Оқудағы қиындықтарды жеңу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 12:39, реферат

Краткое описание

Өзара іс-әрекет арқылы оқу (интерактив).
Құрамдас бөлшектері:
- Тиімділік: оқушылардың орнында болсақ, өзімізді қалай сезінер едік.
- Әлеуметтілік: өзара іс-әрекет арқылы оқыту.
- Когнитивтілік: ойлау операуияларының үдерісі.
- Қиындықтарды түсіну.
- Оқуға деген танымдық қабілет.

Прикрепленные файлы: 1 файл

TrHW2_D1_Act1Ident_Оқудағы қиындықтарды жеңу.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

Оқудағы қиындықтарды жеңу

Өзара іс-әрекет арқылы оқу (интерактив).

Құрамдас бөлшектері:

- Тиімділік: оқушылардың орнында болсақ, өзімізді қалай сезінер едік.

- Әлеуметтілік: өзара іс-әрекет арқылы оқыту.

- Когнитивтілік: ойлау операуияларының үдерісі.

- Қиындықтарды түсіну.

- Оқуға деген танымдық қабілет.

Оқушыларға  қажетті көптеген дағдылар бар: санай, оқи, жаза білу, жинақылық, қабылдау және қайтадан айтып беру. Кей оқушылар осы салаларда қиындық көріп жатады, сондықтан олардың өзіне деген сенімін арттырып, өздеріне беретін бағасын көтеру мақсатында алған білімдерін дұрыс қолдануға, бұл қиындықтарды барабар қабылдауға және жеңуге бағытталған, арнайы әзірленген стратегияларды қажетсінеді. Оқуда белгілі бір қиындық көретін оқушылар жалпы білім беретін мектептерде көп көздеседі, бірақ әдетте оларға аса көңіл бөліне бермейді. Дислексия оқушының танымдық қабілеттері шегіндегі оқудағы кедергілердің тағы бір үлгісі болып табылады. Бұл кемшілік оқушының оқу, жазу, сауатты жазу, есептеу қабілеттеріне әсер етеді. Дислексияны оқушы жадысының қысқа болуынан, кеш түсінетіндігінен, қорғазыс үйлесімінің әлсіздігінен көруге болады, сонымен қатар сауаттылық дағдысы күнделікті өмірдің бір бөлігі болғандықтан және де бұл саладағы қиындықтар оқушының өзінің өзіне беретін бағасына ықпал етуі мүмкін болғандықтан, бұл ақаулық жасырын еңбекке жарамсыздық болып табылады.

Әлеуметтілік: қарым-қатынас  және интерактивтілік (өзара қарым-қатынас)

Оқу – әлеуметтік үдеріс, сондықтан оқушылар басқа оқушылармен  өзара қарым-қатынас арқылы да, өз беттерімен де дами алады. Осыған байланысты қазіргі кезде топтық және жұппен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді. Сынып ұжымының мүшесі ретінде оқушыларға қойылатын негізгі талаптардың бірі: тыңдау, түсіну, сөйлеу және өз пікірін нақты және анық білдіру, дұрыс жауап беру, ұжымдық жұмыс пен ойын. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда оқу басқалармен араласып, қарым-қатынас жасауда қиыншылық көретін оқушылар үшін проблема болып табылады. Қиыншылықтардың қатарына дислексия және диспраксия (қимыл қозғалысының бұзылуы) сияқты тілдік және сөйлеу проблемалары да кіруі мүмкін. Сөйлеудегі кедергілерді жеңу ең басты мәселе болып табылады. Бұл оқушыларға оқу бағдарламасына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Тиімділік: мінез-құлық, эмоциялық және әлеуметтік даму

Оқушылардың сенімін, ынтасы мен тәуелсіздігін дамытудың әртүрлі әлеуметтік және психологиялық тәсілдері бар. Олар өзіндік «менін» тануды, эмоцияларын басқаруды, әлеуметтік тәжірибе, ынтасы және аяушылықпен қарай білуді қамтиды. Кейбір оқушылар үшін ынталандырудың жетіспей жататыны анықталды, олардың сәтсіздіктен қорқынышы, қарым-қатынас жасаудағы, эмоцияларын басқарудағы қиыншылықтары кедергі жасайды. Жоғарыда айтылған қиыншылықтар оқуда айтарлықтай психологиялық және әлеуметтік кедергілердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Оқушылар физиологиялық, ақыл-ой немесе қоршаған орта факторларына (себептерге) немесе осылардың барлығына байланысты бірқатар әлеуметтік, мінез-құлықтық, эмоциялық әрекеттер жасауы мүмкін. Бұл саладағы проблемалар уақытша (адамның өмір мәнін жоғалтуына бейімделуі) және тұрақты бола алады. Оқушылар өздерінің эмоциялық және әлеуметтік қажеттіліктерін әртүрлі тәсілдермен көрсетіп жатады. Олар оқшауланып қала алады, жалғыздыққа ұрынып, ойларын жинақтай алмай қалуы да мүмкін, а кей балалар керісінше өте белсенді, проблемалы болып кетеді.

Эмоциялық және физикалық қажеттіліктер

Жекелеген оқушыларда оқуда кедергі болып табылатын психофизиологиялық ақаулықтар көп кездеседі. Сенсорлық проблемалар көру немесе есту қиыншылықтарын да қамтуы ықтимал, бірақ олар да уақытша болуы мүмкін. Физиологиялық қиындықтар физиологиялық, зат алмасу, неврологиялық себептерден туындайды, олар сабақ өтетін сыныптарды лайықты түрді жабдықтауды талап етеді. Бірақ көптеген оқушылар одан да күрделі білім беру және әлеуметтік қиындықтарға қалып отыр. Кей оқушылар мультисенсорлық қиындық көрсе, кейбіреулері – физиологиялық қиындықта. Өте күрделі физиологиялық ауытқулары бар оқушылар үшін арнайы оқу және жабдықтар қажет.

Тапсырма: арнайы білім беру қажеттіліктері (АБҚ) бар оқушыларды диагностикалау

Сыныбыңыздағы оқушылар туралы ойлаңыз:

1. Қандай өзекті  және әлеуетті кедергілер бар?

2. Оқушылар кестеде  келтірілген АБҚ санаттарының  біреуіне болсын сәйкес келе  ме? Оны қалай анықтадыңыз?

3. Сыныпта қандай  қиындықтар кең тараған? Оны  қалай анықтадыңыз?

4. Қандай проблеманы  жеңу ең қиын соқты және  неліктен?

5. Бұл қиындықтарды  жеңу үшін не істейсіз?

6. Осы оқушыларға  көмектесу үшін Сізге қандай  көмек, қолдау қажет?

 

Араласу және өзара  қарым-қатынас

 

 

Қабылдау және оқу

Мінез-құлық: әлеуметтік және эмоциялық

 

 

Физиологиялық және сенсорлық


 

Осы мәселелерді  талқылап, әріптесіңізбен пікіріңізбен бөлісіңіз.


Информация о работе Оқудағы қиындықтарды жеңу