Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 08:18, реферат

Краткое описание

Ауруға деген реакциялардың классификациясы:
1) Медициналық психология
Одақтық реакция. Интеллектісі дамыған адамдарға тән қасиет. Аурудың бірінші күнінен бастап дәрігердің қасында жүріп, айтқандарын бұлжытпай орындап, тез емделуге тырысады.
Байсалды реакция. Қандай жағдай болмасын эмоциясын корсетпейтін адамдар жатады. Олар дәрігердің айтқандарына байсалды түрде қарап орындайды.
Мойындамау реакциясы. Өзінің ауруын мойындамайды. Патологиялық реакция болып есептеледі.

Содержание

І. Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістерге сипаттама

ІІ. Аурудың Ішкі Көрінісіндегі (АІК) жастық ерекшеліктер

ІІІ. Тұқым қуалайтын аурулар

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістер.docx

— 27.69 Кб (Скачать документ)

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік Университеті

 

Факультет: Педагогика және психология

Кафедра: Теориялық және қолданбалы психология

 

 

   Мәнжазба

 

Тақырыбы: «Созылмалы соматикалық ауру

                      кезіндегі тұлғалық өзгерістер»

 

 

Орындаған: Накеш А.А.

Тексерген: Исатаева Б.Б.

Топ: ПКО – 201

 

 

                                 Ақтөбе – 2013 жыл

 

 

                      ЖОСПАР:

 

І. Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістерге сипаттама

 

ІІ. Аурудың Ішкі Көрінісіндегі (АІК) жастық ерекшеліктер

 

ІІІ. Тұқым қуалайтын аурулар

 

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

І. Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістерге сипаттама

Ауруға  деген реакциялардың классификациясы:

1) Медициналық  психология

   Одақтық реакция. Интеллектісі дамыған адамдарға тән қасиет. Аурудың бірінші күнінен бастап дәрігердің қасында жүріп, айтқандарын бұлжытпай орындап, тез емделуге тырысады.

   Байсалды  реакция. Қандай жағдай болмасын  эмоциясын корсетпейтін адамдар  жатады. Олар дәрігердің айтқандарына  байсалды түрде қарап орындайды.

   Мойындамау  реакциясы. Өзінің ауруын мойындамайды. Патологиялық реакция болып есептеледі.

   Жалғаспалы  реакция. Адам ауруынан айығып  кеткеннің өзінде де, қайта ауруға  шалдығам деген қорқыныштары  болады. Олар ауруды өздері күтіп  жүргендей болады.

   Жағымсыз (негативная) реакция. Ауруға шалдыққан адам дәрігерлерді бірінен соң бірін ауыстырып, кінәнің барлығын дәрігерлерге жабады және олардың жұмысына әрқашанда көңілі толмайды.

   Паникалық  (паническая) реакция. Науқас әрқашанда  қорқыныш үстінде болады. Бір  уақытта бірнеше дәрігерге қаралып,  өзінің ауруы туралы көп мәлімет  білуге тырысады.

   Қиратқыш (разрушительная) реакция. Науқас өзінің әдепсіздігін  көрсетіп, дәрігердің берген нұсқауларын орындамай, дәрі ішіп емделуден бас тартады.

 

2) Психологиялы-психиатриялық

   Гармониялық  түр – жағдайды дұрыс бағалау. Басқа адамдарды өзін қараумен мәжбүрлетпейді.

   Эргопатиялық  түр – аурудан жұмысқа қашу. Жүрек-қантамырлар ауруымен ауыратын  адамдарға тән.

   Анизогнозиялық  түр - «жазылып кетеді» -деген оймен жүре беру.

   Ипохондриялық  түр – ауруын асыра сілтеп  бағалау. Дәрінің берген әсерлеріне қорқынышпен қарау.

   Неврастениялық  түр – шыдамсыздық, бірінші  кезіккенге деген ашуланшақтық, содан кейін өз қылықтарына  өкіну.

   Меланхолиялық  түр – жазылып кетуіне деген  сенімсіздіктің пайда болуы. Көп  жағдайда суицидке әкеліп соқтырады.

   Апатикалық  түр – жүргізіліп жатырған емге мән бермеу.

   Сензитивті түр – жақын қарым-қатынаста қорқыныштың болуы, жақындарына масыл болудан қорқады.

   Эгоцентрикалық  түр – науқаспын деп озіне  деген қарым-қатынастың ерекше  болуын  қалайды.

   Паранояльды  түр – ауру- бұл біреудің жаман ойының нәтижесі, ал емделудегі сәтсіздік- дәрігерлердің қателігінің нәтижесі деп есептейді.

   Дисфорикалық  түр – дені сау адамдарға  деген жек көрінішпен қарау,  ашуланшақтық белгілері пайда  болады.

 

3) Әлеуметтік - психологиялық

 

  Ауру – айырылу. Депрессия, абдырау, қайғы. Өзіне назар аудартқысы келеді.

  Ауру – жеңіс  немесе құтылыс. Аржайылық (жизнерадность)  немесе селқостық. Режимнің бұзылуы немесе дәрігерге деген қарсы көзқараста болу.

  Ауру – жаза. Адам ең алғашында ұялу сезімін  бастан кешіреді, содан агрессия  немесе ашуланшақтық.

 

Ауру адам мен  отбасы арасындағы қарым-қатынастағы  өзгерістер:

   Ағайындарының  ауруды елемеу этапы. Аурудың  ең алғашқы белгілерін оның  жақындары емес, сыртқы бөгде  адамдар байқайды.

   Ағайындарының  ауруды енді байқап оның маңыздылығын  түсіне бастау этапы. 

   Ағайындарының  тарапынан белсенділіктің төмендеу  этапы. Олар науқастың ауруына  көнеді. Ауруды емдеудегі медициналық  көмектің жткіліксіздігін түсіне  бастайды. Науқасты стационарда  мейлінше ұзағырақ ұстап, аз  уақыттарын бөлуге тырысады.

   Отбасы құрылымдарын  қайта құру этапы. Науқастың  инкапсуляциясы. Яғни отбасы науқас  адамды өз араларынан шығарып  тастауға тырысады. Ол отбасында тек қана бақылаушы ретінде есептеледі.

 

 

 

 

 

 

ІІ. Аурудың Ішкі Көрінісіндегі (АІК) жастық ерекшеліктер

 

Балалар

  Балалардағы  созылмалы соматикалық аурулар  көбінесе психиккалық және соматикалық  дамуындағы кедергілерге әкеліп  соқтырады. Прогресске қарсы регресс  көбірек байқалады. Әсіресе кіші  балалық шақтарда көп көрініс  береді. Бұл процестер балада  қорғаныс механизмі ретінде есептеліп,  ауру туралы болжамдар жасауға кедергі келтіреді.

 

   6 жасар балаларда  әр түрлі уколдар мен медициналық  емге байланысты туындаған қорқыныштарынан  ойында өзінің ауруы туралы  неше түрлі қияли көріністер  пайда болады.

 

   Жасөспірімдер  бұрынғы өткен қызықты сәттерін  еске алумен өткізеді.

 

   Қиялға беріліп  болашаққа деген ұмтылыс. Сол  кезде ауру өмірдегі аттап  өту керек кедергі ретінде  қарастырылады.

 

Ересек  және қарт адамдар.

 

   Ауру ұзағырақ  уақытқа созылып, жағдайы нашарлай  түседі.

   Психикалық процестердің нашарлауы – аурудың алғашқы белгілері болып есептеледі.

   Түнгі   делирия (ночные делирии) –  мазасыздану мен галлюцинацияның  пайда болуы.

   Қоғамдағы  әлеуметтік рөлдер тарапынан  психосоматикалық өзгерістер.

 

 Әйел  адам рөлінің шектеулігі

   Дәстүр –  отбасы ошағының сақтаушысы. Өзін  тұлға ретінде санамау. Материалдық  тұрғыда тәуелділік. Соматикалық  аурудың пайда болуына себепші  болады.

   Жұмыс және  отбасы ошағын сақтаушы. Физикалық  және психикалық тұрғыда ауырлық.  Әйел адамға барлығын бірдей  алып жүру қиындық соғады, жұмыс  бабында көтеілуге қиын болады.

   Барлық осы факторлар мен конфликтке келуден соматикалық аурулардың пайда болуы деңгейі жоғарылайды.

 

Ер адам рөлінің шектеулігі

   Табыс пен  статусының деңгейі. Өзі туралы  кері ойлардың пайда болуы.

   Ақылдылық  деңгейі. Әрдайым жағдайды басқаратын, барлығын білетін және компетентті  адам болу керек.

   Физикалық  деңгейі. Ер адам физикалық  тұрғыда мықты, батыл және қауіптен  қашпайтын болу керек.

   Эмоционалды  деңгейі. Өзінің әлсіздігін көрсетпеу,  мысалы қорқыныштарын. Проблемаларын өздері  шешеді және барлық эмоциясы іште қалады.

   Әйелдік  мінезден аулақ болу (антиженственность)  деңгейі. Әйелге тән мінез-құлық,  іс-әрекеттерден аулақ болып,  сезімдерін білдірмеу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Тұқым  қуалайтын аурулар

 

Тұқым қуалайтын  аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына  берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын  аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне  байланысты қалыптасады.

 

Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:

  • моногендік;
  • хромосомалық;
  • мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.

Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г.Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом.-доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т.б. дерттер), аутосом.-рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т.б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т.б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.

Хромосомалық  аурулар геномдық (хромосомалар санының өзгеруі) және хромосомалық (хромосомалар құрылысының өзгеруі) мутацияларға байланысты қалыптасады. Жиі кездесетін хромосома ауруларының қатарына трисомиялар жатады. Бұл кезде хромосома жұптарының бірінде қосымша 3-хросома пайда болады. Мысалы, Даун ауруында аутосом. 21-жұп бойынша трисомия болса, Патау синдромында 13-жұпта, Эдварс синдромында 18-жұбында болады. Гаметогенезде мейоздық бөлінудің бұзылуына байланысты әйелдерде жыныстық Х – хромосомалардың біреуі болмаса, Шерешевский-Тернер синдромы, керісінше бір хромосом артық болса – трипло-Х (ер адамдарда Клайнфельтер) синдромының қалыптасуына әкеледі. Жасы 35-тен асқан әйелдердің бала көтеруінде нәрестелердің хромосом. аурумен туу қауіптілігі жоғары болады.

 

Мультифакторлық аурулар бірнеше геннің мутацияға ұшырауы мен өзара әрекеттесу нәтижесінде, ауруға бейімделуі артқан кезде және қоршаған орта факторларының әсеріне байланысты туындайды.

Мұндай ауруларға

  • подагра;
  • қант диабеті;
  • гипертония;
  • асқазан және ішектің ойық жарасы;
  • атеросклероз;
  • жүректің ишемия ауруы, т.б. жатады.

 

Тұқым қуалайтын  аурулардың бұл түрінің пайда  болу себебі әлі толықтай анықталған жоқ. Тұқым қуалайтын ауруларды  клиникалық жіктеу патологиялық өзгерістерге ұшыраған органдар мен жүйелер бойынша  жүргізіледі. Мысалы, жүйке және эндокриндік  жүйенің, қан айналым жүйесінің, бауырдың, бүйректің, терінің, т.б. органдардың  тұқым қуалайтын аурулары деп  жіктеледі. Республикада тұқым қуалайтын  ауруларды анықтау, емдеу жұмыстарымен неврология, терапия, хирургия клиникалар мен ауруханалар айналысады.

Подагра (грек. подагра — аяқ үшін қақпан) — организмде зат алмасу процесінің бұзылуынан қанда несеп қышқылының артуы мен оның тұздарының буындарда, дене мүшелерінің басқа тіндерінде жиналуынан пайда болатын созылмалы ауру. Подаграның дамуына жиналған урат (несеп қышқылының тұздары) түйіршіктерін организмнен шығаратын әр түрлі ферменттер қызметінің бұзылуы, сондай-ақ ет және майлы тағамдарды, бұршақты көп пайдалану, ішімдікті мөлшерден көп ішу, аз қозғалу себепші болады. Подаграның тұқым қуалайтын түрлері де бар. Подаграмен әдетте 40 жастан асқан ер адамдар жиі ауырады. Аурудың белгісі бір немесе бірнеше буындардың қабынуынан (артрит) аяқ астынан, негізінен түнде басталады. Ең алдымен аяқтың бармағы (әдетте бас бармағы) зақымданады. Зақымданған буын ісініп, терісі қызарады, дене қызуы 38 — 40оС-қа көтеріліп, қалтырайды. Дерттің қозуы бірнеше күнге созылады. Ұстаманың қайталауы жиілей берсе, ауру созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде тері астына жиналған урат түйіршіктері түйін-түйін болып, негізінен шынтақ және тізе буындарынан бұлтиып білінеді. Урат түйіршіктерінің бүйрек тіндерінде жиналуы да жиі байқалады. Бұл өте қауіпті, себебі, несеп шығару жолдарында тас жиналу процесі жылдамдайды. Емі: ауырғанды басатын дәрі-дәрмек қабылдау, сұйық тағам және минералды су ішіп, курортта арнайы ем қабылдау. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен физиотераПодагра ем, массаж жасалады.

Гипертония(гипер...және грек. тонос-күш түсу,зорлану)-қан қысымының шамадан тыс көтерілуі.Кейде дені сау адамның ауыр ой еңбегі мен дене еңбегінен кейін де қан қысымы көтерілуі мүмкін.Сондай-ақ,ішкі органдардың ауруынан да(бүйрек қабынуы,ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы) қан қысымы көтеріледі.Гипертония кезінде ұсақ қан тамырларына сырттан күш түсіп қатайып тарылады да,қанның күре тамырға өтуі қиындайды.Осының салдарынан күре тамырда қан қысымы көтеріледі.Гипертонияның нағыз себебі әлі толық анықталмаған.Гипертония,көп жағдайда,қан тамырлары қысымын (тонусын) реттеп отыртын орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан,мысалы жүйке жүйесінің зақымдануы,невроз ауруы,қатты қорқыныш,ұзақ ойға салынып қайғы-қасіретке берілу,т.б. себептерден болады.Аурудың алғашқы кезінде ешқандай белгі білінбейді.Қан қысымы көтерілгенде,кейбір органдардың қан тамырлары артериосклерозға (артерия қабырғаларының әктеніп қалыңдауы) шалдығады.Жүректің қан тамырлары тарылып,оған жүрек қанды күшпен айдайды.Осының салдарынан жүректің қызметі артып,көлемі ұлғайып,бұлшық ет қалыңдайды(қ. Миокард инфаркты).Қан тамыры тарылғандықтан оның органдарға қан жеткізілуі нашарлайды да,оргаанизм ауыра бастайды.Гипертонияның алғашқы басталуы-қан қысымының біресе көтеріліп,біресе төмендеуі арқылы білінеді.Ауру асқынғанда бас ауруы,құлақ шыңылдап,адам тез ашуланып,шаршап,ұйқысы қашады,қан қысымының көтерілуі жиіленіп,жүрек,ми,бүйрек сияқты органдардың қызметі бұзылады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативтері бойынша адамның қан қысымы қалыпты жағдайда-140/90 мм сын.бағ-нан 160/95 мм сын.бағ.-"қауіпті деңгей",ал 165/95 мм сын.бағ-нан жоғары қан қысымы ауыр жағдай(артериальдық гипертензия) болып есептеледі.Гипертензиядан сақтану үшін дәрігерге жиі тексеріліп,аурудың белгісі біліне басталысы мен емделу қажет.

Диабет (лат. діабетес меллітұс) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.

Атеросклероз (атһеросцлеросіс; гр. атһра — ботқа және склрсіс — қатаю) — қан тамырларының ішкі бетіне холестериннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы. Холестерин сіңіп қалған орын бастапқы кезде сары жолақ дақ түрінде болса, келе-келе қатайған түйінге айналады. Бұл түйіндер бір-біріне қосылады. Соның салдарынан тамырдың ішкі қабатында жаралар пайда болады, кальций тұздары шөгіп, тамыры қатаяды, қан өтуі қиындайды. Атеросклероз денедегі ең ірі қан тамыры — қолқада жиі пайда болады. Атеросклероз салдарынан қолқаның жұқарған жерлері қалталанып кеңиді (аневризма) де, басқа органдардың қан тамырларын бекітіп тастайды. Соның әсерінен кейде науқастың бірнеше минут ішінде өліп кетуі мүмкін. Шажырқай артериясының атеросклерозы ішектің өлі еттенуіне, аяқ атеросклерозы аяқтың гангренасына соқтырады. Атеросклероз жүрек қыспасы (стенокардия), жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жүрек инфарктінің негізгі себебі болып есептеледі.

Информация о работе Созылмалы соматикалық ауру кезіндегі тұлғалық өзгерістер