Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Мая 2014 в 02:01, реферат
Қазіргі заманда кез-келген әлеуметтік ұйымда шиеленісті жағдайлар болып тұрады. Осындай жағымсыз жағдайларды дер уақытында тиімді шешу тұлғаның кемелдігіне және жекедара қасиеттеріне байланысты.
Жетілген тұлғаны психологияда өзін-өзі танытатын тұлға деп атайды. Алғаш рет осындай тұлғаларды әйгілі американдық гуманнистік психолог А. Маслоу зерттеген болатын. Ол психологиялық денсаулық мәселелерін зерттеу мақсатында өзін-өзі үнемі жетілдіретін, еркін және шығармашыл тұлғаның ерекшеліктерін анықтаған [1].