Темперамент

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2013 в 12:46, доклад

Краткое описание

Темперамент және темперамент түрлері
Темперамент құрылымы (структура темперамента)
Темперамент туралы Гиппократтың көзқарастары
Ортағасыр және ХІХ ғасырдағы ғалымдардың темпераментті зерттеуі
Темпераменттің физиологиялық негіздері

Прикрепленные файлы: 1 файл

тезис темперамент.docx

— 158.14 Кб (Скачать документ)

Темперамент

Жоспар:

  1. Темперамент және темперамент түрлері
  2. Темперамент құрылымы (структура темперамента)
  3. Темперамент туралы Гиппократтың көзқарастары
  4. Ортағасыр және ХІХ ғасырдағы ғалымдардың темпераментті зерттеуі
  5. Темпераменттің физиологиялық негіздері

 

 

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.

Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық  ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың  күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер  жиынтығы.

 

Темперамент түрлері

  1. Холерик
  2. Флегматик
  3. Сангвиник
  4. Меланхолик

 

Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді.Күйгелектік сондай адамдарға тән.Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп,күші таусылғанда оны тастап кете береді.Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз,агрессивті,шамданғыш болып келеді.Сондықтан холерик болған жерде ұрыстар жиі болады.Холерик темпераментінің жағымды жағы - энергия,белсенділік, құштарлық,инициативтік.Жағымсыз жағы - ұстамсыздығы,қаталдық,қатаңдық,шамдану,ыза. Мысалы, кіші холерик оқушыдан талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі.Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холериктіанық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады.Тақтада жауап бергенде , кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады,өте жылдам жауап береді.Ондайлар тез істеуге,үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады.Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-піседі, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.

Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады. Мысалы,2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды. 3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі. Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.

 

2. Қазіргі кезеңде психология  ғылымы белгілі жүйеде темперамент  типтерінің бәріне толық психологиялық  сипаттама беруге негіз боларлықтай  деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі  қабылданған темпераменттің төрт (санвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын  түзу үшін көбіне төмендегі  аталған негізгі темперамент  қасиеттері қолдануда: 

Сезімталдық (сензитивность)–адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің (реакция) пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап-әрекеттің туындау шапшаңдығы.

Жауап-әрекетке келу (реактивность)–бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.

Белсенділік (активность)–мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет–қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау және т.б.).

Жауап-әрекетке келу мен белсенділік қатынасы–адам іс-әрекетінің өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл–күйден, кездейсоқ оқиғалардан), болмаса ниет, мақсат, талғам және тағы басқалардан.

Икемділік (пластичность)–адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт (инертно), тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап-әрекет қарқыны-әрқилы психикалық әрекетер мен процестер, ым –ишара қозғалыстары мен ой білдіру  шапшаңдығы.

Экстраверсия, интраверсия–адамның жауап әрекеті мен іс қимылына себепші жағдайлар–нақты мезеттегі сыртқы сезімдер (экстраверт) немесе–өткен мен болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар (интроверт).

Сезімдік қызбалық (эмоциональная возбудимость)–эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

 

3. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.д. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын-қан, салқындататын -шырын, құрғататын-бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт. Осы төрт түрлі сұйықтың араласуының пропорциясын грекше “красис” деп атаған. Ал латын тілінде кейін бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.

Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темперамент-тердің әр түрлігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен  аз-көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы  артық болса, ол сангвиникалық (латынша  “сангинус” – қан), ал шырын басым  болса (грекше “флегма” -шырын), флегматик  темперамент деп; ал организмде қара өт басым болса меланхолик (грекше “мелай-холе” – қара өт), организмде сары өт басым болса, холерик ( холе-өт) темпераменті деп аталған.

Гиппократ организмдегі сұйықтардың  бірінен екіншісінің басым болуы  кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге  де жарайды дейді, ол мидың ролін  түсіне білдіуоны бездердің бірі деп санады. Бұл -адамның жеке ерекшеліктерін жаралыстық ғылыми зерттеудің алғашқы  қадамы еді.

 

4. Орта ғасырдағы ғалымдар темпераменті организмдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда қан жолы жүйесінің құрлысына, зат алмасуға, ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген пікірлер де тарады. Неміс философы И. Кант (1724-1804) өзінің “Антропология” деген еңбегінде темпераментін төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде (бұлай деп ұғыну қате) қарастырды.

Темперамент туралы ілімдер XIX ғасырдың аяқ кезінде де кең  өріс алды. Мәселен, неміс анатомы  Гейне темпераментердің түрліше  болуы нерв жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Зеланд Н.Л. (1833-1902) ми қабықтасындағы молекулярлық қозғалыстың  жылдамдығы мен бір-гелкілігіне  байланысты деді.

Көрнекі орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады.

 

5. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Нерв жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу тежелу процсетерінің үш негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылды. Нерв процестерінің күшіне ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы орталық түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады. Нерв процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады. Нерв процестерінің қозғыштығы деп олардың бірінің екіншісіне алмаса алу қаблеттілігін айтады. Сөйтіп И.П. Павлов ілімінің айтуынша, нерв жүйесінің әр бір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі ұстамсыз тип. Ұстамсыз тип-жұмыс істеу қаблеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі -ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу мен тежелу процестері баяу жүріп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын тектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып отырады. Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан нерв жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндіреді. Павлов:

сангвиниктерді – ширақ, нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі  тең, қозғалғыш адам;

холериктерді – ұстамсыз, нерв жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым;

флегматиктерді – нерв жүйесі күшті, қозу мен тежелуі бір-біріне тең болғанмен, қозғалысы баяу адамдар десе;

меленхоликтерді – нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.

И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін  айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз  жеке қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы  басымдау тұратын), сонымен қатар  қозу мен тежелудің күші тепе-тең  келетін варианттары байқалған. И.П. Павлов жануарлардың нерв жүйесінің  типін айыру үшін жасаған тәжірбесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттеріңің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете  келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: “Темперамент жануарлар мен  жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекеттеріне белгілі кейіп беретін нерв жүйесінің  жалпы сипаттамасы”. Соңғы жылдары  көрнекі орыс психологы Б.М. Тепловтың (1896-1965) лабораториясында нерв жүйесінің  типтері одан әрі зерттеле түсті. Ефер И.П. Павлов өзінің тәжірибесін  жануарларға жасаған болса, Б.М. Теплов оның шәкірттері осындай тәжірибені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П. Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілімі адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын бірден-бір  ғылыми теория екені тағы да дәлелдене  түсті.

Информация о работе Темперамент