Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2014 в 13:48, сочинение
Қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Баласының қасықты сол қолмен алып, тамақ ішіп отырғанын көрсе: «Оң қолыңмен іш» деп талап қоятын ата-аналар жетерлік. Кейбір ата-аналар баласының сол қолын көбірек пайдаланатынын көрсе, бірден тыйым салып, сол қолын көп уақытқа дейін таңып тастап, оң қолмен жұмыс істеуге қыстап үйретіп жатады. Бұл дұрыс емес.
Солақай жандарға қалай қарайсыз?
Қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Баласының қасықты сол қолмен алып, тамақ ішіп отырғанын көрсе: «Оң қолыңмен іш» деп талап қоятын ата-аналар жетерлік. Кейбір ата-аналар баласының сол қолын көбірек пайдаланатынын көрсе, бірден тыйым салып, сол қолын көп уақытқа дейін таңып тастап, оң қолмен жұмыс істеуге қыстап үйретіп жатады. Бұл дұрыс емес.
Ертеде адамдар өздерін солақай жандардан аулақ ұстаған. Солақайларды кемтарлар қатарына жатқызған. Ежелгі Русьте солақай жандардың бірде-бір сөзіне сенбеген, оларды шайтан ұрпағына теңеген. Ал Қытайда солақайларды «нашар адамдар» қатарына жатқызған. Тіпті, түсінде солақайларды көрсе, алдағы күнде жамандық болады деп болжаған.
Медицина ғылымы солақайлық ешқандай кемістік емес, ол табиғи қалыпты жаратылыс екенін дәлелдеген. Ол баланың дағдылауынан ғана емес, дүниеге келгенде солай жаратылып тууына байланысты. Барлық адамның миы екі жарты шеңбер бөліктен құралған. Адам денесінің оң жақ жартысын (оң аяқ, қол, құлақ, көз т.б.) мидың оң жақ жарты бөлігі басқарса, сол жақ бөлігіндегі басқа мүшелерді мидың сол жақ жарты бөлігі басқарады. Адамдардың басым көпшілігінде миының сол жақ жарты бөлігі басымдау, икемділеу билесе, бірсыпыра адамдардың оң жақ бөлігіндегі миы жетекшілік тізгінін алып кетеді.Демек, солақай жандардың сол жақ ми бөлігі жетекші. Сондықтан да оның сол қолы оң қолына қарағанда икемді әрі оңтайлы. Ал егер солақайға оң қолмен жұмыс істеуге шарт-талап қойылса, оның табиғи қабілеті, икемділігі, зейіні олқылыққа ұшырайды. Сол қолмен жұмыс істеуге шектеу қойылған бала кекештеніп қалуы ғажап емес. Сондықтан да солақайлықты кемістік көретін көзқарастан арылған абзал.Керісінше, оның табиғи қалыпты дүние екенін ескеріп, солақай балаға ерекше көңіл бөліп, оған қолдау көрсеткен жөн. Сол кезде ғана баланың икемділігі артып, қабілеті ашыла түседі.
Солақайлар туралы қызықты ақпарат та көп-ақ. Олардың бойында ерекше қасиет болады. Олар ғылым, өнер, спортқа жақын келеді. Олардың мінез-құлқы да дербес. Мазасыз, қатал әрі эмоцияға көп беріледі. Солақай жандарды сабырға шақыру қиын.
Солақайлық қасиет тұқым қуалайды. Егер де сіздің отбасыңызда солақай жан болса, келешекте балаңыздың солақай болып туылуы мүмкін.
Дайындаған: Ғазиза Ұзақ