Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2014 в 15:01, реферат
Кіріспе. Адам түйсіктерінің түрлері мен рөлі
1. Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
2. Түйсіктердің турлері
3. Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
Қорытынды
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады.
Г. Тері туйсіктері
Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.
Ғ. Сипай сезу туйсіктері
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.
Сипай сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.
Д. Органикалық туйсіктер
Түйсіктердің екінші тобына — органикалық туйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатыы сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, деыі сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді.
И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бүл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.
Е. Кинестезиялық туйсіктер
Кинестезиялық туйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.
Ж. Тең басу шуйсіктері
Мұндай — туйсіктерді статикалық туйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
3. Вибрациялық туйсіктер
Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.
Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Қорытынды
Психологиядағы таным ерекшеліктерге мыналар жатады: Ойлау,зейін,ес,қабылдау, түйсік,ерік.
Ойлау дегеніміз - сыртқы дүниедегі болмыстың жалпы жанама жолмен біздің санамыздағы ең биік сатыдағы бейнесі. Мысалы: Жеке адам ойлауы мүлдем басқаша болады. Ойлаудың жеке ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипатттарымен ерекшеленеді.
Зейін дегеніміз - адам санасындағы қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсіенді бағытталуын айтамыз. Психологияда жеке адамның зейіні ерекше болып келеді екен. Зейіннің шоғырлануын жеке адамның белгілі бір іске- ықылас- ынтасымен берілгендігін көруге болады.
Қабылдау дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижсінен де пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың т ұтас қасиеттерінің адам саласындағы бейнесі. Заттар мен нәрселерді қабылдаудағы тұрақтылық жеке адамның өмірі тәжірибесіне байланысты болып отырады.
Түйсік дегеніміз - дүниедегі заттар мен құбылысталдың біздің сезім мүшелерімізге әсер ету нәтижесінде пайда болып, сол заттар мен құбылыстардың жекеленген қасиеттердің миында бейнеленуі. Ол қарапайым психологиялық процесс деп атағанмен ол жеке адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнеленуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызмет болып табылады.
Ерік дегеніміз - бұл алға қойған мақсатты орындау жолында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жеңуге бағытталған адамның саналы психолгиялық іс-әрекеті. Ерік қозғалыстар мен әрекеттерден адамның эмоциялық әрекеттері туа біткен іс- әрекеттерде аңғарылады.
Пайдаланған әдебиеттер