Саяси лидердің психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Января 2014 в 20:43, реферат

Краткое описание

Ежелгі антик жылнамашылары Геродот, Плутарх, Светония, Ливия сияқты тарихшылар көсемдерді таңғажайып қасиеттердің иелері деп суреттеген.Аристотель еңбектерінде,мемлекет билеушілерінің қызметі адам бірлестігінің ұйымдастырылған түрі деп түсіндіре отырып,«мемлекеттік тұлға», «патша» ұғымдарының аражігін ажыратады.Платон мемлекеттік билік пен саяси философия қабыспайынша мемлекеттік құрылыс адам баласына мүмкін болмайтындығын атап өткен. Күрделі әлеуметтік жағдайларда саяси лидердің қалыптасуына, жетістіктеріне кеңінен Н.Макиавелли тоқталды. Саяси лидердің қандай жолдармен жетістікке жететінін,соның әшәнде саяси жүйе арқылы ма,әлде өзіндік тәжірибесіне жүгінуімен немесе белгілі бір топтың әсер етуі көмегімен келгені туралы мәселелерін теория тұрғысынан қарастырады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

саяси психология.docx

— 42.89 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н. Гумилев  атындағы Еуразия ұлттық университеті

 

Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасы


 

Саяси лидердің психологиясы

БАЯНДАМА

 

 

01.01.2014

Тексерген: Айтышева А.М.

Орындаған: Бегалинова Ж.М. МС-11К

 

 

Ежелгі антик жылнамашылары Геродот, Плутарх, Светония, Ливия сияқты тарихшылар көсемдерді таңғажайып қасиеттердің иелері деп суреттеген.Аристотель еңбектерінде,мемлекет билеушілерінің қызметі адам бірлестігінің ұйымдастырылған түрі деп түсіндіре отырып,«мемлекеттік тұлға», «патша» ұғымдарының аражігін ажыратады.Платон мемлекеттік билік пен саяси философия қабыспайынша мемлекеттік құрылыс адам баласына мүмкін болмайтындығын атап өткен. Күрделі әлеуметтік жағдайларда саяси лидердің қалыптасуына, жетістіктеріне кеңінен Н.Макиавелли тоқталды. Саяси лидердің қандай жолдармен жетістікке жететінін,соның әшәнде саяси жүйе арқылы ма,әлде өзіндік тәжірибесіне жүгінуімен немесе белгілі бір топтың әсер етуі көмегімен келгені туралы мәселелерін теория тұрғысынан қарастырады. Лидерлік туралы түсініктер ғылымда біркелкі емес. Мысалы, “саяси лидерлік бір немесе бірнеше адамдардың билігі,ұлт мүшелерінің қозғалысқа оятушылар” - деген Блондельдің көзқарасы болса, екіншіден лидерлікті статус тұрғысынан әлеуметтік бағдар және әлеуметтік рөльдер қатарынан қарастырған жүйелік-құрылымдық көзқарастар болды.Лидерлікті әсер ету қабілеттілігі тұрғысынан түсіндірген пікірлермен қатар,лидерлік құбылысын кәсіпкерліктің бір түрі жіне лидерлікті халық символы ретінде қарастырған бағыттар кездеседі. Лидерлік құрылымының негіздеріне лидердің жеке қасиеті,билік ресурстары құралдары,саяси жағдай жатады. Егер саяси лидердің билік бағдары мен рөлі тұрақты болса,ол радикалды өзгерістерге сирек ұрынады. Лидердің әлеуметтік жағдайға тәелділігін ,оны белгілі жағдайдың функциясы днп түсіндірген Стодильдің жағдацлық концепциясы лидердің қоғамға қатысты функциясын анықтайды.Саяси лидерлік мәселесін саяси билік, мемлекеттілік туралы түсінікпен, билеу формасының меншіктің 2 бөлінуімен анықталатындығын,меншік пен билікке ұмтылу олигархияны дүниеге әкеледі,саяси үстемдігін құрады деген Мэдисон, Токвиль, Харрингтон, Адамс, Гамильтон идеялары талқыланды. Саяси лидердің ұйымдастырушылық және басқару рөліне,бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар арқылы түсіндіруге тырысқан орыс ғалымы К.И.Михайловскийдің пікірлері ескерілді.Тарихи үрдіс түсінігімен,саяси билік табиғатына саяси үрдістегі стихиялық пен саналықты үйлестіру мәселесі тұрғысынан қарастырған Маркс пен Лениннің анықтамалары қарастырылды. Лидерлік табысқа жету жолындағы билікке ұмтылыс,деп Шопенгауэрмен келісе отырып, қоғамды “лидерге” және “әлсіздерге” тағдыры өзгелердің қолындағы жандарға бөлуге негізделген деген Ницшенің көзқарасы пайымдалды. Саяси лидерлікті түсіндіруде саяси-философиялық бағыттағы жазбалар,сонық ішінде “лидер құбылысы ерік жігер көрінісі”-деп дұрыс шешім табуға ұмтылатын,дұрыс шешім қабылдай алатын тек шын саяси лидер деген Ясперс көзқарасы қарастырылды. Саяси лидерлік құбылысының психологиялық негіздеріне назар аударған Острогорский, Михельс, Брайс, М.Вебер еңбектері болды.Саяси қайраткерлерді қолдаудағы олигархияның ықпалы мен оның рөліне тоқталған еңбектерде де саяси лидерліктің технологиялық негізі көрсетілді. Билікке ұмтылу. Бұрынан бері ойшылдар мен зерттеушілерді қызықтыратыны, бұл адамдардың билікке ұмтылуы. Бұл мәселенің бір бөлігін ағылшын философы Дж.Гоббс (Т.Гоббс) қарастырған.[3] Ал А.Адлердің(1870-1937) ойынша, адамның өмірі екі негізгі қажеттіліктердің күресімен анықталады. Бұл билікке және аса басымдылыққа жету қажеттіліктері мен әлеуметтік топқа деген тиістілігі, үйреншіктік қажеттіліктері. А.Адлер концепциясының орталығы «компенсация» түсінігі болып табылады. Мысалы, кішкентай бала өзін ересектермен салыстыра отырып, өзінің кемістігін ойлап отырып қайғырады («кемістік комплексі» термині осыдан шыққан. Кемістік комплексін жөндеуге деген ұмтылыс адамның даму процесін күшейтеді. А.Адлер: «Адам немен туылатыны маңызды емес, керісінше өзін қалай басқара алатыны маңызды», - деп атап кеткен. Белгілі бір жеріндегі зақымданған кемістік жетістікке жету стимулын тудыруы мүмкін. «Кемістік комплексін» жеңу процесін А.Адлер жоғары компенсация деп атаған, яғни дефектіні компенсациялайтын белсенділік қана емес, сонымен бірге функциялауды сапалы жаңа жетістікке көтеретін белсенділік болып келеді. А.Адлер өзінің теориясына мысал ретінде балалық шақта тілі мүкіс болған Демосфенді келтіреді. Ол ұзақ жаттығулар арқылы өзінің кемістігін ғана жеңбей, сонымен бірге ежелдегі ең ұлы шешендердің бірі болып табылады. Кемістіктері жоқ қарапайым адамның А.Адлердің көзқарасы бойынша, аса басымдылық пен әлеуметтік үйреншіктікке ұмтылудың арасындағы гармониялар бұл жетістік қабілеті. Осы арқылы, адам қоғамға пайдалы салаларда ғана біріншілікке жетуге тырысады деп есептейді. Сөйтіп, А.Адлер «Өмір сүру стилі» терминін енгізді Адамдардың өмірін қарастыра отырып, олардың үлкен жетістіктерге өздерінің индивидуалды қасиеттердің сапалылығын қандай екендігіне қарамай жететіндігі белгілі. Мысалы, Бальзак – жұмысын тез, асығыс орындайтын, ал Толстой-өте баяу жұмыс істейтін. Мұндай парадоксты «Іс әрекеттің индивидуалды стилін» түсіну арқылы білуге болады (Е.А. Климов). Е.А.Климов бойынша іс-әрекеттің индивидуалды стилі мынандай белгілермен байқалады: іс-әрекет тәсілдері мен құралдарының тұрақты жүйесі; бұл тәсілдердің индивидуалды қасиеттермен сәйкестілігі; шындықтың объективті талаптарына бейімделу үшін, әдіс-тәсілдердің өңделген жүйесінің тиімділігі. Іс-әрекеттің индивидуалды стилі, іс-әрекеттің тиімділігі бұл, индивидуалды қасиеттерде болған кедергілерді компенсациялайды Америкада саяси ғылымның негізін қалаған Г.Лассуэл (1930) жеке тұлғаның «Ядролық типтерін» бөлген және олардың бірін «Билікті іздеуші» ретінде қарастырды. Бұл типтегі өкілдер үшін билікке жету мотиві жүргізуші ролді ойнайды, ал биліктің өзі санасыз түрде сезетін кемістікті жеңу тәсілі болып келеді. Бірақ, бұл кезде жеке мәселелері қоғамда проекциялайды, индивидтің әрекеттері қоғамның қызығушылықтарымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, Г.Лассуэл жеке тұлғаның кеш билікке жету мотивін дамытуға көмектесетін, тәрбиелеудің қосымша шарттарын бейнелеген. Г.Лассуэлдің сызбасы «билікті іздеушілер» тұлғасының тек санасыз компоненттерін бейнелеуге ғана емес, сонымен бірге олардың саналы жүріс-тұрыстарын суреттеуге жарамды. Мысалы, өзінің кәсіби іс-әрекетінде сәтсіздікке ұшыраған адамдар, көбінесе саяси ортаға кіру арқылы, саналы түрде психологиялық компенсацияны іздейді. А.С.Пушкиннің трагедиясындағы Борис Годунов: «Мен жоғары билікке жетемін»-дейді. Көптеген адамдарға жетістікке жетуге, айналасындағыларға қарағанда бір нәрсені жақсы істеу, лидерлік позицияны алу тән. Жетістікке жету қажеттілігін алғаш Г.Мюррей, кейін Д.МакКлелланд(1965ж) зерттеген. Жетістікке жету қажеттілігі жеке тұлғаның тұрақты сипаттамасы болып келеді, яғни ситуацияның нақты мазмұнына тәуелсіз, кең аумағында көрінеді. Сөйтіп, МакКлелландтың зерттеуінің қорытындысы бойынша, саяси билікте орын алатын адамдардың 83%-і өздерінің жетістікке жету мотивациясының жоғары айқындығын көрсеткен, жалдамалы жұмысшылардың 21%-інде ғана бұл мотив байқалған. Зерттеулердің көрсеткіші бойынша жетістікке ұмытылу мотивациясымен сәтсіздіктен қашу мотивациясы- бір шкаланың екі түрлі шкаласы емес, керісінше тәуелсіз факторлар болып келеді. Кестнер мен Д.МакКлелландтың (1990ж) мәліметтері бойынша, жетістіктерге жету мотивациясы басым зерттеушілер мүмкіндіктеріне қарай күрделі деңгейі бойынша, орташа деңгейдегі тапсырмаларды таңдайды. Өйткені, мұндай түрдегі тапсырмаларды ұту не жеңіліске жету мүмкіндіктері тең деңгейде болған соң, жетістікке жету қажеттілігін максималды түрде тиімді қанағаттандыра алуы мүмкін. Ал сәтсіздіктерден қашу мотивациясы айқын зерттелушілер үлкен дайындықпен қарапайым тапсырмаларды немесе өте күрделі тапсырмаларды шешуді таңдайды. Мұндай жағдайда сәтсіздік сыртқы факторлардан көрінеді. Сонымен бірге әр саясаткердің бойында кездесетін талаптану деңгейін де атап кеткен жөн. К.Левин мектебінде-кез-келген адамның өзінің алдына күрделілігіне қарай қандай міндет қоятыны туралы мәселелер қарастырылған болатын. Бір адамдар максималды жоғары қорытындыларға жету үшін ұмтылып, көптеген қауіп-қатерлерге барады, ал басқа адамдар қолдағы барына қанағат етеді. Берілген феномен «талаптану деңгейі» деп аталады. Бұл жерде іс-әрекеттің объективті сәттілігі емес, керісінше жорамалданған және шынайы қорытындының субъективті сәйкес келуінің маңызы зор. Әлеуметтік-саяси жүйеде саясаткер- жүргізуші және ұйымдастырушы болып келеді. Сонымен, ол тиімді іс-әрекет ету үшін шешімдерді қабылдау арқылы, белгілі бір рольдерді ойнайды. Рольдер бір-бірімен тығыз өзара байланыста болып, бір роль екіншісіне қарағанда маңыздырақ болады. Сөйтіп, әлеуметтік рольдердің статустар иерархиясы құрылады. Әлеуметтік статус-бұл өзінің іс-әрекет ету жүйесіндегі ролінің орны, топтың бағалауы. Жоғары статустың әлеуметтік ролімен төменгі статустың әлеуметтік рольдері деп екіге бөлуге болады. Әлеуметтің статустың жоғарылығы-талаптарды, құқықтар мен жеңілдіктерді бөлуінен және берілген рольге байланысты санкциялардың интенсивтілігінен(күштілігінен) көрінеді. Жоғары не төменгі статус берілген қоғамдағы құндылықтар жүйесіне байланысты болады. Сонымен қоғамда әлеуметтік статус пен бірге жеке тұлғалық статуста қатар жүреді. Біріншісіне субъектінің белгілі бір топқа кіруі тән, ал екіншісі- бұл топтың ішінде жеткен орны болып келеді. Әлеуметтік пен жеке тұлғалық статус сәйкес келмеуі де мүмкін. Мысалы, ұрының жеке тұлғалық статусы қылмыстық ортада жоғары болуы мүмкін, ал әлеуметтік статусы өзі қылмыскер болған соң- төмен болып келеді. Ал саясаткердің жеке тұлғалық статусы саяси ортада- жоғары болуы мүмкін, әлеуметтік статусы да қоғамда- жоғары болуы мүмкін. Ең жоғары статусқа лидер ғана ие бола алады. Неге лидердің ролін басқа адам емес, тек сол адам ған өзіне ойнай алады? Бұған байланысты бірнеше теориялар бар. «Ұлы жеке тұлғаның» теориясы бойынша, барлық тиімді лидерлерде жалпы жан-жақты белгілері болады. Бірнеше лидердің ролінің өзі бірыңғай болмайды. Р.Бейлс бойынша лидерді мақсатты және әлеуметтік деп бөлген жоқ. Мақсатты лидер саяси мәселелерді шешуге, өнімді мақсатқа жетуге бағытталған. Әлеуметтік лидер-адамдардың арасындағы қарым қатынасына аса мән беріп (топтың ұйымшылдылығына) конфликтілерді шешуге, эмоционалды қолдау көрсетуге, топ мүшелеріне комфорт туғызуға тырысады. Лидерліктің функционалды теориясы бойынша, лидер болу үшін адамның бойында берілген ситуацияға қажет қасиеттің басым болуы керек, бірақ нақты ситуацияда лидердің ролін жақсы орындаған адам, басқа ситуацияларда лидерлік позиция алуға мүмкіндігі болады. Сөйтіп, жан-жақты лидерлік қасиеттер де болады. Сол арқылы лидерлік харизма қалыптасады. Харизма (грек тілінен charisma-сыйлық дегенді білдіреді)- бұл алдына бас идіретіндей қасиеттердің болуы. Харизматикалық лидерге- үнемі болатын жеңістер тән және жеңілістің өзі жетістік ретінде талқыланады. Мысалы, харизматикалақ лидер ретінде (Наполеон Бонапарттың әскери-саяси тактикасын жүзеге асырған) жатқызуға болады. Е.Кричевскийдің құндылықтар алмасу теориясы бойынша, топтың құндылықтарын толық іске асыра алатын адамдар ғана лидер бола алады. Берілген концепция бойынша, үкімет саясаткер болып білетін экономист емес, керісінше «қарапайым», «халықтан шыққан» адам-саяси істермен жұмыс істей алады. Саяси қайраткерлердің типологиясы: Лидер тұлғасының психологиялық негізін білу үшін лидердің әртүрлі белгілер типологиясы бойынша, құрылым тенденциясын қарастыруға болады. Мысалы, саяси қайраткерлерді өздерінің доминантты бағдарлану белгілері бойынша бөлуге болады. Американдық зерттеуші Дж.Стосинджер саяси қайраткерлерді «кресшілер» және «прагматиктер» деп бөлуге ұсынды. «Кресшілерге» кез келген практикалық мәселені таңдағанда басым болатын белгілі бір идеяға, көбінесе догмаға берілуі. Бұған мысал ретінде қайта құрылу кезеңінің басында болған социализмнің жолын қуған адамдарды айтуға болады. Бұрынғы партия жұмыскерлерінің көбісі барлық реформалық идеялар социализм принциптеріне сәйкес келе ме?- деген қағида бойынша қарастырды. Бірақ бұл идеялардың жүзеге асырылуы қоғамға қандай пайда келтіретіні оларды қызықтырған жоқ. «Кресшілерге» қарағанда «прагматиктер» - әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін саяси идеяларды қайта қарастыруға және ымыраға, келісімге келуге дайындық практикалық мақсатқа, сәйкестікке бағдарланады. Саясаткердің тұлғасын қарастырған кезде, адамның жеке тұлғалық белгілерін де қарастырған жөн. Әсіресе саяси тұлғаның ақыл ой деңгейі, ерік жігерінің күші үлкен орын алады. Сонымен бірге «тұлғаның когнитивті күрделілігі» дегеніміз тұлғаның әлеуметтік шындықты көруі мен бейнелеуінің өлшем саны. Шынайы өмірді қабылдауы мен бағалауы да жүйелілік деңгейі. Саясаткердің тағы бір қасиеті, бұл белгісіз ситуацияны қабылдау мен шешу қабілеті. Бұл белгісіз ситуацияда кез-келген бір ережелер, нұсқаулар не белгілі бір шешім қабылдаудағы тәжірибелер болмайды. Саясаткердің өзі шығармашылық, интеллектуалды ізденістеріне қарай шешім қабылдауға тырысуы қажет. З.Фрейд сипаттаған «нарциссизм» түсінгін де қарастырып кеткен жөн. «Нарциссизм» бұл жеке тұлғаның психо-эмоционалды ортасын сипаттайтын ұғым. Ситуацияны рационалды бағалауының негізінде және өзінің өзін-өзі бағалауымен, жеке талаптарының деңгейімен, қарым-қатынасымен байланысқан жеке эмоцияларының әсерінен шешім қабылдау осы қасиетке байланысты. Саясаткер саяси шешімдерді топта қабылдаған соң, онда топтық іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық заңдылықтары мен топтың ішіндегі қарым-қатынасты ескеру керек. Саяси шешімдерді қабылдау барысында практикалық мақсаттардың арасында кейбір қарама-қайшылықтар пайда болады. Мұндай қарама-қайшылықтар шешім қабылдау процесінде қосымша қолайсыз қиындықтарды туғызуы мүмкін. Саяси шешім қабылдаудың бірнеше стратегияларын бөлуге болады. Біріншісі, бұл рационалды-идеалды шешім қабылдау дегеніміз ситуация диагнозының дәлдігін табу, міндеттерді шешу, әртүрлі жан-жақты информациямен қамтамасыз ету т.б. Ал «Мысал мен қателер» стратегиясы мақсаттардың, ситуацияны бағалауындағы дәл еместігімен толық емес информацияның алмасуымен ерекшеленеді. Бұл стратегияның негізінде көбінесе қате шешімдер қабылданады. Саяси практикада, бұл екі стратегиялардың арасында екінші стратегияға жақынырақ орташа көрсткіш қолданылады. Жалпы мұндай шешім қабылау қоғамның саяси мәдениетінің деңгейі мен оны басқаратын лидерлерге байланысты.

Саяси шешімдерді қабылдау мәселесі өте маңызды болып келеді, өйткені процестерді басқару қабілетінен қоғам өмірінің мазмұны мен өмір сүру сапасына байланысты.


Информация о работе Саяси лидердің психологиясы