Психология тарихы.Психологиялық концепциялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2015 в 11:08, реферат

Краткое описание

Психология —адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым,кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық,кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Психологияның тарихы
1.1 Ежелгі дамуы
1.2 Ерте жаңа заман
1.3 Жаңа заман
2.Психологияның эксперименттік әдістері және концепциялары
3.Психология салаларын таптастыру және оның әдістемелері
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Астана медициналық университеті.docx

— 62.26 Кб (Скачать документ)

«Астана медициналық университеті» АҚ

Медициналық психология және коммуникативтік машықтар кафедрасы

 

 

 

 

 

    СӨЖ

 Тақырыбы:     Психология тарихы.Психологиялық концепциялар

          

 

 

 

                                                                         Орындаған:   Байдулла Зульфия

                                                                         Топ:  104 ЖМ

                                                               Қабылдаған:

 

 

 

 

 

 

                                            Астана 2015 ж.

 

Жоспар

 

І.   Кіріспе

ІІ.  Негізгі бөлім:

1.  Психологияның тарихы

1.1  Ежелгі дамуы

1.2  Ерте жаңа заман

1.3 Жаңа заман

2.Психологияның эксперименттік  әдістері және концепциялары

3.Психология салаларын  таптастыру және оның әдістемелері

ІІІ.  Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

          Психология —адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым,кей-кезде адам  мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық,кәсіпкерлік, кей жағдайда  саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айрықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.

Адам- психология ғылымының зерттеуінің негізгі нысаны

         Психология – психикалық құбылыстардың  болу, даму не қалыптасу  заңдылықтарын  зерттейтін ғылым.

         Психикалық құбылыстар бізді  қоршап тұрған сыртқы дүние  заттары мен құбылыстарының мидағы  әртүрлі бейнелері болып табылады.Олар  (түйсік,елес,ой,сезім,тілек,қабілет,мінез,әдет т.б) көпшілігімізге тәжірибемізден мәлім,тілімізде жиі кездесетін ұғымдар.Бір қарағанда  бұлардың мәнін әр қайсысымыз тез ажырататын да,білетін де сияқтымыз.Психикалық қбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады.Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды,олардың өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.

 

 

 

 

 

     Психология ерте замандардан келе жатқан білім салаларының бірі.Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады:оның біріншісі – «псюхе» жан, екіншісі – «логос» ғылым,ілім. Сонымен, бұл сөз «жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.

Психологияның зерттеу объектісі

Психологияның зерттеу объекті — осы күннің өткен ғасырлардан бері келе жатқан дау мен талқылаудың тақырыбы. Бұл күрделі дауға шешім табатындай пікірлер қалыптасқан әдет-ғұрып  бойынша бірнешеу, атап айтсақ, психологияның зерттеу объекті — мінез-құлық пен оның қалыптасуы; ойлау үдірістері; эмоциялар  мен пейіл;тұлға; адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б.

Психологияның әртүрлі тараулары қолданған әдіс (клинакалық немесе тәжірибелік), немесе адамның әрекеті (жұмыс, еске салу, есте сақтау, еске түсіру, сезу, тәлім тану, т.б), немесе зерттеу бағыты (бала дамуы мен руханияты, Келбет руханияты, жануар жан дүниесі) арқылы ажыратылады.

Психологияның кей тараулары басқа ғылымдармен бірге немесе өзара көрші зерттеу өрістері ретінде немесе бір зерттеу өрісінің салалары ретінде үйлеседі. Бұл тараулар, мысалы психологияның бір тарауы — рухани бұзылыстарды зерттеу үшін патологияны белгілеу өте күрделі, тұлға патологиясын ақыл−ой паталогиясынан ажырату — одан әрі күрделі.

Ақыр соңында психология мен философия арасында көп уақыт бойы қарым—қатынас өте жақын болды, ажыратылмас десе де болар, себебі бұрын психология пәлсапаның, іс әрекет, т.б. қалыптасқан пәлсапа тақырыптары психологияда кездеседі) бір бөлімі екендігін де ұмытпау қажет. Осылай психологияның кей салалары пәлсапалық тақырыптарды зерттеуге бағытталған (персонализм, гуманизм, биологизм, т.б.).

Психологияны зерттеу өрісінде басқа да антропология, социология сияқты қоғамдық ғылымдармен де соқтығыстыруға болады.

Ең аяғында психологияны теориялық немесе практикалық жағынан анықтау — бүгінгі күннің шешілген мәселесі емес.

Психология ғылымы ертеден қалыптасқан ғылым салаларының бірі болып табылады.Ендігі психологияның даму тарихына тоқтала кетсек.

      Ерте замандарда  пайда болып, ғасырлар бойы жаңсақ  сенім-нанымдар мен кейбір зиялылардың  көзқарастарында келген түсініктер  бойынша,адамда тәннен тәуелсіз  «жан» болады,мәңгі –бақи жасайтын  жан адамның барлық психикалық  тіршілігінің (ойының,сезімінің,еркінің) иесі де, себепшісі де.Жан туралы осындай жалған түсініктің пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсіне алмауы себеп болған.

       Олар  дүниеде табиғатқа бағынбайтын,одан  оқшау тұратын ерекше бір сиқырлы  күш бар,ал жан болса , соның  бір көрінісі,ұйқы кезінде ол  денеден уақытша шығып кетеді де,адам оянған кезде қайтіп келеді, егер келмей қалса,адам өледі деп тұжырымдады.Жан туралы осындай анимистік(барлық нәрседе де жан бар дейтін ) пікірлер кейбір тайпалардың арасында күні бүгінге дейін кездеседі.Мәселен,Лусан аралының(Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды.Өйткені олар ұйқы кезінде адамның жаны басқа жақта жүреді дейді.Тасманиялықтардың тілінде жан мен көлеңкенің ұғымы бір сөзбен беріледі,өйткені олардың ойынша жан мен көлеңке бір іспеттес нәрсе.Абипон тайпасының индеецтері «лоакаль» деген сөз арқылы көлеңкенің ,жанның,дыбыс берудің,бейненің ұғымын береді.Жан туралы осы тектес қарапайым түсініктердің пайда болуы – адамдардың өздерінің дене құрылысы жайында ғылыми түсінігі жоқ кездерде,яғни жан мен тәннің бір-бірімен байланысын дұрыс ажырата алмай,оны өлгеннен кейін денеден шығып кететін,мәңгі бақи өмір сүретін нәрсе деп ұғынудың нәтижесі еді.

          Жан туралы ғылыми түсінік  ежелгі гректердің әмбебап ғалымы  Аристотель (384-322) есімімен байланысты.Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет , жаратылыстану т.б)аралас,астарласа дамып келеді.ХІХ ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық ,аспаптардың көмегімен зерттей бастады.Осы кезден бастап,психология өз алдына дербес отау тігіп,тәжірибелік ғылым ретінде дамыды.

         Психология ғылымының тарихы  да біріне-бірі қарама-қарсы екі  бағыттың материализм, идеализм  ой-пікір тартысына толы.Мысалы,етедегі  грек ойшылдарының бірі Демокрит  (460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомарындай қозғалмалы қасиет деп түсінді.Ол жанның мәңгі еместігін ,оның өсіп,өшіп отыратындығын айтып,материалистік тұжырым жасады.Сол заманның екінші бір ойшылы,идеалист Платон (427-347) керісінше «жан мәңгі өлмейді,өшпейді» ,-деп тұжырымдады.

          Психикалық әрекетті осылайша  екі түрлі көз қарас тұрғысынан  түсіну,қоғам дамуының кейінгі  кезеңдерінде,әсіресе орта ғасырлар  заманынан бермен қарай кең  өріс ала бастады.Шығыстың ұлы  ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби  (870-950) дүние материалдан құралады,ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп,өзгере береді,жан денеден бұрын өмір сүрмейді,бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса,батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274) жанның мәңгі өлмейтіндігі,оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді әрмен қарай дамытып,осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік береді.

   Психологияның дамуы 3 кезеңнен тұрады:

  1. Ежелгі даму
  2. Ерте жаңа заман
  3. Жаңа заман

 

Ежелгі дамуы

Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның біріншісі — шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын жан дүниесі жайлы тұрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып келеді. "Психология" терминінің бірінші қолдануы 1590 жылы Неміс  пәлсапасышы Рудольф Гокельге беріледі. Алайда одан алты ғасыр бұрын Хорват гуманисті – Марко Мауролиц бұл терминді өзінің кейіннен жоғалған еңбегінің есімі ретінде қолданған. Бұл әрине терминнің ең бірінші қолданылуы болмауы мүмкін, бірақ бұл бүгінгі күндегі терминнің ең алғашқы құжатталған қолданылуы болып есептеледі.

Бұл термин қауымның кең қолданылуына неміс идеалист пәлсапасышысы

Кристиан Вольфтің (1732-1734) Psychologia empirica және Psychologia rationalis (1732-1734)атты еңбегі жарық көргеннен бұрын енбеген. Эмпирикалық және рационалды психологиялардың арасындағы бұл ажыратылуы Дидьероның Энциклопедиясынан алынып, ФранциядаМэң де Биғанның  көмегімен кең тараған.Біздің жыл санауымызға дейінгі мыңдаған жылдар көлемінде ежелгі Шығыс елдерінде (Үнді,Қытай,Мысыр,Араб т.б)қазіргі ғылым негіздері ,ілкі бастаулары қалана бастаған.Мәселен,адамның жан дүниесін жүректің басқаратыны,организмнің жеке мүшелері мен қызметтері,мұндағы қан айналымы түрлі сұйықтар қызметіне байланысты екендігі туралы үнді ойшылдарының пікірлеріерекше назар аудартады.Сондай-ақ ілімнің бес мың жылдық тарихы Қытай елінде де адам темпераменттер туралы психофизиологиялық түсініктер,Конфуцийдің психологиялық қасиеттердің туыстан берілетін,оны кейіннен  сыртқы орта бұзатыны жайлы,моральдық-этникалық түсініктері ,қазіргі психологияның отаны деп жүрген грекиядағы антикалық дәуірінен әлде қайда бұрынырақ айтылған түйәндер еді.

Өзінің "жан" мен "тану" деп көне грек тілінен аударылған түбірлеріне қарамастан, психология ғылымы өзінің діни мәнінде адам жанының зерттеуі болып тек одан көп уақыт өткеннен кейін, христиандық заманда танылды. Психология медицинаның тарауы ретінде танылуы Томас Уиллистің  ми функцияларының мәніндегі "Жан Доктринасы" мен анатомиялық трактаты "Хайуан Жандар Жайлы Екі Пікірлесу" ("De Anima Brutorum") атты еңбектерінде көрінеді. 19шы ғасырға дейін психология пәлсапаның бір тармағы ретінде қарастырылды.

 

Ерте жаңа заман

1879 жылы "психологияның  атасы" болып танылған Вильхем Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты. Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады. Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты  атап айту керек. Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері,невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроскотивтік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.

 

Жаңа заман


Ноам Хомский

Әйткенмен бихейворизм  айтарлықтай жаңалықтарды ашса да, адам іс-әрекетін зерттеуіндегі жолбасшысы болуы үшін жеткіліксіздігі анық көрінді. Ноам Хомскийдің Скиннердің "Ауызша Іс Әрекет" (сөйлеуді бихейвористтік теория моделіндегі мүліктену жайлы) атты кітабі жайлы шолуы бихейворизм патшалығының біту себебінің ең басты факторларының бірі болып танылады.

Өзінің туғызушы грамматика теориясында Хомский тіл  үйренутек шарттастық  арқылы орын алынбайтығын дәлелдеді. Адам мағынасы мен құрастырылуы жағынан бірегей сөйлемдерді тек табиғи тіл тәжірибесі арқылы өндіруі мүмкін емес. Бұл бихейворизм алдамшы деп мойындамаған ақыл-ойдың ішкі ахуалының бар болуын білдіреді. Альберт Бандура балалар тек қоғамдық бақылау арқылы, яғни көрінген мінез-құлықтың өзгеруінсіз үйренуінің мүмкін еместігін көрсетті.

Гуманистік психология өзінің қайратты дамуын 1950 жылдары көріп, ақыл-ой зерттеуінің позитивистік және ғылыми әдістемелеріне кертартпа ретінде жалғасты. Ол адам тәжірибесіне қараған феноменологиялық көзқарасты айырықшалап, адам мен оның іс-әрекетін сапалы зерттеу арқылы түсінуді іздейді. Гуманисттік әдістеменің тамырлары экзистенциалісттік және феноменологиялық пәлсапада табылады, және де гуманисттік психологтар ғылыми ідңстемені мүлдем қабылдамай, адам тәжірибесін өлшемдерге көшіру оны барлық мәні мен маңыздылығынан айырады деп тұжырымдайды.

Бұл мектептің негізін қалаған кей теоретиктер — адам мұқтаждығының иерархиясын шығарған Эбрахем Маслоу,клиент айналасында орнаған терапияның жасаушысы Карл Роджерс  және Гештальт терапиясын тудыру мен дамуына ат салысқан Фринц Перлс. Компьютерлік технологиялардың дамуы ақыл-ой әрекетін инфомация өңдеу ретінде қарастыруға әкеп соқтырды. Бұл ақыл-ойды ғылыми түрде зерттеумен, ішкі ақыл-ой ақуалдырының бар болуы туралы сеніммен серіктесіп, когнитивизмнің дамуы мен оның ақыл-ой модельдерінің доминанттысының болуына әкелді. Ми мен жүйке жүйесінің әрекеті арасындағы қатынас кең тарады, бұл бір жағынан Чарльз Шеррингтон  және Дональд Хебб  сияқты адамдардың зерттеулері, екінші жағынан ми зақымдалуы туралы зерттуелерге байланысты. Ми әрекетін дәлділікпен өлшеу технологияларының дамуымен бірге невропсихология мен когнитивтік невроғылым бүгінгі күннің ең іскер өрісі болып танылды. Басқа ғылымдармен (пәлсапа, информациялық технологиялар, невроғылым) үлкейіп келе жатқан қарым қатынаспен бірге ақыл-ойды түсіну және шығындарды өнімді түрде пайдалану үшін әртүрлі салаларды бір шатыр астына бекіткен ғылым — когнитивттік ғылым жаратылды.

Психологияның эксперименттік әдістері:

1.Байқау әдісі

2.Тәжірибе

3.Қосалқы әдестер.

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын,сөз реакцияларын,түрлі қимыл-қозғалыстарын ,мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады.Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуатының көлденеңінен кез болуын күтіп тұрмай,сол процесстің тууына өзі жағдай жасайды.Жоғарыда айтылғандардан басқа да әдістер бар.Оларды қосалқы әдістер деп атайды.

 

Психология салаларының таптастыруы мен оның әдістемелері

1

Психология салалары

Сипаттама

 

1

Еңбек психологиясы

Адамның еңбек іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының даму заңдылықтарын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып ұйымдастырады .

 

2

Педагогикалық психология

Оқу, тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін зерттейді. Оқу материалының мазмұны мен көлемін анықтау, балалардың жас мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын балалармен жұмыс істеудің жоспары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту (алдын-ала жасалынған үлгіге қарап оқыту әдісін ұтымды етіп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелердің бір тобы. Тармақтары: 
1. Оқыту; 
2. тәрбие; 
3. Ұстаз.

 

3

Медициналық психология

Дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мінез-құлқының түрлі құрылыстарын зерттейді. Емдеу мен психотерапияның психологиялық әдістерін жасаумен айналысады. Ол өз тарапынан нейропсихология, психофармакология, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтін салаларға бөлінеді.

 

4

Инженерлік психология

Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» жүйесінде әрекетті тиімді етіп ұйымдастыру, басқару жүйелерінің құрылымын үйлестіру, мұндағы творчестволық міндеттерді тиімділікпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативті модельдер қалыптастыру үлкен орын алады. Негізгі проблемаларына операторларды кәсіптік тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиісті информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйін анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нің алгоритмдеріне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлі агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешеліктерін, оның ерік-сезім сферасын, интеллект деңгейін зерттеу жатады. Мұндағы инженерлік психологиялық міндеттерді шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшін қолданбалық мәні зор

 

5

Жас ерекшелік психологиясы

Қалыпты адам психологиясының даму заңдылықтарын нәрестелік кезеңнен қарттық кезеңге дейінгі психологиялық ерекшеліктер мен заңдылықтарды зерттейтін психология саласы. Тармақтары: 
1. Балалар; 
2. Жеткіншектер; #3. Жастар; 
4. Ересектер (акмиология); 
5.Қарт адамдар психологиясы (геранто психология).

 
 
 

6

Әлеуметтік психология

Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық көріністерін, индивидтің басқа адаммен өзара қарым-қатынасын, адамдардың психологиялық үйлесімдігін, үлкен топтардағы әлеуметтік психологиялық көріністерді зерттейді.

 

Информация о работе Психология тарихы.Психологиялық концепциялар