі болатын, (ұлты, топ, ұжым т.б.) белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортаға деген өзінің қатынасын мойындайтын және өзінің дара ерекшеліктері бар нақты адам. Ұлттық психика мен жеке адамның психикасының арақатысы диалектикалық ұқсастықпен жекеліктің айырмашылығымен сәйкес келеді. Жалпылық (ұлттық) және жекешелік (өзіндік) жеке адамның психологиялық кейпінде бірлікте болады. Бірақ олардың ара қатысы әр адамда әртүрлі. Жеке адамның қатынас кеңістігі неғұрлым кең болса, өмірдің барлық жағымен оның байланысы және қарым-қатынасы да әртүрлі болады ішкі дүниетанымы да бай және жеке адамның өз ұлтына тән әлеуметтік сапасы да жоғары болады.

Жеке тұлға белгілі  бір тәртіппен экономикалық қызметке қатысушы және толық құқықты қызмет субъектісі ретінде әрекет етуші адам. Жеке тұлға өз атынан әрекет етеді және ұжымдық құрылым болып табылатын заңды тұлға сияқты фирма құруға мұқтаж емес. Сондай-ақ ол құқық қатынастарына қатысушы адамды (азаматты) білдіретін термин ретінде де қолданылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – ҚР немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни “жеке тұлға” ұғымы “азамат” деген ұғымға тең мағынада қолданылады. Азамат (Жеке тұлға) – құқықтың жеке субъектісі, оның құқықтық қабілеті (құқыққа қабілеттілігі), яғни азаматтық міндет атқару қабілеті бар.

Азаматтық құқықтық қабілет  туылған сәтінен бастап туындайды  және барлық азаматтарға бірдей деп танылады. Ол адамның нақты құқықтары мен міндеттерінің пайда болуының шарты мен алғышарты. Азаматтық кодекстің 18-бабына сәйкес азаматтың ҚР шегінде немесе одан тыс жерлерде мүлікті, соның ішінде шет ел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, зияткерлік қызметтің өзге де туындыларына зияткерлік меншік құқығы болуға; басқа да мүліктік және жеке беймүліктік құқықтарды пайдалануға құқы бар. [1]

Әрекет қабілеттілігі  азамат кәмелетке, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады. Әрекет қабілеттілігі азаматтың экономика қызметке қатысуын, атап айтқанда, жеке кәсіпкер ретінде қатысуын қамтамасыз етеді. Азамат өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкер несиегердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты талаптарын қанағаттандыруға дәрменсіз болса, ол соттың шешімімен дәрменсіз (банкрот) деп танылады. Шет елдің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға ұлттық құқықтық режим беріледі, олардың да Қазақстанның азаматтары сияқты өзіндік беймүліктік құқықтары болады. [2][3]

[өңдеу] Пайдаланған әдебиеттер

  • Жеке тұлға
  • Жеке тұлға туралы түсініктердің дамуы реферат
  • Жеке тұлға
  • АДАМИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУ– АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ
  • Р.О.Ізғұттынова,
  • АҮДИ жетекші ғылыми қызметкері.
  • Бүгінгі қоғам талабына сай елімізде туындап жатқан әлеуметтік-экономикалық, мәдени өзгерістер білім мен тәрбие мәселесіне жаңа көзқарас қалыптастыруды қажет етеді. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Адамгершілік» – адам бойындағы гуманистік кұндылык, әдеп ұғымы. «Кісілік», «ізгілік», «имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтың дүниетанымында мінез-кұлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таралады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атауға болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық» – деген анықтама берілген.
  • Адамгершілік принциптері әлеуметтік-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, жамандыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілердің қалыптасуына ерекше әсер ететін факторлар бар.
  • Адамның тәрбиелілігі барлық жағдайда адамның өмір шындығына қарым-қатынасынан байқалады. Адам бойында кездесетін сыйластық, әдептілік, әділдік, шыншылдық, жауапкершілік, түсіністік, тіл табысу, келісім, кешірімділік, кішіпейілділік, татулық сияқты қасиеттер қарым-қатынас жасауға үйренудің негізі болып табылады. Адам баласы шынайы махаббатпен туған елін, өскен жерін, отбасын, Отанын сүйеді, аялап, құрметтейді, оның жақсаруына, көркейіп-гүлденуіне тікелей әрекет жасайды. Адамның тәрбиелілігі махаббат, достық, абырой, ар-намыс, білім, әдеп, салт-дәстүр, табиғат, яғни қоршаған дүниеге адами қарым-қатынасынан көрінеді.
  • Адамға қатысты өмірлік қандай да бір мәселені алсақ та қарым-қатынас ұғымы бар. Адамгершілік тұрғыдан тәрбиелілік жақсы, жағымды қарым-катынаспен, ал адамгершілікке жат қылық, тәрбиесіздікпен, яғни жағымсыз қарым-қатынаспен астасатыны белгілі. Сондықтан да адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде адамдық қасиеттерді құрметтеуі, қарым-қатынастың адамгершілік нормаларын сақтауы және оны қалтқысыз орындауы, ешуақытта ренжітпеуі, дөрекілік көрсетпеуі, ыңғайсыз жағдайға қалдырмауы, жылатпауы адамгершілік белгісін танытады.
  • Тәрбиенің мәнін түсіну – қарым-қатынасты ажырата білуге байланысты. Баланы үйлесімді жеке тұлға ретінде қалыптастыруды мақсат ету – қарым-қатынасты шындық, мейірім, сұлулық тұрғысынан бағалай білуде. Мұның өзі бір-бірімен өзара байланысты, жеке тұлға, әрекет, қарым-қатынас сияқты тәрбиенің бөлінбес үш тірегін теңдей ұстау керектігін көрсетеді. Балалар әрекеттерін байыту қарым-қатынасты байытуға әкеледі. Ал бұл өз кезегінде тұлғаның прогрессивті дамуына жол ашады. Жағымсыз әрекеттер адамгершілікке жат нәрсеге үйрететіні белгілі. Сондықтан да балаларды жағымды қарым-қатынасқа бағыттап, үйрету жөн болады.
  • Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта болса; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.
  • Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әруақытта мәдениетті және әдепті.
  • Адами қарым-қатынасқа үйретуде табиғат, мәдениет, іс, қоршаған адамдар, ең жоғарғы құндылық ретіндегі адамның өзі тірек ретінде алынады. Мұндағы ескеретін әдістемелік ереже: аталған тіректерді негізге ала отырып қарым-қатынасқа үйрету бір мезгілде, бірыңғай тәрбие процесінде жүзеге асырылады; олар бірте-бірте, күннен-күнге, жылма-жыл педагогтар мен ата-аналардың ықпалымен дамып отырады.
  • ТАБИҒАТ – адам ең алдымен табиғатқа тән. Табиғатпен бірлесе өмір сүретіндіктен, оның заңына бағынады. Егер ол табиғат заңдылығын бұзса, онда табиғат кешірмейді, жазалайды. Ең дұрысы – салауатты өмір салты, табиғатпен үйлесімділік. Екінші жағынан, адам өзі үшін өмір үйлесімділігін табиғаттан табады. Табиғат – адам үшін қуаныш, денсаулық, шығармашылық. Адам баласы да табиғатты сүйіспеншілікпен аялап, жанашырлық танытып, қамқорлық жасап, көмек көрсетеді.
  • МӘДЕНИЕТ – барлық жағынан көрінеді, яғни ғылым және техника, нәрселер мен заттар (адамның материалдық мәдениеті), әдебиет, музыка, кескіндеме, сәулет, театр, кино, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениеті, сән (киімде, мектеп пен тұрғын үй интерьері, адамдардың қарым-қатынас стилі мен дауыс ырғағы), еңбек мәдениеті, сөйлеу мәдениеті. Адам бойында мәдени құндылықтарға қажеттіліктің дамуы және мәдениетсіздікке төзбеушілік қалыптасуы тиіс. Мәдениетпен етене жақындасу балаларды өмірлік құбылыстарды бағалауға үйретеді, жеке тұлғаны барлық жағынан дамуға ынталандырады.
  • Іс – адамды шаттыққа, қуанышқа, бақытқа бөлейді. Әр адамның кәсіби, шебер, мәнді істей алатын ісі болады. Жай ғана іс емес, сүйікті ісі. Баланы жастайынан іске қызығушылыққа, ұмтылысқа, ынталылыққа баулып, істі атқаруда белсенділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйретіп және де өз ісінен ләззат алатындай, нәтижелі, пайдалы іс жасауға тәрбиелеу керек. Өз ісі арқылы қоршаған ортаны жақсартуға атсалысуы қажет. Ол үшін барлық іске шығармашылықпен қараған жөн. Балаларды шығармашылыққа баулу үшін ұжымдық шығармашылық және ұжымдық ұйымдастырушылық әрекетке үйрету керек. Мұның өзі балалардың қабілеттерін дамытады.
  • ҚОРШАҒАН АДАМДАР – адамның тек қана досы, тек қана анасы немесе тек қана баласы, тек сүйікті адамы ғана болып коймайды. Адамда олардың барлығы да болуы керек. Әртүрлі дәрежедегі жақын адамы, сондай-ақ құрбылас, туыстас, қызметтес және ортақ ісі бойынша таныстары, жолдастары болады. Мектептегі құрбыластарымен неғұрлым интенсивті қарым-қатынас жасайтын кезең, осындай қарым-қатынас олар үшін ең басты және маңызды болып табылады. Сонымен қатар балалар ата-анасымен, ұстаздарымен, достарымең, туған-туыстарымен қарым-катынас жасайды.
  • Қоршаған адамдармен қарым-қатынастан бала не алады? – дегенге келсек, бұл тек ақпараттармен алмасу ғана емес, мейлі ол таныс, мейлі таныс емес болсын, адамдар бір-бірімен карым-қатынас арқылы түсініседі, тіл табысады, келісімге келеді, сенімге ие болады; қарым-қатынас арқылы өмірлік тәжірибе жинауға болады; жаңа әрқилы және қызықты нәрселерді білуге болады. Қарым-қатынас дегеніміз – бұл адамдарды тану, өз өміріңде, іс-әрекетіңе, қылығыңа талдау жасау; проблемаларыңды ортаға салу; басқа адамға ашық болу; әлемді, әртүрлі адамдардың философиясын тану, яғни бұл деген – өмір. Қарым-қатынассыз өмір сүру мүмкін емес.
  • «МЕН» өзім – ең жоғарғы құндылық. Өз қадіріңді саналы түрде мақтанышпен және қарапайымдылықпен, өзің<span class="List_0

Информация о работе Тұлға және қарым-қатынас