Ойлаудың операциялары мен түсіну психологиясы. Ойлау және интеллект

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2014 в 19:35, реферат

Краткое описание

Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі.

Содержание

Ойлау психологиясы..
Ойлау түрлері.
Ойлаудың операциялары мен түсіну психологиясы
Ойлау және интеллект

Прикрепленные файлы: 1 файл

семнар №5.docx

— 47.85 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Ойлаудың операциялары мен түсіну психологиясы. Ойлау және интеллект

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         Жоспар

  1. Ойлау психологиясы..
  2. Ойлау түрлері.
  3. Ойлаудың операциялары мен түсіну психологиясы
  4. Ойлау және интеллект

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ойлау дегеніміз-сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызды жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге  негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Ойлау – бұл ерекше дәл,терең толық жалпы және жанама түрді шындықты бейнелеуге  негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі. Ойлаудың негізгі үш түрі кездеседі : ұғым, пікір, ой қорытындысы. Ұғым – бұл заттар мен құбылыстардың жалпы және маңызды қасиеттерін бейнелейтін ойлаудың түрі. Ұғым бір-бірімен байланысты зат туралы түсніктерден –оның қасиеттері,жағдайлары,байланыстарыжәне қатынастарынан тұрады. Әрбір зат,әртүрлі көптеген қасиеттерді,белгілерді иеленеді. Түсініктердің жиынтығы ұғымды ашып көрсетеді және осы ұғымның мазмұнын құрайды.неғұрлым заттың маңызды белгіліері осы түсініктерде байқалса, соғұрлым мазмұны жағынан ұғым терең болады. Екі түрлі ұғымның түрі кездеседі: заттық немесе  нақтылы және дерексіз. Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б. Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б. Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия) Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау. Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі. Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау

Ойлаудың дара ерекшеліктері. Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және  неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым  оың ойлауы мазмұнды және бай келеді.  Бірақ  ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады. Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады. Ойлаудың  дербестігі- адамның өзіне жаңа міндеттерді қоя білуі, басқа адамдарың көмегінсіз бұл міндеттерді өзінің айрықша әдістерімен шеше білуі. Ойлаудың дербестігі ойдың белсенділігіне , икемділігіне , жеке сын тұрғысынан қарауында.

Ойлау формалары :  ұғым, пікір, ой қортындысы.

Ойлаудың негізгі түрлері 

Шығу тегі мен пайда болуы (генезі) бойынша ойлау келесі түрлерге жіктеледі:

  1. Көрнекі-әрекеттік ойлау–мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін, бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Мысалы кіші жастағы балалармен жүргізілген тәжірибеде иінтіректің оң жағына бала үшін тартымды, оны алу тілегін туғызған ойыншық бекітілген. Үстелдегі ойыншықты қолмен алу мүмкін емес. Бір ғана жол бар – сол жаққа бекітілген тұтқаны пайдалану. Тұтқаны өзіне қарай тартқанымен ойыншық тае қана жылжиды, әдетте заттарды өзіне қарай тартқанда жасалатын әрекеттерге кері қозғалыс жасау қажет. Кіші жастағы бала үшін елеулі қиындықтармен іске асырылатын, бұл тәсілді табуды ойлау психологиясында солай атайды. Бұл көрнекі-әрекеттік ойлау, ол жоғары жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б.  сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
  2. Көрнекі–бейнелік (бейнелік) ойлау–жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Психологияда сонымен қатар дербес түр ретінде бейнелік (немесе көрнекі-бейнелік) ойлау бөліктеніп тұрады. Н.Н. Поддъяков пен оның қызметкерлерінің зерттеулерінде мектепке дейінгі жастағы балаға белгілі бір формалы жайпақ фигураны ұсынған, мысалы фанерден кесіліп жасалған қазды. Одан кейін фигура фанерлік дискімен жабылады, сөйтіп оның тек басы мен мойыны ғана көрініп тұрады. Содан кейін фигураны бастапқы жағдайынан басқа бір бұрышқа бұрады да, балаға қаздың басы мен мойынының орналасуы бойынша оның құйрығы қай жерде екендігін анықтауды тапсырады. Бейнелік ойлаудың қызметі адамның жалпы жағдайлардың нақтылануымен жағдайды өзгертетін өз іс-әрекетінің нәтижесінде алғысы келетін, жағдайды және ондағы өзгерістерді түсінуімен байланысты. Бейнелік ойлаудың көмегімен заттың іс жүзіндегі әр түрлі сипатталарының әр алуандығы біршама толық түрде қайта жасалады. Бейнеде затты бір мезгілде бірнеше көзқарас тұрғысынан көру тіркелген. Бейнелік ойлаудың өте маңызды ерекшелігі – заттар мен олардың қасиеттерінің әдеттегі емес, “керемет” сәйкестіктерін анықтау. Көрнекі — әрекеттік ойлауға қарағанда көрнекі–бейнелік ойлауда жағдай тек бейне тұрғысында өзгереді.

Көрнекі ойлау және дерексізденген–теориялық ойлау көптеген тәсілдермен бір–біріне өтеді. Олардың арасындағы айырмашылықтар салыстырмалы; ол сыртқы кереғарлықты көрсетпейді, алайда ол маңызды.

Кез келген ойлау азды–көпті жалпыланған абстрактілі ұғымдарда жасалады және барлық ойлау азды–көпті көрнекі сезімдік бейнелерге қосылады; ұғымдар және бейне–түсініктер оларда үздіксіз бірлікте беріледі. Адам түсініктерсіз, сезімдік көрнекіліктен тыс ойлай алмайды; ол сондай–ақ ұғымдарсыз, тек қана сезімдік-көрнекі бейнелерде де ойлай алмайды. Сондықтан да көрнекі және ұғымды ойлау туралы оларды сыртқы қайшылықтар деп айтуға болмайды; алайда түсініктер және ұғымдар бір– бірімен байланысып қана қоймаған, олардың бір–бірінен айырмашылығы да болады, біртұтас ойлаудың ішінде, бір жағынан, көрнекі, екінші жағынан– абстрактілі–теориялық ойлауды ажыратуға болады. Біріншісі үшін тән нәрсе түсініктер мен ұғымдардың бірлігі, жалпы мен жалқы үшін көрнекі бейне– түсініктердің формасы тән болады; екіншісі үшін көрнекі бейнелер – түсініктер және ұғымдардың бірлігінде жалпы ұғымдар формасы тән болады.

Танымның әр  түрлі деңгейлері немесе сатылары болатын, бейнелі және абстрактілі–теориялық ойлау бірыңғай процестің әр түрлі жағы болып табылады және объективті шындықтың әр түрлі жақтарын танудың адекватты тәсіліне тең. Дерексізденген ойлау ұғымы жалпыны бейнелейді; алайда жалпы ешқашан да ерекшені және жалқыны жоққа шығармайды; осы соңғысы бейнелерде бейнеленеді.

Сондықтан да әсіресе Гегель жүйесінде ретті жүргізілген ой, бейне танымның төменгі деңгейі бола алады, егер де жоғары деңгейде олар ұғымдармен алмастырылмаса, осы жағдай шындықты ұғыммен жасауды қате қиялдаған рационалисті адастыру болып табылады. Сондықтан да біз көрнекі –бейнелі ойлау мен абстрактілі–теориялықты екі деңгей ретінде ғана емес, бірыңғай ойлаудың екі түрі немесе екі аспектісі деп ажыратамыз; тек ұғым ғана емес, ойлаудың барлық, тіпті жоғарғы деңгейінде бола алады.

Бейне ойды байытады дегенге кез келген метафораның мысалында көз жеткізуге болады. Кез келген метафора жалпы ойды көрсетеді; метафораны түсіну үшін оның жалпы мағыналық мазмұнын бейнелік формада ашуды талап етеді, себебі метафоралық бейнені қолдану үшін жалпы ойды адекватты білдіретін бейнелерді табуды талап етеді. Егер бейне жалпы ойға ештеңе қоспаған болса, онда метафорлық бейнелер қажетсіз әшекейлер мен артық масыл болған болар еді.

Метафораның бүкіл мәні метафоралық бейнеге апаратын жаңа көркем бояуларда болады; оның құндылығы жалпы ойларға қосылуына байланысты болады. Жалпы ойларда көрсететін метафорлық бейнелер ойларға жалпы жағдайда тұжырымдама беретін болғандықтан бір мағынаға ие болады.

  1. Сөздік–логикалық (пайымдаушы) ойлау–тілдің және тілдік құралдардың көмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайданумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.  

Көрнекі-әрекеттік, көрнекі–бейнелік, сөздік–логикалық ойлау онтогенез бен филогенездегі ойлаудың даму кезеңдерін қалыптастырады. Қазіргі таңда психологияда ойлаудың бұл үш түрі үлкен адамда да болатындығы және әр түрлі тапсырмаларды шешуде қызмет ететіндегі сенімді көрсетілген. Бейнеліп көрсетілген топтастыру (үштік) жалғыз емес. Психологиялық әдебиеттерде бірнеше “жұптық” топтастырулар пайдаланылады.

Егер  біреу “Менің жұлдызым сөнді” деп айтса, онда ол онымен  дерексізденген тұжырымды беріп отыр, яғни енді жолым болмайды дегені. Алайда бейнелік көрсетулер өзіне ғана тән мәнерлі сипаты бар қосымша бояларды береді. Ол тек жалаң фактіні ғана емес, оған деген қатынасты да береді.

Жұлдызбен салыстыру айтушының көзқарасы тұрғысынан сәтсіздік жайлы емес, елеулі, көтеріңкі, үстем жағдайды, адамның тағдыры туралы айтады. Ол стихиялық кезеңді болып жатқан оқиғаның адамның еркінен тәуелсізділігін ығыстырады, сөйтіп жеке кінәні осымен жойып жібереді. Ол сонымен қатар айтушының сәтсіздіктерге әкелген тағдыры жайлы эпикалық қатынасты да айтады. Бейнелі метафорлық ойлар жалпы ойды адекватты білдіреді, және жалпы жағдайда берілмеген қосымша кезеңдерді және бояуларды кіргізе отырып оның шегінен шығады. Метафоралық ойлар ұғымдар мен бейнелердің жалпы ойларының бірлігінің айқын дәлелдемесі сияқты оның бейнеден, ұғымнан да айырмашылығы болады. Поэтикалық бейне үшін ерекше нәрсе көрнекілік емес, оның мәнерлілігі. Осы жағдайды көркем ойлауды ұғу үшін маңызы бар.

Көркем ойлауда бейненің өзі жалқыны нақтылы бейнелей отырып, сонымен бірге жалпыланған функцияны орындайды; абстрактілі схема болған, ол индивидтің нақты бейнелеуін көрсетеді, толық мәнді көркем бейне жалпыға дейін жоғарылайды. Бейнеде тек жалқыны ғана көру өте қате болар еді. Бейнелер жалқының және жалпының бірлігін береді; олар бір бірімен өзара байланысты болуы қажет, себебі бейнелетін объективті болмыста олар өзара байланыста болады.

Көркемдік ойдауда бейнелер жалпыланған функцияны атқарады, сондықтан да көркем шығарманың бейнелі мазмұны оның идеялық мазмұнын тасушы болады. Егер де көрнекі бейне өзіне идеялық мазмұнды қоса алмаса, онда ылғи да көрнекі бейнелі материалмен жасалатынын көркем шығарма идеясыз, үрдісшіл болар еді, себебі үрдісшілдік және көркем емес бейнелерсіз жалпы формулада мүлдем еш нәрсе бермейтін бейнелерден басқа идеялық мазмұнды беретін шығарма болар еді.

Шын мәнінде кез келген көркем шығарманың қандай да бір идеялық мәні болуы қажет, себебі әрбір көркем шығарма қандай да бір дәрежеде белгілі бір идеологияны бейнелейді. Мәселенің мәнісі ол оны қаншалықты дәрежеде жасайтындығында. Шынайы көркем, бір мезгілде идеялық және көркем шығармада оның бейнелік  мазмұны оның идеялық мазмұнын ғана тасымайды, ол оны басқаша білдіреді, және ол дерексізденген формулада және жалпы жағдайда жасауға болады. Бейнелік ойлау, сөйтіп, ойлаудың ерекше түрі болып табылады.

Сонымен қатар психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.

Мәселенің түріне байланысты:     

Теориялық ойлау–ғылыми ұғымдарды пайдалану негізінде заңдар мен ережелерді танып–білуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрі.

Практикалық ойлау–ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі. Бұл ойлау түрі кеңес ғылым–психологы Б.М. Тепловпен едәуір көп зерттелінген.

Қазіргі жаңа психологияда көрнекі–бейнелі және ойлауда теориялық және практикалық ойлау жайлы мәселелер қатар тұрады. Дәстүрлі психология ойлаудың сырттай қарсы қойылуынан және практикалық іс-әрекеттен басталды, ойды зерттеуде теориялық іс–әрекетті шешуге бағытталған ғылыми ойлаудың міндеттерінің дерексізденуі еске алынды. Ойлау мен іс- әрекеттің арақатысы жайлы мәселе көбінесе жай ғана шешіліп отырды: теориялық интеллектуалдық операциялар алғашқы ретінде қабылданды; ол операциялар сананың ішкі дүниесінде жасалады; сосын іс-әрекет солардың негізінде құрылады. Осы тұрғыдан ақылға қонымды іс-әрекет, теориялық ойлаудың нәтижелерін әрекеттің сыртқы жағына ауыстырады. Гетенің Фауыстындағы “алдымен іс болды” деген терең мағыналы сөзіне қарамастан –дәстүрлі психология үшін алдымен ойлау, содан кейін әрекет болды. Ойлаудың әрекетке қатынасы ылғи да іс-әрекеттің абстрактілі ойлаудан бір жақты тәуелділігі ретінде ойланды; және бұл тәуелділік тарихи дамудың барлық сатысында өзгермей берілді. Теориялық ойлау–бұл заңдарды, ережелерді тану. Менделеев кестесінің ашылуы–оның теориялық ойлауының нәтижесі. Теориялық ойлауды жүзеге асырмаған кез келген әрекет тек қана дағды,-бір сөзбен айтқанда интеллектуалдық операциямен емес, инстинкті реакциямен ғана болар еді; сондықтан да баламалы жағдай туды: немесе әрекеттің интеллектуалдық сипаты жоқ, немесе ол–теориялық ойлаудың бейнеленуі. Адамға ұқсас маймылдарды зерттеген В. Келердің зерттеулері ақыр соңында мәселенің дұрыс қойылмауына әкелді; осы зерттеулерге байланысты практикалық интеллект деп аталатын ұғым пайда болды. Практикалық ойлаудың негізгі міндеті–шындықтың физикалық өзгеруін дайындау: мақсат қою, жоспар, жоба, сызба құрастыру. Келер эксперименттерінің типі бойынша шимпанзеге, содан кейін–алдымен Келер, содан соң К. Бюлер–балаларға осы эксперименттерді жасады; оған кейін қалыпты және ақыл–есі кеміс балаларға және ересектерге көптеген бірқатар эксперименттер жасалды.     

 “Практикалық  ойлау” немесе “практикалық интеллект” термині төтенше белгілі. Ол, бір жағынан, интеллектіні теориялық операцияларда ұғымдардағы абстрактілі сөздік ойлау қарастырған көзқарастарды көрсетеді: практика мен интеллект, практика мен ойлау ұғымдардың бірлігіне бірігеді. Алайла практикалық интеллектіні теориялыққа қарсы қою интеллектіні ұғуға ықпал етті және теориялық ойлау мен практиканың ескі дуализміне тереңдеп енді.

Информация о работе Ойлаудың операциялары мен түсіну психологиясы. Ойлау және интеллект