Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2012 в 10:26, реферат
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
1 Қарым-қатынас туралы түсінік
2 Қарым-қатынас жасау ақпарат алмасу әрекеті
3 Сөйлеудің атқаратын қызметі
4 Сөйлеу іс−әрекетінің түрлері
5 Қолданылған әдебиет
Жоспар:
|
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар
тобында өмiр сүредi және дамиды,
оның талаптарына сәйкес өз ойлары
мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа
мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы
әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай
құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн
қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру
және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық,
бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар.
Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде,
олардың пайда болуының негiзгi қайнар
көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас
аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани,
материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге
көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз
өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас
тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi,
жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар
арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы
қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк
әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа
түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi,
идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi
бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi,
олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл
кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз
өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып
табылады оның негiзiнде өркениет дамуының
кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың
басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша
қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан
кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз
адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс
iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге
тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа
түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны
байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп
оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен
қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен
өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға
елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы
адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста
әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi
және басқалардың позициясын тыңдауға
әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас
ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын
жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге
талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы,
үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде
бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас,
яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың
тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге
талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық).
Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн,
эмоцияларын қарым-қатынас барысында
көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда
сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк
рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының
iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi,
жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге
оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды
орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы
– мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға
болады, тек сөз арқылы ғана емес жест,
мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан
белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол
үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне
байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын
және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз
ету мақсатында адамдар арасындағы хабар
алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара
әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара
әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып
сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне
мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi
серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және
өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер
сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге – жұмысшыларға бұйрық
беру.
-төменнен жоғарыға – басшылармен пiкiр
алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай
4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы
Қарым-қатынас туралы түсінік
Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Соған қарамастан оның мәні ерекше, қарым-қатынас мәселесі психология ғылымдарының негізгі ұғымдарының бірі ретінде тез арада жетекші орындардың бірін ала бастады.
Психологияда қарым-қатынас
Қарым-қатынас ― бұл біріңғай
іс-әрекеттің
Қарым-қатынастың екінші жағы― қатысушылардың өзара әректеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады.
Үшінші жағы ― қарым-қатынас жасаушылардың бірін бірі қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісіне қатысы болмайтын адамға тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас іс-әректетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді.
Қарым-қатынас ― адамдардың бір-бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады.
Соңғы жылдары ғылымда "қатынас" ұғымымен қатар "коммуникация" деген ұғым қолданылады. Коммуникация көлемі жағынан кең мағынада қолданылады. Қарым-қатынас — адамдар арасында ақпарат алмасу. Адам өзінің іс-әрекетінде және күнделікті тұрмысында басқа адамдармен әруақытта қарым-қатынаста болады. Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.
Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.
Қарым-қатынас жасау ақпарат алмасу әрекеті
Қарым-қатынастың атқаратын қызметтері жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпартатық-коммуникативтік, реттеуші-коммуникативтік және аффектілік-комуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсініуі. Қарым-қатынастағы ақпарат алмасу әрекеті қарым-қатынастың коммуникативтік жағы. Сөздің тар мағынасында коммуникация адамдардың бірлескен әрекетінің барысында өзара әртүрлі елестеулермен, идеялармен, қызығулармен, көңіл-күйлерімен т.б пікір алысады.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді.
Екіншіден, адамдар арасында ақпарат ты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіңе әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативті ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың біріңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат комуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтікт кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан, осындай кедергілер қарым-қатынас туралы біріңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда — белгілер жүйесі. Вербальдік және вербальдік емес комуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды. Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контексінде қарастырады. Ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесінде ойлаумен бірге пайда болады және адамзаттың қоғамдық-тарихи үрдісінде онымен бірге дамиды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоциялық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым қатынаста қалыптасады. Сананың негізгі қызыметті — тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және тіл оны ерекше орындайды. Сөйлеу тіл сияқты, егерде оларды бірлікте алсақ, тұрмыстың бейнеленуін білдіреді. Сөйлеу қарым-қатынастың ерекше жетілген түрі. Сөйлеу қарым-қатынасында екі жақ қатынасады — айтушы және тыңдаушы. Айтушы жақ ойды мәнерлі беруге қажетті сөздерді таңдап алады, оны грамматиканың ережелерімен байланыстырады және сөйлеу органдары артикулияциясының арқасында айтып береді. Тіл қарым-қатынас құралының қатаң нормаға түскен жүйесі, ал сөйлеу қарым-қатынас үрдісінде ой мен сезімді беру үшін оның қолданылуы. Тілде ой жоқ, бұл ойды беру үшін қолданатын әртүрлі тәсәлдердің жиынтығы.
Сөйлеудің атқаратын қызметі
Сөйлеу негізі екі қызметті атқарады — коммуникативтік және сигнификативтік, олардың арқасында сөәйлеу қарым–қатынас құралы және ойдың сананың өмір сүруі болып табылады. Сөзде негізгі болып табылатын оның мәні, оның сематикалық мазмұны. Біздің зейінімізде негізінен сөйлеудің мағыналық мазмұны шоғырланған. Адам тілінің әрбір сөзі қандай да болмасын затты білдіреді, қандайда болмасын сөздерді айта отырып, біз әр уақытта да белгілі бір затты немесе құбылысты білдіреміз. Осымен адамның тілі жануарлар тілінен ерекшеленеді, олар тек қана дыбыстар арқылы аффективтік жағдайды білдіре алады, бірақ еш уақытта да дыбыстармен заттарды білдіре алмайды. Сөздің осы негізгі қызметін сигнификативтік деп атайды. Ол тілді құрайтын сөздің негізгі қызметі болып табылыды. Ол адамға ерікті түрде заттардың бейнесін жасауға мүмкіншілік береді. Сөз одан да басқа, өте күрделі қызметке ие, ол заттарды талдауға мүмкіншілік береді.
Сөйлеудің келесі қызметті оның — коммуникативті қызметі ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды. Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, ишарат, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі — сөздің негізгі қызметінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамның мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.
Жануарлардың сигналдық мимикасы басқа жануарларға әртүрлі реакция беруі мүмкін, бірақ саналы ықпал ету құралы тек қана сөз арқылы болады. Сөздің қоғамнан тыс болуы мүмкін емес, сөз әлеуметтік құбылыс, ол қарым−қатынас үшін бағытталған және қарым−қатынаста пайда болады.
Сөздің екі негізгі
Сөйлеу іс−әрекетінің түрлері
Өзінің ерекшеліктері мен
Диалогтік сөйлеу ережесі бойынша монологтік сөйлеуге әсіресе жазбаша сөйлеге қарағанда байланысты және кеңінен айтылған ойларды құруға аз талаптар қойылады. Бұл мынандай жағдаймен түсіндіріледі, себебі әңгімелесушілер бірдей жағдайда болғандықтан, фактілер мен құбылыстарды бірдей қабылдайды, сондықтан да бір−бірін оңай түсінеді. Оларға өз ойларын кеңейтілген түрде баяндауды қажет етпейді. Диалогтік сөйлеуде адамға қойылатын ең басты міндеттердің бірі — өзінің әріптестерінің айтқандарын соңына дейін тыңдау, оның сауалдарын түсіну және оған жауап бере білу.
Қолданылған әдебиет: