Темперамент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2014 в 13:14, реферат

Краткое описание

Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған. Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Темперамент.doc

— 62.50 Кб (Скачать документ)

Конысбекова Акжаркын,

Маркетинг, 2 жыл

ТЕМПЕРАМЕНТ

 

Темперамент тұлғаның бойындағы мәндi қасиеттердiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге деген қызығушылық  бұдан екi жарым мың жыл бұрын туындаған.  Ол ағзаның биологиялық және физиологиялық құрылысы мен дамуына, сонымен қатар әлеуметтiк дамудың ерекшелiктерiне негiзделген жеке-дара айырмашылықтардың болуына байланысты туындаған. Тұлғаның биологиялық құрылысына ең алдымен темпераменттi жатқызамыз. Темперамент адамдар арасындағы көптеген психикалық ерекшелiктердiң болуын, оның iшiнде эмоция қарқындылығы мен тұрақтылығын, әрекет қарқыны мен күштiлiгiн, сонымен қатар басқа да динамикалық сипаттамаларды анықтайтын қасиет.

Ежелгi уақыттан бастап темпераменттiң негiзгi төрт түрiн бөлуге болады: холериктiк, сангвиникалық, меланхоликтiк және флегматикалық. Бұл темпераменттiң негiзгi төрт түрi ең алдымен өзара эмоционалды қалыптардың туу динамикасы мен қарқындылығына байланысты ерекшелiнедi. Сонымен, холерик типiне тез пайда болатын, күштi сезiм, сангвиник типiне тез пайда болатын, бiрақ әлсiз сезiм, меланхолик типiне ақырын пайда болатын, бiрақ күштi сезiм, флегматик типiне ақырын пайда болатын, әлсiз сезiмдер тән.

Бiрақта барлық адамдарды темпераменттiң негiзгi төрт түрi бойынша бөлемiз деп ойлау қате болды. Тек кейбiр адамдар ғана темперамент түрлерiнiң таза өкiлдерi бола алады; ал көптеген адамдарда бiр темперамент қырлары басқа темперамент қырларымен қоса жүретiнiн байқауымызға болады. Темперамент адам қабiлетi мен дарындылығын анықтамайды. Барлық темперамент кезiнде де үлкен қабiлеттiлiктi кездестiруiмiзге болады.

Сонымен қоса, қай темперамент жақсы деп те сұрақ қоюға болмайды. Олардың әрқайсысының  да жағымды және жағымсыз жағы бар. Тұлғаның құнды қасиеттерiне мысал келтiретiн болсақ, холерик белсендi және күштi, сангвиник ширақ, етi тiрi, меланхоликтiң сезiмдерi тұрақты, флегматик байсалды.    

Темперамент- белгiлi бiр адамға тән, сыртқы әсерлерге жауап беру реакцияларының динамикасы,бiр қалыптылығында көрiнiс беретiн мiнез-құлықтың табиғи ерекшелiгi, адамның биологиялық жағын көрсететiн қасиеттердiң бiрi. Темперамент-жүйке жүйесiнiң табиғи типтiк қасиеттерiне тәуелдi, жеке адамға тән дара ерекшелiк деп бiлемiз.Темперамент адам мiнез-құлқын және психикалық процестердiң өзгеруiнiң динамикалық ерекшелiктерiн, олардың күшiн, жылдамдығын, пайда болуын, тоқтауы мен өзгеруiн түсiндiретiн қасиеттер жиынтығы.

  Темперамент қасиетi жеке адам қасиеттерiне тек шартты түрде бағынады және ол биологиялық, әрi туа бiткен қасиет болғандықтан көбiнесе индивидтiк ерекшелiк болып табылады. Темперамент мiнез-құлық пен мiнездiң қалыптасуына үлкен әсер етедi, кейде адамның әрекеттерi мен жеке-даралығын анықтайды, сондықтан оны  жеке адамнан бөлiп қарастыруға  болмайды.

Холерик- аса қозғалғыш, ұшқалақ. Карым-қатынаста күйгелек, бiр беткей, iс әрекетке пысық. Олар айналысқан iсiн жан-тәнiмен iстеуi мүмкiн. Алдына қойған мақсатына жетуге тырысып бағады, бiрақ алдынан өте қатты кедергi кездессе оны ары қарай жалғастыруға сенiмi  болмай да қалады. Өзiнiң мүмкiндiгiне сенiмi кетсе, еңсесi түсiп,ешнәрсеге көңiл бөлмей қояды. Дене қимылдары тез және жiгерлi, қызба келедi.Бiр сөзбен айтқанда, ұстамсыз, құйындай адам.

Сангвиник- қызу қанды, iскер адам. Қимыл-қозғалысқа белсендi. Адамдармен тез тiл табыса алады. Сангвиник-ойға жүйрiк, өткiр тiлдi, әр түрлi, көпқырлы жұмысты тез атқарады. Сангвиник жаңаны тез қабылдағыш, зейiндi келедi. Өмiр жағдайының өзгеруiне тез бейiмделедi.

Флегматик- барлық уақытта байсалды, ұстамды, бiр қалыпты, табанды, төзiмдi. Флегматик-салмақты адам, ол күшiн босқа жiбермей, бастаған iсiн аяғына дейiн жеткiзедi. Ол бөспелiктi сүймейдi, адамдар мен қарым-қатынаста бiр сарынды. Баяулық пен селқостық оның осал жағы. Ұзақ уақыт жұмыс iстеуге төзiмдi. Олар жұмыста ұсақ-түйекке көңiл аудармайды.

Меланхолик- аса сезiмтал, тез жараланғыш. Ол тұйық, адамдардан оқшау жүргендi жақсы көредi. ұсақ-түйектiң өзiне қатты қуанады, қатты ренжидi. Үйреншiктi, жақсы, тату-тәттi ұжымда меланхолик өзiн жақсы сезiнедi, жақсы ұстайды. Бұл ұжымда жұртпен жақсы қарым-қатынасқа түсiп, алған iсiн нәтижелi орындап, табандылық көрсетедi.

Темперамент пен жеке адам өзара тығыз байланысты. Темперамент жеке адам қасиеттерiнде, әсiресе мiнез ролiнде анықталады. Темпераментпен әсерленгiштiк, импульсивтiлiк, уайымшылдық қасиеттерi байланысты.

  1. Әсерленгiштiк- әр түрлi стимулдардың адамға әсер етуi, оларға жауап беру мен оларды есте сақтау мерзiмi. Бiрдей стимулдар жоғары әсерленгiш адамдарға әсер еткенде, олар сол әсерлердi өте ұзақ сақтайды және оған күштi жауап қайтарады.
  2. Эмоционалдылық- әр түрлi оқиғаларға байланысты адамның эмоциялық реакцияларының жылдамдығы мен тереңдiгi. Кей адамдар онымен болып жатқан барлық нәрселерге тым үлкен мағына бередi, ешқашан да тыныштық қалпында болмайды, үнемi әр түрлi эмоцияларда болады.
  3. Импульсивтiлiк- импульсивтiлiгi жоғары адамдар ойланбай бiр нәрсе iстеп қояды да, кейiн соған өкiнедi. Ол реакциялардың ұстамсыз, кенет пайда болуы мен iске асырылуына байланысты.
  4. Уайымшылдық- уайымшылдығы жоғары адамдар уайымдау, үрейлену салдарынан әр түрлi эмоционалды күйге түседi: қорқыныш, қауiптiлiк, үрей. Уайымшыл адамдар бейтаныс адамдардан, телефон шылдырынан, емтихан тапсырудан, көпшiлiк алдында сөйлеуден т.б. қорқады. Оның ойынша, дүниедегi барлық нәрсе оған қауiп төндiредi.

Адамның мiнез-құлқы туа пайда болған белгiлi бiр тип өзгешелiктерiне ғана байланысты емес, жүйке жүйесi қызметiнiң өмiр сүру барысында қалыптасатын түрiмен де байланысты болады.

Кейде тыныш отырған флегматик холерикше буырқанып, күйiп-пiсуi мүмкiн де, ал  холерик өз күш-жiгерiне сенбей меланхолик жағдайына  түсуi де мүмкiн. Бұл жерден бiз  аралық темпераменттердiң болатындығын байқаймыз. Темпераменттiң табиғи, қарапайым көрiнiстерi балалық шақта жақсы көрiнедi. Бала өскен сайын сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түсiп, одан алған әсерi де молая бередi.

Темперамент қасиеттерi жүйке жүйесiнiң, олардың ең жақын физиологиялық негiзiн құрайтын қасиеттерi сияқты тумасынан пайда болады, мұрагерлiк анықталған болады.

Жүйке жүйесiнiң кей қатынастарының мұрагерлiк анықталғандығы ''егiздер әдiсiнiң'' қолданылуынан кейiн анықталды. Егiздерде психофизиологиялық қасиеттердiң ұқсастығы бұл қасиеттердiң мұрагерлiк арқылы пайда болғандығының дәлелi бола алмайды, себебi егiздер арасындағы ұқсастық даму жағдайларының бiрдейлiгiмен түсiндiрiлуi мүмкiн. Бiрақ егiздердiң екi типi болады: Бiр жұмыртқалы (мұрагерлiгi толығымен бiрдей) және әр түрлi жұмыртқалы (мұрагерлiгi ағайындарыныкi секiлдi әр түрлi). Бiржұмыртқалы егiздердi мұрагерлiк анықталған қасиеттерi бойынша ұқсастықтар көбiрек табылғандығы түсiнiктi. Егiздердiң жүйке жүйесi типтерiнiң қасиеттерiнiң ұқсастықтарын арнайы салыстыру мұрагерлiктiң маңызды ролiн анықтауға мүмкiндiк бередi.

Балаларды жүйке жүйесiнiң әлсiз типiнiң белгiлерi ерекшелейдi. Ол тек аз төзiмдiлiктi ғана емес, жоғарырақ сезiмдiлiктi бiлдiредi. Жүйке жүйесiнiң жастық әлсiздiгi балалық шақтарда әсер ету жарқындығына, балалық әсерленгiштiң, қозуға оңай өтудiң, импульсивтiлiктiң негiзi болады.

Балалық шаққа эмоционалдық уайымдардың импульсивтiлiгi және олардың тұрақсыздығы тән. Мысалы: жылаудан күлкiге жылдам өту әдеттегi жағдай болады.

Темпераменттiң жастық ерекшелiгi болатынын ескермеуге болмайды. Балалық шақтың әр кезiндегi белсендiлiктiң, эмоционалдылықтың, моториканың өзiндiк сфецификасы бар. Бастауыш мектептiк жастағы белсендiлiктiң сипаттарына қызығушылықтың оңай тууы және оның тұрақсыздығы тән. Жыл сайын жүйке жүйелерiнiң мүмкiндiктерiнiң артуы және оның құнды балалық қасиеттерiнiң шектелуi, жоғалуы болады.

     Жастық ерекшелiктер фонында балалық шақтың алғашқы жылдарында-ақ баланың темпераменттiнiң қай типiне жататындығын көрсететiн динамикалық қасиеттерi бiлiнедi. Бұған байланысты айырмашылықтар бала сөйлей бастағаннан – ақ байқалады. Егер бала қатты, анық, тез сөйлесе, айқын жесттер мимикасы болса, ол сангвиникалық темпераменттiң белгiлерiн бiлдiредi. Егер ол баяуырақ, сабырлы, тепе-тең, кейде тоқтаулармен сөйлеп, жест, мимикасы айқын болмаса бұл флегматикалық темпераменттiң белгiлерiн көрсетедi. Холерикалық темпераменттi асығыс,секiрмелi сөйлеу көрсетедi. Ал, меланхоликалық темпераменттiң белгiлерi тежелген, тыныш, сыбырға дейiн түсетiн сөйлеу. Әрине, темперамент типтерiн анығырақ көрсететiн жағдай қозғалмалылықтың және баланың жалпы белсендiлiгiнiң ерекшелiктерi ескерiлуi. Бала психикасының динамикалық қасиеттерiнде темперамент типтерiнiң белгiлерiмен қоса темпераменттiң жастық ерекшелiктерi де көрiнедi.,

Динамикалық қасиеттер әрекеттердiң сыртқы үлгiсi (манерасы), қозғалысында ғана емес, ойлау сферасында, жалпы жұмыс қабiлеттiлiгiнде бiлiнедi. Әрине, темперамент ерекшелiктерi оқу сабақтарында және еңбекте де көрiнедi.

Педагогтар, тәрбиешiлер көрсетулерiнше балалар арасындағы жалпы белсендiлiк, сезiмдiлiктiң бiлiнуi бойынша айырмашылықтар жиi кездеседi. Мұндай ерекшелiктердi түсiндiру үшiн ұзақ және көп жақты байқау-бақылаулар қажет.

Баланы темпераменттiң белгiлi бiр типiне жатқызу үшiн мынадай қасиеттердiң көрiнуiне ерекше көңiл бөлу керек:

  1. белсендiлiк-жаңаға талпыну, қоршаған нәрселерге әсер ету, қиыншылықтарды жеңу деңгейi бойынша анықталады;
  2. Эмоционалдылық-эмоционалды әсерлерге сезiмдiлiк, эмоционалды реакцияға себептердi табу деңгейi бойынша анықталады;
  3. Моторика-бұлшық еттiң тездiгi, ритмi, амплитудасы т.б. белгiлерiнен көрiнедi.

     Темпераменттiң әрбiр типi өзiн оң және терiс психикалық қасиеттерде көрсете алады. Холериктiң энергиясы, құмарлылығы жақсы мақсаттарға бағытталса,құнды қасиеттер бола алады,бiрақ жеткiлiктi ұстамдылық,дұрыс тәрбиелеу болмаса, жиi жарылыстарға апаруы мүмкiн. Сангвиниктердiң етi тiрiлiгi, әсерленгiштiгi – жақсы қасиеттер, бiрақ тәрбие жоқтығы оларды тұрақсыздық, шашылуға апарады. Флегматиктердiң сабырлылығы, төзiмдiлiгi, байсалдылығы жағымсыз жағдайларда адамның көп әсерлерге сезгiшсiздiгiн тудыруы әбден мүмкiн. Меланхолик сезiмдерiнiң тұрақтылығы, тереңдiгi тәрбиелiк әсердiң жоқтығынан өзiнiң уайымына батушылық, аса ұялшақтыққа әкеледi. Сонымен, темпераменттiң бастапқы қасиеттерi жақсы, не жаман дамитындықты анықтамайды. Өсiп келе жатқан адам өзiнiң әрекетi мен iс-әрекетiн бiртiндеп реттеп үйренуi қажет. Әр түрлi темперамент әр түрлi өзiндiк ерекшелiктер мен айырмашылықтарға ие. Сондықтан да оған әсер ететiн тәрбиелiк әсерлер өте маңызды орын алады. Темперамент қасиеттерi,немесе психикалық динамикалық жақтарының ерекшелiгi адамды қалыптастыратын психикалық қасиеттердiң негiзгiсiнiң бiрi.

 


Информация о работе Темперамент