Психоанализ. Гуманистік психология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2014 в 14:22, реферат

Краткое описание

Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады.

Прикрепленные файлы: 1 файл

3 Психоанализ. Гуманистік психоанализ.docx

— 109.90 Кб (Скачать документ)

Психоанализ. Гуманистік психология.

 

     Психоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді. Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт —либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды. Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттері мен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш. Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді. Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері мифологиялық материалдармен жұмыс істеді. Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б. мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның, интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін негіздеуге талпынады

     Саяси психоанализ - тұтас адам мен оның өмірбаянына деген қызығушылық бейнеленген, саяси үрдістің тұлғалық компонентің зерттейтін саясаттану әдісі

     Жан талдау — психология ғылымында бұл ұғым психоанализ деп те аталады. Психоанализ гректің псюхэ — жан, анализ — талдау деген екі сөзінен құрылған. Қазақша мағынасы жаи талдау дегенді білдіреді. Жан талдау — адамның саналы түрде мән-мағынасын нақты сөздермен жеткізуге келмейтін ниет-тілегі мен қажеттілігі. Ондай тілектерді қанағаттандыруда адам өзінің іс-әрекетінде туа біткен екі түрлі инстинкттен тұқым қалдыру (жыныстық ләззат) және өмірді жалғастырудан (өлімнен қорқу) құралады деген ой түйеді. Жан талдау бағытының негізін салушы австриялық психиатр З.Фрейд (1856-1939). Фрейд адамның санасыз әрекеті (жыныстық еліктеу) XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап кеңінен тарады. Бұл бағыт бойынша мінез-құлықтың түпкі себебін санасыздық әрекетке — психиканы талдауға әкеп тіреді. Осы негізге сүйене отырып, адамның дамуын әлеуметтік жағдайлардан толық бөліп алып қарастырады да, санасыздықты, биологиялық негізді алға тартады. Фрейд негіздеген психоанализ теориясының мәні — адамның әлеуметтік өміріндегі рөлі мен тіршілік еткен ортаның негізгі факторларының бірі екендігін жоққа шығарады. Фрейдшілдер жыныстық қатынас пен өлім үрейін алға тартып, адамдардың қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттерін тұншықтырып тастайды. Сөйтіп, санасыз қылықтарға аса мән береді. Олар адамдардың жасампаздық істерінің бәрі де жыныстық қанағатка талпынудың көрінісі деп санайды. Фрейдшілдердің зерттеулерінде биологиялық факторлардың бірсыпыра әдіс-тәсілдерін адамның жан дүниесінің сырын түсіндіруде елеулі мәні болды. Ал сондай әдістердің теориялық құрылымы ғылыми тұрғыдан сындарлы сынға төтеп бере алмайды. Өйткені жан дүниесінің сан қырлы сипат-ерекшеліктері жан-жақты ғылыми зерттеулер арқылы ғана айқыңдала түсетін күрделі мәселе болып саналады

 

З. Фрейд-психоанализдің негізін салушы.

Психоанализдегі қазіргі  кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техниканы қолдану. Қадамды бағалау жетістіктері және шектеулері. К.Г. Юнгтың аналитикалық психологиясы; құндылықтары, мақсаты, процедурасы, техникалар. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Кеңес беру процесі; мақсаты, кеңес берушінің ролі және қызметі, кеңес берушімен клиенттің өзара әрекеттесуі. Қадамды бағалау; жетістіктері және шектеулері.

 

Психоаналитикалық бағыт.

Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері; жеке бас құрылымы, сана және санасыздық, қорғаныс механизмдері (ығыстыру реактивті құрылым, проекция, рационализация, сублирование, регрессия, интроекция, идентификация, компенсация және т.б.)

Психоанализдегі қазіргі кездегі тенденциялар. Кеңес беру процесінде психоаналитикалық техникаларды қолдану (еркін ассоциациялар, түс көруді талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау және өңдеу).

Қадамды бағалау: жетістіктері мен шектеулері. Юнг бойынша санасыздық құрылымы. Юнг және фрейдтің түс талқылауындағы айырмашылықтар. Жеке адам құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және комплекс түсініктері. Юнг бойынша психотерапевтік принциптер. Адлердің жекелей психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.

 

З.Фрейд классикалық психоанализі.

(1856-1939)

         З.Фрейдтің аты Блейрмен бірге 1895 жылы «Исследование истерии»  атты кітабын шығарған кезде  атақты болды.Ол 3 компонент көрсетті.

1 Ид (лат.тілі «оно»)-тұлғаның тума ,инстинкті аспектілері.Әдетте:эрос(өмірге ,сексуалдықанағаттануға ұмтылыс )және тонатос (агрессияға,өлімге ,сөнуге ұмтылыс)Ежелгі Грецияда эрос –махббат деген мағынада .Ал Платон бойынша эрос-эстетикалық сезім,мейірімділік,әдемілік болса,танатос-өлім құдайы.

2 Эго (лат.тілі «мен»)-шешім қабылдауға жауап беретін психикалық аппараттың бөлігі.ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.

3 Суперэго (лат.тілі «жоғарғы-мен»)-әлеуметтік,қоғамда қалыптасқан ереже нормаларды сақтау.

        З.Фрейд  сол сияқты «либидо»яғни ұмтылыс,ұғымын  еңгізді.

        З.Фрейдтің  тұлғаныңтопографиялық моделі:

1.Бейсана-ид пен оған  қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы  орны.

2.Санаалды-әдетте білінбейтін ,бірақ белгілі бір жағдайдың  болуында сезіледі .Бұнда эго  мен суперэго қатысты.

3.сана-Қоршаған ортамен  байланыс . Эго мен суперэго қатысты.

        З.Фрейд  бойынша психоанализде теорияның  мақсаты:

«Идболған жерде,эго болады.»яғни бейсаналы деңгейде болатын психикалы процесс.Адам негізі шындықпен келісу керек.

          З.Фрейд «сублимация »туралы жазған.ол  қорғаныс механизмі.(өзіндегі жағымсыз ,қажетсіз инстинктивті импульстерден  қорғану.)

          Классикалық психоанализ әдістері:

1.Емін-еркін ассоциациялар-Клиент  емін-еркін болып, ойындағы түрлі  көріністерді дауыстап айту.

2.Қарсыласуды интерпритатциялау-Клиент  бейсана деңгейінде конфликтілерге,импульстерге  қарсыласу мүмкін.

3.Түстерді анализдеу- Фрейд  бойынша көрінбейтін құштарлық. «бейсаналыққа хандық жол»

4.Трансфер анализі-орын  басу.Мысалы махаббат сезімі кейін  зұлымдық сезіміне ауысуы.

5.Эмоционалды қайта оқу-соңғы  этаптарда клиентті мадақтау.

6.Интерпритатция-клиентке  оның белгісіз нәрселерін түсіндіру.

 Интерпритатцияның негізгі  ережелері:

1.Тереңге бату

2Клиент қабылдауға дайындығын  интерпритатциялау.

3Клиентке қорғаныс механизмдерін  көрсету.

 

 

     Гуманистік психология - XX ғасырдың 60 жж. батыста пайда болған және психологияның негізгі пәні жоғары көріністерінде, құндылықтары мен мағыналарында қарастырылатын адам болуы қажет деп есептейтін психология бағыттарының бірі. Гуманистік психология көрнекті өкілдері — А. Маслоу, К. Роджерс, Г. Олпорт. Гуманистік психологияның мынадай негізгі қағидаларын бөліп көрсетуге болады:[1]

  • адам өзінің біртұтастылығымен зерттелінуі қажет;
  • әрбір адам қайталанбас тұлға;
  • адам дүниеге ашық болып келеді, адамның дүниені және өзін-өзі дүниеде сезінуі басты психологиялық ақиқат болып табылады;
  • адам өмірі тұлға болмысы қалыптасуының бірыңғай процесі ретінде қарастырылуы қажет;
  • адамның бойында оның табиғатының бөлшегі болып табылатын үздіксіз дамып жетілуге және өзін-өзі танытуға деген күш-қуаты болады;
  • өзінің шешімдері мен әрекеттерінде басшылыққа алатын мағыналар мен құндылықтардың негізінде адамның сыртқы түрткі күштерден белгілі бір тәуелсіздік дәрежесі болады;
  • адам — ол интенциялы, белсенді, жігерлі, творчестволық жан.

Гуманистік психология өкілдерінің тұжырымдарының көбі орынды болғанымен, соңғы тұжырымдарында олар тұлғаның әлеуметтік ортадан тәуелсіздігі жөнінде бұрыс пікірде болған. Бұл адам психикасының мәдени-тарихи шарттылығы идеясына қайшы келді. Гуманистік психология психология ғылымының саласы, адамды жоғарырухты, алдына өзін жетілдіру мақсатын қойып, соған жетуге ұмтылыс жасайтын тірі жан ретінде қарастырады.

 


Информация о работе Психоанализ. Гуманистік психология