Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2013 в 12:59, реферат
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
Кіріспе
Психология – жан туралы ғылым
Негізгі бөлім
Психология ғылымының даму кезеңдері
Ежелгі замандағы психологиялық концепциялардың дамуы
Орта ғасырлардағы психологиялық концепциялардың дамуы
Қазіргі кездегі психологиялық концепциялардың дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
«Астана медицина университеті» АҚ
«Неврология, жалпы және
медициналық психология»
Тақырыбы: Психологиялық концепция
Орындаған: Ахметова А.Б.
107 ОМ
Тексерген: Исимова А.Е.
Астана қаласы, 2013 жыл
Жоспар
Психология – жан туралы ғылым
Психология ғылымының даму кезеңдері
Психология – жан туралы ғылым
Психология – психикалық
құбылыстардың пайда болу, даму және
қалыптасу заңдылықтарын
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлі бейнелері болып табылады. Олар көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың мәнін әрқайсысымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
Психология ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, оның даму тарихына екі жарым мың жылдай болды. «Психология» термині гректің екі сөзінен тұрады: «псю-хе»— қазақ тілінде «жан», «логос»—«сөз», «ұғым», «ой» деген сөздердің мәнін береді. Осы екі сөзді қоссақ, «жан туралы ғылым» деген мағына туады. Мұндай ұғым психология тарихында көп уақытқа дейін орын алып келген. Оны — «жан құбылыстарын зерттейтін ғылым» деп түсінген.
Психологияның зерттеу объектісі – осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы.
Психология ғылымының даму кезеңдері
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 жылдары бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері – психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар, сонымен қатар, психикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. Психология ғылымының дамуы бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Бұл кезеңдер сонау ежелгі заманнан бері қалыптасқан.
1-ші кезең. Психология – жан туралы ғылым
ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік
ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель
(б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Ол психика
туралы ілімді терең зерттеп, «Жан туралы»
еңбегін жазды. Аристотель бұл шығармасында
жан дүниесінің әрекетін шындық әдіс арқылы
зерттеп, оны тәжірибеге негіздеп құруды
мақсат етті. Ол психиканың тәнмен бірге
өмір сүретіндігін айта келіп, психикалық
әрекеттердің басым көпшілігін материалистік
тұрғыдан шешті. Екі жарым мың жылға созылған
осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен
(философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану,
т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX
ғасырдың екінші жартысынан былай қарай
ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес,
ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әр
түрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен
зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология
өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік
ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының
тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм,
идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың
үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы,
ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит
(б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды
(психика) оттың атомдарындай қозғалмалы
қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі
еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын
айтып, материалистік тұжырым жасады.
Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист
Платон (б.э.д. 427-347) керісінше «жан – мәңгі
өлмейді, өшпейді», - деп тұжырымдады. Психикалық
әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас
тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі
кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар
заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады.
Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби
(870-950) дүние - материядан құралады, ол жойылмайды,
бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере
береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді,
бір денеден екінші бір денеге барып орналаса
да алмайды деп материалистік тұрғыдан
дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский
(1225-1274жж) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның
денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы
пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың
кең өріс алуына мүмкіндік берді. Алайда
мұндай схоластикалық түсініктерін шындыққа
сай еместігін көз жеткізген ағылшын оқымыстылары
Гроссетест, оның шәкірті Роджер Бэкон
барлық ғылымдар тәжірибеге және математика
ғылымына сүйенуі керек деген тұжырым
жасап, Аристотельдік қағиданы жаңғыртты.
2-ші кезең. Психология – сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р. Декарт (1596-1650) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді. Оның теориясы бойынша, жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Д. Локк (1632-1704) сенсуализмнің (лат. sensus – сезім, түйсік) – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.
3-ші кезең. Психология – іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны «Мінез-құлық жөніндегі ғылым» деп қарастырған кітабы жарық көрді. Зерттеуші интроспекция (өз психикасын басқаратын заңдылықтарды ашу барысындағы бақылау) әдісін субъективті деп жоққа шығарды: оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм (қылық, жүріс-тұрыс) – сана жөніндегі декарттық–локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті. Бихевиористердің пікірі бойынша, психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әркім үшін белгілі, яғни мінез–құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу пәні өзгерді: сананың орнына мінез-құлық алынды, сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. «Сана» , «түйсік», «қабылдау», «ерік» деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы «байланыс» (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.
4-ші кезең. Психология – ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және, ең бастысы, қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмұны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына, тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз – объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге әбден болады. Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор. Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді, оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. Психика – қоғамдық-тарихи практикамен тексеріліп, құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм, гештальтпсихология, психоанализ немесе фрейдизм жатады.
Бихевиоризм (ағылш. «behavior(u)ism» - мінез-құлық) – психиканы мінез-құлықтың әр түрлі көріністері, организмнің сыртқы әсерге қайтаратын жауа реакцияларының жиынтығы.
Гештальтпсихология (неміс. «gestalt» - пішін, тұтастық) – жан құбылыстарының құрылысын тұтастай зерттеудің қажеттігіне ерекше мән берген бағыт. Оның негізін салған неміс ғалымдары Макс Вертгеймер, Вольфанг Келлер, Курт Коффка, Курт Левин және т.б.
Психоанализ немесе Фрейдизм – жан дүниесіндегі санасыз әрекеттердің (жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары) табиғатын зеттейтін бағыт. Негізін салушы – Зигмунд Фрейд. Ол адам санасының қалыптасу жолын түс көру, гипноз, түрлі ырықсыз құбылыстарды зерттеу арқылы түсіндіруге болады деп адам психикасының дамуында инстингтерге ерекше мән беріп, әлеуметтік фактор ролін жоққа шығарды. Фрейд құштарлық пен нәсіақұмарлықты тіршіліктің арқауы деп ұқты. Сананың роліне мән бермеді.
Психологияның негізгі
міндеті - психикалық іс-әрекетті оның
даму барысымен байланыстыра зерттеу.
Жылдар өте психология ғылымының
түсініктер қоры өзгерді, жаңа болжамдар
мен тұжырымдар үздіксіз өрістеуде,
психология бұрын кезікпеген эмпирикалық
деректермен толығуда. Бүгінгі күнде
психологияның әдіснамалық
IY. Пайдаланылған әдебиеттер