Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2012 в 18:53, реферат
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстағы мидың әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық құбылыс ( түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдет, т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың бәрін арқайсымыз тез ажырата да білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы жан – жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзара заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.
1. Психология пәні
2. Психологияның маңызы және міндеттері.
3. Психологияның әдістері.
4. Психологияның салалары.
Психология пәнінің маңызы және әдістері.
Жоспар;
1. Психология пәні
2. Психологияның маңызы және міндеттері.
3. Психологияның әдістері.
4. Психологияның салалары.
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстағы мидың әр түрлі бейнелері болып табылады. Психологиялық құбылыс ( түйсік, елес, ой, сезім, ерік, қабілет, мінез, әдет, т.б.) көпшілігімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, күнделікті тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда бұлардың бәрін арқайсымыз тез ажырата да білетін сияқтымыз. Бірақ психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіну арқылы жан – жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзара заңдылықтарын айқындауды сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге тұнғыш келген жері ежелгі Греция. Психология гректің 2 сөзінен тұрады. 1) Псюхе (жан), 2) Логос (білім), сүйтіп бұл сөзді Жан туралы ғылым деп түсінген жөн. Адам баласы аспанның көгілдір, ағаш жапырақтарының жасыл түсті екенін көреді. Даладан келіп жатқан әр түрлі дыбыстарды естиді, бір заттардың суық, екінші бір заттардың ыстық екендігін сезінеді. Яғни, әрбір адам өзінің айналасындағы заттарды түйсініп қабылдауға қабылетті болып келеді. Адамда ойлау, сөйлеу қабілеттері бар. Адам баласы бұрын болған оқиғаларды есте сақтайды, келешек туралы ойлайды. Бұл жағдай ес пен қиялдың арқасында болады. Көп жағдайлар адамдарда қуану немесе ренжеу сезімдерін туғызады. Адам бір нәрсеге ұмтылады, сол мақсатқа жету үшін еркін көрсетеді.
Қазақстанда іргелі ғылыми – зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бұл жағдай, әрине, психология ғылымына да ортақ болатын. Әлбетте, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау ерте замандардан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай – ақ 20 – жылдарда жарық көрген.
Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, еркіміз психикалық процесстер деп аталады. Кейде психикалық процесстер неғұрым күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бір толқуды басынан кешіреді, бұл психикалық қалып деп аталады. Мәселен, оқушының сабаққа деген зейінділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын қуане не ренжу, т.б. жағдайлар.
Әрбір адамда өзіне тән кейбір ерекшеліктері болады. Мәселен, бір адамның кітап оқуға ықыласы күшті болады, екінші бір адам математикаға қабілетті, енді біреулері қызба болып келеді, мұндай адамды темпераментті адам дейді. Тағы біреулер байсалды болады, мұндай адамды мінезге бай адам дейміз.
Қабілет, темперамент, мінез – бұл адамның психикалық қасиеттері.
Психикалық процесстер,
психикалық жағдай және
Жан туралы ғылыми түсінік еж.грек ғалымы Аристотель ( б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдар мен ( философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) араласа, астарласа дамып келді. Ғылымның осы саласына эксперементті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В.Вундт (1838-1920) болды.
Психология ғылымының
тарихы да бір – біріне қарама
– қарсы, жоғарыда аталған
екі бағыттың үздіксіз ой –
пікір талас – тартысына толы.
Мәселен, ертедегі грек
Психологияда қолданатын әдістер әр түрлі болады. Бақылау, эксперемент, әңгімелеу әдісі адам қызметінің нәтижесін зерттеу болып табылады.
Ғылым ретінде психологияның міндеті – психикалық өмірдің негізгі заңдарын зерттеу. Бұл заңдарды білу әрбір адамға қажет. Психологияны зер салып зерттеген адамның қай – қайсысы болса да, өзінің күшті және осал жақтарын көре біледі, өзін – өзі тәрбиелеп, жақсы қасиеттерін жетілдіруге, кемшіліктерін жоюға мүмкіндік алады. Психологияны үйреніп білу – адамға еңбек және оқу істерінде тигізер көмегі мол. Ой – әрекетін жақсы түсінуге, еске сақтауға, зейін аударуға жол ашып береді. Адамның психикалық өмірін бейнелейтін әдебиетті, тілді, тарихты және басқа қоғамдық ғылымдарды зерттеп білуде психологияның маңызы зор. Балалардың психикалық ерекшеліктерін білмейінше, оларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеуге болмайды. Жалпы психологиямен қатар психология ғылымының жеке салаларыда болады. Мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін бала және педогогикалық психологияны білудің маңызы зор. Педогогикалық психология оқу – тәрбие жұмысы прцессінде балалардың психикасын зерттеумен шұғылданады. Ол оқушыларды ойдағыдай оқытып тәрбиелеудің психикалық шарттарын зерттейді.
Психологияның,
әсіресе мұғалімдер үшін
БАҚЫЛАУ- психологияда кең тараған әдіс. Зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның психикасын, қозғалысын, сөйлеген сөзін жоспарлы түрде бақылайды. Адамның мінез-құлқын дұрыс түсіне білудың де маңызы зор. Мәселен, оқушының бет әлпетінен дем қоя берудің керегі жоқ. Кейде оқушы зер салып тыңдап отырған адамның болады. Ал шынында ол мұғалімнің айтқанын тыңдамай отырады. Сондықтан, балалардың жәй күйін білу үшін оларға зер салып қарау жеткіліксіз, басқа әдістер, сұраулар қоюды қолдану керек.
ТӘЖІРИБЕ- ғылыми зерттеу жүргізуден эксперементтік дістің мәні сыналушыға зерттеуге қажет психикалық процессті әдейі жасатады.
Тәжірибенің 2 түрі болады.
1. Зертханалық тәжірибе.
2. Табиғи тәжірибе.
1. Зертханалық тәжірибе дегеніміз- арнаулы аспаптар қолданылған тәжірибені айтамыз. Мәселен,тері сезгіштігін байқау үшін эстезометр бар. Қазіргі кезде ғарышты игерумен медецинаның қарқынды дамуымен байланысты, қасыңдағы отырған адамның психикалық күйін, физиологиялық қауіпін біліп ғана қоймай, арнаулы аспаптар арқылы алыста тұрған адамныңда ішкі күйін біле аламыз. Соның бірі – радиорефлексиометр. Бұл аспап арқылы аспанда ұшып жүрген ғарышкерлердің рефлекстерін бақылап отыруға болады.
2. Психология пәнінде қолданылатын тәжірибе әдісінің тағы бір түрі Табиғи тәжірибе деп аталады. Жоғарыда айтылған әдістер мұның айырмашылығы сол, табиғи зертханада емес, оқушының күнделікті, үйреншікті ортасында өткізіледі.
Психология салалары.
Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді. Адамның нақты іс әрекеттеріне сүйене отырып, оның психикасының дамуын былай жіктейді;
1. Тәлім – тәрбие. (педогогикалық психологиясы) – адамды оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі психологиялық заңдылықтарды зерттейді. Тәлім – тәрбие психологиясының мынандай тармақтары бар; а) оқыту психологиясы дидактиканың психологиялық негіздерінің оқыту мен білім берудің жекелеген адістеме мәселелерін, бағдарлап оқытумен балалардың ақыл ойын қалыптастыру мәселелерімен шұғылданады. ә) тәрбие психологиясы гуманисттік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзеу психологиясының негіздеріне қатысты мәселелерді зерттейді.
2. Жас кезеңдерінің психологиясы әрқилы психикалық процесстердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, псизологиялық саналарын зерттейтін бұл сала мынандай тармақтардан тұрады; балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер псигологиясы мен кәрілік психологиясы ( геронтология). Бұл сала оқыту мен ақыл – ойдың дамуын зерттейді.
3.Арнаулы психология бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әрқилы аурулардың себептерін қарастырады.
Арнаулы психологияның
тармақтары; олигофрено психология
– ми зақымы ауруымен туған
адам психологиясының дамуын, сурдопсихология
– саңырау не керең болып
туған балалар психологиясын,
тифлопсихология – нашар
4. Еңбек психологиясы адамның іс – әрекет түрлерінің психологиясын, ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық талаптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде инженерлік психология, авиациялық психология, ғарыштық психология, т.б.бар.
5. Медициналық психология дәрігерлердің қызметі мен аурулардың мінез – құлқын зерттейді.
6. Әскери психология азаматты ел – жұрты мен Отанын қорғау мақсатында психологиялық тұрғыдан даярлайды.
7. Әлеуметтік психология адам мен қоғам арасындағы қатынас мәселелерін, адамдардың әр түрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған, бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.
8. Спорт психологиясы спортшылардың іс – әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерді қарастырады. Спорт жетекшілер мен бағынушылардың өзара қарым – қатынасын, олардың даярлаудың жағдайын анықтайды.
9. Сауда психологиясы. Әрбір елдің саяси – экономикалық және мәдени – материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді.
10. Ғылыми – шығармашылық психологияда шығармашылық адамының жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі, т.б.сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше маңызды заңдылық – эвристика тәсілі.
11. Салыстырмалы психология психиканың физогенетикалық түрлерін қарастырады. Мұнда адам мен хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктерін ажыртады.
12. Заң психологиясы құқыққа қатысты мәселелерді зерттеу мен оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін зерттейді. Бұл сала сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзеу психологиясы деп аталатын тармақтардан тұрады.
Қолданылған әдебиет: Қ.Жұмасова «ПСИХОЛОГИЯ» (2-басылым)