Қазақстан-Ресей
Медицина Университеті
СРС
Тақырыбы:
Сексапатология. Кіріспе. Негізгі таралған
аурулардың классификациясы. Әлеуметтік
реабилитация
Орындаған:
601 топ ЖТД
Чинибекова
А.Р
Тексерген:д.м.н.
Жусупова Э.Т
Алматы
2015
Мазмұны:
- Сексопатология анықтамасы
- Жіктелуі
- Зерттеу әдістері
- Сексуальді бұзылыстар
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Сексопатология - клиникалық медицинаның бөлімі,
жыныстық бұзылыстарды зерттейтін, оларды
диагностикалау, емдеу және профилактикамен
айналысатын клиникалық медицинаның бөлімі.
Сонымен қатар, ең алдымен сексуальды
бұзылыстардың қызметтік, эмоциональды,
тұлғалық, әлеуметтік-адаптационды аспектілерін
қарастыратын медициналық сексология
бөлімі. Ауруды диагностикалау мен емдеу
процесстерінде басқа пәндермен тығыз
қызмет атқарады, олар: урология, гинекология,
андрология, эндрокинология,невропатология,
психиатрия.
Негізінен сексапатология екі түрге
жіктеледі:
- Жалпы сексапатология
- Жеке сексапатология
Жалпы сексапатология қарым-қатынас заңдылықтары
мен жыныстардың дифференциациясын, жыныстық
сфераның анатомо-физиологиялық негіздерін,жыныстық
ынтаның қалыпты жағдайы мен патологиясын,
сексуальды қажеттілікті тояттандыруды
зерттейтін бөлім.
Жеке сексопатология - сексуальды функцияның бұзылысымен
жүретін нақты ауруларды зерттейтін, науқастың
жеке психосексуальды ерекшеліктерін
есепке ала отырып емдік-реабилитациялық
шаралар жүргізетін сексопатология бөлімі
.Ғылыми сексопатология негізіне жұптық
принцип жатады, ол диагностика, сексуальды
бұзылыстардың туындау себебін анықтауда,
психокоррекционды терапияда маңызды
роль алады.
Секопатологияда
зерттеудің бірқатар өзіндік бағыттарын
жеке алып қарастырады:
- Қалыпты сексология медициналық тұрғыдан алып қарағанда
қалыпты болып табылатын адамның сексуальды
әрекетінің биологиялық, анатомиялық,
физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік
аспектілерін зерттейтін бөлім.
- Клиникалық сексология, сексуальды әрекетпен байланысты денсаулық бұзылыстарының диагностикасы, емі және профилактикасын зерттейтін бөлім.
- Этнокультуральды сексология, сексуальды әрекеттің әртүрлі уақыттағы және әртүрлі халықтардағы тарихи және мәдени ерекшеліктерін зерттейді.
- Соттық және криминальды
сексология, қоғамдық адамгершілікке қарсы қылмыс немесе жыныстық қылмыстарды анықтау және алдын алудағы жыныстық әрекет туралы білім беретін бөлім.
- Фамилистика,жыныстық қарым қатынасты отбасы аясында және ата-ананың рольін зерттейтін бөлім.
Сексопатологиядағы
зерттеу әдістері:
- Жиі анонимді сұрастырулар, анкета алу,
интерьвью сияқты әдістер қолданады. Сонымен
қатар:
- Эксперимент, жануарлар немесе еркін
қатысушыларды қолдану арқылы жүргізілетін
әдіс..
- Клиникалық зерттеу
әдістері (емдеу барысында науқасты бақылау және зерттеу әдістері).
- Бақылау
- Ғылыми әдебиеттердегі
жыныстық қарым қатынас туралы шығармалар
анализі.
- Сексопатологияда сексуальды денсаулық термині жиі қолданылады. 1977 жылы ВОЗ бойынша сексуальды денсаулық дегеніміз – адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына, комуникабельдлігіне, махаббатқа қабілеттілігін
арттыратын сексуальдық өмір
сүруінің соматикалық, эмоцианальды, интеллектуальды және әлеуметтік
аспектілерінің комплексі.
Оның негізгі 3 элементі бар:
· әлеуметтік және
жеке этика қалыптарына сай лаззат ала білу және сексуальды әрекеттерін бақылай білу қасиеті.
· сексуальды қарым-қатынас бұзылысына
алып келетін, сексуальды реакцияны төмендетін психологиялық
факторлар (қате түсініктер, ұялу мен кінә сезімі, т.б.)
· сексуальды немесе ұрпақжалғастыру
функциясына кедергі келтіретін органикалық бұзылыстар, аурулар және жеткіліксіздіктердік болмауы.
- Сексуальды бұзылыстар туа
пайда болған немесе жүре пайда болған,
генерализацияланған немее ситуационды,
психогенді немесе соматикалық аурулар
себебінен, психоактивті заттар мен дәрілер
салдарынан болуы мүкін.
Сексуальды
бұзылыстардың келесі түрлерін ажыратады:
- Сексуальды ынтызарлықтың бұзылыстары(төмендеуі
немесе жоғарылауы)
- Сексуальды қозғыштықтың бұзылыстары(импотенция-еркектерде,
фригидтілік-әйелдерде)
- Оргазм бұзылыстары (аноргазмия, уақыттынан
ерте немесе кеш эукуляция)
- Ауырсынумен сипатталатын сексальды
бұзылыстар (вагинизм, посткайтальды аурырсыну)
Ер
адамдарда сексуальды бұзылыстар
- Эректильді қызметтің бұзылысы-эрекцияның
төмендеуі немесе болмауы, импотенция
- Либидо бұзылысы- жыныстық қатынасқа
деген қызығушылықтың жоғалуы
- Сексуальные проверсии- жыныстық қатынасқа
деген еріктің және қанағаттану тәсілдерінің
өзгерісі
- Оргазмның бұзылысы, стертый оргазм,
ауырсынулық оргазм, аноргазмия
Ал
әйел адамдар негізінен сексуальды қанағаттану
жоқтығына шағымданады(аноргазмия, фригидтілік)
- Вагинизм- қынаптың бұлшықеттерінің
тарылуынан жыныстық қатынас ауырсынумен
болуы мүмкін немесе болмайды.
- Фригидность- сексуальді сезімнің немесе
қозуға қабілеттілігінің болмауы
Сексуальды ынтықтықтың бұзылыстары
әртүрлі формаларда кездесі мүмкін.
Ынтықтықтың төмендеуі кезінде
адам жыныстық қатынастан қашады
және оған деген ынтықтығы
оянбайды. Ынтықтықтың бұзылыстары
кезінде ол басқа обьектке
бағытталған, сондықтан сексуальды
перверсиялар туындайды. Оның
туындауында дұрыс емес тәрбие,
және үлкендерден алған үлгі
– өнеге мен порно киноларды
қарау алып келуі мүкін.
Науқас өз сырқатынан емделіп
жазылғысы келсе арнайы маманға
барғаны жөн, сексуальды қозу
бұзылыстары кезінде мысалға
сексопатологқа, ал сексуальды ынтықтық
бұзылыстары және сексуальды
преверсиялар кезінде психиатрға
қаралғаны жөн.
- Сексуальды девиация (парапатия, парафилия,
парэрозия, сексуальная парестезия) –
сексуальды әрекеттің қалыптыдан ауытқуын
білдіретін негізгі түсініктерге жатады.
Бұл әлеуметтік ғана емес, медициналық
тұрғыдан патология болып табылатын жағдайлар.
- Сексуальды девиациялардың классификациясы
- А. Сексуальды бұзылыстар
- I. Обьектке қатысты:
- педофилия;
- геронтофилия;
- зоофилия;
- фетишизм;
- трансвестизм;
- II Орындауына
байланысты:
- садизм;
- мазохизм;
- эксгибиционизм;
- вайеризм;
- III.
Типті емес
- гомосексуализм;
- транссексуализм;
- кровосмешание.
- Б. Патологиялық сексуальды
бұзылыстар
- I.
Прогрессирлеуші формалары(половые извращения)
- II.
Импульсивті формалары
Парафилия диагностикасы (парафильнді
бұзылыстар)
- Негізінен емді қажет
ететін ауру болып саналатын девиация
түрлерінің келесі критерийлері бар:
- Ең кем дегенде 6 ай ішінде
девиантты сексуальды сырқаттардың
қайталануы.
- Девиантты әрекеттерді жасау
немесе девиантты фантазиялар науқасқа
ауырсыну алып келеді немесе оның әлеуметтік
жағдайына кері әсерін тигізеді.
- Басқа психикалық бұзылыстарының
болмауы.
- Бұзылыстардың алғашқы себебі
болып алкогольды немесе наркотикалық
заттарды шектен тыс пайдалану болып табылмайды.
- Өз әрекетін бақылау қасиетінен
айырылып, ауытқулық қажеттіліктерді
орындау.
Егер
бұл себептер табылмаса парафилия диагнозы
қойылмай, медициналық араласуды қажет
етпейтін сексуальды әрекеттік әлеуметтік
қалыптан кері кеті деп аталады.
Девиантты сексуальды әрекеттер
жасау сонымен қатар психикалық
аурулардың да себебінен болуы
мүмкін. Жиі адекватты емес сексуальды
әрекеттер эпилептикалық ұстамама,
тәуелділік жағдай болуы мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер
- Дерягин Г. Б. Криминальная
сексология. Курс лекций для юридических
факультетов. М., 2008. 552 с. ISBN 978-5-93004-274-0.
- Имелинский К. Сексология
и сексопатология — М.: Медицина, 1986. —
424 с
- Н.М.Жариков,
Ю.Г. Тюльпин «Психиатрия»-2002,
1