Психология ғылымының дамуының тарихи контексі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2015 в 20:38, реферат

Краткое описание

Психология пәнің анықтау барысында кейбір психологтар бұл мәселені қарастырудан мүлдем бас тартқан. Кейде, әзіл түрінде «Психология дегеніміз – психологтардың айналысатын ісі» деп те айтады екен. Бұл анықтаманың қанағаттандырылмағаны оның , бірақ ол біз үшін мағынасыз емес. Өйткені соның төңірегінде әртүрлі тақырыпта пікір-талас болып, қоғамның материалдық және рухани өміріндегі психологтар шеше алатын және шешуге тиіс мәселер төңірегіндегі әңгімеге себеп болады. Психология сонымен қатар басқа да ғылым өкілдерімен тығыз байланыста.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ахмет Айдана.docx

— 33.47 Кб (Скачать документ)

           ҚАЗАҚСТАН   РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ 

                                                  МИНИСТРЛІГІ

 

                       Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті

                                                   Заң факультеті

 

 

 

 

 

                         Реферат

 

Пән: Психология

 

№1Семинар тақырыбы:Психология ғылымының дамуының тарихи контексі

 

 

 

 

 

                                                                                              Орындаған:Ахмет А

                                       Заң факультетінің 1 курс магистранты (1 жылдық)

                                                                                        Жұмыс көлемі: 12 бет

                                                                           Тексерген:Бердібаева С.Қ

   Психология ғылымының міндеттері мен салалары

Психология пәнің анықтау барысында кейбір психологтар бұл мәселені қарастырудан мүлдем бас тартқан. Кейде, әзіл түрінде «Психология дегеніміз – психологтардың айналысатын ісі» деп те айтады екен. Бұл анықтаманың қанағаттандырылмағаны оның , бірақ ол біз үшін мағынасыз емес. Өйткені соның төңірегінде әртүрлі тақырыпта пікір-талас болып, қоғамның материалдық және рухани өміріндегі психологтар шеше алатын және шешуге тиіс мәселер төңірегіндегі әңгімеге себеп болады. Психология сонымен қатар басқа да ғылым өкілдерімен тығыз байланыста. Ол туралы  В.А.Иванникованың   «Отрасли психологий» атты хрестоматиясында толық, әрі жан-жақты жазылған. Сондықтан да оқырмандарды соған бағыттаймыз. Ал, өзіміз қысқаша тоқталып  өтеміз. Психология басқа ғылыми дисциплиналардың барлығымен тығыз байланысты. Солардың ішінде биология ғылымдарымен және медицинамен.  Осыған байланысты бірнеше психология саласы «медицинская психология» деген  топқа топтастырылған. Ол топтарға: патопсихология – ересектермен балалардағы психикалық аурулар кезінде болатын психикалық және тұлғалық ауытқулардың диагностикасын, коррекциясын (түзету жұмыстары)  және профилактикасын зерттейді. Нейропсихология – психикалық іс-әрекет барысына ми құрылымының (қыртыс асты заттар, ми қыртысы зоналары) үлесін зерттейтін, сонымен қатар, мидың «локальды» зақымдануы кезіңдегі сәйкесінше пайда болатын бұл бұзылулардың диагностикасы мен коррекциясымен айналысады. Биологиялық ғылымдармен зоопсихология да тығыз байланысты, бұл ғылым эволюцияның әр сатысындағы жануарлардың психикалық бейнеленуі мен әрекет ерекшеліктерін зерттейді. Психофизиология – психикалық процесстердің нейрофилиологиялық механизмдерін зерттейді. Соңғы жылдары психологиялық гуманитарлық және қоғамдық ғылымдармен байланысы нығыздалып келеді. Әлеуметтік психология әртүрлі топтрарға енетін адамдардың психикалық бейнеленуі мен іс-әрекет заңдылықтарын зерттейді, және осы топтардың психикалық сипаттамасын қарастырады. Этнопсихология – адам психикасының ұлттық-мәдени шарттлығын зерттейді (ұлттық мінез, этникалық стереотиптер және т.б.). Тарихи психологияның зерттеу пәні әртүрлі тарихи кезеңдердегі адамдардың қажеттіліктерінің, түрткілерінің, танымдық процестерінің нақты тарихи ерекшеліктерін зерттейді. Соңғы жылдары «Психикалық қамтамасыз ету» мәселелерімен айналысатын психикалық дисциплиналар жиынтығы пайда болды. Олар саяси қатынастар сферасындағы іс-әрекеттерді «Психологиялық қамтамасыз етеді» (Саяси психология), құқық сферасында (заңгерлік, заң психологиясы), экомомикада (экокномикалық психология) және т.б. Психологияның нақты және техникалық ғылымдармен байланысы бар. Психологияның қолданбалы салалары ішінде ең жақыны еңбек психологиясы мен инженерлік психология. Еңбек психологиясы – адам (іс-әрекет) еңбек әрекетінің психикалық ерекшеліктерін зерттейді, ал инженерлік психология – жеке операторлардың әрекет ерекшеліктерін қарастырады. Еңбектің арнайы түрлеріне авиациялық және космостық психология зерттеулерді атап өтеді. Шартты түрде бұл қатарға педагогикалық психологияны да жатқызуға болады. Педагогикалық психология  – оқыту әрекеттерінің құралдарын зерттеп, әртүрлі оқыту бағдарламаларын «психологиялық қамтамасыз етумен» айналысатын психология ғылымының саласы. Психология үшбұрыш ортасында орналасқан, ол бұрыштарында сәйкесінше – жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық ғылымдар орналасқан. Сондықтан психолог болуы осы ғылымдардан хабардар болу керек. Бқл психолог мамандығын игеруді күрделендіреді, бірақ психологиялық зерттеулерді нақты өмірлік жағдайлармен қамтамасыз етеді. Кейбір психология салалары барлық ғылым салаларына бағыныңқы болып келеді. Оларға ең алдымен жас ерекшелік психологиясын, басқаша айтқанда, даму психологиясын жатқызуға болады. Бұл ғылым адамның психикалық өмірінің дамуы мен туғанынан соңғы күндеріне дейін зерттейді. Ең көп зерттелінген туғаннан жасөспірім кезіне дейінгі бөлігі. Соңғы кездері даму психологиясында ересек жастардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Адам өмірінің орта кездері әлі толық зерттелмеген. Енді жоғарыда айтылған ғылымдармен байланысты жалпы психология саласына талдау жасайық. Психологиялық факультеттерде дәстүрлі түрде оқытуды осы дисциплинадан бастайды. Жалпы психология туралы естігенде, көп адамның ойына «Адам туралы» жалпы психикалық ерекшеліктерді зерттейтін ғылым саласы деген ой келеді. Өкінішке орай, Бұл көзқарасты көптеген психологтар да ұстанады. Бұндай контекстіде жалпы психологияны психикалық әрекеттің дамуын мен функцияналдығының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым деп қарастырады. Ең алдымен ересек адамынң психикаылқ ерекшеліктері туралы айтылады. Жалпы психологиядан оқулықтарда «Таным процесстері психологиясы», жеке адам психологиясы деген тарауларды қамтамасыз етеді. Әрине, «жалпы» дегеніміз «бірдей» деген мағынаны білдірмейді. Мінез және темперамент психологиясын айтқан кезде, адамдар арасындағы индивидуалды психикалық ерекшеліктер туралы айту маңызды. Жалпы психологияның бұл бөлімі  дифференциалды психология деп аталады. Кейде дифференциалды психологияның жеке саласы ретінде қарастырып, жалпы психологияны қосымша ретінде айтады. Мысалы, «тұлғаның жалпы және дифференциалды психологиясы». Л.С.Выготский (1896-1934) – әлемдік деңгейдегі психолог- «жалпы психология» терминін әдеттегіден тыс қолданған. Оның пікірі бойынша жалпы психология – бұл «псимхологияның философиясы». Ол психология ғылымының методологиясын жасаумен оның категориалды құрылымын зерттеумен айналысады, сондықтан да өзінің зерттеу пәніне психикаынң жас ерекшеліктерін, патология кезінде психикалық функцияның коррекциясы мен бұзылу заңдылықтарын, әлеуметтік-психологиялық феномендерін жатқызуға болады, бірақ психологияның арнайы бөлімдеріне қарағанда, бұл сала оны абстракция деңгейінде зерттейді. Қазіргі уақытта өзін «жалпы психологпын» дейтін адам бірінші және екінші деңгейдегі мәселелерді шешумен айналыса алады. Жалпы психологияның   шешетін мәселелерге психология ғылымының тарихын зертеуді жатқызуға болады, сонымен қатар, ол өз алдында жеке дисциплина. Психология тарихын «жалпы психологияға» қосымша пән ретінде қарастырып, жалпы дамуы үшін оқу деген көзқарас дұрыс емес. Керісінше, психология ғылымының қазіргі жағдайын «қатып қалған тарих» ретінде қарастыруға болады. Психологияды барлық парадигмалар қолданбалы, яғни психология ғылымының фундаменталды мәселелерінің тарихи шешу жолдары – парадигма деп аталады. Сондықтан да біздің психологияға кіріспеміз – ең алдымен тарихи кіріспе. Маңызды психологиялық мәселелердің нақты психикалық шешімдерін қарастырып, психологиялық бағыттар мен ағымдарда бейімделуге мүмкіндік жасалады. Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған – қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек үстінде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейді. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлік т.б. болып бірнеше салаларға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру, кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеу жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту(алдын ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Адам мен технтканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялықө мәселелерді инженерлік психология зерттейді. Бұл соңғы кездерде кең өріс алған ғылыми келешегі мол психология салаларының бірі. «Адам – машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкенорын алады.инженерлік психологияның негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін(шаршау, болдыру т.б.) анықтау техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-ның алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау т.б. саналады. Сондай-ақ адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу т.б. жатады. Мұндағы инженерлік-психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор мәселелер болып табылады. Психологиялық ғылымдардың келесі бір топқа енуіне даму принципі басты негіз болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жас өспірім, балаң, кемел, егде жастағылар психологиясы, патологиялық психология(психикасы кеміс адамдарды зерттейтін сала), салыстырмалы, зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Ал, қоғам мен жеке адамның қарым-қатынас ерекшеліктерінен туындайтын түрлі жайттарды зерттеу ісімен әлеуметтік психология айналысады. Мәселен, балалар психологиясы қоғамдық тұрмыс пен биологиялық факторлардың баланың психикалық дамуына тигізетін әсерін зерттейді. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұтымның жеке адамдарға тмгізетін ықпалын зерттеу ісімен психологияның әлеуметтік(қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның спорт, сот, космос, кітапхана, сауда, өнер т.б. сияқты өмір салаларына байланысты да түрлері бар. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социолгия т.б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына игілікті әсер етіп отр. Мәселен, автоматтық машиналар мен тірі организмдерді басқару мәселесін қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттің заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерін(үлгілерін) қолдан жасап шығаруға мүмкіндік туғызады. Осының нәтижесінде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлі құбылыстармен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мінез-құлық нормаларын, адамгершілік принциптердің заңдылықтарын зерртейтін ғылым. Мораль мәселесінің кейбір жақтарын да (адамның моральдық сезімдері, саналылық дәрежесі) психология ғылымы қарастырады. Бірақ этикаға қарағанда психологияның зерттеу объектісінің көлемі ықшам. Психология сана құбылыстарының пайда болу жолын, қалыптасу жағдайын зерттейді, ал этика болса бүкіл адамгершілік қасиетке қатысты мәселелердің бәрін қарастырады. Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физиология, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңіндегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін, егемендік мен тәуелсіздіктің адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу – осы ғылымның басты міндеттері болып табылады. Республикада мектеп ісінің, сондай-ақ орта және жоғары оқу орындарының жеделдетіле дамуы бізге әлеуметтік және педагогикалық психологияның кейбір іргелі проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді. Мәселен, қазақ балаларының бірнеше тілді меңгеру мәселесі, шалғай ауылдардағы мектептердің оқу тәрбие процесінің рекшеліктері, халқымыздың бала тәрбиесіне байланысты ғасырлар бойы жинақтаған бай тәжірибесі, қазақ халқының этнопсихологиялық идеялары ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасауды қажет етеді. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ Бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ, өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет. Психикалық өмірді де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзіндік ерекшелігіне қарай дербес зерттеу әдісі болады, осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады. Егер ғылымда өзіне тән метод, яғни зерттеу әдістері болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән әдістері бар. Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлі тексерулерден етіп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекетті де белгілі мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер арқылы зерттейді. Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс – әрекеттері мен қылықтары, сез саптауы мен бет пішініндегі мәнерлі қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің, сезімі мен еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама жәрдемдеседі. Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі іс-әрекеттен оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана іс-әрекеттің бағыт – бағдарлы сипатта болуын камтамасыз етеді. Сана мен іс әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның мінез-құлықты реттейтін, басқарушылық функциясы да осы принципке негізделеді. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы іс-перскет үстінде зерттеу-ғылыми психологияның ең негізгі принципі. Қейбір психологтар: «Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзі берген мәліметтер шешуші орын алады, сондықтан да өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің деректеріне ерекше көңіл бөлу қажет»— “дейді. Бұл шындыққа жанасымсыз пікір. Мұндай жолмен адамның ішкі жан дүиесін білу қиын. Өйткені адам өзі туралы көп жағдайларда қателеседі, оның шынын айтқысы” келмеуі де ықтимал, сондай-ақ адам өзінің психологиялық ерекшеліктерін жете білмеуі, не оны бас-қа білеуге дұрыс жеткізіп бере алмауы мүмкін. Өзін-өзі байкау адам психикасын зерттеудің әдісі болып табылмайды, ол әркімнің өз басындағы рухани ерекшеліктерін аңғара алуын көрсететін бір факт. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнін, оның қалыптасу жолын түсіндіруге болмайтындықтан, психиканы объективтік жолмен зерттеуде біз осы принциптен ешбір ауыткы-мауымыз қажет. Психологияда адамның психикалық ерекшеліктерін зерттейтін бірнеше әдістер бар. Олардың бір тобы негізгі әдіс, екінші тобы қосалқы әдіс деп аталынады. Осында негізгі әдістердін біріне байқау  әдісі жатады.   Байқау    әдісі Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшсліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байкау әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның орскетіис әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет кұбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы әрекетіне байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері, темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап,  күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон т.б. пайдаланылады. Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қажетті кейбір шарттар: Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілінуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету; Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір ерекшеліктерін білу; Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыпу; зерттелінушінің сөз реакцияларын стенографиялап отыру, кейін оған мұқият талдау жасау, басты фактілерді іріктеп алу – осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі; Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға мектеп оқушысы алынған болса) мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Мектеп тәжірибесінде байқау әдісі арқылы оқу-тәрбие процесінің әр кезеңдерінде мұғалім оқушылардың сабақ үлгіруі мен тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу жөнінде тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі. Байқау әдістерінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да,  көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдатыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиетін жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде кемірек те болады. Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: ”Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады“ – деп тегін айтпаған.   ЭКСПЕРИМЕНТ Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарын көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды. Психологияда эксперимент лабораториялық және табиғи болып екіге бөлінеді. Енді бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент (тәжірибе) кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт (1832-1920) психологияны эксперименттк жолмен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Кейін келе олар секундтың 1/1000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып; кейбір психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы  Н.Ланге (1858-1921) эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А.Бине (1857-1911) алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардың I дүние жүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында бірнеше ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г.И.Челпанов (1862-1936) ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдыр академиясына қарасты Психология ғылыми-зерттеу инститиуты мен Ресей ғылым академиясына қарасты психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр.  Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар. Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін ашуды юасты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісібойынша шешуге болады. Көптеген физиологиялық және психологиялық лабороторияларда И. П. Павловтың шәкірттері бұл әдістің әртүрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде. Мысалы, осы әдіс арқылы проф. Н. И. Красногорский балалардың жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген. Эксперимент жүргізу үшін арнаулы лабороториялық мекемелер қажет болатынын айттық. Енді оқушыларды кейбір қарапайым аспаптардың атымен таныстырайық. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін – хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін – эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін  – тахистоскоп, естуді өлшеу үшін – аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру – эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтарда толып жатыр. Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі жағдайларға байланысты: Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері болжамының (гипотезасының) болуы тиіс; Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру, инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша арнаулы методикаға сай жүргізу; Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық жағынан дербес талдау жасау; Алынған мәліметтерге байланыстынегізгі және ішінара қорытындылар шығара отырып, эксперимент жүргізуде ащылған кейбір ғылыми деректерді (егер зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсарту үшін пайдаланса, бұл эксперименттің негізгі мақсатының орындалғаны болып табылады.     Табиғи эксперимент Эксперименттің екінші бір түрі – табиғи эксперимент деп аталынады. Табиғи экспериментті психологияға тұңғыш енгізген және оны өзінің зерттеулерінде көп пайдаланған көрнекті орыс психологы А. Ф. Лазурский (1874-1917) болды. Бұл әдістің байқау әдісінен айырмашылығы, мұнде эксперимент жүргізуші өзіне керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Егер оқушылардың ойлауын, сезімін, еркін зерттеу керек болса, бұл үшін психолог қандай болмасын бір әрекет ұйымдастырады. Мысалы, өзіне тән ережелері бар ойын ұйымдастырылса, сол ойын үстіндегі оқушалардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың психологиялық ерекшеліктері жазылып, кейін оған мұқият талдау жасалынады. Табиғи эксперименттің кейбір түрлері арқылы (оқыту, констатациялау эксперименттері т.б.) мұғалімдер оқушылардың кейбір қасиеттерін тәрбиелеуге, жетілдіруге, сабақ үлгіруі мен тәртіптілігі арттыруға мүмкіндік алады. Бір экспериментте III-IV класс оқущыларының ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасын анықтау үшін зерттеуші балаларға оқыған текстеріне ат қоюды, осы текстегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды талап еткен. Эксперимент  жүргізуші осы тәсілдер арқылы текстің мазмұнын оқушылардың қысқаша және жалпылай баяндай алуын, суреттер бойынша елестер туғыза алу мүмкінщілігін, сондай-ақ нақтылы образдарды қайта жаңғырту текстің мазмұнын толық түсінуге қандай әсер ететіндігін байқаған. Осы зерттеулерде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ой әрекетіндегі сөз бен көрнекіліктің арақатынасы үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы тереңдеп, жалпыланып қана қоймай, ондағы образдардың біртіндеп толық және мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. Психологияда бұл айтылғандар дан басқа да әдістер бар. Оларды қосалқы әдістер деп атайды. Мәселен, әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме көбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше мән беріледі. Зерттелушінің берген жауабы жазылып алынып (алынған мәліметтерді сол бойда жазып отырудың қажеті шамалы), кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Осындай қосалқы әдістердің қатарына адамның іс-әрекетінің нәтижесін талдау (яғни түрлі күнделік, естелік, хаттар, шығарма, мазмұндама, диктант, сын жұмыстары, түрлі формадағы творчестволық жұмыстарды талдау), өмірбаян (яғни зерттелінушінің туған күнінен бастап есейген шағына дейінгі даму жолын зерттеу, оның өмірбаян, естелік, мінездемелерін талдау), анкета (жазбаша) әдістері жатады. Мәселен, анкеттік әдіс арқылы кісі күні бұрын бланкіге жазылып қойылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады. Осы әдіспен әр түрлі топтың,  ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерініңқандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттегі сұрақтар шұбалыңқы келмей, ықшам, зерттеушілерге түсінікті тұжырымыдалып, жалпы саны 5-8 ден аспауы тиіс. Алынған материалдың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан өткізіледі де, қорытындысы ондағы үлкен цифрларға қарай жасалынады. Мәселен анкета толтырған бес жүз адамның төрт жүзі «Абай» романын оқыдық деп жазса, бұдан омы кітаппен оқырмандардың 80 процентінің таныс екендігін, сондай-ақ бұл шығарманың көпшілік сүйіп оқитын кітапқа айналғанын байқауға мүмкіндік туады. Мұның негізгі кемшілігі адам шын көңілдегісін жазып бере бермейді де оны қағаз жүзінде дұрыс көрсете алмайды. Әлеуметтік психологияда житі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі – сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен (респондент) әңгімелеседі, жол-жөнекей оның сөз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар юойынша жүргізеді. Сұрақ қоюшы сыналушының ниетін қас-қабағынан біле алатын әдісқой да тәсілқой, қырағы әрі білікті кісі болуы қажет. Мұнда анкета арқылы анықталуы қиын ұсақ-түйек детальдарды, мәселенің түрлі қатынастары мен түп төркінін аша түсуге мүмкіндік туады. Осы жерде зерттеушінің әңгімесіне ықыластанған адам кейде жансақ, екі ұшты мәліметтер беруі де ықтимал екендігін ескерген мақұл. Зерттеудің нақтылы-тылып тілегіне орай сұхбат ьірнеше салаға бөлінеді. Ол жеке адамдармен де, сондай-ақ әр түрлі топтармен де (үйелмен, дос-жарандар т.б.) жүргізіледі. Мүның стандарттық, сондай-ақ алдын ала жасалған бағдарлама бойынша ауқымды тақырыптың төңірегіне құрадлған түрлері де бар. Түрлі жан қуаттарының құрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауға, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде көптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч. Спирмен (1904). Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалыс т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеугі болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б. М. Теплов, В. Д. Небылицын) зерттеуда пайдаланады. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу электрондық өлшеуіш машиналарының (ЭВМ) көмегіне сүйенеді. Тест әдісі балалардың білімі мен икемділігі, бейімділігі, жалпы ақыл ойының даму ережесі, не жекелеген жан қуаттарының дамып, қалыптасуы жөнінен мағлұмат алуға көмектеседі. Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленген жас белгілері негізінде жүргізіледі. Тест арқылы бала өз жасына қарағанда дұрыс дамыған ба, не оның дамуында өз кезеңінен ауытқушылық (жоғары, төмен) бар ме деген сауалдарға жауап алынады. Тестке толық орындауы мүмкін болмайтындай етіп іріктеу қажет. Тапсырма жас мөлшері біркелкі балаларға (кемінде 200) бірдей беріледі де, мұндағы жауаптардың орта (барлық бала бойынша ортақ балл) есебі шығарылады. Осы орта есеп жас мөлшерлік норма болып есептелінеді. Тест тапсырмаларын тексеру, жас мөлшерлік норма белгілеу тесті стандарттау деп аталады. Мұндай тестке кейін ещқандай өзгеріс енгізілмейді. Баланың ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тестерді интеллектік тесттер дейді. Мұнда әр түрлі ақыл-ой әрекетін қолдануды талап ететін зерттелінушіге бұрыннан таныс емес тапсырмалар болады. Осындай тест баланың ақыл-ойға байланысты берілген тапсырманы қандай дәрежеде игергенін байқауға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын іріктеуге ғылыми тұрғыдан қараудың маңызы зор, ө йтпеген жағдайда оның қорытындалары бала ақыл-ойының дамуын бұрмалап көрсетуі мүмкін. Тест баланың мектептегі оқуға әзірлігін, сондай-ақ психикалық бамуы кешеуілдеп қалғандардың ерекшеліетерін танып-білуде көмек көрсете алады. Адамның жан дүниесінің сырын жақсырақ түсіну үшін бұл әдісті аталған әдістермен қосарластыра пайдаланған дұрыс. «Біз әдетте, адамды жұмыста іс-әрекетіне қарай бағалаймыз, дегенмен, адамды жан-жақты бағалаудың өлшеміне оның отбасындағы, тұрмыстағы, ұжымдағы және одан тыс жерлердегі мінез-құлқы да енуге тиіс» (Д. А. Қонаев). 
 


Информация о работе Психология ғылымының дамуының тарихи контексі