Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 11:42, статья
Мақалада мұғалімдік мамандықтың психологиялық мәні, мазмұны, тұлға қалыптасуындағы рөлі қарастырылған. Сондай-ақ, мұғалімнің жоғары деңгейде қызмет етуі үшін, олардың кәсіби даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейі қандай болатыны талданған.
ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҰЛҒАЛЫҚ САПАЛАРЫ
Өтепбергенова Зинакүл Дүйсенбайқызы, п.ғ.к, аға оқытушы
Қазақ мемлекетік қыздар педагогика университеті
«Теориялық
және практикалық психология»
Аннотация: Мақалада мұғалімдік мамандықтың психологиялық мәні, мазмұны, тұлға қалыптасуындағы рөлі қарастырылған. Сондай-ақ, мұғалімнің жоғары деңгейде қызмет етуі үшін, олардың кәсіби даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейі қандай болатыны талданған.
Түйін сөздер: сөйлеу мәнері, компонент, кәсіби таңдау, кәсіби оқыту, психологиялық әсер ету, кәсіби этикалық аспект.
Қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруға және ұлттык, сана – сезімін тәрбиелеуге бағыттайды. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.
Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы —мектеп.
Мектеп - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады[1]. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы мектепте қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш –қуаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі мектептен басталады.
Мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.
Ендеше, осы
міндеттерді жүзеге асыратын мектептегі
басты тұлға — ұстаз. Халқымыз әрқашанда
ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары
қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен
жалықпас, үйретуден балаға», «Адамның
адамшылығы жақсы ұстаздан болады»,-деп
айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мұғалім
мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой
мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп,
нұр құятын тынымсыз жалын иесі»,-деп,
ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала
ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты,
саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір
ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім мектеп
оқушыларына тек білім беріп қана қоймай,
оларға халықтык педагогиканың нәрлі
қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына
ұлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық
пен кішіпейілдік қасиеттерін қалыптастыруға,
баланың жан дүниесін рухани қазыналармен
байытуға, қазақ халқының әдет - ғұрпын,
салт - дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре
отырып, оқу үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді,
оқытудың жаңа технологияларын енгізіп,
оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз
етуге ықпал етеді. Мұндай жағдайда мұғалімнің
шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті
үлкен рөл атқарады. мектеп окушылары
үшін мұғалім олардың еліктейтін, үлгі
ететін аса үлкен абыройға ие жан. Олар
ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс
– тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен
қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан
да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді,
әділ де парасатты, рухани дүниесі бай
педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие
беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.
Олай болса,
мұғалімнің жоғары деңгейде қызмет етуі
үшін, олардың әдістемелік
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының жасалуы, оқушылардың стандарт деңгейінен кем емес білім алуының талап етілуі оқытудың дәстүрлі әдіс — тәсілдерін өзгертіп, озық технологияларды қолдануды, мүғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптар деңгейін көтеріп, олардың оқытудың жаңаша әдіс — тәсілдерін, жаңа технологияларын меңгеруін қажет етеді. Ал, жаңа технологияны меңгерудің қажетті шарттарының бірі – мұғалімнің кәсіптік білімін жетілдіру болып табылады.
Мұғалімнің
өздігінше кәсіби білім
Мектептегі оқыту дидактикалық үрдіс болғандықтан, мұғалім оның өзіне тән психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне баса назар аударуы қажет. Оқыту үрдісінің басты компоненті — оқытудың мақсаты мен мазмұны. Оқушылардың рухани дамуына, ең алдымен, оқытудың ғылыми мазмұны мен гуманитарлық бағыты орасан зор ықпал етеді. Психология, педагогика ғылымдарын оқыту барысында болашақ мұғалімдердің дидактикалық білімдері мен дағдыларын арттыру мақсатында педагогикалық қызметтің кәсіби құрылымы мен оның моделі туралы, сондай – ақ, мектептегі оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастырудың психологиялык, және әдістемелік құралдары мен тиімді жолдары туралы жан жақты білім беру міндеті туындайды.
Оған мыналар жатады: ұстаз қызметіндегі мақсат қоя білу ісі, білімнің мазмұнын игеру ісі, оқушылардың білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі, сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі, оқушылармен жақсы қарым — қатынас жасай білу ісі (коммуниактивтік әрекет), оқушыларды білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті, оқушылардың білім, дағдыларын бақылау және бағалау іс — әрекеті[3]. Жас мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар: оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекетін, логикалық ойлау қабілетін қалыптастырудағы қиындықтар; оқушылардың оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастырудағы қиындықтар; дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс істеудегі қиыңдықтар.
Мұғалімдері қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде – ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекеттер ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет – ғұрыптарды нашарлататын қынжытарлық жағдайлармен аяқталып отырған. Алғашқы талап — педагогикалық қабілеттіліктің болуы - оқушылармен жұмыс жүргізуге бейімділіктен; балаларға сүйіспеншіліктен; олармен қарым – қатынаста қанағаттанудан көрінетін тұлғалық сапа. Мәселен, В.А. Сластенин қабілеттердің мынаңдай негізгі топтарын бөліп керсеткен:
1. Ұйымдастырушылық: мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы, оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және т.б. біліктерінен байқалады.
2. Дидактикалық: оқу материалын көрнекілік, құрал – жабдықтарды іріктеу және дайындау; оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау; танымдық қызығушылықтар мен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу — танымдық белсенділігін арттыру және т.б.
3. Рецептивтік:
тәрбиеленушілердін рухани
4. Коммуникативтік:
мұғалімнің оқушылармен,
5. Суггестивтік: оқушыларға эмоциональды – еріктік ықпал жасаудан көрінеді.
6. Зерттеушілік: педагогикалық ситуациялар мен үдерістерді танып білу және объективті бағалау білігінен көрініс береді.
7. Ғылыми – танымдық: мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеруге қабілеттілігіне саяды. Педагогикалық кабілеттерді (талант, икемділік, бейімділік) педагогикалық алғышарты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес[4].
Мұғалім — ол қашанда ұлы еңбеккер. Гуманизм — бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни, өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылык, ретінде қарым – қатынас жасау, бұл қарым – қатынасты ол нақты істер мен қылықтарында көрсетеді. Мұғалім мамандығында тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын, әрекет әдістерін игерумен байланысты. Өзінің кәсіби еңбегіне сүйіспеншілік - өз ісіне адалдық пен аямай берілгендік, тәрбие нәтижелеріне қол жеткізгенге қуану, өзіне, өзінің педагогикалық мамандығына ұдайы арттырып отыратын талап қоюшылық деп санаймыз.
Пайдаланған әдебиеттер
.
Информация о работе Педагогтың кәсіби кұрылымы мен тұлғалық сапалары