Отбасы психологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 19:44, реферат

Краткое описание

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Отбасы психологиясы реферат.docx

— 22.10 Кб (Скачать документ)

                                                      Отбасы психологиясы

Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан  бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе. Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды. Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет. Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.Психолог-мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады. Олар: биологиялық — туа және жүре-бара берілетін ерекшеліктер; әлеуметтік — бала өсіп жетілетін рухани орта. Баланың ата-анасымен осы жұмыстарды жүргізе отырып, нәтижесін білу үшін психо педагогикалық мінездеме құрастырады. Бұл диагностикалық кестеде әр баланың пәндер бойынша үлгерімі, материалды қабылдауы, ойын дәлелдеуі, ұштастыра білуі, этикалық, эстетикалық талғамы, қабілеті, өз ісіне жауапкершілігі көрсетіледі.Ақын-педагог М.Жұмабаев: «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.Балаға дұрыс тірбие беру үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді, ол үшін  өзгенің тәжірибесімен танысу керек...тәрбие төрт түрлі:дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі және құлық тәрбиесі. Егерде адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық секілді тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс пішетін, дәл табатын дұрыс ақылды болса,сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып,жаны толқынданарлық болса,жамандықтан жаны жиреніп, жақтылықты жаны тілеп тұратын  құлықты болса, міне осылай болғанда адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын.Бала аурулы, зағып болса,баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.», - дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.Ұрпақтар қамын ойлау- бүкіл қауымға ортақ парыз. Сондықтан бала өсіру, оны өнер білімге, адамгершілікке тәрбиелеу туралы ақылды адамдар мен ата-баба ғақлиялары бүкіл халыққа ортақ. Рас ерте кезде ондай ереже, қағидалар қағаз бетіне жазылып, артық –кемі өңделіп кітап болып басылып шыға берген жоқ.Бірақ халқымыздың ғасырлар бойына қорланып, қомақтала түскен тәлім –тәрбиелік  ойлары болғаны хақ. Көнекөз аталар мен әжелер сол ерте заманғы  тәлім – тәрбие сөздерін күні бүгінге дейін үнемі айтып отырады: «Кімде болса өзіңнен жасы үлкендерге жол бер, әдептілік көрсет. Кімде болса өзіңнен жасы кішіге, күші азға мейірімді бол, кемтарларға жәрдем бер, ешкімге зұлымдық жасама.Ешкімнің айыбын басқаға айтпа т.б. » Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.

1. Отбасы - педагогикалық қатынас субъекті.Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуьшдағы қалыптастырушы ыкпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткініиектер ұйымдары қарым-катынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таң-дайды, соның ықпал тәуелділігінде болады.Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.Бала үшін отбасы - ең алғашкы да аса белсенді тұлғалык қалыпта-су көзі. Осыдан отбасында кабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.

Отбасы белгілі кызметтерді  атқарады:

-    қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпак келтіру (тек жалғастыру  тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу  қажеттігі);

- шаруашылық- экономикалық, (ортақ  шаруашылық және каржы пайдалану,  еңбекке жарамсыздарға қамқорлық  және оларды материалды қамсыздандыру);

- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір  мүшесінің тұлғалық қалыптасуына  жағдайлар жасау; отбасы ұжымының  өз мүшелеріне жеке-дара ыкпал  жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылык тәртіптері мен адамгершілік  кұндылыктарға баулу);

-    қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы  ішіндегі катынас түзу, отбасының  басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік  топтармен байланысын ұйымдастыру);

- қайта қалыпна келу (рекреативті  - бос уакыттарындағы демалыс  іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы  мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын  қайта тіктеу шараларын қамтамасыз  ету).

Отбасы тәрбиелік кызметтерінің  іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән  талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың Туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ыкпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, кызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.

Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне  орай топтасуы төмен-дегідей:

Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі  әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы  және даму жағдайларына байланысты (жарасымды  және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық  тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды).

Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын  туындататын қаталдығы шектен тыс  талаптарымен сипатталады. Сырттай  бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.

Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі,олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.

Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне  бастау береді. Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтыц) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.

Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі  ережелері қалыптасқан:

-     баланы бар қалпында  сүю, кұрметтеу қажет;

-  балаға әсер ететіні құрғақ  сөз емес, оның қалай айтылғаны,  шын көңілден шыкқандығы мәнді;

-   баламен қатынас оның  жас ерекшелігіне сәйкес болуы  шарт, сонда ғана үлкендер мен  кішілер арасындағы дау-дамай  туындамайды да ең қонымды  тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;

-     баланың не айткысы  келетінін түсініп алған жөн,  асығыс қорытынды жасаудан сақтанған  дұрыс;

-    жазаны істеген келеңсіз  әрекеті үшін колдануға үйренген  жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның  қылығы жаман);

-     бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған  сын пікірлерден қорытынды жасаудан  бұрын оның өзімен әңгімелесіп,  әрекетінің себебін анықтап, кейін  шешім кабылдаған жөн: жұрт  алдында өз беделіңді жоғалтамын  деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып  қалмаған дұрыстау;

-     балаға үйрететініңді  алдымен өзің үйреніп, біліп  ал;

-     да балаңызға канша  рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға  мән беріп көріңіз, содан корытынды  шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей  тәуелді;

-  бала жасына қарамай, басыбайлы  қадағалауды жек көреді. Ата-анасының  өз өміріне шын ыкыласпен араласканын  ғана ұнатады. Бала табиғатынан  ата-анасын сүйеді;

- баламен өмір, тұрмыс жөнінде  жиі сұхбаттасып тұрған жөн.  себебі қателіктен ешбір адам  қашып құтыла алмайды;

- баланы киындықтар құрсауында  жападан жалғыз қалдыруға болмайды.

Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сүхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей  істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеггігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі: -баланы қалыптастыруда өз үлесін косып барады. Балаға болған катынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа  адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным  етіп алу керек.

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

4.    Әбдірахманов А.,Жарықбаев  Қ. Психологиялық орысша- қазақша  сөздік.- Алматы, “Мектеп”, 1976.

5.    Елеусізова С. Қарым-  қатынас психологиясы.- Алматы, 1995.

6.    Жарықбаев Қ., Озғанбаев  О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.

7.    Жарықбаев Қ. Жүсіпбек  Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.

8.    Жарықбаев Қ.Қазақ психологиясының  тарихы.- Алматы, 1996.

9.    Мұқанов М. Ақыл- ой  өрісі.- Алматы, 1980.

10.    Тәжібаев Т. Жалпы  психология.- 2000.


Информация о работе Отбасы психологиясы