Стресс кезіндегі бейімделу өзгерістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2014 в 19:41, реферат

Краткое описание

«Стресс» атауын медицинаға Канада ғылымы Ганс Селье алғаш XX ғ. 60 – шы жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа, жұкпа ма, химиялық улану ма немесе ауыр қайғы – қасірет пе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл кезде: айырша без бен лимфалық түйіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық жара дамуы, қанда нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері байқалады. Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай әрдайым бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған, серпілістеріне жатқызады.

Содержание

I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
Стресстің дамуы.
Жалпы адаптациялық синдром
Үрей стадиясы.
Резистенттілік стадиясы.
Тозу стадиясы.
Стресс-реакция стадиясы.
Стресс-реакция түрлері.
Патогендік стресс-реакция.
Стресс кезіндегі бейімделу өзгерістері
III. Қорытынды бөлім

Прикрепленные файлы: 1 файл

стресс.docx

— 24.33 Кб (Скачать документ)

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

Стресстің дамуы.

Жалпы адаптациялық синдром

Үрей стадиясы.

Резистенттілік стадиясы.

Тозу стадиясы.

Стресс-реакция стадиясы.

Стресс-реакция түрлері.

Патогендік стресс-реакция.

Стресс кезіндегі бейімделу өзгерістері

III. Қорытынды бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Стресс» атауын медицинаға Канада ғылымы Ганс Селье алғаш XX ғ.  60 – шы  жылдары енгізді. Бұл ғалымның байқауы  бойынша әсер еткен қолайсыз ықпалдардың (ол жарақатпа,  жұкпа ма, химиялық улану ма немесе ауыр қайғы – қасірет пе) түріне қарамай оларға организм әрқашан бірбеткей жауап қайтарады. Бұл кезде: айырша без  бен  лимфалық түйіндердің кері дамуы, бүйрек үсті бездерінің гипертрофиясы, асқазан мен ұлтабардың шырышты қабықтарында ойық  жара дамуы, қанда  нейтрофильдер көбейіп, эозинофильдер мен лимфоциттердің азаюы, тіндерде зат алмасуларының өзгерістері байқалады.  Көрсетілген өзгерістер әсер еткен қолайсыз ықпалдың түріне қарамай әрдайым бір түрде болатын болғандықтан, оларды организмнің арнайыланбаған, серпілістеріне жатқызады. Стресс кезіндегі бейспецификалық серпілістердің бір көрінісі болып, кез келген жағымсыз  ықпалдардың әсерлерінен жасуша қабықтарындағы май  қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза, липаза, протеаза ферменттерінің артық әсерленуі есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Стресс» (ағылш. Stress – зорлану, күштену, қиналу) деп қоршаған ортаның кез келген қолайсыз  әсерлеріне  организмнің арнайыланбаған серпілістермен жауап қайтаруымен көрінетін, оның қорғану — бейімделу мүмкіншіліктерінің жаңа деңгейде қалыптасуын айтады.  Бұл қолайсыз ықпалдарға физикалық әсерлер (ыстық немесе суық  температуралар, иондағыш сәулелер,  электр соққы,  жарақат,  ауыр қол жұмыстарын атқару т. с.с.), химиялық әсерлер (улы химиялық заттар,  гипоксия т.б.), биологиялық әсерлер (жұқпалар, вирустар,  микробтардың уыттары, жәндіктердің улары т.б.), психогендік (жан – дүниелік жарақаттар, күйзелістер, ауыр қайғы – қасіреттер,  көңіл толқулары), әлеуметтік жағдайлардың (қазіргі  адамдарға шамадан тыс артық ақпараттардың әсерлері, уақыттың  тапшылығы, жеке тұлғалардың арасындағы  шиеліністер,  қоғамның заңдары мен жеке адамдардың еркіндіктерінің  шектелуі, қимыл қозғалыстарының азайуы т.с.с.) әсерлері жатады. Адам үшін жағымсыз сөздің стресс жағдайын дамытуда маңызы өте үлкен.  Бұл организмге қолайсыз әсерлерді стрессорлар деп атайды.

Стрестің организм тіршілігінде маңызы өте үлкен. Оның  әсерінен  организмнің тіршілігіне қажетті барлық мүмкіншіліктерінің жұмылдырылуы болады. Осыдан ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның  жағдайларына организмнің икемделіп, бейімделу мүмкіншіліктері артады.

Г.Сельенің пікірі бойынша кез келген стрессор алдыңғы гипофизге әсер етіп, онда  кортикотропин түзіліп шығуын  күшейтеді. Ол  өз алдына бүйрек үсті  бездерінің сыртқы қабатына әсер етіп,  глюкокортикоидтық   гормондардың өндірілуін  артырады. Осыдан  қолайсыз ықпалдардың әсерлеріне организмнің төзімділігі көтеріледі.

Мәселен,  жануарлардың алдыңғы гипофизін  немесе бүйрек үсті бездерін сылып  тастағанда,  кез келген ықпалдарға олардың төзімділігі қатты азайып, бұл жануарлар тез жан тапсырады. Ал, жануарларға алдын ала кортикотропин немесе глюкокортикоидтық гормон  (гидрокортизон, кортизон, преднизолон т.с.с.) енгізіп, содан  кейін оларға химиялық улы зат енгізсе немесе оларды жарақаттаса онда көрсетілген ықпалдарға деген жануарлардың  төзімділігі артады.  Сол себептен кортикотропин мен  глюкокортикоидтық гормондарды адаптациялық гормондар деп  атайды. Осыған байланысты стрессті Г.Селье жалпы  адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл  синдром үш сатыда өтеді: 1 – сатысы – үрей сатысы, 2 сатысы организмнің төзімділігінің көтерілуі, 3-ші сатысы  қалжырау сатысы.   Үрей сатысында  жағымсыз ықпалдарға  организмнің қорғаныстық икемделу  мүмкіншіліктері тез іске қосылады. Бұл саты «соққы» және  «соққыға қарсы» фазаларынан тұрады. Соққы фазасында  бұлшық еттердің әлсіздігі, артериялық қысымның төмендеуі,  гипотермия, гипокликемия, эозинлпения, қылтамырлардың  өткізгіштігі көтерілуі т.б. байқалады. Бұл кезде лимфоидтық  түйіндердің кері дамуы, теріс азоттық баланс, асқазанның ойық  жарасы байқалады.  Бұлар организмде   ыдырау үрдістерінің  күшейгенін көрсетеді. Соққыға қарсы фазасында көрсетілген  бұзылыстар кері бағытта  өзгереді. Артериялық қысым және бұлшық еттердің күш – қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен бүйрек үсті бездерінде кортикотропин мен  глюкокортикоидтық гормондардың  өндірілуі тұрақты түрде жоғарылайды, осыдан төзімділік  сатысы дамиды. Бұл сатысында бүйрек үсті бездерінің гипертофиясы байқалады, кортикостероидтардың түзілуі артады, глюконеогенез күшейеді.  Бұл  кезде өзгерген сыртқы ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі ең жоғары деңгейге көтеріледі. Егер қолайсыз ықпал ұзақ мерзімде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау сатысы дамиды; организмнің функциялық мүмкіншілігі таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты семіп қалады, артериялық қысым  төмендейді,  нәруыздардың ыдырауы артады, дене қызуы азаяды, гипогликемия байқалады.

Жалпы адаптациялық  синдром кезінде организмнің  төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана көптеген басқа  жағымсыз әсерлерге  де жоғарылайды. Былайша атқанда бір  жағымсыз ықпалдан кейін екінші қолайсыз ықпалдың зиянды  әсері әлсірейді. Организмге әлсіз  және шамалы қоздырғыштардың        ұдайы әсерлеріне эндокриндік жүйенің бейімделу мүмкіншіліктерін әрдайым қолайсыз ықпалдарға дайын жаѓдайда ұстап, организмнің оларға төзімділігін  арттырады.

Адаптацияның жеткіліксіздігі немесе оның бұзылуы дезадаптациялық аурулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мысалы, бүйрек үсті бездерінің менералококортикоидтық гормондарын (дезоксикортикостеронды) жануарларға артық мөлшерде  жіберсе, онда артериялық гипертензия, нефросклероз, ағзалардыњ гиалинозы дамиды, қабыну түрде өтеді. Глюкокортикоидтық гормондарды жібергенде, қабыну қарқыны әлсіреумен бірге, организмнің иммундық жауаптары тежеледі, асқазан мен ұлтаьбардың  ойық жаралары, миокардтың  некрозы пайда болуы мүмкін. Бұл гормондар жеткіліксіз болған жағдайда организмнің жағымсыз  әсерлерге төзімділігі азаяды.

Дезаптациялық ауруларға Сельенің пікірі  бойынша, құздама (ревматизм), бронхиалық демікпе, кейбір бүйрек аурулары,  жүрек пен қан – тамырлары жүйесінің және  кейбір тері аурулары т.б. жатады. Олардың пайда болуында қосымша  жағдайлардың  маңызы  үлкен. Бұл  жағдайларға суық тию, артық қызыну,  шаршау, тектік ерекшеліктер, ас тұзын артық пайдалану т.б. жатады. Кортикостероидтар мен ас тұзын  жануарларға бірге жібергенде әртүрлі қоздырғыштардың әсерлерінен миокардтың некрозы дамуына қолайлы жағдай дамиды.  Жалпы адаптациялық синдромды Г. Селье «гипофиз – бүйрек үсті бездерінің сыртқа қабаты»  жүйесі арқылы түсіндірді.

Қазіргі көзқарастар бойынша стресс жүйесі мен  эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі нервтік – гуморалдық серпілісі. Бұл серпіліс дамуында орталық нерв жүйесі, мидың  сыртқы қыртысы, гиппокамп,  лимбикалық жүйе, мидың торлы құрылымы, гипоталамус ж. б.  мидың құрылымдары, шеткі нервтер мен  вегатативтік нерв жүйелері қатысады. Көптеген қолайсыз ықпалдардын организмге әсері нервтік – рефлектік доғалармен болады. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан (рецепторлардан) нервтік серпіндер орталық нерв жүйесіне түсіп,  ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.

Содан пайда болған нервтік  медиаторлар, шағын пептидтер (эндорфиндер мен энкефалиндер),  нервтік гормондар (либериндер мен статиндер) нервтік – эндокриндік серпілістердің дамуына әкеліп соғады. Адамда сөйлеу жүйесінің болуына байланысты жағымсыз дөрекі сөздер, Жан – дүниелік күйзелістер, психикалық жарақаттар мидың сыртқы мидың сыртқы қыртысының қатысуымен болатыны сөзсіз. Мидың сыртқы қыртысы әрекеттерінің мидың  қыртыс асты құрылымдары мен гипоталамус арқылы эндокриндік жүйеленрдің жұмылдырылуына әкеледі. Стресс дамуында алдыңғы гипофиз – бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатынан басқа қалқанша бездер, ұйқы безі, бүйрек үсті бездерінің милық қабаты т.б. бездер қатысады. Мәселен, кез – келген стресс кездерінде ұйқы безі инсулинді артық өндіреді.  Осыдан қанда инсулиннің деңгейі көтеріледі. Дегенмен, стресс дамуында «гипоталамусалдыңғы гипофиз – бүйрек үсті бездерінің сыртқы  қабаты» бірігіп, бір функциялық жүйеге қалыптасуының маңызы өте үлкен. Сонымен, стресс дамуы бір жағынан организмнің сыртқы ортаның ықпалдарына бейімделу қабілетін көтеріп, адаптация дамуына әкелсе, екінші жағынан күптеген  дерттердің пайда  болуына әкеледі. Сайып келгенде, стресс кезінде стрессті шектейтін жүйенің жұмылдырылуы нәтижесінде жағымсыз әсерлерге  организмнің адаптациясы болады.

Стресстің адаптациялық әсерлері мына жолдармен болуы мүмкін:

1. Жағымсыз ықпалдың әсерлерінен организмде  энергиялық жєне құрылымдық заттардың жұмылдырылуы болады. Осыдан қанда глюкозаның аминқышқылдарыны май қышқылдарыныі, нуклеотидтердің деңгейі көтеріледі. Бұл зат алмасу өнімдері «жүйелік құрылымдық із» қалыптасатын адаптацияға жауапты функциялық басым жүйеге бағытталады. өйткені жұмыс атқарып тұрған еттерде, ішкі ағзаларда, мидың белсенді орталықтарында қан тамырлары кеңіп, қызмет атқармай тұрған басқа ағзаларда олар тарылады.

2. Стресс кезінде  катехоламиндердің әсерінен жасушалардың  қабықтарында фосфолипаза, липаза, май қашқалдарының асқын тотығуы артады. Осыдан тіршілікке маңызды мембраналармен байланысқан  нєруыздардың: рецептордың иондарды тасымалдайтын өзекшелердің, Na+-, К+-,  Са2+-, АТФ – азалардың, аденилатциклазаның т.б. ферменттердің әсерленуі болады. Осыдан адаптацияның бастапқы сатыларында көрсетілген нәруыздардың әсерленуі организмнің бейімделу мүмкіншіліктерінде маңызды орын алады.

3. Стресс кезінде  анаэробтық гликолиздің ағзалар мен тіндердің гипоксияға төзімділігін көтереді.

4. Стресстен кейін  нуклеин қашқылдары мен  нєруыздар т‰зілуініњ артуы  барлық аѓзалар мен  тіндерге тарайды. Осыныњ нєтижесінде єрт‰рлі ж‰йелік «қ±рылымдық іздер»  қалыптасады жєне мида жања шартты байланыстардыњ бекуінен  бастап организмніњ иммундық жауаптарына дейін кµптеген  бейімделістік серпілістер дамиды.

Сонымен, стресс дамуына әкелетін жағымсыз  ықпалдар ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына  организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады. Бұл кезде  организмнің тµөімділігі, әсер  еткен жағымсыз ықпалған ғана емес,  басқа көптеген ықпалдарға да жоғарылайды. Ф.З. Меерсонның дәлелдеуі бойынша: организмнің қайталанған, жеңіл стресстік жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стрессті шектейтін жүйенің қуаты артуынан, оның ишемияға, радиацияға, улы химиялық заттарға төзімділігі көтеріледі. Суық суға шынығулардың нәтижесінде организмде,  термореттеу жолдарының қуаты көтерілуімен қатар әртүрлі жұқпаларға организмнің төзімділігі артады. Сондықтан суық тиюден дамитын дерттер (баспа, жоғары тыныс жолдарының аурулары, пневмония т.с.с.) алдын – ала  ескертіледі.

Стресс дамуының  бір жағынан организмнің қоршаған орта ықпалдарына бейімделуі үшін адаптациялық маңызы болса, екінші жағынан көптеген аурулардың дамуын туындатуы мүмкін.

Стресстің дерт дамуындағы маңызы.  Стресс адамда дерттердің пайда болуына мына екі жағдайда әкелуі мүмкін;

1.  организмге әсер еткен ықпалдың қарқыны тым артық  болып, стресс дамытатын жүйенің белсенділігі қатты кһтеріліп кетуінен;

2. стрессті шектейтін  жүйенің туа біткен немесе  жүре пайда болған тапшылықтарынан.

Көрсетілген  екі жағдайда да организмге әсер еткен қолайсыз ықпалдарға жауап ретінде  адаптацияға жауапты функциялық басым жүйе және «жүйелік құрылымдық із» қалыптаспайды. Осыдан организмнің сапалық өзгерістеріне әкелетін дерт дамуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі уақытта психологияда стресспен тиімді күресуге көмектесетін арт-терапияның көптеген әдістеріне көңіл бөлінеді. Хедер Уильямс «Сөйлейтін сурет немесе өзіңді қалай тану керек» кітабінда стреспен күресуге байланысты кеңестер береледі. Хедер Уильямс «Үрейді көрсетеміз» деген жаттығуды ұсынады: адамның өзіне ыңғайлы поза тауып, өзінің үрейлену сезімін табуға тырысуы ( ол қайда орналасқан: адамның басында ма, бетінде ме, аяғында немесе ішінде ме, т.б. Әр түрлі қарандаштарды алып субдоминантты қолмен өзіңізден үрейді шығарып тастаған болып, оны қағаздың бетіне түсіру керек. А.М. Шевченко тәжірибелі психолог, арт-

терапевт өз жұмысында«Мәселені кесіп алып тастаймын» деген жаттығуды сиппаттап көрсетеді. Автордың ұсынысы бойынша адам өзінің мәселесін өзінің оң жағынан домалақтап, шатасып қалған жіптер ретінде салып, ал өзін сол жағына салуы керек. Содан кейін қайшыны алып, мәселе салынып тұрған бөлігін кесіп алып тастау керек. Арт-терапевтің пікірі бойынша, дәл осы әрекет адамның миында пайда болған мәселені шешуге мүмкіндік береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әділман Нұрмұханбетұлs «Патофизиология», Алматы 2007
  2. Орысша-қазақша-медициналық (физиологиялық) сөздік. Русско-казахский медицинский (физиологический) словарь г. Алматы: Эверо. 2007
  3. Интернет желісі

 


Информация о работе Стресс кезіндегі бейімделу өзгерістері