Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Декабря 2013 в 16:37, реферат
Адамның айналаны танып білу қызметі тек үстірт қараумен шектелмейді. Айналаны танып білу сезу, қабылдау және әсіресе елестету арқылы болады. Сондықтан адамда абстракциялану құбылысы пайда болады. Танып білудің арқасында айналадағы заттар мен құбылыстардың байланыстары анықталады. Бұларды анықтау тек тікелей бейнелеу арқылы емес жанама түрде де болады. Салыстыра және қорыта келе адам бір пікірге келеді. Осылай заттар мен құбылыстардың жалпы қасиеттері анықталып, олардың байланыстары мен қарым-қатынастары белгілі болады. Шындықтағы заттар мен нәрселерді жалпылай сөз арқылы бейнелеу ойлау болып табылады.
Кіріспе
Негізгі бөлім:
а) Ойлау мен сөйлеудің дамуы, қалыптасу барысындағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі
ә) Ой тәсілдері
б) Сөйлеу түрлері
в) Ойлау мен сөйлеудің байланысы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ойлау мен сөйлеудің байланысы. Ой тілі – сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (Мағжан Жұмабаев).
Адамның ойы әрқашан сөз арқылы білдіріледі. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Алайда бұл екі ұғым бір-біріне тең емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Яғни ой мен сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді одан әрі жақсарту мақсаттарын пайдаланды.
Адамның ойлау қабілеті қоғамдық ортаға сөйлеу арқылы шығарылады. Сөйлеу болмаса ешқандай ой да, ойлау үрдісі де болмайды. Жалпы алғанда, сөйлеу мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс және ол коллективтік бірлескен еңбек үрдісін қалыптастыратын құрал болып табылады.
Сөйлеу мен ойлау өзара тығыз байланысты. Сөйлеу мен ойлаудың қарым-қатынасы қорытындылау мен абстракциялау құбылыстарын жеңілдетеді. Қабылдауда тікелей түсініксізді сөйлеу арқылы айта аламыз. Ойлау арқылы біз өткенді, қазіргіні біліп, келешекті болжай аламыз.
Қорытынды
Дифференциалды психология мектебінің негізін салушы кеңес психологы Борис Михаилович Теплов айтқандай «Ойлау заттардың жалпы қасиеттерінің және заттардың өзара қатынастары арасындағы заңды байланыстардың мида бейнеленуі... болмысты жанама және жалпылай түрде тану процесі».
Ойлау сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі болса, сөйлеу процесі адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге мүмкіндік береді.
Сайып келгенде ойлау мен
сөйлеу бір-біріне тікелей байланысты
ұғымдар. Сөз бен ойдың бірлестігі
алғашқы адамдардың психикасында да
үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың
арқасында ғана олар бірінің білмегенін
екіншісі біліп, ақыл-ойын молайта түскен.
Тіл мен ойдың бір-бірімен
Ойлау мен сөйлеу даму кезеңдері де бір-бірімен сабақтасып жатыр. Бұл екі үрдістің қалыптасуына ықпал еткен әлеуметтік фактор – еңбек болса, адам эволюциясы – биологиялық фактор болып табылады. Яғни еңбек ету барысында қарым-қатынас жасау үшін сөйлеу қажет болды. Уақыт өте келе сөздік қорлары молайды. Сөйлеудің дамуы ежелгі адам миында күрделі өзгерістер жүруіне әсер етті. Сол арқылы ми көлемі үлкейіп, аса күрделі процесс ойлау қалыптасты.
Пайдаланылған әдебиеттер: