Психологияның тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2014 в 11:08, реферат

Краткое описание

Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Психологияның тарихы.docx

— 36.84 Кб (Скачать документ)

Психологияның тарихы

                                           Ежелгі дамуы

   Бұл "жан туралы ілім" деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс схоластик пәлсапасышы Рудольф Гөкельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті - Марко Маурулиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

    Бұл термин қауымның кең қолданулуына Неміс идеалист пәлсапасышысы Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734) атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, Францияда Мэң дө Биғаңның көмегімен кең тараған.

     Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді.

  19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

                                         Ерте жаңа заман

   1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.

   Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.

 
    Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.

    Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

                                              Жаңа заман

                                                  Ноам Хомский

     Әйткенмен бихейворизм айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

     Өзінің Туғызушы Грамматика теориясында Хомский тіл үйрену тек шарттастық арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

   Гуманисттік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивисттік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми әдістемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

   Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждылығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу, клиент айналысында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фриц Перлс.

   Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді.

  Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон және Дональд Хебб сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивттік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.

                                       Психология мәселелері

  Психология оны оқыған адамдардың алған жағына қарай бірнеше мәселелермен кесіп өтілген. Көптеген нәтижелер жинақталған болып, кейбір гипотезаларды растау немесе қабылдамай тастау мүмкін болса да, қорытындылардың синтетикалық және рационалдық комбинациясы ортақ пәтуаға келмеген.

        Психология ғылым ба?

  Әлі күнге дейін де бұл сұрақ қойылып отыр. Екі концепциялар бір біріне қарама қайшы, біріншісі психология ғылым ретінде қалыптасқан десе, екіншісі оны тек пре ғылым деп, талқыға салады.

  Аристотельдік (преғылыми) және галилейлік (преғылыми) ойлау түрлерін салғастырған Курт Левиннің текстіне сүйеніп, бұл мәселені қарастыра аламыз.

                                       Психология ғылым

   Психологиялық лабораторияларды жарату бұл методологияға сүйенген адамдарға психологиялық ғылым расында бар нәрсе екендігін тұжырымдайды. Бұл көзқарас мына зерттеу методологиясына сүйенеді:

  1. Гипотезаларды ұсыну
  2. Тәжірибе немесе бақылау
  3. Гипотезаларды түзету, растау немесе қабылдамай тастау
  4. Қорытындылау және бірінші кезеңге қайта өту

        Осылай психология статистикалық қайта өндіре алатындай нәтижелерге тіреле алады.

      Психология ғылым емес

    Грек, латынның кейбір сөздері өз ана тіліне айналып кеткен Батыс елдері(ағылшын, неміс, француз, итальян, испан, грек) үшін, "психология" сөзі - "руханият" деген мағынада ұғылады. Мысалы, қазақ үшін, арабтың "рух" сөзі қазақтың өз сөзі сияқты ұғылады емес пе?! Дәл сол сияқты, "псюхе" сөзі батыста "рух" деп ұғылады. Батыс елдері "Ағылшын руханияты", "Француз руханияты", "Грек руханияты" дегендей етіп өздерінің ұлттық руханиятын зерттеуге ден қойған. Яғни батыстағы "руханият жайлы ғылым" дегенің ақылға қонымды, пайдалы ғылым бола алады. Ал Кеңестік шекпеннен шыққан елдер үшін, оның ішінде Қазақстан үшін "психология" дегеннің не мағына беретіні де бұлыңғыр. Бізде, "псюхе" сөзін "рух" деп санамайды, "жан" дейді; ал "психология" дегенді "руханият" деу орнына "жантану" деп қателеседі. Батыс елдері "рухани даму", "рухани азық", "рухани кесел" дегендей мәселелерді қарастырып жатса, біздікілер олардың атауын ғана алып, "психикалық даму", "психикалық азық", "психикалық кесел" деп, ішкі мәнін дұрыс ұқпай шала түсінікті сөздерге айналдырады, сосын оның түпкі мәнін жеткізе алмай сандырақтап кетеді. Осы сияқты кемшіліктер, дәлірек айтқанда "былықтар" бізде толып жатыр. Сондықтан да Қазақстандағы "психология" ғылымы - ғылым емес. Әлбетте, оның ашқан жаңалығы да атымен жоқ. Мәселен, шет елдерде жасалып жатқандай кісітануға қажетті сын-сұрақтамалардың бірін де біздің "психологтар" жасай алған жоқ. Біздегілер Батыс елдеріндегі рухани жарамсыз қоқысқа саналған ескі тесттерін аударумен, көшірумен ғана айналысады. Мысалға, Батыс елдеріндегі ғалымдар, төрт темперамент түрін анықтау тесті түгілі, сол темпераменттің төрт түрі бар дегеннің өзін қате деп жоққа шығарған. Ал біздікілер "Айзенктің темперамент түрін анықтау тестін" енді аударып, студенттерге оқытуға кіріскен.[1]

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

      Еңбек психологиясы :Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады . 2. Педагогикалық психология Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 1. Оқыту; 2. тәрбие; 3. Ұстаз. 3. Медициналық психология Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. 4. Инженерлік психология Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор. 5. Жас ерекшелік психологиясы Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 1. Балалар; 2. Жеткіншектер; 3. Жастар; 4. Ересектер (акмиология); 5. Қарт адамдар психологиясы (геранто психология). 6. Арнаулы психология Адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуы. Ми ауруына ұшыраған психикалық күйзелістері мен осы саладағы себептерді қарастырады. Тармақтары: 1. Олигофрено психология – ми зақымы ауруымен туылған адамдардың психологиясының зерттелуі; 2. Сурдо психология – саңырау немесе керең адамдардың психологиясын зерттейді; 3. Тифло психология – нашар көретін немесе соқыр адамдардың психологиясын зерттейді. 7. Салыстырмалы психология Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейінге дейін психикалық дамуына тигізетін әсерлерді зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. 8. Әлеуметтік психология Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді. 9. Әскери психология Адамның соғыс жағдайы кезіндегі мінезі, соғыс техникасын меңгеру мен басқару әдістерін зерттейді.

Пайдаланылған әдебиеттер

   1. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет

   2. "Қазақ энциклопедиясы"

Психология ғылымының  салалары.

   Сонымен, қазіргі кезеңдегі психология - қалыптасудың әр түрлі сатысында тұрған және тәжірибенің түрлі салаларымен байланысқан ғылыми пәндердің тармақталған жүйесін білдіреді. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі деп әрекеттегі психиканың даму принципін айтады. Сондықтан психология салаларын жіктеудің негізі ретінде адамның іс-әрекетінің сан алуан түрлерін пайдаланады. Осының негізінде психологияның төмендегідей салалары бөлініп шығады:  
   Еңбек психологиясы - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке салалары болып табылатын бірнеше бөлімдерден тұрады: инженерлік психологиясы, авиация психологиясы, ғарыш психологиясы.  
Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады.     Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады [5, 22 б].  
Медициналық психология - дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: психикалық құбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін  
нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармакологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру жүйесін, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан;адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан.  
Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл салалар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын тармақтардан құралады, Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, сот тергеуін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т.б. жайттардың психологиялық астарларын қарастырады. Қылмыс психологиясы қылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы тұтқындағы адамдарды сендіру не күштеп істету арқылы қайта тәрбиелеудің жолдарын қарастырады.  
Әскери психологиясы - әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың қарамағындағылар арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, әскери азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру, психологиялық насихаттың және кері насихаттың тәсілдерін және т.б. мәселелерді зерттейді.  
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді. Әрбір ел мен халықтың спорт өнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.  
  Психология тармақтарын жіктеудің негізі ретінде дамудың психологиялық аспектілерін алуға болады. Бұл жағдайда даму принципі пайдаланылады. Енді психология салаларының келесі қатарын қарастырамыз:  
  Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық заңдылықтарын, ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін және әр түрлі психикалық үрдістердің онтогенезін зерттейді. Бұл сала келесі реттегі тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жасөспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және геронтопсихология. Осы сала оқыту мен ақыл-ойдың дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын түрлі әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді қарастырады [5, 24 б].  
Арнайы психология. Бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына шалдыққандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады.  
Арнайы психологияның мына тармақтары, атап айтқанда: олигофренопсихологыя - ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау не керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология — нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді.  
Салыстырмалы психология — психиканың филогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері ажыратылады. Бұл саланың жануарлар психологиясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы жан-жануар, жәндіктердің құлқын, әр қилы механизмдерін қарастырады. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс, жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен психологияның тоқайласқан жерінде этиология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, киттер сияқты дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындағы туа пайда болатын механизмдер зерттелуде.  
Әлеуметтік психология - адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерімен айналысады. Бұл сала адамдардың белгілі бір негізде ұйымдасқан топтары мен кездейсоқ топтары арасындағы өзара қарым-қатынастағы психологиялық құбылыстардың сырын зерттейді. Қазіргі кезеңде әлеуметтік психология қарқынды түрде дамуда. Әсіресе саяси, экономикалық қоғамның күрделі мәселелері. Сонымен қатар үлкен, ірі топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары. Бұл мәселелердің құрамына жалпы бұқаралық байланыстар: радио, теледидар, баспасөз т.б. кіреді. Әр түрлі топқа жататын адамдарға осы құралдар арқылы алуан түрлі хабарлар, көпшілікке тән талғамдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер, иланулар мен сенімдер, қоғамдық көңіл-күйлер жайлы әсер етудің психологиялық астарлары жеткізіледі. Бұған топтық психологияға қатысты мәселелер, этностық және ұлттық психология сипаттары, дін психологиясының өзекті мәселелерін зерттеу де жатады. Шағын топтардағы психологиялық-әлеуметтік жағдайлары жайлы мәселелер. Мұнда оңашаланып тұрақталған топтардағы адамдардың бірігуі, олардың өзара қарым-қатынастарының сыры мен жағдайы, топ ішіндегі жетекшінің алатын орны, әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми жэне бейресми топтар арасындағы қатынастар, сол топтардың шеңбері, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделері, шоғырлану деңгейі зерттеледі.  
Қоғамдағы адамның қасиеті мен әлеуметтік-психологиялық орны. Азамат - әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі. Осы ретте олардың жоғарыда аталған топтарда қандай рөл атқаратыны және соларға бейімделу ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ, қоғамдағы азаматтың өзін-өзі бағалай білуін, оның ұстамдылығы мен бағыт-бағдарын, ұжымшылдығы мен өзімшілдігін, тұрақтылығы мен болжампаздығын зерттеуге мән беріледі. Әлеуметтік психологияның тармақтары, яғни этностық психология, ұлт психологиясы және дін психологиясы әлеуметтік өмір тынысын жан-жақты қамтиды.  
Басқару психологиясы адам әрекетін тиімді түрде ұйымдастыру, басшылық ету ретінде қарстырылып, ұйымдастырудың белгілі бір мақсатын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап-тілектерін ескеру, басшы қызметкердің тұлғалық қасиеті мен басқару тәсілін дұрыс жолға қою мәселелерін қарастырады.  
Көркем, әдебиет пен ғылыми-шығармашылыққа қатысты психология. Соңғы кездерде зерттеле бастаған сала. Бұл салада шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы ішкі түйсігі, сезімдік рөлі т.б. сипаттары зерттеледі. Бұл сала бойынша әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары туралы мәселелер қарастырылады. Психологиялық аспектілерді қазіргі замандағы маңызды мәселелер ішінен (бейбітшілікті сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты меңгеру жэне т.б.); адамдардың күнделікті өміріндегі сауалдардан (тұлғалар арасындағы дау-дамайларды шешу, эмоционалдық күйден шығару және т.б.) байқауға болады. Бұл табиғи құбылыс, өйткені бұл мәселелер қалайда болмасын адамға қатысты, мұндай кезде бізді алдымен оның психикасы қызықтырады [6, 15 б].  
Жалпы психология салаларының ішінен ерекше орын алатынын айта кеткен жөн. Ол басқалармен бір қатарда тұратын психология ғылымының тармағы емес: бұл - психология айқындаған жалпы заңдылықтарды сипаттау кезінде қолданылатын ерекше атау.      Психологияның тарихы мен әдістемелерінің, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және байланысының жалпы заңдарын зерттейтін теориялары мен әдістерінің мәселелерін шешу жалпы психологияның міндеттеріне жатады. Ол танымдық және практикалық әрекеттерді зерттейді. Жалпы психология саласындағы зерттеудің нәтижесі - психология ғылымының барлық саласы мен бөлімдерінің дамуына негіз болады.  
Жалпы психология, пәні психологияның жалпы теориялық ұстанымдары мен маңызды әдістері туралы ғылыми ұғым береді. Қарастыруға ыңғайлы болу үшін, бұл ұғымдар үш негізгі дәрежелерге біріктіріледі: психикалық үрдістер, психикалық күйлер және психикалық қасиеттер, немесе ерекшеліктер, тұлғалар.

ҚОРЫТЫНДЫ:

     Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.  
    Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.  
   Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.  
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Информация о работе Психологияның тарихы