Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2014 в 20:27, реферат
Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Кіріспе
І бөлім. Отбасы түсінігі
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Жұптық жарасым: ерлер мен әйелдер психологиясы
ІІ бөлім. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Ата-ана мен жеткіншек арасындағы байланыс
2.2. Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары:
Кіріспе
І бөлім. Отбасы түсінігі
ІІ бөлім. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Ата-ана мен жеткіншек арасындағы байланыс
2.2. Отбасы қарым-қатынасындағы психотерапияның негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Отбасы психологиясы – салыстырмалы түрде ғылым мен тәжірибиеде жас аймақ. Отбасы институтының тарихи уақыты – XIX ғасыр, социологтер мен антропологтер оның негізін салды. Даму кезеңдерін топтық, жұптық, патриархалды, моногамды деп құрастырды.
Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының
құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара
қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады.
Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің
қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі
сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады:
отбасында кім басшылық етеді және кім
– орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен мінде
Отбасы құрылымының бұзылуы – бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.
Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.
І бөлім. Отбасы түсінігі
1.1. Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Отбасы - адамның эмоциясы, уайымы, көзқарасы мен қатынасынымен байланысты емес, ол - ерекше феномен. Отбасы феноменінің бір жолы оның құрылымын, тарихи уақыт талабына сай өзгеруін және бір отбасының өмірлік циклын логикалық түсіндірілуі. С.И.Голодтың пікірінше, отбасы феноменінде құрылымдық өріс ерлі-зайыптылар және ата – ана мен бала қатынасы деп қарастырады. Отбасы – неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ, олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылылықта байланысады. Отбасы балаға ықпал етеді, оны қоғамдық өмірге жетелейді. Отбасының тәрбие институтты ретінде маңызы онда бала өз өмірінің маңызды бөліктерін өткізеді және де тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету ұзақтығы жағынан басқа тәрбие институттарына бой бермейді деп көрсетті Шужебева А.И өз зерттеу жұмысында.
А.Б.Харчев берген отбасы ұғымына түсініктеме неғұрлым жалпылама: «Отбасы – денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы звено болып табылады.
Қазіргі таңда отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі жетік түрде толық жасалмаған. Мысалға, Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев отбасының маңызды қызметтеріне ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету қызметтерін айтады.
Э.К.Васильева өз зерттеулерінде
отбасы қызметінің үш тобын қарастырады:шаруашылық-
70-жылдардың аяғына қарай отбасы психологиясында неке жұптарындағы әлеуметтік-перцептивті үрдістерді зерттеп, анықтаған Ю.Е.Алешина, «қалалық отбасыларда некелік рольдерді бөліп беруді» З.И.Янкова және т.б. қарастырды. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастың даму заңдылықтарын саналы түрде түсіну талпыныстары жасалды.
Еркек пен әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы
– отбасының салт-дәстүрлік негізін қалап,
оны жүйелеп, ұрпақтан–ұрпаққа аманат
етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың
өзіндік орны мен атқаратын қызметі, отбасы
үшін жауапкершілігі бар. Егер ол орындалмайтын
немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі
кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады.
Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық
жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.
Қазақ отбасында ер мен әйел – шаңырақтың
негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен
қаланып, нығаяды. Адам баласы жан-дүниесі
аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді,
ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік
ыстық
сезімдерді ана құшағы мен әке шаңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйленіп, үй болу арқылы айрықша жарқырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады.
Еркек пен әйелдің табиғаты әр түрлі. Тіпті, ауру белгілерінің өзін ерлер мен әйелдердің ағзасы әрқилы қабылдап, сезінеді. Әйелдердің миы ерлердің миынан көлемі жағынан да, құрылымы жағынан да үлкен айырмашылыққа ие. Яғни, әйел миының салмағы ерлер миынан орташа есеппен (дене бітімі тәрізді) 10-15 пайызға кем. Соған қарамастан, америкалық психиатрлар мен невропатологтардың дәлелдеуінше, әйелдер миының нейроны көп жағдайда мейлінше белсенді түрде жұмыс атқарады. Бұл нәзік жандылардың миы «тауықтың миындай екен» деген тұжырымды жоққа шығарады. Тіпті, іс жүзінде қаншама жетілгенімен, еркектердің миының нейрондары белгілі бір аумақтарда ғана жұмыс істейді де, әйел миының нейрондары әлдеқайда кең көлемді қамтиды. Ғалымдардың түсіндіруінше, бұл әйел миындағы «сезімталдық» пен «ұғымталдық» (мидағы жарты шарлар арасындағы) байланыстың анағұрлым тығыздығынан. Әйелдердің қай нәрсені де тез аңғара қоятын сезімталдылығының сыры сірә, осында жатса керек. Арнайы құралдар арқылы тексеру жүргізілгенде тағы бір анықталған жаналық: ерлер мен әйелдердің миының әртүрлі көңіл-күйге көрсетер мінез-құлқында да үлкен алшақтықтар бар. Соның бір көрінісі: оқыс оқиғада ерлер салмақты мінез таныта алса, әйелдер асып-сасып қалады...
Реніште ерлер мен әйелдердің мінезі бірдей тәрізді көрінгенімен, мұндай жағдайда ерлерге қарағанда әйелдердің миының нейрондары өз аумағына сегіз есе көп салмақ түсіреді. Әйел миының екі бірдей жарты шарының өте белсенді жұмыс істеуінің нәтижесінде олар ерлерге қарағанда кез-келген жазбаша, ауызша айтылған сөзге шапшаң мән беріп, шапшаң жауап қайтарады. Әйелдерге синонимдік сөздерді ойлап табу оп-оңай. Әйел миының осы ерекшелігі олардың миына зақым келгенде, инсульт алғанда одан тез сауығып кетуіне де өз септігін тигізетін жақсы қасиеті болып шықты.
Әйелдердің жарты мимен де өмір сүре беретіні – Қытайда анықталған оқиға. Өзіне қаралуға келген бір әйелді тексергенінде дәрігер оның сол жақ миының мүлдем жоқ екенін анықтап, шалқасынан түсе жаздапты. Сонда неврологиялық реабилитация бөлімінің директоры Джанг Линконг былай деп мәлімдепті: «Науқастың миын сканерге түсіріп көрсек, миының оң жағы ғана бар да, сол жағы мүлде бос тұр. Әдетте сөйлеу қызметіне мидың сол жағы жауапты болатын еді, бірақ бұл әйелдің сөйлеуінде ешқандай кінарат жоқ. Болмаған да». Ең ғажабы, миының жартысы жоқ әйел отыз тоғыз жасқа келгенше еш жері ауырмаған, ақыл-ойында кемтарлық болмаған, мектепте жақсы оқып, есте сақтау қабілетінің күштілігімен көзге түскен, ол өз таныстарының телефон нөмерлерінің бәрін жатқа біліп, бірден айтып бере алатын болған...
Нәзік жандылардың жүрегі минутына 8-10 рет соғып, салмағы ерлердің
жүрегінен 10-15 пайызға аз болғанымен, әйел жүрегі ерлер жүрегінен өте төзімді де шыдамды көрінеді. Мұны да анықтағандар – дәрігерлер. Және де әйелдердің жүрегі оттегіні де 30 пайызға аз қабылдайтын болып шықты. Сөйте тұра, әйелдердің жүрегі ерлердің жүрегіне қарағанда әлдеқайда артық жүк көтереді. Соған қарамастан, қырық жасқа дейін әрбір жүз еркектен қырық еркек инфаркт алса, әйелден біреуі ғана ондай дертке ұшырайды. Тек қазір әртүрлі жағдайларға байланысты инфаркт алу әйелдер мен еркектерде жетпіс жастан кейін теңесе түсуде.
Әлем психологтарының зерттеулерінен екі тараптың да өзіндік ерекшеліктері байқалып жатады. Жылдар бойы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде түрлі қызықты деректер дүниеге келді:
ІІ бөлім. Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері
2.1. Ата-ана мен жеткіншек арасындағы байланыс
Жеткіншек жас кезеңі адам тұлғасының қалыптасуында маңызды кезең болып табылады. Дәстүрлі түрде бұл кезең тәрбиелік қатынасқа қиындықтар тудыратын кезең болып табылады. Ғылыми білімдер жүйесінде жеткіншектерді зерттеумен байланысты мәселелер кешеніне көп көңіл бөлінеді, мәселелер әртүрлі деңгейде және мазмұнда болады. Осы жас кезеңдегі даму көздері, жағдайлары және механизмдерін танып білу тұтастай дамудағы онтогенетикалық заңдылықтарды ашуға негіз бола алады. Қазіргі кездегі зерттеулер жеткіншектік жастың ерекшеліктері мен қасиеттері жайлы үлкен материалдар жинақталды, ол өз кезегінде осы маңызды психикалық кезеңнің ерекшеліктерін қазіргі қоғамның жағдайларында зерттеуге қажетті базаның пайда болуына ықпал етті. Мәдениеттің нақты-әлеуметтік шарттарына, дәстүрлеріне сәйкес бұл өтпелі кезең әртүрлі мазмұнда әрі, әртүрлі ұзақтықта орындалуы мүмкін. Қазіргі таңдағы қоғам жағдайларына сәйкес бұл кезең шамамен 10-11 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы, балалардың мектептегі орта буында оқуымен сәйкес келеді.
Жеткіншектік кезеңді М. Мұқанов баланың дамуындағы ерекше орны бар «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген деп көрсетті. Бұл атауларда осы жастарда болатын,өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған.
Біз жеткіншектің «мен» деген қасиетін жете түсіну үшін оның үлкендермен қарым-қатынастарына, әсіресе екі ортада кездесетін қайшылықтарына тоқталайық. Қайшылық жеткіншекшектің есейіп қалуы мен үлкендердің оған бала деп қарауының келіспеушілігінен болады. Ал қайшылықтың нәтижесінде сол жағдайдан қалай құтылуды білмеуді дағдарыс дейміз. Дағдарыстың жеткіншек жасындағы бұл түрі бөбектердің дағдарыс кезеңінен әлдеқайда басым болады. Дағдарыс дегеннің мағынасы қиын жағдайда тап болған кезді одан қалай шығуын білмеуді білдіреді.
Жеткіншек үлкендерден өзінің есейгенімен,өзбетілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен,орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған-туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенен емес,оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен. Бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп
сенбей отыр»,- дейді. Егер осындай қатынас көп созылса, жеткіншек пен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті халде болып, үлкендер не айтса да соны орындамауға тырысады.
Информация о работе Отбасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың қалыптасу ерекшеліктері