Суицид және ажал

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 17:52, доклад

Краткое описание

Мақсаты: Келешек ұрпақтың рухани дамуына , өзін- өзі тануына және жеке тұлғалық артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, «суицид» ұғымын меңгертіп, өз- өзіне қол салудың алдын алу, өз уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге оқушыларды баулу.

Міндеті: Оқушыларға ой қозғау сұрақтары мен проблемалық мәселелерді туындата отырып, «Суицид» ұғымының зиян екенін және кездесе қалғанда көмек беру сезімін қалыптастыру.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Суицид және ажал.docx

— 24.00 Кб (Скачать документ)

 

МКҚК Құрманғазы атындағы саз колледжі

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

 

 

 

Тақырыбы: Суицид және ажал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013жыл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Суицид және ажал.

 

Мақсаты: Келешек ұрпақтың рухани дамуына , өзін- өзі тануына және жеке тұлғалық артықшылығын түсіндіріп, өмірге деген көзқарасын өзгертуге, «суицид» ұғымын меңгертіп, өз- өзіне қол салудың алдын алу, өз уақытында психологиялық, салт-дәстүрлік көмек көрсетуге оқушыларды баулу.

 

Міндеті: Оқушыларға ой қозғау сұрақтары мен проблемалық мәселелерді туындата отырып, «Суицид» ұғымының зиян екенін және кездесе қалғанда көмек беру сезімін қалыптастыру.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Ғылыми және діни кітаптар, ғаламтор жүйесі, слайдтар.

 

Жүргізілу барысы: Слайдтар бойынша оқушыларға ой қозғау сұрақтары мен проблемалық мәселелерді туындатып, түсініктемелер жасап отыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе сөз:

 

Жеті қабаттан тұратын ғаламат әлемге бір сәт көз салайықшы! Қандай тіл жетпес жүйе құрылған?! Осы әлемде адамнан басқа әрбір жаратылыс өз қызметін қалтқысыз атқаруда. Ал адам баласы осынау жеті қабат әлем өзіне бағынса да бақытты емес. Ұзақ уақыт ойланып, бұл өмірге неге келгенін, қайда баратынын таба алмауда. Өзінің ақыл – ой иесі екенін сезсе де, бақытты ғұмыр сүре алмай жүр!

 

Ой қозғау сұрақтары:

 

1.Жан-жағымызды қоршап  тұрған мына әдемі, ғажайып, алып дүние қалай пайда болды ,оның мағынасы неде, бізге пайдалы ма, пайдасыз ба?

 

2.Мен бұл дүниеге өз қалауыммен келдім бе?

 

3.Қайдан келдім, қайда барамын?

 

4.Өмір сүрудегі мақсатым не?

 

5.Мен бұл өмірден өз қалауыммен кетуім керек пе? (Сұрақтар төңірегі аясында оқушылар өздері шамалары келгенше талдау жасайды).

 

Мұғалім: Адам баласы өмірге келеді, өмірден кетеді. Бұл табиғат заңдылығы. Ешкім мәңгілік жасаған емес, жасауы мүмкін де емес. Ұзақ өмір сүруі мүмкін, бірақ жер бетінде мәңгілікке қала алмайды. Яғни, Адамзат табиғаттың жаратылған бір бөлшегі ғана. Ендеше жаратылған адам өзінің қанша жыл өмір сүретінін және өмірде қалай тіршілік ететінін біле алжайды. Ал, әркім өзі жасаған затының сапасының қаншалықты мықты- нашарлығына жауап бере алуы мүмкін, ал өз өміріне, оның ұзақ- қысқа екеніне жауап бере алмайтыны шындық… Оның жауабын Жаратушымыз біледі

 

Біздің қоғамымызда және жер бетінде адам баласы жауап бере алмайтын сұрақтар көптеп кездеседі.Соның бірі –« Суицид» тақырыбы, біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, өзінің көкейкестілігін жоғалтпай, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті.

 

Осыдан келіп мынадай сұрақ туады. «Суицид» дегеніміз не? Суицидтік мінез-құлықтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері, мотивациясы қандай?

 

“Суицид” латын тілінен алынған “өзін-өзі өлтіру, өзіне қол салу” деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы қасақана өз өмірін қию. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі. Ал, ажал сөзі– «уақыт, мезет» және «алдын ала белгіленген уақыт» деген мағыналарды береді.Шариғаттағы терминде – адам баласы және басқа жан иелері үшін белгіленген өмірдің бітуіне, өлім уақытына айтылады.

 

Журналистер талдауында:Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде жылына шамамен 400-500 мың адам өмірін өзіне қол салумен аяқтаса, ал соған әрекет жасау оншақты есе көп. Еуропалық елдерде өзін-өзі өлтіру, адам өлтіруге қарағанда шамамен үш есе асып түседі екен. Өз-өзіне қол салу деңгейі, көптеген авторлардың пікірі бойынша, салыстырмалы тұрақты ұлттық көрсеткіш болып табылады. Дамыған кейбір мемлекеттерде – Венгрия, ГФР, Австрия, Дания, Щвейцарияда әлі де сақталып отыр. Ал төменгі деңгейі – Испанияда, Италияда, Израильде және кейбір Латын Америка елдерінде екен. Мысалы: Никарагуада 100000 адамға шаққанда 3,2 %-тен, ал 1994 жылы әлемде: Литва 45,8; Ресей – 41,8; Эстония – 40,9; Латвия-40,6; Венгрия – 35,3 орынға шықты.

 

Психологтар талдауында: өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы ішкі және сыртқы жоспарда көрініс табады. Суицид әрекеті – өзіне-өзі қол салуды жасау әрекеті мен аяқталған суицидті біріктіреді. Өзіне қол салу әрекеті дегеніміз – саналы түрде өз өмірін қандай да бір жолдармен қиюға бағытталған, бірақ соңы өліммен аяқталмаған іс-әрекет. Өз өмірін қиюға немесе басқа мақсатқа бағытталған әрекет қайтымды немесе қайтымсыз болуы мүмкін. Аяқталған суицид деп – өлімге әкеліп соққан әрекетті айтамыз. Өзіне қол салу көріністері арқылы өзіне суицидтік ойларды, түсініктерді, көріністерді, күйзелістерді, сондай-ақ суицидтік тенденцияны, олардың арасынан түпкі ой мен ниетті айқындауға болады.

 

Суицидалдық ниет – түпкі ойға ерік компоненті қосылған кезде шығады, яғни, шешім сыртқы мінез-құлық әрекетіне көшуге дайын болу кезеңі.

 

Өзіне-өзі қол салу негізгі үш топқа бөлінеді: нағыз, демонстративтік және жасырын. Нағыз суицид – Қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден баз кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып күйзелу жатады.

 

Демонстративтік суицид – өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке шақырады.

 

Жасырын суицид – өзіне-өзі қол салу мінез-қылығының бір түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда қауіп-қатер деңгейінің жоғарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл мінез-құлық тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен

 

ойнауға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден өтудің ашық түрін таңдамай суицидалдық шартты мінез-құлықты қалайды. Бұларға автомобиль жүргізудің қауіпті түрі, спорттың эстремальдық қауіпті түрлерімен айналысуы, ерікті түрде ыстық нүктелерге барумен, әсері күшті есірткілерді пайдаланумен, ішімдікті қолданумен, сондай-ақ өзін-өзі оқшаулау жатады.

 

Біріншіден, ол демонстративтік-байбаламдық мінез-құлқын бөлектеді, екіншіден, оның пікірі бойынша өзін-өзі зақымдау мен қандай да бір дене мүшесіне жарақат салу, зақымдаумен шектеледі. Үшіншіден, мұндай мінез-құлықтар айналып келгенде бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады.

 

Суицидалдық мінез-құлық жас айырмасына қатысты да болады. Мысалы, өмірдің кризистік кезеңдері, жастық шақ, кәріліктің басталуы және т.б.

 

Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу-осының бәрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға итермелейді.

 

Қазақы салт- дәстүрлік талдауда:Суицидтің белең алған түрі- асылу. Оны қазақ «аспа» ауруы деп атаған. Ол ауру құстың келуі мен қайтуы кездерінде белең алып отырған. Бұл көктем және күз айларына сәйкес келеді. «Аспа» ауруымен ауырған адамды жын – жыбыр айналдырып, өз іс – әрекетіне аса мән бермейді. Мұны психологтар «ішкі суицид» дейді. Бұл ауруға ұшырағандар – суицидқа уақыттар бойы әзірленіп, алдын – ала жоспарлап, ыңғайлы орын, тіпті асылатын арқанына дейін әзірлеп, ыңғайлы уақытты күтіп жүреді. Олар тіпті туған – туыстарына да, ең жақын адамдарына да соңғы сағаттарға дейін білдірмейді. Қазақы ережеде аурудың дайындаған арқанына тауық, мысық асып қойып ол орыннан шошындырған. Ал, ауру адамды міндетті түрде Құран аяттарымен дем салдырып , оқытқан. Ауру адамға мойынға арқан салып қылқындыру міндет емес, жай ғана мойынға арқанды салса «жүріп» кете береді екен. Ал, сыртқы суицидте арқанды кеспей , шешіп алған жағдайда құтқарып қалу мүмкіндігі бар. «Аспа» ауруын егіз болады деп, ондай болған ауылды қариялар бақылауда ұстаған.

 

Аурудың пайда болу себебі ішіп-жеген асында гигиеналық (мұсылмандық) талаптың орындалмағанынан дейді.

 

Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша Қазақстан елдегі азаматтардың өз өмірлерін қиюы бойынша әлемде үшінші орынды алады. Ал осыдан үш жыл бұрынғы деректер бойынша Қазақстан бесінші орында болған.ДДҰ зерттеушілері суицидтің 800 –дей түрін анықтаған.

 

Ойшылдар мен Құран , хадис талдауында:

 

Платон: «Ақыл – ой адамға бұл өмірді қайсарлықпен, уайым және қайғыдан өту үшін берілген.

 

««Ақылдың ең соңғы аялдамасы- өзінің әлсіздігін мойындауы». Бергсон (батыс ойшылы)

 

«Адам әр нәрсемен шектеулі.Ал шектеулі шексіздікті түсіне алмайды». Декарт

 

«Біз бүкіл адамзат баласына нұр шашқан киелі Құран- түскен Мұхаммед(с.ғ.) пайғамбарға мәңгілік қарыздармыз» Гете.

 

«Біз сендерді бостан- босқа жараттық әрі өздерің де Бізге кері қайтарылмаймыз деп ойлап қалдыңдар ма?» Әл-Муминум сүресі.

 

«Рабым Мені Өзі тәрбиеледі және тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде».(Хадис)

 

 

Қорытынды: «Кімде- кім тозаңдай жақсылық істесе, жақсылығының қарымын алады. Ал кімде- кім тозаңдай жаманшылық істесе, оның жазасын алады» (Зилзал сүресі). Жан- Жаратушының аманаты, оны өз қолымен қию аманатқа қиянат. Дінімізде әр бір қиындықты сынақ деп есептеген.Сынаққа сабырмен қарап, Жаратушының жақсылығынан үмітін үзбейді. Өмірдің сәтсіздігіне өзін өлтірмейді. Өз өмірін құрту қиындықтан құтылу емес, керісінше мәңгілік азапта (тозақта) қалу екенін түсінуіміз керек.Аллаһ алдында адамзаттың теңдей екені, тек олардың мәртебесі мінез- құлқы мен жасаған жақсылығына қарай болатынын білуіміз керек. Онда жаман мінезден арылып, жақсылық жасауды үйренейік.


Информация о работе Суицид және ажал