Танымдық қабілеттерін дамыту

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2014 в 15:05, лекция

Краткое описание

Қазіргі кездегі қоғамдағы эканомикалық дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның
ашықтығымен оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетікші
елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне
қарап бағалайтын болды. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты білім, білік пен дағдыға қол
жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп
табу, талдау және оны ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүру
және жұмыс істеу.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ.docx

— 21.80 Кб (Скачать документ)

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ

ҮРДІСТЕРІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ

Джуматова Б.У.

Орал қ.

Қазіргі кездегі қоғамдағы эканомикалық дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның

ашықтығымен оның қарқынды дамуы білім беруге қойылатын түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетікші

елдерінің көпшілігі білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне

қарап бағалайтын болды. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты білім, білік пен дағдыға қол

жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп

табу, талдау және оны ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі қоғамда лайықты өмір сүру

және жұмыс істеу.

Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың

ұйымдастырушылық негізі – білімді жаңартудың жалғастырылуын қамтамасыз ететін Қазақстан

Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның

негізгі мақсаты – 2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі тәрбиемен

және оқытумен қамтуды толық қамтамасыз ететіндігі атап көрстілген [1].

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және

негізгі жағдайларды жақсарту басты міндеттері біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған

дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен

құндылықтарын сақтайтын, баланың дамуына бағытталуы; екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы

мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шындап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл

бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт – бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен және

жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету; үшіншіден, мектепке дейінгі ұйымда

еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын жетік меңгеріп,

жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға

шығармашылықпен жұмыстану болып табылады.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – балаларды тұлға ретінде оқыту,

тәрбиелеу және дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады.

Баланы өмірге дайындау үшін танымдық, тұлғалық дамытудың маңызы ерекше:

- зердесін дамыту;

- эмоциясы мен сезімдерін дамыту;

- кездойсоқ қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту;

- өзіне - өзінің сенімділігін, өзін -өзі қабылдау, жақсы көруін дамыту;

- танымдық үрдісін дамыту;

- өзін - өзі алып жүре алуын, өзіндік дербестігін дамыту;

- өзін - өзі көрсете алуына, өзін - өзі жетілдіруге деген ынтасын дамыту.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың

оқыту мен тәрбиелеуде ойынның орны туралы шетелдік Р.Оуэн, Ф.Фребель, М.Монтессори,

Я.А.Коменский, Г.Песталоцци, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Е.И.Тихеева,

А.П.Усова, А.К.Бондаренко, О.М.Дьяченко, А.И.Кирилова, В.С.Мухина, Т.Рибо, қазақстандық

Н.Құлжанова, Б.Баймұратова, А.Меңжанова, Қ.Аймағамбетова, М.Тұрыскелдина, Ф.Жұмабекова т.б.

жан-жақты зерттеп қарастырған.

Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, бала қиялының дамуы біртіндеп,

шамасына қарай қабылдауынан басталады. Баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына

байланысты қалыптасады. Қиялда болатын барлық бейнелер, қаншама таңғажайып болып көрінгенімен

баланың өмірден алған әсеріне негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік

қабылдаумен түсіндіргенде, бізге ол күтпеген жағдай болып көрінеді.

В.С.Мухинаның пайымдауынша мектеп жасына дейінгі балаларда мінез-құлық мотивациясы

мінез-құлықтың саналылығы күшейеді, мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және

материалды қажеттіліктер сферасы кеңейеді, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, жетістікке жету,

бастапқы басқарушылық, әлеуметтік қажеттіліктер біртіндеп нығая түседі.

Т.Рибо баланың шығармашылық қабілеті өз тәжірибесіне байланысты дамиды деп

тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан ол қиялдың

дамуын төрт кезеңге бөліп қарастырды:

- бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігімен байланысты (бір заттан басқа бір затты

көре бастауы);

- екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру арқылы байқалуы;

- үшінші кезең – ойындағы  рөлдерге байланысты өзгеруі;

2

- төртінші кезең –  бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың бастау алуы (бейнелерді

қайта құруы, жасауы, орындауы).

О.М.Дьяченко және А.И.Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде көрсетілгендей бала

дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға

байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда көрінеді. Ал Е.Е.Кравцова өз

зерттеулерінде қиялдың даму қызметін үш түрлі компонент арқылы бөліп көрсетті: көрнекілікке

сүйену; өткен тәжірибесін қолдану; ерекше ішкі ұстанымды қолдану.

Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісі тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды

меңгеру бірлігінде дамиды. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп

сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес,

оның қимыл қозғалыстары туралы да ойлайды.

Д.Б.Эльконин бойынша мектеп жасындағы балалардың танымдық үрдістердің дамуына келсек,

олардың оқу ісіндегі қабылдауды – форма мен түстерді тану және оны атауға келіп тіреледі. Бала әрбір

заттың өзіндік белгісін, қасиет, еркешелігін ұққысы келеді, оның мәніне ішкі, сыртқы құрылысына,

жасалуына зер сала бастайды. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің

көрінуімен ұштасады. Байқау белсенді ой - әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі

болып табылады. Сөйтіп баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды

қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан байқалады. Ойын үстінде қалыптасқан қиял

мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің басқа түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер мен

тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады. Сөйтіп баланың бойында оның даму

үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. Балалар заттарды түсіне, түріне,

көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.

Ойын – мектепке дейінгі балалар үшін айналаны танып, білу тәсілі. Мазмұны мен түріне қарай

ойын мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, сюжеттік-рөлдік ойындар болып

бөлінеді. Ойын мен ойын әрекеті мазмұнының әлеуметтік сипаты баланың қоғамда өмір сүретіндігімен

байланысты. Ойында үлкендердің қызметіне еліктеп, өзінің шамасы келмесе де олардың қуанышымен

ренішін түсіне отырып, осындай өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.

Ойынның мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара

қарым-қытынасының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның

құрылымдық ерекшелігі мен түйіні – бала атқаратын рөл болып табылады.

Ойын әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту барысында ерекше орын алады. Олар:

көрсету, түсіндіру, нұсқау беру, сұрақтар қою, ынталандыру, мадақтау сияқты тәсілдермен ойын

әрекетінің құрамдас бөліктерін үйлестіре отырып пайдалануды көздейді.

Ойынның қай түрі болсын баланың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене тәрбиелерінің дамуында

үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ, балалар өздерін ізденімпаз, тапқыр етіп көрсеткісі келеді. Әсіресе,

түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, зеійн қою сияқты таным үрдістері дамуына жол ашады.

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасындағы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010

2. Козлов С.А., Куликова Т.А. Дошкольная педагогика.- М. 2002

3. Жұмабекова  Ф. Мектепке дейінгі педагогика.А.- 2008__


Информация о работе Танымдық қабілеттерін дамыту