Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2013 в 18:21, реферат
Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялык ерекшеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.
Жеке адам туралы жалпы түсінік.
Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы мен бағыттылығы.
Жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтенуі.
Индивид, субъект, жеке адам, даралық түсініктерінің ара қатынасы..
Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары.
Еліктеу — бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады.
Сендіруді үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.
Әлеуметтік фацилитация — бұл бір адамдардың мінез-құлқының басқа адамдардың іс-әрекетіне ынталандырушылық ықпалы, оның нәтижесінде іс-әрекет ерікті, белсенді және интенсивті іске асады (фацилитация — жеңілдету мағынасында қолданылады). Еліктеу және сендіру фацилитациямен бірге жүреді, ол көптеген жағдайда таныс, жақын адамдардың төңірегінде көрінеді.
Таныс емес, шет адамдардың арасында қолайсыздық, берекеті кету сияқты балаларда қарама-қарсы құбылыс — әлеуметтік ингибиция аңғарылады (ингибиция — тежелу деген мағынаны білдіреді).
Әлеуметтік ингибиция жеке тұлғаға жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгеруін кедергі келтіреді және әлеуметтенуге қарсылық білдіреді.
Әлеуметтік психологияда басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм) сияқты әлеуметтену тетігіне ерекше мән беріледі. Конформизм дегеніміз адам мінез-құлқының бір түрі. Ол саналы түрде қоршаған ортадағы адамдардың көзқарасымен алшақтық байқағанына қарамастан іштей олармен келісімге барады. Конформизм — басқаның айтқанына көнгіштік, қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынастың өзіне артық қиындық туғызбау үшін басқаның айтқанына көну, келісімге келу.