Психологияның тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 13:40, реферат

Краткое описание

Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек құбылыс.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психологияның тарихы.doc

— 87.50 Кб (Скачать документ)

2.Синезтезия  – гректің «қосрласқан түйсік».  Синезтезия деп – бір түйсіктің  екінші түйсіктің пайда болуына  әсер етуін айтамыз.

3.Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз.

 Адамның  түйсігі оның жаттығуына, мамандығына  байланысты әруақытта өзгеріп  отырады. Түйсік сапасын ажырату  жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.

 

 Қабылдау.

1. Қабылдау  туралы түсінік.

2. Қабылдаудың  физиологиялық негізі.

3. Қабылдаудың  түрлері және ерекшеліктері.

4. Кеңістікті  және уақытты қабылдау.

 

 Қабылдау  дегеніміз – дүниедегі заттар  мен құбылыстардың біздің сезім  мүшелерімізге тікелей әсер ету  нәтижесінде сол заттар мен  құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің  миымызда бейнелеуі.

 Физиологиялық негізі.

 Қабылдаудың  физиологиялық негізіне мидың  аналитикалы және синтетикалы  қызметі жатады. Өйткені сырттан  әсер еткен тітіркендіргіштерге  анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін  толық анықтай аламыз. Толық анықтау  үшін анализденген затты синтездеу  керек.

 Қабылдау  процессінде бірнеше анализатор  қызмет етеді. Кез келген жаңа  затты қабылдау бұрыннан бар  тәжірибеге және білім негізінде  жүзеге асады. Сондықтан қабылдау  процессінде бұрын қалыптасқан  уақытша байланыстың кейбіреулері  жанданып отырады.

 Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды.

 Қабылдаудың  түрлері түйсіктің түрлеріне  ұқсас болып келеді.

 Ерекшеліктері.

1. Қабылдаудың  тұтастығы. Қабылдау объектісі  жеке қасиеттерден, бөлшектерден  тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз.

2. Қабылдаудың  тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге,  білімімізге байланысты заттар  мен құбылыстарды тұрақты түрде  қабылдаймыз. Қабылдау кезінде  қабылданатын заттар мен құбылыстардың  кейбір белгілері , түрлері, формалары  өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз.

3. Қабылдаудың  таңдамалылығы . Бізге қабылдау  кезінде бірнеше заттар немесе  құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге  байланысты біреуін ғана қабылдаймыз.  Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады

4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге,  сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне  және мамандыққа тәуелді болуын  аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты.

 Уақытша  түрі – адамның қабылдау кезіндегі  көңіл-күйіне және психикалық  қалпына тәуелді болады.

 Аперцепция  жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді.

 Қабылдау  кезінде кейде қате қабылдауларда  кездеседі . Мұны психологияда  элюзия деп атайды. Элюзияның  ішінен көру элюзиялары көбірек,  жиі кездеседі. Көру элюзиясы  деп – заттардың алыстығын  , түрін, көлемін қате қабылдау.

 Кеңістікті  және уақытты қабылдау.

 Біз дүниедегі  заттар мен құбылыстарды белгілі  бір уақытта және кеңістікте  қабылдаймыз. Уақыт пен кеңістіктен  тыс жатқан нәрсе болмайды.Кеңістікте  қабылдау деп – дүниедегі заттар  мен құбылыстардың белгілі бір  орнын, мөлшерін, көлемін, алыс-жақындығын санамызда бейнелеуін айтамыз. Кеңістіктегі заттарды қабылдау адам көзінен олардың қаншалықты қашық немесе жақын екендігіне байланысты. Қашықта тұрған затқа адам көз қысып қарайды, бұны көздің конвергенциясы деп атайды. Егер зат жақын болса, онда адам көз қабағын ашып қарайды, бұны көздің дивергенциясы деп атайды. Кеңістіктегі қабылдауда, оның қашықтықты бағалауда иіс және есту түйсіктері үлкен роль атқарады.

 Уақытша  қабылдау.

 Уақыт дегеніміз  – дүниедегі заттардың өзгеріп, бір қалыптан, екінші қалыпқа көшіп, ескі заттардың өшіп жаңа заттардың оның рпнын басып отыратынын айтамыз. Уақыттың кеңістік сияқты шегі болмайды. Уақыт - өткен шақ, осы шақ, келкр шақтарға байланысты. Уақытқа байланысты түрлі сөздерді қолданамыз: кеше, бүгін, ертең.

 Адамдардың  адамды қабылдауы адам өмірінде  үлкен роль атқарады. Адамның  бет әлпетіне сүйене отырып  оның қоршаған ортаға, оқиғаға  қатынасы қандай екендігін айтуға  болады.

 Қимыл-қозғалыс  ерекшеліктері жеке адамның кейбір  қасиеттерін көрсетеді. Сөйлеу ерекшел іктері де адам туралы көп мәлімет береді.

 

 

 

 Ес.

1. Ес туралы  түсінік.

2. Ес теориялары.

3. Естің түрлері. 

4. Ес процесстері.

5. Естің дара  ерекшеліктері.

 

1. Ес туралы  түсінік.

 Ес деген  проблемамен адамзат өте ерте  заманда айналысқан. Мысалы: Өткен ғасыр-

 дағы ғалымдар  Аристотель, Платон ес проблемасымен  айналысып, адам баласы пассивтік  жағдайдан активтік жағдайға  өткенде ес көрініс беретінін  анықтады.

 Ес дегеніміз  – бұрын қабылдыған заттар  мен құбылыстарды есте сақтап , есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.

2. Ес теориясы.

I. Психологиялық  теория. Психологиялық теория негізінде  назар не объектіге немесе 

 субъектіге  аударылады. Психологиялық процесстер  жеке элементтерге бөлінеді. Ал  кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.

 Ассоциацияның  3 түрі бар:

1)Іргелестік  – бір-біріне іргелес жатқан  заттар мен құбылыстардың біреуін  қабылдаса екіншісі өзінен-өзі  еске түсіреді.

2)Ұқсастық ассоциация  – бұл ұқсас сипатты екі  құбылысты біріктіреді.

3)Қарама-қарсылық  – бұл қарама-қарсы екі құбылысты  байланыстырады.

II. Физиологиялық  теория. Естің физиологиялық теориясы  Павловтың жоғарғы нерв қызметінің  заңдылықтарымен байланысты. Есте  сақтау бұл нерв системасының  мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.

III. Физикалық  теория . Бұл теория бойынша нерв  импульстері , нерв клеткалары  арқылы өткенде өзінен кейін  физикалық із қалдырады. Адамның  ми қабығында қозулар тізбек  бойымен айналып жүреді. Іздердің  сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.

IV. Биологиялық  теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:

1.Нерв системасында  қысқа мерзімді электрохимиялық  реакция пайда болады. Бірақ ол  нерв клеткаларында күшті физиологиялық  өзгерістерді көрсетпейді .

2.Бірінші сатының  негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.

 Бірінші  саты бірнеше секундқа немесе  бірнеше минудқа созылады. Ол  қысқа мерзімді есте сақтаудың  негізі болып табылады.

 Екінші саты  бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың  негізі болып табылады.

 Естің түрлері.

 Естің түрлері  үш негізгі белгіге байланысты  бөлінеді:

1.Психикалық  белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік  ес 4)сөз логикалық 

2.Мақсатқа қарай  2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.

3.Материалды  есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.

I. Психикалық  белсенділікке қарай.

 а)Қозғалыс  есі деп – еңбек әрекетіне  байланысты қимыл-қозғалыстарды  есте қалдырып оны қайта жаңғырту.

 б)Сезімдік  ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.

 в)Бейнелі  ес - заттар мен құбылыстардың  қасиеттерінің нақты бейнесін  есте қалдырып және қайта жаңғырту.

 г)Сөз логикалық  ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын  есте қалдыруды айтамыз. 

II. Мақсатқа  байланысты.

 Ырықты ес  – түрлі мәліметтерді есте  сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.

 Ырықсыз  ес – адамның мақсат қоймай  материалды есте сақтауы.

 

III. Материалдық  есте сақтау.

 Қысқа мерзімді  материалы қысқа сақтау.

 Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.

 

3. Ес процесстері.

1.Есте қалдыру.

2.Қайта жаңғырту.

3.Есте сақтау.

4.Ұмыту.

1)Есте қалдыру  –бұл мәліметті белсене қайта  өңдеу, жүйелеу, жалпылау және  оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :

1.Қысқа мерзімді  есте қалдыру.

2.Ұзақ мерзімді  есте қалдыру.

3.Оперативтік  есте қалдыру.

4.Ырықты есте  қалдыру.

5.Ырықсыз есте  қалдыру.

 Жатау - ырықты  есте қалдырудағы ең негізгі  тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.

6.Логикалық  есте қалдыру.

7.Механикалық  есте қалдыруда заттар мен  құбылыстардың мазмұны есте сақталмай,  олардың ерекшеліктері мен формалары  есте сақталады.

 Логикалық  есте қалдыруда – қабылдаған  нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:

1.Есте сақтауға  тиісті материалдың жоспарын  құрастыру.

2.Салыстыру.

3.Материалды  топтастыру және жіктеу.

4.Есте қалдыру  мен қайта жаңғыртуды алмастырып  отыру.

5.Бейнелі байланыстарға  сүйену.

6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.

7.Мағыналы байланысты  орнату.

2.Қайта жаңғырту  – бұрын қабылдаған заттармен  құбылыстарды өзімізге керек  болған кезде есімізге түсіруді  айтамыз. Мұндағы негізгі процесс  – елес. Елес – бұл бұрынғы  қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта  жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз.

 Қайта жаңғыртудың  біртүрі – еске түсіру. Еске  түсіру – белгілі қиындықтарды  жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

3.Есте сақтау – бұл  алынған нәрселерді есте ұстауға  бағытталған есте ұстаудың алғы  шарты болатын процесс. Ол 2-ге  бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.

4. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:

1)Жағымсыз индукцияның  әсері.

2)Проактивтік тежелу.

3)Ременисцения – кешіктіріліп  еске түсіру.

4)Шектен тыс тежелу.

 Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.

5.Естің өзіндік ерекшеліктері  бар:

 Адам ерекшелігіне  байланысты. Олар есте қалдырудың  жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен  және қайта жаңғыртуға дайындығымен  сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез.


Информация о работе Психологияның тарихы