Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Января 2014 в 20:05, творческая работа
Түйсік деп-сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз. Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты:көру түйсігі ,есту түйсігі,дәм түйсігі,иіс түйсігі, тері түйсігі,кинестезиялық,статикалық, вибрациялық және органикалық түйсіктер болып бірнешеге бөлінеді. Көру түйсіктері:Көз дистанттық рецепторға жатады.Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Есту түйсіктері:Дистанттық түйсіктерге жатады.есту рецепторын тітіркендіретін дыбыс толқындары. Есту түйсігін –сөздік,музыкалық және шуылдық деп үш түрге бөледі.
Түйсік және қабылдау
Ес және ойлау
Сөйлеу және қиял
Елес және зейіннің жалпы түсініктері
Психикалық құбылыстар:адам өміріндегі танымдық процестер
Түйсік және қабылдау
Түйсік деп-сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттерінің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуін айтамыз.
Түйсіктер сезім мүшелерімізге байланысты:көру
түйсігі ,есту түйсігі,дәм түйсігі,иіс
түйсігі, тері түйсігі,кинестезиялық,
Түйсіктің түрлері
Көру түйсіктері:Көз дистанттық рецепторға жатады.Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады.
Есту түйсіктері:Дистанттық түйсіктерге
жатады.есту рецепторын тітіркендіретін
дыбыс толқындары.
Түйсіктің түрлері
Иіс түйсіктерірі:дистанттық рецепторға жатады.
Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік,ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады.
Тері түйсіктері . Тері түйсігінің рецепторы - денедегі терінің өн бойына орналасқан.
Түйсіктің түрлері
Статикалық түйсіктер денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді.
Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз.
Органикалық түйсіктер бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына орналасқан.
Қабылдау
Қабылдау-заттар мен құбылыстардың миымызда тұтастай бейнеленуі болып табылады.
Ес және ойлау
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында
сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес – күрделі психикалық процесс.
Ес мынадай
түрге бөлінеді.
2) Эмоциялық ес немесе сезім есі адамның басынан кешкен сезімдерін есте ұстайды.
3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту
4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға,қайта жанғыртуға көмектеседі.
Ойлау
болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбыллыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлаудың түрлері
Практикалық ойлау - нақты заттармен тікелей байланыса ой қызметін орындау түрі.
Нақтылы-бейнелі ойлау - елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрлері. Адам заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды.
Теориялық ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.
Сөйлеу және қиял
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу- пікір алысу процесінде жеке адамның білгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін.
Психологияда сөйлеуді сыртқы және ішкі деп екі формаға бөледі.
Сыртқы сөйлеудің өзі ауызша және жазбаша сөйлеу болып бөлінеді.Ауызша сөйлеудің өзі диалог және монолог болып бөлінеді.
Қиял
Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, өңдеп, өзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс.
Қиял сондай-ақ өмірде бар, бірақ адамның
жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау
Қиял түрлері
Адам алдына ешбір мақсат қоймаса да, оның көз алдынан елестер тізбектеліп өтіп жатады
Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бөлінеді
Елестер және оның түрлері
Елестер дегеніміз - қазіргі сәтте сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттар мен құбылыстар бейнесінің мида пайда болуы. Елестер - бұл бұрынғы қабылдауларды қайта ӛңдеу мен жалпылаудың нәтижесі
Елестің түрлері:
1. Ес елестеулері.
2. Қиял елестеулері
Егер адам бұрын қабылдаған, сезген заттарын, құбылыстарын, олардың бейнелерін қайтадан елестетсе, мұнда елестеулер ес елестеулері деп аталады.
Ал бұрынғы елестеулерге сүйеніп, бірнеше елестерді бір-біріне қосып, құрастырып, өзгертіп және жаңадан елестеулер жасаса, бұл қиял елестеуі болады
Зейін
Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соган психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Зейін ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Ырықты зейін - әрекетті саналы түрде ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді.
Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін.
Зейіннің қасиеттері
Зейіннің көлемі – бұл адамның бір мезгілде қабылдаған обьектілердің саны.
Зейіннің бөлінуі деп - адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығынан көрінеді.
Зейіннің шоғырлануы адамның жұмылу күшін сипаттайды және жаңа тітіркендіргіштің бұрынғы доминантаны өшіріп, жаңасын жасау үшін қажетті күшімен анықталады.
Зейіннің тұрақтылығы деп - оның объектіге ұзақ уақыт бағытталуынан айтады. Тұрақтылыққа қарсы қасиет- алаң болушылық.
Зейіннің аударылуы - деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды әдейі ауыстыруды айтады.
Информация о работе Психикалық құбылыстар:адам өміріндегі танымдық процестер