Психологиялық кеңес беру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 10:32, реферат

Краткое описание

Психологқа барып, өзің жөнінде ашық айту, оған қоса өзіңдегі және өміріңдегі бірдемені өзгертуді бастау үшін біршама батылдық қажет. Психолог клиенттерінің арасында әр қилы проблемалары мен сан алуан тілектері бар әр түрлі адамдар кездеседі. Олардың әрқайсысы өзінде өзі, өз қорқынышы, алаңдауы, күмәні мен күдігі, тілегі туралы айтуға батылдық тапты, ал бұл оңай емес. Психологтың клиенттері батыл адамдар.
Еш психолог сіз үшін проблемаңызды шешуді өз мойнына алмайды. Ол сізге проблеманы түсінуге және оны жеңу жолдарын белгілеуге көмектеседі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

кенес беру.docx

— 16.28 Кб (Скачать документ)

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ

 
 

Психологқа барып, өзің жөнінде ашық айту, оған қоса өзіңдегі және өміріңдегі бірдемені өзгертуді бастау үшін біршама батылдық қажет. Психолог клиенттерінің арасында әр қилы проблемалары мен сан алуан тілектері бар әр түрлі адамдар кездеседі. Олардың әрқайсысы өзінде өзі, өз қорқынышы, алаңдауы, күмәні мен күдігі, тілегі туралы айтуға батылдық тапты, ал бұл оңай емес. Психологтың клиенттері батыл адамдар.  
Еш психолог сіз үшін проблемаңызды шешуді өз мойнына алмайды. Ол сізге проблеманы түсінуге және оны жеңу жолдарын белгілеуге көмектеседі.  
Психолог көмегі қай кезде қажет: 
- сіз проблеманы шешудің барлық мүмкін болар тәсілдерін сынап көрдіңіз, алайда жағдай тек нашарлайды, сізде тұйық шеңбер бойымен жүргендей ғана сезім бар. 
- сіз күшті стрессті (жақын адамның дүниеден өтуін, денелік немесе моральдық зорлықты, ажырасуды және с.с.) бастан кешірдіңіз. Дегенмен уақыт бәрін емдейтініне үміт артуға болмайды. Кейде уақыт ұзақ мерзім емдейді, ал кейде онша сапасыз емдейді. 
- сізді «өмірде бірдеме ойдағыдай емес», «өзгеріс қажет» деген көмескі сезім қуалайды, бірақ сіз қай тұсқа қозғалуды және нені өзгертуді білмейсіз.  
- сіздің жан дүниеңізде онша анық көрінбейтін себепсіз ұзақ уақыт нашарлау бар: уайым, қайғы, бір сөзбен айтқанда торығу, жабығу (депрессия). 
Егер сіз мыналарды сезсеңіз: 
- жан дүние жайсыздығын; 
- өмірдің мәнінің, мағынасының жоғалуын; 
- сізді өзіңіздегі сенімсіздік мазаласа және өзіңізді сенімді ұстау қиын болса; 
- сіз өзіңізді бейтаныс адамдар арасында ыңғайсыз сезінсеңіз; 
- сізге өз мүдделеріңізді қорғау қиын болса; 
- сізге айналадағылар өзіңізді нашар түсінетіндей көрінсе; 
- сізге басқа адамдардың және өз жеке мінез-құлқыңыздың түрткілерін жақсырақ түсінгіңіз келсе; 
- сіз өз жеке күйзелістеріңізге ден қойсаңыз және айналадағылар сізді аз қуантса; 
- сіз туындайтын өмірлік қиындықтарды жеңуге күшіңіздің, тәжірибеңіздің, біліміңіздің жетпейтініне мазасыздансаңыз; 
- сіз өзіңізді түсінгенді қаласаңыз. 
Бұл жағдайда сізге психологиялық кеңес (консультация) алу қажет. Ол сізге күйзеліс өткірлігін алып тастауға, өзіңізді түсінуге, өтіп жатқандардың себептері мен салдарын түйсінуге, саналы ұғуға және өзіңізге сенімді нығайтуға көмектеседі және оңтайлы шешім іздеуге ықпал етеді. 
Не үшін психологқа барудың мағынасы жоқ: 
- өз өміріңізге жауапкершілікті оған арту үшін («менімен бірдеңе жасай салыңызшы»); 
- сиқырлы таяқша әмірі бойынша лезде сауығу кереметі үшін; 
- өз туыстарыңыз бен айналаңыздағы әлемді өзгерту үшін. 
Жұмыс клиентпен белгілі бір мерзімге келісім жасалған кезде қысқа мерзімді консультация режімінде өтеді. Жеке тілектер мен клиенттің жағдайына байланысты 3-25 сессиядан тұратын бағдарлама өткізіледі. Псиологиялық сабақтың міндеті – адами психиканың потенциалды мүмкіндіктерін өзекті ету, оның қалыпты қызмет етуіне кедергі келтіретіннің бәрінен арылу. 
Адамға сырттан мүлдем аз ғана демеу қажет және ол өзін-өзі аша бастайды: Психолог бар болғаны зерттеуші және басқа зерттеушінің-клиенттің көмекшісі ғана, сондай-ақ олар бірлесіп қалаулы нәтижеге жетеді. 
 


Информация о работе Психологиялық кеңес беру