Темперамент түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 19:04, реферат

Краткое описание

Темперамент туралы ілім ерте замандарда пайда болған. Гиппократ, кейіннен Гален сияқты дәрігерлер адамдардың мінез-құлықтарының дара көріністерін бақылау арқылы солардың өз ерекшеліктерін сипаттап жазуды, түсіндіруді ойластырады. Темперамент туралы ілімнің негізін салған ежелгі грек дәрігері Гиппократ болды.

Содержание

КІРІСПЕ .………………………………………………………………………………………..3
1. Темпераменттің жалпы түсінігі………………………………………………………………4
2. Темпераменттердің типтері және олардың психологиялық сипаттамасы………………...6
3. Темперамент және жеке адамның қалпы ..………………………………………………….9
ҚОРЫТЫНДЫ .……………………………………………………………………………….10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …..…………………………………………….11

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология.docx

— 35.36 Кб (Скачать документ)

Осы айтылғандарды ескеру және білу — адам темпераменттерінің ерекшеліктерін ажырату үшін қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді. Дамудың жоғары денгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін — мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін — темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз.

Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан.

Сөйтіп темперамент жеке адам реакциясының негізгі түрі болып келетін балалық шақта ол «таза» күйінде де кездеседі. Өмір сүру барысында жеке адамның ішкі құрылымдары сапалық өзгерістерге түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі, осының салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал.

Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі, сайып келгенде, адамның тұрмыс салтына әрекеті мен тәрбиесіне тәуелді.

Өмір жағдайлары темпераменттердің материалдық негізі болып табылатын жүйке жүйесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.     Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.

2.     Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.

3.     Намазбаева Ж.И., Психология, оқулық Алматы-2005.

4.     Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996.

5.     Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993.

 


Информация о работе Темперамент түрлері