Психология тарихының даму кезеңдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2013 в 04:04, реферат

Краткое описание

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады.
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. )

Прикрепленные файлы: 1 файл

психология Документ Microsoft Office Word.docx

— 28.12 Кб (Скачать документ)

Психология тарихының  даму кезеңдері. 
Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары. 
1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ .” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады. 
1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ).Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX- ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді. 
2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-16650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. 
Д.Локк(1632-1704) сенсуализмнің –ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі.Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан ,яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді.Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап,сана туралы ілімде іс жұзінде декарттық тұрғыда қалып қойды. 
3-ші кезең.Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде. 
1913жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді .Зерттеуші интроспекция әдісін субъективті деп жоққа шығарды :оның нәтижесінде алынған деректерді Уотсон тек бақылаушының өзі үшін ғана нақтылы нәрсе деп есептеді. Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды . “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы 
“байланыс”( ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды.Психологиялық зерттеулердің мақсаты –ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу. 
4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді. 
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың ,құбылыстардың ,оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни ,объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады.Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне ,мүддесіне,сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады.Сондықтан да бейнелеу субъективті.Осылардың бәрі психика дегеніміз-объективті дүниені субъективті бейнел ендіру деуге әбден болады. 
Психикалық бейнелеудің дұрыстығын мойындаудың принциптік маңызы зор.Себебі нақты осы қасиет ақиқатты танып-білуді,оның объективті заңдылықтарын анықтауды және одан кейінгі жерде оларды адамның теориялық және практикалық қызметінде қолдауды мүмкін етеді. 
Психика-қоғамдық –тарихи практикамен тексеріліп,құпталған дүниенің шынайы да дұрыс бейнеленуі. 
Негізгі психологиялық теорияларға бихевиоризм,гештальтпсихология, психоанализ,іс-әрекет теориясы,гуманистік психология.

  • тарихы
  • Бірінші психикалық түсініктер Грецияда, Египетте, Римде, Қытайда пайда бола бастады. Ерте заманда психика жөніндегі түсініктер аналистік сипатта болды. Анализм - әр заттың жаны бар деген мағынаны білдіреді. Гелозоизм – психика барлық материалдарға тән. Гераклит : дүниедегі заттар мен құбылыстар әр уақытта өсуде, өнуде болды. Соған байланысты адам жаны да сыртқы әсеріне байланысты өзгеріп тұрады. Демокрит: психикалық процестер көзге көрінбейді, олар ұсақ атомдар әсерінен пайда болады. Адамның қабылдауы бізді қоршап тұрған сыртқы дүниедегі атомдардың біздің сезім мүшелерімізге әсер етуден пайда болады. Дуализм – жан мен тән бөлек құбылыс. 
    Аристотель – жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды. Ол біртұтас процесс. Тән организм болса, жан – сол организмнің мазмұны.Ол жанды 3-ке бөледі: жәндіктер, жануарлар, адамдар жаны. 
    XVIғ.басында француз философы Декард рефлекс деген ұғымды енгізді. 1874ж. Германияда бірінші психологиялық лаборотория ашылды.Оны ашқан неміс психологы Велгени Вунд. 
    3.Ми және психика. 
    Психика мидың қасиеті болып табылады.Ми мен психика әр уақытта байланысты. Адамның бас миында 15 милиардтан астам нерв талшықтары орналасқан. Адамның бас миы 4 бөліктен тұрады: 1) маңдай . 2) самай. 3) желке. 4) төбе. 
    1)Маңдай – адамның оқу, жазу процестерін реттейді. 
    2)Самай – естуді қамтамасыз етеді. 
    3)Желке – адамның көру мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. 
    4)Төбе – қимыл-қозғалыстарды реттейді. 
    Адамның нерв системасы 2 бөліктен тұрады: 1)Орталық – бас ми және арқа ми. 2)Перифериялық – бүйрек, жүрек, бауыр, өкпе және бұлшық еттер. Орталық және перифилиялық нерв системасы сырттан және іштен түсетін информацияларды өңдеп отырады. Организмнің барлық органдарын орталық нерв системасы арқылы байланысады.Сырттан бас миға келетін импульстер эфференгтер деп аталады. 
    4.Психика және сана. 
    Психиканың 2 деңгейі бар. 1)Жоғарғы деңгейі – сана, 2)Төменгі деңгейі – санасыздық. 
    Сана – психиканың ең жоғарғы формасы. Бұл адамның еңбек әрекетінде басқа адамдармен бірқалыпты қатынасуында қалыптасқан қоғамдық тарихи жағдайлардың нәтижесі. Сана заттар мен құбылыстардың адам миында сезім мүшелері арқылы байқалады. 
    Сананың құрылысы:  
    1)Сананың өзі. 
    2)Объект пен субъектіні айыру. Жеке адам өзінің санасына сүйене отырып, өзін және өзінің әрекеттерін басқа адамдармен ажырата алады. Яғни адамдардың « мен және мен емес» деген ұғымды ажыратуды. 
    3)Адамның өзінің іс-әрекетінде мақсаттың қойылуы. 
    4)Керекті қатынастарды орнату. 
    Психологияның төменгі деңгейі – санасыздық деп аталады. Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есептің берілмеуі.  
    Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық – сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңдану. 
     
     
    Адамзат қоғамында және жануарлар дүниесінде  
    психиканың дамуы. 
     
    1.Психиканың пайда болуы. 
    2.Психиканың филогонездегі дамуы. 
    3.Сананың пайда болуындағы еңбектің ролі. 
    4.Сана және тіл. 
    5. Адам психикасы мен жануарлар психикасының айырмашылығы. 
     
    Академик Орпореннің теориясы бойынша тірі материяның пайда болуы үшін органикалық заттар бір-бірімен қосылуы керек болады. Органикалық қоспалардың дамуы нәтижесінде молекулалар пайда болады. Молекуланың зат алмасу процессінде сыртқы әсерлерге жауабын тітіркенушілік деп аталады. Тірі организмдерге тән ерекшелік бұл тропизм. Өсімдіктер мен жәндіктердің түрлі сыртқы ортаға бейімделу формасын тропизм деп аталады. Тропизмнің түрлері: 1)Фототропизм – жарықтың әсерінен органиканың өзгеруі. 2)Термотропизм – температураның әсерінен органиканың өзгеруі. 3)Хемотропизм – органиканың белгілі бір физикалық және химиялық ортаның берілуі. 4)Топотропизм – механиканың тітіркендіргіштерінің әсерінен органиканың қозғалуы. 
    Жәндіктерде біртіндеп сезімталдық қасиет пайда болады. Сезгіштік – органиканың сыртқы ортаны түйсіне алу сезімі. Жәндіктерде нерв системасы пайда бола бастады. Яғни Ганглийтүйіндері деп аталады, нерв клеткалары пайда болады. Бұл құрттар мен құиырсқаларға тән. Біртіндеп жәндіктерде іс-әрекеттері де күрделене бастайды. Құрт-құмыпсқалардың мінез-құлықтары іштен туа бітке, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін инстенгтивтік мінез-құлық. Инстинг дегеніміз – органиканың белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтардың түрі. Оның 3 түрі бар : 1)қорғаныс. 2)тамақтану. 3)жыныстық. 
    Біртіндеп жәндіктердің ми құрылысы күрделене бастайды. Жануарларда түрлі иіс сезу, дәм сезу қабықтары пайда бола бастайды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы да тез және оңай болады. 
    Дағды – бір әрекеттің қайталана берілуінің нәтижесінде бірте-бірте жасалынатын іс-әрекет. Инстингтің физикалық негізі шартсыз рефлекс, дағдының физиологиялық негізі шартты. Жоғарғы сатыдағы жануарлардың берілуіне интелектуалдық мінез-құлық тән. Жоғарғы сатыдағы жануарларға тән ол – еліктеушілік. Сана – тек жеке адамға тән дара қасиет. Адамға жеке санамен қатар өмір сүрген ортасына байланысты қалыптасқан қоғамдық санада болады. 
    Сананың қалыптасуындағы тілдердің функциясы: 
    1)Тіл сыртқы дүниедегі жағдайлар мен заттарды жеке сөздер арқылы белгілей отырып, керекті заттарды басқалардан бөліп алып, оларға зейін қойып және оларды есте сақтауға мүмкіншілік береді. 2)Тіл заттарды талдап қорытады. 3)Тіл тек қатынас құралы емес, сонымен бірге ойдың басты құралы. 
    Жануарлар психологиясы мен адам психологиясының арасындағы айырмашылық: 
    1)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта биологиялық матифтермен байланысты жануарлардың мінез-құлқы негізінде биологиялық қажеттілік жатыр. 
    2)Жануарлардың мінез-құлқы барлық уақытта тікелей қабылданған стимулдармен ғана анықталады. 
    3)Жануарларда біоеудің тәжірибесін ұғынып, оны басқаларға жеткізу болмайды. 
    Адамның саналы әрекеттерінің жануарлардан айырмашылығы: 
    1)Адамның іс-әрекеті күрделі қажеттіліктермен сипатталады. Оларды жоғарғы қажеттіліктер деп атйды. 
    2)Адамның саналы әрекеті сыртқы ортадан алған әсерлерін ғана анықталмайды. Адам баласы сыртқы ортадағы жағдайларды өте терең бейнелей алады. Олардың себепті байланыстарын да анықтай алады. 
    3)Еңбек құралдарын жасап, оны пайдалану. Адам баласы еңбек құралдарын боспар бойынша жасап, оны керекті уақытта ғана пайдаланып, сақтап қояды. 
    4)Қоғамдық тәжірибенің берілуі. Адамдарда, жануарларда да өзіне тән тәжірибесі бар. Бірақ адам баласы ғана қоғамдық тәжірибені иемдене алады. Қоғамдық тәжірибе адамның психикасын жетілдіреді. 
    5)Сезім ерекшеліктері. Адам да жануар да айналада болып жатқан құбылыстарға өзінің сезімін білдіреді. Бірақ, тек адам ғана қуанышты және қайғылы жағдайларға түрліше жауап қайтарады. 
    6)Өсу, даму шарты. Адам ел арасында өсіп-дамыса ғана адам бола алады.

Информация о работе Психология тарихының даму кезеңдері