Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 12:46, реферат
Суицидті мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады кәрі адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: «жалғыздар»,алкоголь немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар,гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.
Осы жағдайда мектеп балаға қандай көмек бере алады? Мектеп психологы – бұл кешегі мұғалім, бүгінгі – жас маман. Психологиялық қызметтің мазмұнын түсініп, игерген адам оны жақсы меңгеріп кетуі ықтимал.
Қазіргі кезде мектептегі
Біріншіден, психологтарды
мектепке қабылдау алдында олардың психологиялық
біліміне, тым болмағанда, осы қызметке
деген қызығушылық деңгейіне мектеп басшылары
тарапынан көңіл бөліне ме?
Екіншіден, адамның жан-айқайын тыңдау
үшін оңаша, ешкім кедергі бермейтін, бөлме
қажет. Мұндай бөлме мектепте бар ма? Бар
болса, қандай жағдайда?
Үшіншіден, мінезінде ауытқуы бар (девиантты),
проблемалы балалармен, мұғалімдермен
және ата-аналармен жүргізілетін топтық
жұмыстар (тренингтер) үшін кең бөлме қажет.
Ал қазіргі психологтар мұғалімдерге
немесе басшыларға жалынып, кабинет сұрап
әлек болуда.
Төртіншіден, балалармен, мұғалімдермен
жүргізілген зерттеулердің нәтижесін
өңдеу жұмыстары көп уақытты талап етеді.
Ал психолог кезекшілікте тұрса, көше
араласа, бұзық балалармен полиция бөліміне
барса, қалған жұмыс қашан атқарылуы мүмкін?
Әрине, білікті психолог маман әрқашан
да көмек беруге дайын екендігіне күмәніміз
жоқ.
... Егер Сіз өзіңізге жақын адамда депрессия
басталғанын байқасаңыз, оның себептерін
анықтауға тырысыңыз. Бұл - болатын қауіпті
жағдайдың алдын алуға септігін тигізеді.
Осыған орай ұсынылатын психологиялық
кеңестер:
· Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына
ықпал жасаңыз.
· Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз.
Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына
қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы
шығар.
· Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы
көретініңізді, оның қаншалықты керектігі
туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге
болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
· Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік
болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа
немесе оның жағымды естеліктер қалдырған
жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.
· Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа
баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған
көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын
болашаққа өз жоспарларын құра бастайды,
сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
Депрессия адамда ауыр өтуі мүмкін. Дегенмен
одан сауығып кетуге әбден болады. Адам
бойындағы стрестік жағдайлар мен жүйкенің
шаршауы депрессияға жетелейді, сондықтан
бұл жағдайдың қайсысы қайдан шығып жатқандығын
ол біле бермейді.
Өзіңізге жақын адамдарға көңіл бөліңіз,
оларды сүйе біліңіз, сонда ғана Сіз күннің
күлімдеп жарқырағанын, құстардың қуана
сайрағанын сезінесіз...
Оңтүстік Қазақстан облысындағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар қатысуы керек.
Тақырыптың маңыздылығы. Шындығында, бір ғана философиялық маңызды мәселе бар, ол – адамның өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі”,-деп айтқандай белгілі философ Альбер Камю. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Халықаралық суицидпен күрес асоциациясының жариялаған мәліметтеріне қарағанда, дүниежүзінде әрбір 40 секунд сайын бір адам суицидальді әрекетке барса, біздің елімізде әр сағат сайын бір тұрғын өз еркімен өмірімен қош айтысуға бел буады екен. Аталған ұйымның мәлімдемесіне сүйенсек, жиі бұл әрекетке 15–44 жас аралығындағы азаматтар баратын көрінеді. Әлемде өзіне қол жұмсау фактілері соңғы 45 жылда 60%-ке көбейгенін ескерсек, бұл көрсеткіштер жыл сайын артып келеді.
Мақсаты мен міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облысы (ОҚО) аумағындағы суицид проблемаларын қарастыра отырып; 1. Суицид ұғымы мен суицидальді синдромға түсінік беру; 2. Бұл проблеманы әлеуметтік – философиялық және психотерапиялық тұрғыдан сараптау; 3. Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсау әрекетіне баруға әсер ететін қоғамдық факторларды анықтау.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Зерттеу барысында қолданған материалдар: Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен облыстық денсаулық сақтау департаменті, ішкі істер департаменті, облыстық психоневрологиялық диспансер, облыстық білім беру департаменті, статистикалық мәліметтері және интернет ресурстары.
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 10 қыркүйекті Дүниежүзілік суицидпен күрес күні деп жариялады. Қазақстанды ВВС тәуелсіз телекомпаниясының сайтында 2008 жылы Қазақстанда 30 жағдайға жетті деп, 5–ші орынға жариялаған болатын. Бұл кестеде 1–ші орында–Қытай (100 мың адамға – 59 жағдай), 2–ші орын Куба (41,5 жағдай), 3–ші орын Литва (39 жағдай), 4–ші орын Ресей (36 жағдай) және дамыған елдерден Жапонияда 24,1 жағдай, АҚШ–да 10,4 жағдай тіркелген екен. Қазақстанда ең депрессивті аймақтарға, яғни суицидальді әрекетке салыстырмалы түрде жиі баратын – Оңүстік Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын жатқызуға болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы суицид фактілері соңғы 5 жылда күрт өскен, олар 14–17 жас аралығындағы жастар. Облысымыз халықаралық тәуелсіз ұйымдар мәлімдемесіне сәйкес балалар мен жасөспірімдер суицидінен ТМД елдері ішінде 1–ші орынға шыққан. ОҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәліметіне сәйкес, 2010 жылы облыста кәмелетке толмағандар арасында 91 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркеліп, барлық әрекеттер қайғылы аяқталған. Ал осы жылдың жарты жылдық қорытындысында облысымызда ОІІД мәліметіне сәйкес жасөспірімдер арасында 55 суицидальді әрекет, оның ішінде аяқталғаны 31 жағдай, 24 суицид жасауға талпыну орын алған.
Оңтүстік психоневрологиялық диспансерінің мәліметі бойынша, облысымызда 2011 жылдың 9 айының көлемінде 101 суицидальді әрекет орын алып, 58 аяқалған суицид, ал 43 суицид жасауға талпыну фактілері тіркелген және аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандардың ішінен 15 адам ОПНД–де емделіп жатыр екен.
Суицид (латынша «sui caedere») – ерікті және жоспарлы түрде жүретін, өліммен аяқталатын өзін – өзі зақымдау болып табылады. Суицидальді әрекет дегеніміз–суицидальді активтіліктің, яғни суицидальді ой, ойын білдіру, суицид жасауға талпыну және қол жұмсау деп айтуға болады.
Суицидальді әрекеттің түрлері: 1. Демонстративті с.ә. (білегіндегі қантамырды кесу, улы емес дәрілік құралдармен улану, биіктіктен құлау, т.б.). 2. Аффективті с.ә. (асылу әрекеті, токсикалық құралдармен улану, т.б.). 3. Шынайы с.ә. (асылу және улану, т.б.).
Суицидальді синдром – бұл суицидальді әрекетке бел буған адамның қимыл – әрекеті мен мінез – құлқын көрсететін психологиялық симптомокомплекс. Суицидальды синдромның 2 түрі болады: 1. псевдосуицид (аффект жағдайында жасалады, ол кезде адам өзінің мәселелеріне көңілін аударту мақсатында жасалады); 2. шынайы суицид дегеніміз – өмірден кетуді жіті жоспарлаған мақсат, (жақын–туыстары мен дос–жарандарының және өзгелердің ой–пікірлерін ескермей, олардың қайғы–мұңымен жұмысы болмайды).
Суицид себептерін 3 топқа бөліп қарастырамыз: 1. Субъектінің тұлғалық деформациясы; 2. Психотравмалық жағдай; 3. Әлеуметтік–экономикалық, қоғамдық мәселелер, т.б. Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің жиі себептері: 1. Отбасындағы ұрыс–керіс; 2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым–қатынастың бұзылуы; 3. Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары; 5. Кедейлік.
Суицидке кімдер бейім? 1. Өмірінде аяқталмаған суицидальді әрекетке барғандар; 2. Суицидальді ойлы, ашық қорқытулар жасағандар; 3. Өзін зақымдауға бейімділік (аутоагрессия); 4. Аффективті бұзылыстар (ауыр депрессия, невроз); 5. Отбасындағы суицидальді әрекеттің орын алуы; 6. Созылмалы алкоголизм, наркомания, токсикомания; 7. Созылмалы жазылмайтын, қатерлі дертпен науқастану; 8. Бір жыл көлеміндегі психотравманың болуы; 9. Отбасындағы, әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелер; 10. Психикалық бұзылыстар.
Суициденттерді әдетте, амбивалентті сезімдер басқарады, яғни оларда бір мезгілде шарасыздық пен үміт және өмірден кетуге құштарлық пен жарық дүниеге деген қимастық сезімдері болады. Мамандардың міндеті осы кезеңде суициденттерге кәсіби тұрғыда көмек көрсетіп, оларға үміт беру, суицидальді әрекеттің алдын алу болып табылады.
ҚР заңына сәйкес, өзіне қол жұмсап, бірақ өліммен аяқталмаған науқастар «Психиатриялық көмек және оның кепілденген көлемін азаматтардың алуы туралы» заңында көрсетілгендей психиатриялық стационарға жедел түрде жатқызылып, қалпына келтіру және өмірге бейімдеу шаралары жүргізіледі.
Суицидтің диагностикасы және зерттеу әдістері: 1. Отбасылық анамнез бен диагностикалық сұхбат; 2. Личконың «ПДО» тесті (тұлғалық дисфункцияны анықтау); 3. Розенцвейгтің фрустрациялық толеранттылық тесті; 4. «Басстың тұлғалық бағыттылықты анықтау» тесті; 5. Тэммл – Дорки – Аменнің үрейді анықтау тесті. Суицидті алдын–алу шаралары: 1. Ерте анықтау (идентификация) және психикалық бұзылыстарды емдеу; 2. Сенім телефондары мен психологиялық көмек көрсету орталығы, басқа да мемлекеттік мекемелердегі психолог мамандардың жұмысы (барлық мектептер мен оқу орындарындағы).
БАҚ Саламатты өмір сүру салтын насхаттап қалыптастыру, санитарлы – ағарту жұмыстары. Суицид алды және оған талпыну әрекетінен кейінгі кезеңде науқастарға көмек көрсету. 1. Психокоррекция (стресске төтеп беруді үйрету, арнайы тренингтер, жеке жне топтық сабақтар); 2. Потенциальді суицидентке көмек көрсету: интервенция (субъектпен жеке қарым–қатынас нәтижесінде эмоциональді көмек көрсету).
Көмек кезінде не істеу керек? 1. Суицид қауіпін уақытылы анықтау (мүмкін болатын қауіп белгілерін іздеу); 2. Суицидентке тұлға ретінде қарау; 3. Қамқорлық қарым – қатынас орнату; 4. Жақсы тыңдаушы бола білу; 5. Әңгіме барысында суицидентке қарсы келмеу; 6. Сұхбат барысында сәтсіз жұбатуларға жол бермеу және мүмкіндігінше өмірге үміт ұялату; 7. Өзіне – өзі қол жұмсау қауіп деңгейін анықтау; 8. Жоғары қауіп тобындағы адамды жалғыз қалдырмау; 9. Арнайы мамандарға хабар беру.
Қорытынды: 1. Жоғарыда аталған мәліметтерге сүйене отырып, облысымыздағы суицид фактілерінің көбейгені, шын мәнінде қоғамдық және әлеуметтік проблемаға айналып отыр. 2. Осы мәселеге сәйкес, суицидальді әрекеттің алдын алу шараларына барлық мамандар мен барлық тұрғындар қатысуы керек.
Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады. Мысалы:
БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-де шамамен 23-24 адамнан келеді.
ХХ ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.
Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.
Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.
Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.
Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.
Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.
Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.
Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.
- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;
- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;
- Жастар арасы - 17-29 жас;
- Ересектер арасы – 30-35 жас;
- Қарттық кезең – 55-70 жас.
5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.
Информация о работе Суицид әлеуметтік мәселе ретінде туралы қазақша